Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет28/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
дәрістер (1)

Оқу жоспары - бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға оқытылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінген сағаттар саны белгіленеді. Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндерге арналып құрылады. Мемлекеттік білім беру стандарты маңызды мемлекеттік құжат болып есептеледі. Онда оқушылар меңгеруге тиіс білімнің міндетті деңгейі көрсетіледі. Оқулық оқу бағдарламасының негізінде жасалады. Оқулық оқушыға білім берудің негізгі көзі. Оқулық арнаулы талаптарға сай болуы керек. Талаптардың күрделілігіне орай, соңғы кезде әр пәннен оқулықтардың бірнеше нұсқалары (вариант) шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар, электронды оқулықтар, аудио-видео кассеталар, компакт-дискілерге жазылған оқулықтар пайдаланылады.

Лекция 19. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастырудың тарихи формалары
Мақсаты: оқытуды ұйымдастырудың ертедегі әдістерімен таныстыру, олардың маңызы мен кемшіліктерін анықтау.
Жоспар:

  1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік

  2. Оқытуды ұйымдастырудың тарихи формалары

  3. Оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық формасы

Негізгі ұғымдар: оқыту формалары, кластық-сабақтық форма.
1. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтетін жұмыс. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында мектептердің дамуына қарай оқытуды ұйымдастыру формалары да өзгеріп отырды.
2. Алғашқы оқыту формасы жеке-топтық болды. Бұл орта ғасырда шіркеулік мектептерде қолданылды. Мектепке оқушылар жылдың әр мезгілінде қабылданды. Әр жастағы балалар бір бөлмеде бірге оқығандықтан, топтық деп аталды. Ал жеке деп аталу себебі мұғалім әр оқушыдан жеке сұрап отырған. Бұрын қазақ жеріндегі молдалардың оқытуы осы жеке-топтық оқуға өте ұқсас. Өйткені әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырған және әр баладан жеке сұралған. Оқытудың бұл формасының нәтижесі шамалы болғанымен, сол кездегі оқыту талаптарына сәйкес келген.
Англияда оқытудың сатылы жүйесі немесе Белль-Ланкастер жүйесі пайда болды. Оны ойлап тапқан Белль деген діни қызметкер мен Ланкастер деген мұғалім. Бұл мұғалімдер жетіспеген жағдайда өте қолайлы болды, себебі бір мезгілде 200-600 баланы оқытуға мүмкіндік берді. Бұл жүйені өзара бірлесіп оқыту деп те атады. Өйткені мұғалім ересек балаларды оқытады, ал олар өз кезегінде мұғалімнің басшылығымен кіші балаларды оқытқан. ХХ ғасырда Америкада Дальтон-план (Алғаш рет Дальтон қаласында қолданылған), Трамп-план (Трамп деген мұғалім қолданған) деген оқыту формалары пайда болды. Бұл формада оқушылар мектепте мұғалімнен оқымаған. Олар мұғалімнен тапсырма алып, үйде өздігінен дайындалған. Дайын болған кезде мұғалімге келіп сынақ тапсырады да, келесі тапсырманы алады. Сонымен бірге АҚШ-та Мангейм жүйесі немесе саралап оқыту қолданылды. Алдымен оқытушы сабақтың 10-15 минутында 100-150 балаға лекция оқиды, кейін балалар 10-15 адамнан бөлініп топпен жұмыс істейді, қалған уақытта өздері жеке дайындалады Кеңес дәуірінде Россия мектептерінде бригадалық-лабораториялық жүйе енгізілді. Мұғалім оқушыларды 4-5 адамнан топтарға бөліп, әр топқа тапсырма береді. Оқушылар бірлесіп дайындалып, бригадир үнемі жауап беріп отырады. Бригадирдің жауабына сай, барлық балаларға бірдей баға қойылған.
3. Оқытудың кең тараған формасы - кластық-сабақтық жүйе. Оның негізін салған чех халқының педагогы Ян Амос Коменский. Атынан көрінгендей, бұл жүйеде оқушылар жастарына қарай кластарға бірігіп, оқыту сабақ түрінде жүрді. Жүйенің ерекшелігі:

  1. Оқушылар класқа жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылады.

  2. Кластағы оқушылардың құрамы тұрақты.

  3. Жеке пәндер сабақ кестесіне қарай алмасып оқытылады.

  4. Оқыту оқу жоспарына, бағдарламаға және оқулыққа негізделіп жүргізіледі.

  5. Оқыту жылдың тұрақты бір мезгілінде басталып, аяқталады.

  6. Оқыту мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет