Лекция: 60 сағат Практика: 30 сағат СӨЖ: 90 сағат обсөЖ: 90 сағат Барлық сағат саны: 270 сағат



бет10/17
Дата17.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#141230
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Лекция № 33-34


Математиканы оқытуда бағдарламалық оқыту әдісі.

(2 саѓат)
Жоспары:

  1. Математиканы анықтаудағы жаңа әдістердің пайда болуы

  2. Оқытушы мен оқушы арасындағы байланыс

  3. Бағдарламалы оқытуды амалға асыру жолдары

Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998 ж

2 Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980

б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.

Математикалық оқыту әдістері кез келген басқа бьілім салалары сияқты үнемі даму, жетілу үстіндегі ғылым. Бұл әсіресе оқыту әдістемесіндегі орын алып отырған өзгерістерден анық байқалады. Кейінгі кезде математика педагогикасында жоғарыда айтылған дәстүрлі оқу, оқыту әдістерімен қатар және соларға ұштастырыла қолданылатын жаңа әдістер бой көрсетіп, кейбіреулері математиканы оқыту практикасында лайықты орын алады.

Математиканы оқытудың қазіргі кездегі ең басты ерекшкліктері мынадай:


  1. Оқытудың барлық кезеңдерінде шәкірттерінің білім алу белсенділігін арттыру. Мұнда мұғалімнің жәрдемімен шәкірттердің өздігінше білм алуына баса көңіл бөлінеді.

  2. Оқу үрдісінде оқушылардың математикалық ойлауын интенсивтендіру, яғни оларды математика саласы бойынша теориялық білім алу және рационал ойлаудың негізгі интенсивті әдістерін игеруге баулу.

Оқыту-мұғалім тарапынан оқыту, үйрету, ал шәкірт тарапынан оқу, үйренуді қамтитын екі жақты үрдіс. Сондықтан да оқыту жемісі болу үшін бұлар арасында әрқашан тура және кері байланыс орын алуы керек. Оқытушы оқу үрдісінің жүруін басқарып отыру үшін шәкірттен мұғалімге ол жөнінде ақпарат дер кезінде жетіп отыруы қажет.Тек осындай ақпаратты ескере отырып, мұғалім сабақ сабақ кезінде әр оқушының оқуына білікті түрде араласа алады. Бұл бағдарламаның оқыту идеясын туғызады. Бұл әдіс бойынша оқушы бағдарламаланған оқулықтағы немесе оқыту мәшинесіне (компьютерге) енгізілген арнайы құрастырылған оқу бағдарламасына сәйкес жұмыс істейді. Бағдарламада шәкірт өз жұмысының дұрыс – бұрыстығын бақылап отыруы үшін қойылған сұрақтардың жауаптары да келтіріледі. Бағдарламанық әдісі басқа әдістерімен біріктіре отырып қолданудың бір түрі бағдарламалық картаны пайдалану болып табылады. Бұл картада оқулықта келтірілген математиканың белгілі бір тақырыбын немесе тарауын өз бетінпше оқып игеруді жүзеге асыруды көздеген нұсқаулардың реттелген жүйесі келтіріледі, оқушы өз әрекеттерінің дұрыстығын дер кзінде бақылап отыруға мүмкіндік алады.

Оқытылатын бағдарлама сайып келегенде оқыту алгоритмі болады, ендеше бағдарламалық оқыту оқу үрдісін алгоритмдеу проблемасымен тығыз байланысты болады.



Лекция № 35-36


Математика сабақтарында практикалық және лабораториялық жұмыстар.

(2 саѓат)
Жоспары:

  1. Практикалық сабақтардың математиканы оқытудағы орны

  2. Лабараториялық сабақтардың түрлері

  3. Практикалық және лаборториялық сабақтарды ұйымдастыру жолдары

Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998 ж

2 Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980

б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.
Математиканы оқып үйренуде әр түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстардың елеулі мәні бар. Бұлардың мектепте көптеген қолданылып келе жатқан ежелгі формаларына сызбалық жатығулар, жер өлшеу жұмыстары, модельдеу, есептеу техникасымен жұмыс істеу т.б. жатады.

Лабораториялық жұмыстар өздерінің көздеген мақсатына қарай танымдық және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Танымдық лабораториялық жұмыс оқушыларды жаңа математикалық деректермен танысу үшін қолданылады. Мысалы, шеңбер ұзындығының формуласын табу үшін алдымен оқушылар лабораториялық өлшеу арқылы (жіппен) шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы шамамен 3,14 (немесе оған жақын) болатынын аңғарып, толық емес индукция әдісімен жалпылай отырып С=3,14 гипотезасын алады, бұл жоғары сыныптарда шектер теоремасы арқылы дәлелденеді.

Қолданбалы лабораториялық жұмыстарда оқушылар өздерінің алған математикалық білімдерін нақты практикалық есептер шешуге қолдануға үйренеді. Мұндай есептерге жер бетіндегі өлшеу жұмыстары, сандық масштаптар арқылы картадағаы өлшеу т.б. жатады. Оқушылар мұндай жұмыстар туралы есептеулер жазып, оған мұғалім баға қояды.

Практикалық жұмыстар кезінде кейде нақты объектіге барып өндірістік немесе басқадай өмірлік практикалық мәні бар нақты есептер құрып, шешу сандық материалдар жинақталады. Мұндай жұмыстарды математикалық немесе кешендік (бір мезгілде бірнеше пән бойынша) экскурсиямен (топсеруенмен) Ұштастыруға (қабаттастыруға) болады.

Жер бетінде өлшеу жұмыстары негшізінен геометрия (үшбұрыштарының ұқсастығы; аудандар, өлшемдер т.б.) немесе үшбұрыштарды тригонометрниялық шешу (алыстағы нүктенің қашықтығын есептеу, заттың биіктігін табу т.б.) мәселермен байланысты. Жұмыс 5-7 оқушылардан тұратын топтар бойынша жүргізіледі.

Жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін мекетптің математикалық кабинетінде өлше уқұралдары мен жабдықтарының (эккер, эклиметр, мензула т.б.) 5-7 комплекті болуы қажет.

Оқытудың лабораториялық және практикалық әдістері мектеп практикасында ХХ ғасырдың басынана бастап қолданыла бастауы, олар олқытудың жаңа әдістеріне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет