Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет2/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология
Египет
2. Этнология пәні
Әрбір ғылым өзіндік пәндік оқыту жүйесі және әдістері арқылы ерекшеленеді. Этнология жеке ғылым ретінде дамыған кезеңнен бастап оның зерттеу нысаны этникалық мәдениеттер мен этникааралық қарым – қатынастардың генезисі болды. Алғашқыда этнология бірінші примитивті (лат. primitivus – алғашқы, бірінші) халықтардың пәні ретінде дамыды. Бұл теорияның шығу себебі этнология ғылымының тарихында зерттеудің бастамасы еуропалықтардың өздерінен мәдениеті жағынан төмен, халықтарды зерделеуінен басталды. Мұндай әдіснамалық негіздің дамуы өркениетті дамыған еуропалықтар артта қалған халықтарды «примитивті» деп бөліп атаудан шықты. Бұл бағыттың дамуына ХІХ ғасырдың белгілі ғалымдары: Льюис Генри Морган (Ежелгі қоғам), Эдуард Тайлор (Алғашқы қауымдық мәдениет) өз еңбектерімен себепші болды. ХХ ғасырда этнология университетте оқу пәні негізінде оқыла бастады. Жеке ғылым болып қалыптасудың нәтижесінде бұрынғы практик – ғалымдардың орнына жаңа буын ғалым – теоретиктер келді. Олар «алғашқы қоғам халықтары» терминінің орнына этнологияны оқытудың жүйесінде басқа терминдер мен ұғымдарды енгізді. Этнологияның жалпы ғылыми сипатын ашып, саралау үшін мынадай ұғымдар «архаикалық мәдениет», «индустрияға дейінгі қоғам», «дәстүрлі қоғам», «тайпалық одақ» т.б. қолданылуы еді.
Пікір таластардың негізімен этнология пәнін ұғынудың төмендегідей варианттары қалыптасты:
Этнология адам мен адамзаттың жалпы әлеуметтік заңдары мен мәдениетінің дамуына сипаттама жасап, жалпылама түрде зерттейтін ғылым;
Әртүрлі мәдениет түрлері мен олардың пайда болуы, дамуы жолдарын салыстырмалы түрде зерттейтін ғылым;
Әлеуметтанудың тарауы, яғни зерттеу объектісі болып, примитивтік және дәстүрлі қоғамдық жүйелер зерделенеді;
Адамзаттың қолдан жасаған мәдениетін зерттейтін ғылым;
Салыстырмалы сараптама бағытымен алғашқы қоғам, дәстүрлі және қазіргі қоғамдардың мәдениетін зертейтін ғылым.
Соңғы онжылдықтың ішінде этнология ғылымы қайта қарала бастады. Оның себебі қазіргі таңдағы әлемдегі саяси ахуалдар. Батыс Еуропалық этнологтар түрлі бағытта этнологияны дамытуда, олар экономикалық этнология, әлеуметтік этнология, құқықтық этнология, саяси этнология, діни этнология және т.б.Этнология ғылымы дәл қазіргі кезеңде күрделі де дамыған білімдер жүйесімен бірнеше бөлімдерге бөлінеді Сонымен этнология дегеніміз - өзінің мағынасы бойынша – халықтардың, этностардың құрылыстарын, шығу тегін, әлеуметтік қоғамдық құрылыстарын, тұрмысы мен мәдениетін, дүниетанымын зерттейтін ғылым саласы. Этнология өзіне туыстас ғылымдармен қоса дамиды – олар этнография (халық туралы жазу), мәдениеттану, әлеуметтану, антропология, саясаттану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет