Лекция тақырыбы: Кристалл торлары. Қатты денелердегі анизотропия. Моно- және поликристалды қатты денелер. Химиялық элементтердің кристалдық құрылымдары. Полиморфизм құбылысы



бет1/6
Дата30.05.2024
өлшемі379.3 Kb.
#502133
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
FEHKUACSZVSI14052024174528


1 лекция тақырыбы: Кристалл торлары. Қатты денелердегі анизотропия. Моно- және поликристалды қатты денелер. Химиялық элементтердің кристалдық құрылымдары. Полиморфизм құбылысы.


Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. пән бойынша теория мен тәжірибе бірлігін анықтайды, алған білімдері мен практикалық заңдылықтарын зерттеу жұмыстарында үйлестіреді;
2. пән бойынша алған білімдерін кәсіби саласында қолдана алады, ұйымдастыру, басқару икемі, қақтығыс (шиеленіс) жағдайларды шеше білу және келісімдер жүргізе алады;
3. қатты денелер физикасы пәні бойынша алған ақпараттарды саралау және жинақтау, заманауи өңдеу әдістерін меңгеріп, ғылыми-техникалық жобалар мен есептерді жасау принциптерін игереді;
4. сыртқы факторлардың әсерінен заттың қасиеттерінің өзгеруін теория негізінде түсіндіріп, сыртқы факторлардың әсерінен заттың қасиеттерінің өзгеруін теория негізінде түсіндіріп кәсіби салада қолдана алады.


Лекция мазмұны: Қатты денелердің ішкі құрылымын сипаттау үшін кеңістік немесе кристалл торы деген түсінікті енгізу ыңғайлы.
Кристалл торы кеңістік торын құрайды, тордың түйінінде бөлшектер (атом, молекула) орналасқан болады, сонымен қатты денені құрайды
.
1.1.-сурет
Қалың сызықпен ең кіші параллелепипед көрсетілген, бұл параллелепипедтің өзінің үш осі бойынша орын ауыстыруымен барлық кристалды құруға болады. Бұл параллелепипедті элементар немесе негізгі тор ұяшығы деп атайды. Бұл тор ұяшығын сипаттау үшін 6 шаманы беру керек: үш қырын (а, в, с) және осьтер арасындағы бұрыштарын (, , ). Бұл шамаларды тор параметрлері деп атайды. Қарапайым тор түріне куб торы жатады, мұнда а = в = c және  =  =  = 90º. Кейбір жағдайда тордың симметриясын нақты айқындау мақсатында элементар тор ұяшығын құрғанда олардағы бөлшектер тек тор шыңдарында ғана орналаспай, тағы тор ұяшығының басқа нүктелерінде де орналасқан болады. Мысалы, көлем центрленген торда кеңістік диагональдардың қиылысқан нүктесінде қосымша бір бөлшек орналасқан болады (1.2.б –сурет), жақ центрленген торларда жақ диагональдарының қиылысқан нүктелерінде қосымша бөлшектер орналасқан болады (1.2.в –сурет), т.б. Енді түйіндерді, бағыттарды және тордың жазықтықтарын белгілеуді қарастырайық. Бұл белгілеулерді Миллер индекстері деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет