Лекция введение в курс «Теоретические основы электротехники (тоэ 1)»



Дата09.10.2023
өлшемі241.5 Kb.
#480139
1 эл.тех кіріспе

«Электротехника» курсына кіріспе

  • Электротехника – техникалық құрылғылардағы электрлік және магниттік құбылыстарды зерттеуге және пайдалануға байланысты ғылым мен техника саласы. Электротехника мыналарды зерттейді: техникалық құрылғылардағы электромагниттік құбылыстар; электромагниттік құбылыстарды пайдалануға негізделген электротехникалық құрылғылар; электромеханикалық құрылғыларды өндіріс жүйелерінде (генерациясында), электромагнитті энергияны беру, тарату және өңдеу барысында қолдану.
  • «Электротехника» курсына кіріспе
  • Электротехникалық құралдар тұрмыста (жарықтандыру құралдары, тоңазытқыштар, электр жылыту құрылғылары) және өндірісте (электрлендірілген станоктар, конвейерлер, электр дәнекерлеуші аппараттар), медицинада (диагностикалық аппараттар – рентген, томограф және басқалары, медициналық құралдар – лазерлер, стоматолог мамандардың бормашиналары) және әскери істе (байланыс тораптарын, командалық қосындарды, аэродромдарды, ракеталардың бастапқы ұшу орындарын, ұшақтардың, кемелердің және су асты кемелердің электр құрылғыларын электрмен қамтамасыз ету), көлікте (трамвай, троллейбус, метро, темір жолдардың электрмен жылжитын составтары, автомобильдердің электр құрылғылары) және байланыс саласында (телефон, телеграф, радио байланысы) кеңінен қолданылады.
  • «Электротехника» пәнінде электротехникалық құрылғылардағы электромагниттік құбылыстар, электр құрылғыларын жобалау және электромагнитті энергияны өндіру, беру және тұтыну үшін оларды пайдалану жолдары зерттеледі.

1 Тарау Сызықты тұрақты ток тізбектері. Элект тізбектің элементтері

  • Электр тізбек дегеніміз – өз ара байланысқан ток жүретін электр энергия көздері және электр энергия қабылдағыштарының жиынтығы.
  • Электр энергия көздері дегеніміз – электрлік есем энергияны (химиялық, жылулық, механикалық және т.б.) электр энергияға түрлендіретін құрылғы (гальваникалық элемент, термоэлемент, генератор және т.б.)
  • Электрэнергия қабылдағыштары дегеніміз – электрлік энергияны электрлік емес энергияға (жарықтық, жылулық, механикалық және т.б.) түрлендіретін құрылғы (электр шам, жылытқыш аспап, электр қозғалтқыш және т.б.)

Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.

  • Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.
  • Электр ток дегеніміз – электр зарядтардың реттелген (бағытталған) қозғалысы.
  • Өткізгіштердің электр тогын өткізу қабілеттілігі өткізгіштілікпен сипатталады.
  • Электр энергияны алу, тарату және түрлендіріуі уақыт бірлігінде тұрақты ток пен кернеу де жүретін электр тізбектері тұрақты ток тізбектері деп аталады

Қарапайым электр тізбектің орын басу сұлбасы

  • ЭҚК әсерінің бағыты энергия көзі ішіндегі зарядтар қозғалысы сырттан (электрлік есмес) берілген күштердің әсерінен болады да төмен нүкте потенциалынан жоғары нүкте потенциалына бағытталады.
  • Кернеу U дегеніміз – Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын көрсететін шама.

Халқаралық бірліктер жүйесінде:

  • Ток өлшемінің бірлігі ампер (А) болады
  • ЭҚК және кернеудің өлшемінің бірлігі вольт (В) болады
  • Кедергінің өлшемінің бірлігі ом (Ом) болады
  • Өткізгіштіктің өлшемінің бірлігі сименс (См) болады

Күрделі электр тізбекте түйін, тармақ, контур анықталады

  • Күрделі электр тізбекте түйін, тармақ, контур анықталады
  • Тармақ – дегеніміз бір ғана ток ағатын (тізбектеп) электр тізбектің элементтерінің қосылуы
  • Түйін – дегеніміз үш және одан көп тармақтардың бір нүктеде қосылуы. Сұлбада нүкте ретінде көрсетіледі
  • Контур – дегеніміз бір неше тармақтардаң жүретін тұйықталған жол


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет