Лекция тезистері



бет1/19
Дата12.10.2022
өлшемі1.9 Mb.
#462505
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
4.лекционный комплекс


Ф.7.03-23
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті



«Информатика және математика » кафедрасы


««Mathcad ортасында қолданбалы есептері модельдеу»
пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Шымкент, 2020ж.


Қоспанбетова Н.А. «Mathcad ортасында қолданбалы есептері модельдеу» пәнінен лекция тезистері –Шымкент: Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ, 2020. – 46 б.
Лекция сабағының әдістемелік нұсқауында "MathCAD" математикалық есептеу жүйесінің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру; символдық әдіспен берілген өрнектердің мәнін есептеу (символдық есептеулер), күрделі функцияның туындысын және т.б. есептерді шешудің замануи әдістерін таныстыру.
Әдістемелік нұсқау университеттiң 5В01110- Информатика», 5B0704 –«Есептеу техникасы және БҚЕ» 5B010900 –« Математика» мамандығы бойынша күндізгі және қашықтықтан, кешкі, сырттай, қысқартылған оқу бөлімінде оқитын студенттерге арналған.
Пікір жазғандар: Нысанов Е.А., –ф.-м.ғ.д., М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «ИОӘжТ » кафедрасының профессоры.



ҚИПХДУ-нің ғылыми-әдістемелік кеңесімен қаралып, баспаға ұсынған.
Хаттама №__ «___» ___________2020ж.


Лекция №1
Тақырыбы: Кіріспе. MathCAD ортасының мүмкіншіліктері
Жоспар: 1.MathCAD ортасы
2. MathCAD ортасының мүмкіншіліктері
Маркус Херхагер және Хайнц Патролль 1998 жылы MathCAD ортасын ойлап тапты.
MathCAD – бұл ғылым мен техниканың, білім берудің әртүрлі облыстарда күрделі математикалық есептерді шешуді автоматизациялауға бағытталған компьтерлік математикалық белгілі жүйе.
Жүйенің атауы екі сөзден Mathematica(математика)+CAD(Computer Aided Design) – автоматты жоспарлау жүйесі деп аталады.
MathCAD-ң көмегімен статья, кітап, диссертация, ғылыми есептеу, дипломдық және курстық жобаларды істеуге болады. құжаттарды жазуға болады. Сондай-ақ, ең күрделі математикалық формулалар жиынымен, есептеу нәтижесін графикалық қойылымдармен дайындауға болады.
MathCAD – бұл техника бағытында жұмыс істейтін жұмысшыларға және студенттерге, оқытушыларға және оқушыларға қолдануға болатын толық мүмкіншілігі бар математикалық инструмент.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет