Лекция№12. Су тасу және тасқынды реттеу. Су қоймаларын пайдалану
Ағынды реттеуді есептеу әдістерін екі топқа бөлуге болады: күнтізбелік ағындық қатарлар бойынша есептеулер (баланстық есептеулер); математикалық статистикамен ықтималдық теориясына негізделген жалпыланған әдістер.
Бірінші топқа су қоймасының су шаруашылық есептерін көп жылдық гидрологиялық бақылаулар мәліметтері бойынша орындайды. Бұл кезде көпжылдық кезендердегі орташа өзен сулылығы, сондай-ақ, сушаруашылық құрылысты болашақ пайдалану кезңіндегі сулылығы әртүрлі жылдар мен маусымдардың қайталанғыштығы ұзақтығы ондаған жылдарға созылатын бақылау кезеңіндегідей болады деп жорамалданады.
Екінші топ өзен ағыны заңдылықтарын зерттеу және ашу үшін ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканы пайдалануға болатын кездейсоқ процесс деген өзен ағыны табиғаты туралы қазіргі көзқарасқа негізделген. Бұл позиция тұрғысынан алғанда бұрын бақыланған көпжылдық гидрограф- кездейсоқ процесс көрінісі және ол бұндай түрде ешқашан қайталанылуы мүмкін емес. Бірақ ағынның фазалық- біртекті мәндерінің тербелісі гидрологиялық режимнің жалпыланған сипаттамалары (таралу немесе қамтамасыздық қисықтары) түрінде көрсетілген белгілі бір ықтималдықтардың таралу заңына бағынады.
Осы сипаттамаларды қарастырып отырған су шаруашылық жүйенің болашақ режимін таралу және есептеу үшін пайдаланады. Күнтізбелік бақылау қатарлары бұл кезде тек ағынның статистикалық параметрлерін аңықтауға қамтамасыздық қисықтарын тұрғызу мен ағын сипаттамаларын алуға және олардың ықтималдық формада үйлестіруіне қызмет етеді. Олардың негізінде ағынды реттеудің негізгі параметрлерін (су қоймасы көлемі, қайтарым, тапшылық және т.б.) белгілейді.
Су шаруашылық есептеулерінің әдістерінің қарастырылған топтарының әрқайсысының өз жетістіктері мен кемшіліктері бар.
Тікелей өткен кезең ағыны бойынша есептеу (күнтізбелік қатарлар бойынша ) ағын реттеудің кез келген түріне ыңғайлылығы және көрнекілігімен ерекшеленеді. Оның негізгі кемшіліктері- ұзақ бақылаулар жоқ болған кезде өзен ағынын пайдалану мүмкін еместігі және су қоймасынан қайтарымның қамтамасыздығын бағалаудың анық еместігі.
Өзен ағының жалпыланған сипаттамалары бойынша есептеу негізінен доғарыдағы кемшіліктерден ада. Ықтималдық теориясы мен математикалық үлгілеуді қолдану ағын сипаттамаларының көптеген мүмкін үйлесімін айқындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақылаудың күнтізбелік қатарында жоқтарын да, оларды еркін құбылушы түрінде зерттеп, бастапқы қатардағы ақпаратты толығырақ пайдалану. Жалпыланған әдістердің кемшіліктері қатарында көрнекі еместігін, сондай-ақ ағын қалыптастыру заңдылықтарындағы генетикалық факторлардың ролі, күрделі математикалық тәсілдердің әсерінен, көмескіленетін жатқызуға болады.
Сондықтан су шаруашылық жобалаулар кезінде есептеудің екі әдісінің де элементтерін қиылыстыру мақсатқа сай. Бірін бірі өзара толықтыра отыра, олар жеткілікті толықтық және сенімділікпен су қоймасының қажетті есепті параметрлері мен жұмысының жобалық режимін белгілеуге мүмкіндік береді.
Су қоймаларын пайдалануға дайындау
Су пайдалану мен тұтыну өтімдерің, көлемдерін және режимдерін су пайдаланушылар мен су тұтынушылардың жобалық құрамы және су тұтынудың есепті меншікті нормалары (өнім бірлігіне, 1 га жерді суландыру, бір адамға және тағы басқа) туралы мәліметтер негізінде анықтайды. Су қоймасы жақтауында келтірілген су пайдалану мен тұтынудың көлемдері мен өтімдерін пайдалы немесе жоспарлы қайтарым деп атайды. Су қоймасын жасаудан болатын су ысыраптарды жоспарлы (пайдалы) қайтарыммен қосады. Су ысырабы ескерілген қайтарым су қоймасының толық қайтарымын құрайды. Су қоймасын су шаруашылық есептеуге қажетті басқа бастапқы материалдарды топографиялық, гидрологиялық, экологиялық және басқа іздестірулер мен зерттеулер негізінде алады.
Достарыңызбен бөлісу: |