Дәрістік сабақ № 3
№ 3 тақырып
Жай итерация және Зейдель әдістері
Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің итерациялық әдістері.
Итерациялық әдістердің жинақталуы.
Жоспары:
(қаралатын сұрақтар тізімі)
Жәй итерация және Зейдель әдісі
Жәй итерация әдісі
Итерациялық әдістердің жинақталуы
Мазмұны:
(дәріс материалы)
Жәй итерация және Зейдель әдісі
Мейлі f(x)=0 теңдеуі берілсін, мұнда f(x) – үздіксіз функция. Осы теңдеудің [a, b] кесіндісінде жататын нақты түбірін табу керек.
f(x)=0 теңдеуін оған эквивалентті
(1)
теңдеуімен алмастырамыз. Алғашқы жуықтау үшін алып
n=0,1,2,… (2)
тізбегін тұрғизамыз. Бұл тізбек n үмтылғанда кез-келген үшін, (1)-ші теңдеудін [a, b] кесіндісіндегі дәл шешіміне жинакталады. Итерациялық процестің жинақты болуының жеткілікті шартын келтірейік.
Теорема. Мейлі функциясы [a, b] кесіндісінде анықталған, дифференциалданатын және оның барлық мәндері болсын. Бір q саны табылып кесіндісінде <1 болса, онда тізбегі кез-келген үшін, теңдеуінің кесіндісіндісіндегі жалғыз шешіміне жинақталады, яғни
Егер кесіндісінде, оң болса, онда
<
егер теріс болса, онда
<
теңдеуінің дәл шешімі.
Итерациялық процестің бір қадамын жазып көрсетейік. Алдыңғы қадамда табылған мәні үшін, есептейміз. Егер >ε болса, деп болжап келесі итерацияны орындаймыз. Егер <ε болса, есептеуді тоқтатып, түбірдің жуық мәнін деп қабылдаймыз. Алынған нәтиженің қателігі туындының таңбасына байланысты. Егер >0, табылған түбірдің қателігі егер <0 болса, онда қателік ε-нен аспайды.
Әдістің геометриялық интерпретациясы. y=x және функцияларының графиктерін тұрғызамыз. теңдеуінің түбірі ,
қисығының у=х түзуімен қиылысу нүктесінің абсциссасы болады (3-ші сурет). Алғашқы жуықтау үшін кез-келген нүктесін алып, сынық сызықтар тұрғызамыз (3-ші сурет, а, б). Бұл қисықтардың төбелерінің абсциссалары, түбірге жүйелі түрде жақындауды көрсетеді. Егер [a, b] кесіндісінде <0 болса, онда жүйелі түрде жақындау түбірдің маңында шайқалады, ал егер оң болса, онда жүйелі жуықтау тубірге, бірсарынды жақындайды.
Жәй итерация әдісін қолданғанда негізгі мәселе функциясын таңдау болады. Жәй итерация әдісінде функциясын, <1 болатындай етіп таңдау керек. Бұл жағдайда тізбектің түбірге жинақталу жылдамдығы, q саны кіші болған сайын жоғары болады.
1>0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |