Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет26/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Лекция жинағы

Бақылау сұрақтары: 
1. Тіл білімі тарихын дәуірлерге бөлу қай уақыттан басталды? 
2. Ежелгі заман тіл білімінің көрнекті өкілдері кімдер болды және қай мемлекетте 
дамыды? 
3. Ежелгі қытай, ежелгі үнді, ежелгі грек және араб тіл білімі қалай дамыды? 
4. Қайта өркендеу дәуірі қай ғасырда болды? 
5. Салыстырмалы тарихи тіл білімі қай ғасырда пайда болды? 
6. 19 ғ. тіл білімінде қандай бағыттар мен мектептер болды? 
7. Құрылымдық тіл білімі қай ғасырда дүниеге келді? 


8. 20 ғ. тіл білімі қалай өркендеп, дамыды? 
9. Кеңестік тіл білімі қай дәрежеде дамыды? 
10. Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан қандай ғалымдар болды? 
 
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: 
 
Қажетті әдебиеттер: 
42. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 3-27-б 
43. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 39-44-б 
44. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975 
45. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002 
46. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977 
47. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
 
№12 Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі.
Лекция жоспары:
4. 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. 
5. 20 ғ. Лингвистика. Оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып 
дамығаны. Көрнекті қайраткерлер. 
Лекция мазмұны: 
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді 
дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес 
болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті 
қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт 19 
ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – 
ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 
18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму 
қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылар деп аталатын ғалымдар 
қатарына неміс ғалымы Франц Бопптың және Расмус Кристиан Раск, Якоб Гриммнің 
еңбектерін атауға тұрарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет