Бақылау сұрақтары:
1. «Жалпы тіл білімі» курсы нені зерттейді?
2. «Жалпы тіл білімі» курсының зерттеу нысаны мен мақсат, міндеті қандай?
3. «Жалпы тіл білімі» пән ретінде қалай, қашан қалыптасты?
4. «Жалпы тіл білімінің» қандай салалары бар?
5. Ғылымдар ішінде тіл білімінің орны қандай?
6. Ғылымның дамуы, олардың өзара байланыста болу фактілерін түсіндір
7. Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің айырмашылығы қандай?
8. Жалпы тіл білімінің неше бөлімі бар?
9. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні неде?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Тіл білімінің ғылымдар ішіндегі орны, байланыста болу себептері туралы эссе дайындау.
Қажетті әдебиеттер:
1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 3-27-б
2. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 39-44-б
3. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975, 80-86-б
4. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002, 38-77-б
5. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977
6. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
№2 лекция тақырыбы: Тіл білімінің теориялық мәселелері
Лекция жоспары:
1. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, салалары және оның басқа
ғылымдармен байланысы.
2. Тілдің анықтамасы, тілге анықтама берудегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің
теориялық мәні.
3. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік қызметі, бұлардың ара қатынасы, коммуникативтік
қызметтің мәнділігі.
4. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына
тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар.
Лекция мақсаты: Тіл білімінің теориялық мәселелері, негізгі салалары және басқа ғылымдармен
байланысын, тілдің коммуникативтік, экспрессивтік қызметін, тілдің түрлі қызметіне қарай беріліп
жүрген анықтамаларды түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |