Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері. Тіл білімінің
әдісі деп тіл білімінде
қолданылатын зерттеу әдістерін айтады. Кейбір әдебиеттерде
тіл білімінің әдістерін бір
сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық әдіс деп атаушылық та бар. Әдістің түрін
айқындауда бірізділік жоқ. Мысалы, О.С.
Ахманова құрастырған
«Лингвистикалық терминдер сөздігінде» әдіс саны 15-16-ға жеткізілсе, 1973 жылғы «Общее
языкознание» атты еңбектің 3 томында әдісті 4-ке бөлген: салыстырмалы-
тарихи, лингвогеографиялық,
құрылымдық, типологиялық. Б.Н. Головин 1977 жылы
шыққан «Ввеление и языкознание» атты оқу құралында әдісті: сипаттама, салыстырмалы-
тарихи, тарихи, салғастырмалы, құрылымдық, стилистикалық, сандық, автоматикалық деп
талдаған. В.И. Кодуховтың 1974 жылы басылған «Общее языкознание» атты оқулығында
әдісті үшке бөлген: сипаттама, салыстырмалы,нормативті-стилистикалық әдіс-аспект.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің алға қойған мақсаты не?
2. Әдістемелердің түрлерін ата.
3. Бақылау әдісі дегеніміз не?
4. Эксперименттік әдістеме дегеніміз не?
5. Картографиялық әдістеме дегеніміз не?
Көрнекіліктер: тест, кеспе, схема.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аханов К. «Жалпы тіл білімі негіздері».
2. Қордабаев, Қалиев «Жалпы тіл білімі».
3. Қасенов Ә. «Тіл біліміне кіріспе».