Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс


Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII)



бет13/20
Дата19.05.2022
өлшемі69.11 Kb.
#457457
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
лекция мадениет

Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII). Ағартушылық ғасырда-ұлы ағартушылар өмірге келді. Вольтер мен Руссо (Франция), Гете Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) - адам теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды.
XVIII ғ. құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп жаңа арнаға түсті. XVIII ғ. Франция елі Еуропаның рухани өмірінің ошағы болды. Испания, Германия, Польша, Ресей, Англия елдері Франция мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама- қайшылықтары, француз революциясы, реформаторлық қозғалыс, өнеркәсіп төңкерістері, моральдық кризистік, қаранғылық пен сауатсыздықтан шығуға қарсы тұратын күш мәдениет болды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды. Қоғамдық ғылымдардың қатарында философия ерекше белсенділік танытты, яғни қоғамның дамуына сын көзбен қарай мынандай түсініктемелер берді. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленесуі деді Гольбах (Франция) – дін - прогресс жол бермейді, яғни дінді жоймай феодалдық деспотизмнен құтылуға болмайды десе, ағылшын философы Юм, неміс философы Кант феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялайды. Заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен өнері кеңінен көрініс бере бастады. Бах, Гете, Моцарт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туындаған шабыт мәнері болды.
XVIII ғасырда өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готиқалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталынды. Солардың бірі мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль-барокко бағыты болды, яғни әдептен тыс деген ұғымды білдіреді- ол дворяндық дәуіріндегі мәдениет. Ол Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең орын алды. Борокко - сәулет өнерінде айқын көрінді, яғни европа мәдениеттiң баға жетпес ескерткіштеріне айналды. Парктер, бау-бақшалар композициялары, музейлер, театрлар, сурет галлереялары, ғибадатханалар одан әрі түрлендіре түсті. Бұл жерде философиялық әңгімелер мен ой толғаныстарының негізгі орталықтарына айналды. XVIII ғ бароккомен қатар роккоко болды. Роккоко эстетикасының басты ұраны «Өнер - рахаттану құралы»- деп түсіндірілді. Ол ертенгісін ойламайтын аристократтардың дүниеге деген көзқарасы еді.
Қоғамды қайта құру жолындағы бұл екі бағыт-прогресс жолындағы мәдени қозғалыстын екі бағыты десек болады. «Ағартушылық» дәуірі- европаның рухани дамуындағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды - ол қоғамдық өмірдің барлық саласында айтырлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» -деп аталатын бұл дәуірді мәдени мұрасы бүгінгі күні таң қалдырып келгені бізге мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет