Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет6/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология
Египет
2. Диффузионистік бағыт
Этнология ғылымындағы келесі бағыттың бірі диффузионистік бағыт. ХІХ ғасырдың соңында эволюционистік бағыттың ғылыми әдіснамасының дағдарысқа ұшырауы бірнеше диффузионистік мектептердің дамуына жол ашты. Бұл бағыттың өкілдері мәдениеттің пайда болуы мен оның түрлі элементтерінің өзге аймақтарға таралуын, онда қайта өңделіп араласуын анықтайды. "Диффузия" ( латынша diffusio - араласу, сіңу, кірігу) - физикадан алынған ұғым мәселен, сұйықтардың, газдың диффузиясы, араласуы. Этнологияда қолданылуы мәдениет диффузиясының құбылыстары этнографияда жақсы белгілі. Мәдениетке қатысты мәдени құбылыстардың халықтар арасындағы қарым-қатынасы — сауда, жаулап алу, көші-қон үрдістері арқылы жүзеге асып отырған. Диффузионизмнің ғылыми бағыты бойынша тарихи үрдісте диффузия оның басты мазмұны деп белгіленді. Өйткені тарихи үрдістер кезеңінде мәдениет таралады. Эволюционистік бағыттың ғылыми тұжырымдамасына қарсы шыққан диффузионистер адамзаттың жер бетіндегі таралып мекендеуін және мәдениеттің дамуының жалпы көрінісін жағырафиялық жағдайларға, жергілікті аймаққа байланысты деп түйіндейді. Диффузионистік теория бірнеше ғылыми бағыттарға бөлінді.
Скандинавияда Эрик Норденшельд қалыптастырған тарихи-географиялық бағыт дамыды. Германияда Фриц Гребнер, Вильгельм Шмидт мәдени-тарихи, ал Лео Фробениус антропогеографиялық мектептердің негізін қалады. Cолтүстік Америкада Эдуард Сепир, Мелвилл Херскович бастаған ғалымдар диффузионизмнің мәдени ареалдар идеясын тұжырымдады. Англияда Графтон Элиот-Смит, Ульиям Риверстер геосаяси мектептің ғылымда гипердиффузионизм деген атпен белгілі бағытты дамытты. Диффузионизмнің алғашқы негізін - Мюнхен және Лейпциг университетінің профессоры Фридрих Ратцель (1844-1904) қалады. Оның бұл туралы идеялары 1882-1891 жылдары жазылған "Антропогеография", 1885-1895 жылдары жазылған «Халықтану», 1897 жылы жазылған «Жер және тіршілік» атты еңбектерінде баяндалды. Ратцель адамзаттың жер бетінде таралып мекендеуін және мәдениет дамуының жалпы көрінісін географиялық жағдайларға байланысты суреттеуге тырысты. Табиғи жағдайларға сәйкес пайда болған халықтар мәдениетінің әрқилылығы біртіндеп олардың қарым-қатынастары арқылы (айырбас, сауда, көші-қон, соғыстар) таралып өзге бейнеге түседі, кейбірі тіпті жоғалады деді.
3. Француздық әлеуметтану мектебі.
Диффузионизм бағытының дамуы кезеңінде Европа этнологиясында жаңа мектеп әлеуметтану ғылымы қоса дамыды. Ол диффузионизм бағытына қарағанда нәтижелі болды. Эволюционизм бағытындағылар этнологияда адамды негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастырса, диффузионистер – мәдениетті, ал әлеуметтік мектептің өкілдері - адамзат қоғамын, оның әлеуметтік құрылымын қарастырды.
Соныменен диффузионистік мектептің отаны Германия, функционалистік мектептің орталығы Англия болса, ал әлеуметтік бағыт Францияда дамыды.
Бұл ағымның ірі өкілі және негізін қалаушы - философ, педагог, әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Бордо (1896) мен Сорбоннада (1902) профессорлық қызмет атқарған. Қоғамдық өмірдің әртүрлі қырын жан-жақты зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ғалым. Ол эволюционистік бағытқа қарсы идеясын дамыта отырып, қоғамдық хал-ахуалды, соның ішінде дерексіз, «жалпы адамзаттық» қоғамды емес, нақты адамдардың бірлестіктерін зерттеді. Олардың әрқайсысын дербес, басқаға тәуелсіз бірлік ретінде қарастырды. Дюркгейм «жеке қоғамдар» үлгілерін жасауда оның негізіне алғашқы орда, ру (клан) тәрізді ең қарапайым қоғамды алды. Клан (рулардың) - әртүрлі байланыстардан құралған бірлестіктерге ол мыналарды жатқызады. Алайда Дюркгейм анықтаған қоғам — жекелердің жиынтығы емес, жүйе, құрылым болып табылады. Бұл - өзінің үрдістері және құбылыстары индивидтің (жекенің) сыртында және оған қарсы ықтиярсыз күші бар жүйе. Қоғамдық жүйедегі түрлі діни түсініктер, мифтер, моралдық нормалар мен құқықтар әлеуметтік өмірдің түрлі аспектілерінде қалыптасқан құрылымдық негіздер деп қарастырды. Дюркгейм діннің шығу тегі мен заңдылықтарын сараптап, қасиетті және профандық деді. Діннің қызметі адамдарды әлеуметтік тұрғыдан бөледі және біріктіреді, дін қоғамның құрылымдық мазмұны болып табылатындығын дәлелдеді.Мәдениеттің қызметі жеке тұлғаның қажеттігінен туындайды деген көзқарастарға қарсы болған бағыты, қоғамның алғашқы кезеңіндегі сол қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлестікті сезіну туралы концепциясына ғылыми қызығушылыққа әкелді. Ол мәдени құбылыстың обьективтілігін айқындай келіп, оған кіретін ұжымдық таным құрылымын төртке бөлген: біріншіден, жалпы ортақ идея мен сезім (тіл, әдебиет, саяси, діни көзқарастар); екіншіден, имандылық пен адамгершілік қалыптар; үшіншіден, құқық пен құқықтық сана; төртіншіден, экономикалық негіздер (ақша, салықтар, кіріс, баға, құн, экономикалық мақсаттар). Дюркгеймнің бұл бағыты әлеуметтік қайшылықтарды болдырмаудың әдісі еді. Оның «Әлеуметтанулық әдіс» (1899), «Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы» (1900) «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтік этюд» еңбектері ғылыми тұрғыдан жоғары бағаланды, Бүгінде бұл еңбектер орыс тіліне аударылған.
Э. Дюркгейм пікірін оның ізбасарлары мен шәкірттері – М.Мосс, К.Леви-Стросс, М.Гран, Л.Леви-Брюльдер жалғастырды.
М.Мостың ғылыми еңбектері сан қырлы. Ұстазы Дюркгеймге қарағанда ғалымдар арасында беделі жоғары болды. Ол көбінесе монографияларға қарағанда әр түрлі тақырыптарға арналған мақақалар мен этюдтер жазды. Мосс табиғат және құрбандық шалу, магияның жалпы теориясы, әлеуметтану ғылымының құрылымы мен методологиясы, әр түрлі мәдени құрылымдардағы адамның физиологиялық іс-әрекеттері, өркениет және мәдениет, «Мен» түсінігінің тарихи эволюциясы мен шығу тегі т.б. мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер қалдырды.
Дюркгеймнің келесі ізбасары М.Гране (18884-1940) Мостың жақын досы өзінің ежелгі дүние тарихы және Қытайдың дәстүрлі мәдениетін зерттеу еңбектерімен белгілі.
Этнология ғылымында француз әлеуметтану мектебіндегі келесі өкіл философ ғалым, психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939) өзінің 1930 жылы шыққан «Алғашқы қауымдық ойлар», «Артта қалған қоғам ментальды қызметі» еңбектерімен ерекше идея қалдырды. Ол алғашқы адамдар да қазіргі адамдар секілді ойлаған деген логикалық бағыт ұстаған эволюционистерге қарсы болды. Люсьен Леви-Брюль «Логикаға дейінгі ойлау жүйесі» теориясымен белгілі. Оның тұжырымынша «төменгі сатыдағы қоғамда», «ұжымжық таным», «даралық танымнан» үстем тұрды. Алғашқысы адамзат тәрбиесіне тәуелсіз және логикалық қайшылықтан ада, ал екіншісі адамның адамның өмірлік тәжірибесіне негізделеді және адамзат білімінің өз сөзімен бірге дамып отырады. Ол ұстанған көзқарас Дюркгейм мектебінің бағытына жақын. «Ұжымдық таным» ұғымы сол мектеп көзқарасымен үндеседі. Шығармашылық өмірінің соңына дейін «логикаға дейін ойлау жүйесі» терминіне өз көзқарасын өзгертуге талап қылды. «Артта қалған қоғам ментальды қызметі» еңбегінде ғылыми айналымға алғаш рет «ментальдылық» ( лат.menta-жан құрылымы) ұғым-терминін әкелген. Француздық әлеуметтану мектебі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз зерттеулерін тоқтата бастады. Бірақ олар өз зерттеулері және пікірлерімен батыстың этнология ғылымының дамуына ерекше зор үлес қосты. Э. Дюркгейм еңбектері қазіргі әлеуметтік антропология ғылымының негізгі идеялық дерегі болып табылады. Ал, Мосс зерттеулері көбінесе француздық структурализм мен экономикалық этнографияның негізінің қалануына әсер еткен.

Неке отбасының дамуы


Қоғамдық еңбектін бөлінуі
Жекеменшіктін шығуын зерттеді.

Француздық әлеуметтану мектебін қолдаушылар Батыс Европа мен Солтүстік Америкада да болды. Мосс пен Граненің қолдауымен ХХ ғасырдың 30 жылдары Қытайда этнография ғылымының негізі қалануына үлес қосты.


4.Функционалистік бағыт.
Этнологиядағы диффузионистік ағым Германияда, әлеуметтану бағыты Францияда, функционалистік бағыт Англияда дамыды. Неміс этнологы Рихард Трунвальдтың функционалистік мектебі елде қолдау таппай, оны Англияда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін осы бағыттың негізін қалаушы ретінде танылған ағылшын этнографы, әлеуметтанушы Бронислав Каспер Малиновский (1884-1942) жалғастырды. Бұл бағыттың мақсаты өркениеттің негізін қалаушы әрбір этностардың мәдениетін жан-жақты талдау. Кез-келген материалдық мәдениеттің сыртқы пішінін ғана жазбай оның қалай пайда болғандығын, кім жасағандығын тереңірек зерттеу болды. Сонымен, ол мәдениеттің әрбір элементтері өзінің әлеуметтік функциясын атқаратын бүтін тұтастығын көрді. 1944 жылы шыққан «Мәдениеттің ғылыми теориясы» атты еңбегінде мәдениет ұғымын қарастыра келе, Б.К. Малиновский оны биологиялық құбылыс деп түсінді. Оның ұғымынша мәдениет биологиялық негізде құрылған: адам болмысы - жануарға ұқсас, оған негізгі биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру керек. Олар - азық-түлікті табу, ыстық-суықтан, тағылардан қорғайтын баспана салу, киім-кешек дайындау. Адам осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өзіне жаңа орта жасайды. Бұл қажеттіліктен туындаған орта – мәдениет. Қажеттіліктің өрбуі оны үнемі жасап, жаңартып отыруға әкеледі. Бұдан адам өміріндегі мәдениеттің жаңа үлгісі дамып жасалады.
Б. Малиновскийдің зерттеп, дайындаған әдісінің басты мәні - әр халықтың күнделікті тұрмысы мен мәдениетін бір-бірімен байланысқан бөліктердің жүйесі ретінде қарау. Ол жүйенің әр бөлігі белгілі бір қызмет атқарады.
Мысалы, көшедегі ат жеккен арба - ескінің қалдығы емес, ат-арбамен жүруге деген романтикалық қызығушылықты қанағаттандыру. Ескі маркалы автомобильде ескіліктің қалдығы емес, таза экономикалық құбылыс, өйткені иесінің жаңа автомобиль алуға қаражаты жетпейді. Диффузионистердің қателігі мынада: олар мәдениетті тірі органикалық тұтастық, өлі заттардың жиынтығы деп біледі.
Б. Малиновскийдің айтуынша, барлық ағымдардың басты кемшілігі — адамдардың күнделікті өміріне жеткілікті назар аудармай, тек ғана экзотикаға, жат, сирек кездесетін құбылыстарға еліктеу болып табылады. Мәдениеттің биологиялық негізін, ең алдымен «қажеттілік» ұғымының мазмұнын қарастыра келіп, Б. Малиновский төмендегідей кесте құрастырады. Бұл кесте бойынша, мәдениет элементарлық органикалық импульстердің сәйкес актімен қанағаттандырылу функциясынан құралды.
Б. Малиновскийдің ғылыми көзқарасына сыни тұрғыдан тоқталсақ, мұнда ешқандай ерекше теорияның жоқ екенін көреміз. Әрбір қоғамдық құбылыс, әрбір мәдениет құбылысы белгілі бір нақты қажеттілікке жауап беретіні баршаға мәлім. Қажеттіліктерді қанағаттандырудың әр түрлі тәсілдері әр халық мәдениетінің әр түрлі формалары мен типтерін айқындайды. Бірақ, Б. Малиновскийдің теориясында дәл осы айырмашылыққа - әр түрлілікке назар аударылмағанын атап айтқан жөн. Ол мәдениеттің әрбір аспектісінде қарастырылып отырған қызметі контексінде біртұтас қарастыруды талап етеді. Мәдениетті универсалды феномен деп таныған. Ол мәдениетті өз негізінде салыстырмалы, сондықтан салыстырмалы талдау оның заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді деген пікір білдірген. Соныменен, Б. Малиновский жалпы мәдениеттің қызметін жан-жақты қарастыруды алға тартты. Әрбір ұлттың мәдениет элементтерін жоймай қызметін барынша талдауды тұжырымдады.
5. Американдық тарихи этнологиялық мектеп
АҚШ - та өткен ғасырдың аяғында әйгілі эволюционистік бағыттан басқа, тарихи этнологияның «американдық тарихи мектебі» деп аталған, антрополог, этнограф, лингвист Франц Боас (1858-1942) негізін құрған мектеп қалыптасты. Ол Германияда – (Гейдельберг, Киль, Бонн) білім алған. Көптеген экспедицияларға қатысып, Солтүстік Америкадағы эскимостар мен үндістердің этнографиясын зерттеген. Олардың Азияның солтүстік жағындағы байырғы халықтармен мәдени жақындығы бар екендігін дәлелдеді. Ол этнографиядағы эволюциялық мектептің салыстырмалы - тарихи әдісінің орнына өзінің «тарихилық әдісін» қолдады және эмпирикалық тұрғыдан оны түсіндірді. Кабинеттегі теориялық пайымдаулардан гөрі дәйекті бақылап, квантификациялап отырған дұрыс, мәдениетті жан-жақты барлық қырларымен зерттеген дұрыс деп білді. Осындай зерттеу дінді, өнерді, тарихты, тілді және халықтың физикалық сипаттамасын да қосуы керек. Кейін көптеген ғалымдар оны қисынсыз дерекшілдік үшін сынады. Ол халықтардың мәдениеттері белгілі бір тұтастық деп қарастырды. 40 жыл бойы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) жұмыс істеген ірі ғалым, профессор, академик Боас ғылыми жұмыспен қатар, қоғамдық іске де белсене қатысты, отаршылдықтың, нацизмнің нәсілдік алалаушылығына қарсы шықты. 1942 жылы 84 жасында қайтыс болды. Оның ғылыми бағыты алғашқы «Этнологияның міндеттері» атты мақаласынан-ақ белігілі болған еді.
Ғылымның жалпы міндеті әлеуметтік өмір құбылыстарының барлық жиынтығын (тіл, әдет-ғұрыптар, көші-қон, физикалық белгілер) зерттеу болып табылады және бұл зерттеу жалпы алғанда тек өркениетті ұлттардың ғана емес, барлық адамзат баласы тарихының мұз дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бүкіл кезеңдерін, яғни «адамзаттың тарихын» жасап шығу. Бұл үшін әрбір жеке халықтың тарихын оның ұлттық ерекшеліктерімен қоса алып зерттеу қажет. Франц Боас «салыстырмалы әдісті» үстірт қолданудан сақтандырды. Өйткені өзара сыртқы ұқсастығы бар құбылыстардың айрықша тарихы және әр түрлі қызметтері болуы мүмкін. Боас этнология үшін маңызды әдістемелік ереже енгізді. «Қорытылған әлеуметтік формаларды ғылыми зерттеу зерттеушіден біздің мәдениетте негізделген көзқарасқа тәуелді болмауын талап етеді». Егер оқырманға, оқушыға әрбір мәдениетке өзінің меншігі ретінде кіруге мүмкіндік туса, объективті, байсалды ғылыми зерттеу сонда ғана мүмкін екендігін айтып өтті. Алайда оның пікірі бойынша әртүрлі халықтардың мәдениеттері өзара салыстыруға және иерархиялық тұрғыдан қарастыруға келмейді. Боас мәдени диффузия мен аккультурация үрдістеріне үлкен көңіл бөлді.
Американ антропологиясы бағыты бойынша оның ғылыми дәрежесі өте жоғары болып, көптеген ізбасарлары идеяларын дамытты. Оның шәкірттері К. Уисслер, А. Гольденвейзер, П.Радин, Р.Бенедикт, А. Кребер, Г.Лоуи, Л.Уайт, М.Мид сияқты белгілі антропологтар болды.
6.Структурализм. Структурализм бағыты (лат. structura - құрылым, байланыс, рет) ХХ ғасырдың 20ж. бастап Франция, Ұлыбритания, АҚШ – та дамыды. Бұл бағыттың ерекшелігі оның құрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пайдалануында жатыр. Оның зерттеу нысаны –белгілер жүйесінен құрастырылған мәдениет. Бұл саланың осылай аталуының себептері, оның әр халықтың мәдениетінің түрлі салаларындағы құрылымдарды тауып, суреттеу мақсатымен тікелей байланысты. Өзінің даму барысында ол бірнеше эволюциялық сатылардан өтті. 1920 жылдары оның негізін қалаушы ағылшын ғалымы А.Р.Радклиф-Браун (1) болды. Ол сртуктурализмнің зерттеу негізін жасады. 1950-60 жылдары Францияда структурализм шарықтай дамыды. Осы кезеңнен бастап Клод Леви-Стросс (1908) француз этнографы, социолог, мәдениеттанушы, структуралық антропологияның негізін қалады. Ол алғашқы кезеңде Ж.-Ж. Руссоның, Э.Дюркгеймнің социологиясының ықпалында болды. К.Леви-Стросс әр халықтың мәдениет құбылыстарын зерттеу барысында тарихи факторларға ерекше назар аударды. Оның түсінуі бойынша, адамдардың некелік қарым-қатынас ережелері мен туысқандық байланыстары адамзат мәдениетінде жеке тұлға мен ұжымның коммуникациясының белгілі бір түрін туындатады. Бұл коммуникация түріндегі байланыстырушы буын - әйел. Ол отбасы, ата, тайпа арасын жақындастырушы, дәнекер ролін атқарады. Аталар арасындағы қыз алысу әуелде инцесті, яғни жақын туыстар арасындағы жыныстық қатынасты болдырмау үшін жасалған шара еді. Кейінірек ол дәстүрге айналып, мәдени символизмге ұласты. Сондай-ақ, ол халықтар мәдениетінің бастауына және мәдениаралық байланысқа тоқталды. Адамзаттың алғашқы кезеңіндегі ойлау жүйесінің теориясын қалыптастырды. Леви-Брюльдің «логикаға дейінгі ойлау жүйесі» концепциясын сынға лады. Мифологиялық ойлау жүйесін ұжымдық бейсанасыз деп, адамның басқа да танымдық-аспектілерінен бөлек қарастырады. Оның әр халықтың этнографиялық деректері негізінде жинақтаған мәдениеттің эмпирикалық типология туралы концепциясы құндылығымен ерекшеленді. К.Леви-Стростың зерттеулері «Миф құрылымы» (1970), «Қайғылы тропикалар» (1975), «Құрылымдық антропология» (1983) еңбектерінде жарияланған. Оның бұл әдебиеттері көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Структуралистік бағыттың негізі функционалистік мектептің дамуымен пайда болды. Оны алғашқыда ғалымдар «структуралистік функционализм» деп атаған еді. Бұл бағыттың негізін қалаушы ағылшын ғалымы А.Радлифф-Браун екені белгілі. Оның бұл ағымдағы пікірлерін ағылшын әлеуметтік антропология бағытындағылар қолдап, олардың ішінен ең көрнектісі Эдуард Эванс-Причард ( 1902-1972) болды.
7. Этнопсихологиялық мектеп .
Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos - ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми - теориялық ғылым. Оның мақсаты – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған. Этнопсихология методологиясы – бұл ғылымның идеялық позициясы нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін танудың негізгі заңдылықтары туралы неғұрлым жалпыланған мағыналары. Этнопсихология методологиясы біріншіден, оның пәнінің өзіндік мағынасымен анықталады, адамның ұлттық-психикалық ерекшеліктерін дұрыс зерттеу үшін мазмұнын, қалыптасу заңдылықтарын және функцияларын қоғамдық сананың басқа элементтерімен өзара қатынасын анық аша білу керек. Екіншіден, ұлттық психиканың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, тиімді зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс пен әдіснамалар көмектеседі. Әдетте, этнопсихологияның методологиясының үш деңгейін айырады.Жалпы методологиясы - объективті әлемнің жалпы даму заңдылықтарының нақты және дәл бейнесін береді. Оның компоненттері, этнопсихология зерттейтін құбылыстардың орыны туралы ақпараттардың нақты алынуын қамтамасыз етеді Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар. Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды. Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді. В.Г. Крысько бойынша этнопсихология ғылымы - әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты. Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады, - дейді Г.М. Андреева. Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді. Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді.Бұл екі тенденция да өте күрделі. Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді. «Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.
Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:1. Антропологиялық психология; 2. Кросс-мәдени психология.Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады. Этнопсихология ғылыми теориялық ғылым. Оның нысаны – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.
5. Американдық тарихи этнологиялық мектеп
АҚШ-та өткен ғасырдың аяғында әйгілі эволюционистік бағыттан басқа, тарихи этнологияның "американдық мектебі" деп аталған, Франц Боас (1858-1942) негізін құрған мектеп пайда болды. Ол Германияда – (Гейдельберг, Киль, Бонн) білім алған. Көптеген экспедицияларға қатысып, Солтүстік Америкадағы эскимостар мен үндістердің этнографиясын зерттеген. Олардың Азияның солтүстік жағындағы байырғы халықтармен мәдени жақындығы бар екендігін дәлелдеді. Ол этнографиядағы эволюциялық мектептің салыстырмалы- тарихи әдісінің орнына өзінің «тарихилық әдісін» қолдады және эмпирикалық тұрғыдан оны түсіндірді. Кабинеттегі теориялық пайымдаулардан гөрі дәйекті бақылап, квантификациялап отырған дұрыс, мәдениетті жан-жақты барлық қырларымен зерттеген дұрыс деп білді. Осындай зерттеу дінді, өнерді, тарихты, тілді және халықтың физикалық сипаттамасын да қосуы керек. Кейін көптеген ғалымдар оны қисынсыз дерекшілдік үшін сынады. Ол халықтардың мәдениеттері белгілі бір тұтастық деп қарастырды. 40 жыл бойы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) жұмыс істеген ірі ғалым, профессор, академик Боас ғылыми жұмыспен қатар, қоғамдық іске де белсене қатысты, отаршылдықтың, нацизмнің нәсілдік алалаушылығына қарсы шықты. 1942 жылы 84 жасында қайтыс болды. Оның ғылыми бағыты алғашқы «Этнологияның міндеттері» атты мақаласынан-ақ белігілі болған еді.Ғылымның жалпы міндеті әлеуметтік өмір құбылыстарының барлық жиынтығын (тіл, әдет-ғұрыптар, көші-қон, физикалық белгілер) зерттеу болып табылады және бұл зерттеу жалпы алғанда тек өркениетті ұлттардың ғана емес, барлық адамзат баласы тарихының мұз дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бүкіл кезеңдерін, яғни «адамзаттың тарихын» жасап шығу. Бұл үшін әрбір жеке халықтың тарихын оның ұлттық ерекшеліктерімен қоса алып зерттеу қажет. Франц Боас «салыстырмалы әдісті» үстірт қолданудан сақтандырды. Өйткені өзара сыртқы ұқсастығы бар құбылыстардың айрықша тарихы және әр түрлі қызметері болуы мүмкін. Боас этнология үшін маңызды әдістемелік ереже енгізді. «Қорытылған әлеуметтік формаларды ғылыми зерттеу зерттеушіден біздің мәдениетте негізделген көзқарасқа тәуелді болмауын талап етеді». Егер оқырманға, оқушыға әрбір мәдениетке өзінің меншігі ретінде кіруге мүмкіндік туса, объективті, байсалды ғылыми зерттеу сонда ғана мүмкінекендігін айтып өтті.Алайда оның пікірі бойынша әртүрлі халықтардың мәдениеттері өзара салыстыруға және иерархиялық тұрғыдан қарастыруға келмейді. Боас мәдени диффузия мен аккультурация үрдістеріне үлкен көңіл бөлді. Оның шәкірттері Р.Бенедикт, А. Кребер, Г.Лоун, М.Мид сияқты белгілі антропологтар болды.
Биологиялық бағыт – қоғам эвалюция заңдылықтарына, жаратылыстану ғылымдарының принциптерін енгізді. А.Бастиян 1826ж.-1905ж. өмір сүрген. Герман рэвалюциянизмінің негізін қалаған. Еңбегі «Общий основания этнологии ».
Әлеуметтік бағыт- негізін қалаушылар: Хонд, Дюргейм, К.Штарке.
Неке отбасының дамуы
Қоғамдық еңбектін бөлінуі
Жекеменшіктін шығуын зерттеді.
Географиялық бағыт - тарихи географиялық аспектілерін пайдаланды. Географиялық фактрдың маңыздылығына тоқталды. Андре, Надеждин негізін қалағандар. ХІХғ аяғында антропологиялық тарихи мектептін ашылуынан жабылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет