Лекция жоспары: Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Мендель ілімі



бет1/3
Дата15.04.2024
өлшемі31.85 Kb.
#498689
түріЛекция
  1   2   3
ОГ Дәріс 3 -


Тақырып 3. Белгілердің тұқым қуалауының заңдылықтары және тұқым қуалаушылықтың принциптері. Моногибридті будандастыру. Мендельдің І заңы.
Лекция жоспары:
 
1. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Мендель ілімі.
2. Моногибридті будандастыру. Генотип және фенотип.
3. Гаметалар тазалығы заңы.
4. Будандастыру жолдары.
5. Толымсыз доминанттылық.
6. Кодоминанттылық
7. Аса доминанттылық
 
Лекция мақсаты:студенттерге Мендель заңдары, моногибридті будандастыру, ген, генотип және фенотип туралы түсініктер беру.
 
Лекция мәтіні:
 
1. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ең алғаш рет чех ғалымы Грегор Мендель ашқан болатын. Тұқым қуалаушылықты біртұтас деп есептеп, бүкіл белгілер мен қасиеттерді бірге қарастырған өзінен бұрынғы зерттеушілерден Мендельдің бір ерекшелігі ол мұндай күрделі құбылысты зерттегенде терең талдау жасап отырды.
 
Кез-келген организмнің бойында толып жатқан тұқым қуалайтын белгілер мен қасиеттер болады. Мендель олардың әрқайсысын жеке алып қарастыруды ұсынды. Өзінің тәжірибелері үшін негізгі обьект ретінде бұршақты таңдап алды. Себебі ол өсімдік өздігінен тозаңданады және оның бір-бірінен жақсы ажыратылатын көптеген формалары бар. Мысалы, тұқымының формасы тегіс немесе бұдырлы, сабағы ұзын немесе қысқа, гүлінің түсі қызыл немесе ақ, тұқымы сары немесе жасыл т.б. Мұндай қарама-қарсы белгілерді альтернативті белгілер деп атайды.
Мендель өзінің тәжірибелерін 8 жыл бойы (1856-1864) Брно қаласындағы Августин монастырының бағында жүргізді. Ол өз зерттеулерінің нәтижелері туралы 1865 ж. 8 ақпанда сол Брно қаласындағы табиғат зерттеушілер қоғамының отырысында баяндады. Соның негізінде “Өсімдіктер гибридтерімен жүргізілген тәжірибелер” атты еңбегін жариялады.
Қандай болмасын белгі қасиеттерінде тұқым қуалайтын өзгешеліктері бар организмдерді будандастырғанда гибрид (будан) формалар алынады. Бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастырылса моногибридті, екі жұп белгісінде айырмашылық болса дигибридті, ал егер ондай белгілердің саны көп болса – полигибридті будандастыру деп атайды.
Тұқым қуалаушылықтарын зерттеуді Мендель ең қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен.
Генетикалық талдау жасағанда әртүрлі будандастыру схемаларын жазу үшін белгілі бір ереже қолданылады. Ата-аналық формалар Р әрпімен белгіленеді (лат.Parents-ата-ана), аналық жыныс белгісімен (Шолпан планетасының символы), аталық жыныс белгісімен (Марс планетасының символы), будандастыру Х белгісімен, будан ұрпақ F әрпімен (лат.Fields-ұрпақ), ал бірінші ұрпақ F1, екінші ұрпақ F2, үшінші ұрпақ F3 т.с.с. болып белгіленеді.
Хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі-қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі гендеп аталады. Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысының өзін аллеломорфизм немесе аллелизм деп атайды. Әр ген екі түрлі жағдайда болады және олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың әр мүшесі аллель деп аталынады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын альфавитінің әріптерімен көрсетуді ұсынды. Мысалы, А және а, В және в тағы сол сияқты.
Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп атайды. Гомологты жұп хромосоманы параллель қос сызық (=) арқылы көрсеткен кезде, онда орналасқан аллельді гендерді бірінің астына бірін, мысалы,
А А а
= = және = деп жазу керек, ал оларды хромосомасыз көрсеткенде
А а а
 
АА және аа делініп жазылады.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы зигота деп аталынатыны белгілі. Егер зигота бірдей аллельдері бар жыныс клеткаларының қосылуынан түзілсе, ондай зиготаны гомозигота деп, ал әртүрлі аллельдері бар екі жыныс клеткасының қосылуынан түзілсе, оны гетерозигота деп атайды. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет