Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет9/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология
Египет
Этникалық бөлінулер таптық құрылымға дейін өтсе, ал этникалық бірігулер – таптық құрылымның шарықтау кезеңінде өтіп, этногенетикалық үрдістер – консолидация ассимиляция және этникалық интеграция олардың араласып, бір – біріне сіңіп кетуіне әкеледі. Этногенетикалық үрдістер түрі өте көп. Оларды 1994 жылы Ресей ғалымдары О.Е. Кузмина мен П.И. Пучков ғылыми негізде «Основы этнодемографии» атты еңбектерінде талдау жасап, жіктеген. Этногенетикалық үрдістер этноэволюциялық және этнотрансформациялық болып екіге бөлінеді. Белгілі бір этносқа өзге этнос кірме болып келгенде оларда еш өзгеріс болмаса, қирату жүйесі орын алмаса онда мұны - этноэволюциялық үрдіс деп атаймыз. Ал, саяси әлеуметтік билігі күшті этностар әлсіз этностарды жаулап, өз үстемдіктерін жүргізгенде олардың тілі, мәдениеті т. б. өзгеріске ұшырап, жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктері жойылса – онда бұл үрдіс этнотрансформациялық деп аталады.
Этникалық бірігу үрдісі өзінің ерекшелігі жағынан әртүрлі сипатта болады және оның бірнеше формалары бар.
1.Этникалық ассимиляция (лат. Assimilatio-бірігу) этникалық
Ассимиляцияның келесі үрдісі – этностардың мәдени тоғысуы негізінде жүріп, оны мәдени ассимиляция немесе аккультурация деп атайды. (лат. Ac+cultura мәдениетті қолдан жасау.) бұл үрдіс көбінесе күштеумен жүрген ассимиляция кезеңінде өрбиді. Оған мысалдар ретінде қазіргі кезеңдегі 14 ақпан махаббат мейрамы, 31 желтоқсандағы жаңа жыл, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні т.б жатады. Яғни қазақ ұлтының дәстүрлі өмірінен тыс мерекелер. Этникалық келесі үрдіс интеграция - (лат. Integratio-бірігу) капиталистік формация кезеңінде басталған бұл үрдіс тілдік, ұлттар арасындағы қарым-қатынасқа түсетін тілді алға тартып, сол арқылы байланыс көзі ашылады. Қазіргі таңда интеграциялық үрдіс бүкіл саланы қамтыған. Этникалық үрдістің келесісі – консолидация (лат. қосылу, қосу). Туыстас тайпа, ұлттардың бірігу үрдісі. Этнос ішіндегі келесі үрдістер – миграция өзге территорияларға кету. өзгелердің келіп, жергілікті тайпаларды жоюы. Этникалық конвергенция – бір-біріне жақын туыстас этностардың араласуы. Этногенетикалық миксация – этностарды біріктірудегі аз кездесетін үрдісөзіне туыстас емес этностармен жаңа этностардың бірігіп, ұлтты шығаруы. Этнологияда бұны этнотрансформациялық үрдіс дейді. Бұған мысал қазіргі австралиялықтар АҚШ-тағы жаңа этностар т.б. Этностардың бірігуі үрдісіне қарама-қарсы этногенездегі келесі формаларды – этникалық парцияция және сепарация деп атайды. Этникалық парцияция – бір этностан бірнеше жаңа бөліктердің пайда болуы. Мысалы ежелгі орыс этносынан – орыстар, украиналықтар, беларустардың шығуы. Этникалық сепарация – этникалық қауымның бір бөлігінен тарихтың даму сатыларында жеке этносқа айналуы. Мысалы ағылшындық пуритандардың Солтүстік Американы отарлап, жаңа солтүстік америка этносының негізіне айналуы. Немесе ағылшындық катржниктердің қазіргіі австралия халықтарының негізіне айналуы. Сөйтіп этникалық үрдістердің дамуымен ерекшеліктері негізінен этникалық менталитет пайда болды. Сондай-ақ олар төмендегі үрдістік ерекшеліктерді әкеледі. Метаэтникалық қоғамды (мета-через) Метистерд.іӨлі тілдерд.іЭтникалық стереотиптерді яғни этнос туралы пікірлерді.Этникалық конфликтілерді.Этнополитиканы тудырады.
4. Этногенез концепциясына теориялық тұрғыдан ғылыми тұжырымдар айтқан ғалымдарға тоқталар болсақ, олар ХХ ғасырдың 20 жылдары алғаш Широкогоровтың еңбектерінде басталып, ол шетелге эмиграцияланғаннан кейін тек аз түрде идея тастаушы ретінде кездеседі. Келесі этногенез терориясын Гумилев Лев Николаевич (1912-1992) – зерделеді. Ол өте жан-жақты тарихшы, этнограф, түркі халықтарының мәдениетін терең зерттеуші ғалым, мәдениеттанушы ретінде танылды. Ақындар Н.Гумилев пен А.Ахматованың ұлы, 1930-1950 жылдары қуғынға ұшыраған. Еуразиялық тарихқа қатысты еңбектерінде ол мәдениетті табиғи орта , этнос және мутациялық ғарыштық әсерлердің өзара қатынасынан туатын нәтиже деп алады. Бұл өзара байланыс «пассионарлық» деп аталатын адамдардың қайталанбалы күш серпінділігін және шығармашылығын тудырды. Л.Н. Гумилев бойынша, этностар өз бастауларын ғарыштан алады. Жаңа халықтардың пайда болуы (этногенез) – табиғи құбылыс және пассионарлық өрлеу кезеңдерінде этностар адам қолы мен рухани дамудың жемісі болып табылатын ерекше мәдени типті өмірге әкелді, әрбір пассионарийлер, дейді Л.Н.Гумилев өздерін белгілі бір мақсаттарға жаңқиярлықпен бағыттайды, әрбір мәдениет тек өзіне тән діл мен іс-әрекет, қылық түрлерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге бұрынғы мәдениеттермен тектік, дәстүрлі байланыста болады. 1200-1500 жж. аралығында этнос өзінің мәдени дәстүрін дамытады, кейін пайда болған жаңа пассинарийлер бөлек мәдени дәстүрді қалыптастырды. Этностардың ауысқуы не басқалардың арасында сіңіп кету, не мүлгіген реликтіге айналып кету, не әлеуметтік қақтығыстар түрінде болуы мүмкін. Ол өзінің зерттеулерінде евразияшылдық идеясына үндес пікірлерді қолдаған. Н.С. Трубецкойдың жалпыадамдық мәдениет жоқ деген қағидасын қолдайды.Оныі пікірінше тек күрделі органикалық мәдени этникалық жүйе тарихта табысты әрекет ете алады. Осындай жүйе евразиялық – Ресей мәдениетінен көрініс табады. Ол евразиялық Ұлы Даланы бірнеше мәдени ареалдарға бөліп, номадалық мәдениеттің тарихи орнын әділ анықтап беруге ұмтылды. Орталық Азияны әлемдік мәдениеттің басты ошақтарының бірі деп қабылдайды. Оның еңбектері «Ежелгі түркілер» (1967), «Этногенез және Жер биосферасы» (1979), «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» (1989), «Русьтен Ресейге дейін» (1992) және тағы да басқалары.
Қажетті әдебиеттер:
1.Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г.
5 тарау 133-153 беттер
2. Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
1 тарау §2 21-32 беттер
3. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
2 тарау 34-43 беттер
4. Исаев М.И Словарь этнолингвистирческих понятий и терминов М., 2001
5. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли.М., 1992
6. Итс Р.Ф. Введение в этнографию.Л., 1991
№6. Лекция тақырыбы: Этникалық мәдениет

1. Мәдениет және оның этникалық функциядағы ролі.


2. Этникалық мәдениет.
3. Этникалық стереотип және этникалық образ.
4. Әлем халықтарының этникалық образдары

Мәдениет сөзі colere – деген сөзінен бастау алады, ертедегі Римде бұл сөз «тыңайтқыш, өсіру, қолдаушы болу, бас ию, құрметтеу» сияқты мағыналардың жиынтық ұғымдарын берген. Әдетте оны белгілі бір сапалық мағынада қолданған. Алғаш мәдениет ұғымын әдебиетке Римнің атақты философ, шешені Марк Туллий Цицеронның (б.д.д. 16-43ж.ж) «Тускулан кеңесі» атты еңбегінде қолданған. Ол бұл сөзді адам болмысының қазіргі кездегі «руханилық» деп аталатын мағынада қолданған.


Одан кейінгі кезеңдерде көптеген философтар мен өзге де сала ғалымдары бұл мәселе төңірегінде ой қозғады. ХҮІІ ғасырдың қарсаңында Еуропа мен дүниежүзілік теориялық терминдер әлемінде «мәдениет» түсінігі қомақты, мазмұнды түсінікке айналды. Адамның ішкі, сыртқы табиғатын толықтыратын іс-қимылдарының қорытындысы болатын, оны дәріптейтін, мәдениеттің сол кезде-ақ жағымды құндылық мәні қалыптаса бастады. ХҮІІІ ғасырда неміс философтары адам еңбегімен жасалатын игіліктердің барлығын мәдениет деп түсінген.
Кеңес энциклопедиялық сөздігінде мәдениет туралы мынадай анықтама берілген: «Қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің белгілі тарихи дәрежеде дамуы, адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру типтері мен формалары».
Жалпы «мәдениет» ұғымы жөнінде көптеген ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерінде 400-ден астам анықтама жасалған. Мәдениет терминінің анықтамалық жүйесі өте кең. Соныменен мәдениет ұғымы ежелгі латын сөзінен пайда болған негізінен, тарихи даму сатыларында түрлі:
1. тәрбие, білім, даму;
2. табыну, ғибадат, құрмет;
3. жерді өңдеу, ауыл шаруашылығында - өңдеу, күту, баптау, бағу, жақсарту, арту т.б білдіреді.
Мәдениеттің негізі этностың компоненттерінің бірі ретінде қызмет атқаруы. Әрбір этностың өзіндік белгілері, ерекшеліктері қалыптасқан. Этностың бізге белгілі компоненттері - сана-сезім, мәдениет және психика. Этнология ғылымының алғашқы түсінігі кейбір топтық мәдени ұқсастықтардың барлығын келтіреді. Этнографияда мәдениетке мәдениеттің байырғы мағынасынан туатын және белгілі бір этносқа тән – материалдық мәдениеттерді, рухани мәдениетті және ақиқатты игеруде дамуды бейнелейтін мәдени жаңалықтарды жатқызады. Әрбір этностардың жасаған материалдық және рухани мәдениеттері құндылықтар жиынтығын құрастырады. Бұл құндылықтар жиынтықтары әрбір этностарда семиотикалық, яғни қоғамда қолданылатын белгілердің ролін атқарады. Сондай-ақ ол құндылықтар жиынтығы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарда символикалық және функционалдық, семантикалық мағыналарды білдіреді. Жалпы мәдениет үш маңызды құбылыс тұрғысынан қарастырылады.
Тарихи-әлеуметтік. Мұнда ең алдымен мәдениеттің қоғамдық функцияларына ерекше көңіл бөлініп, оның ішкі мазмұны мен құрылымы екінші кезекке ығыстырылады.
Философиялық-антропологиялық. Зерттеушінің назарын адамның мәдениетті жасаған қызметі көңіл аудартады.
Феноменологиялық. Мәдениет күнделікті өмір тәжірибесі ретінде қарастырылады. Мәдениеттің ішкі құрылымы әр қилы: қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес мәдениеттің өнегелі, құқықтық, саяси, діни, эстетикалық және басқа салаларын бөліп көрсетуге болады.
Мәдениеттің ішкі құрылымның моделі оның қызмет құрылымының,соның ішінде өндіріс және тұтыну салаларына бөліну негізінде жасалуы мүмкін. Соғыстың, әдетті, орысша «тұрмыс мәдениеті» деп атаса, шет елдерде «өндіріс сыртындағы мәдениет» дейді. Десек те, көбінесе мәдениеттің ішкі құрылымын, оның объективті формаларын анықтауда мәдениет те материалдық және рухани салаларға бөлінеді. Мәдениеттің матералдық саласына еңбек құралдары, қатынас құралдары, тұрғын үй және басқа құрылыстар, киім, тамақ, мәдени өсімдіктер және үй жануарлары жатады. Денені бояу, татуировка (денені әшекейлеу) түсіру, косметика (бет ауызды опалап, сәндеу) және парфюмерия (хош иісті заттар) саналады.Рухани мәдениет: білім, әдет-ғұрып, мінез, құқықтық нормаларын, өнердің және халық шығармашылығының туындыларын, діни сенімдерді қамтиды. Рухани мәдениеттің кез-келген компоненті өмірде жазу, сөз, мүсін, музыкалық әуендер... түрінде көрініс табуға тиіс, ал мұның адамның дене еңбегінсіз іске асуы мүмкін емес екендігі түсінікті. Жуырда ғана адамдардың әр түрлі әлеуметтеуметтік қажеттілігін өтеудегі мәдениетін негізгі төрт өрісін бөліп көрсету ұсынылады.
өндірістік;
өмірді қамтамасыз ететін;
саяси нормативті;
танымдық
Мәдениеттің орындайтын көптеген функцияларының ішінде оның этникалық функциясын ерекше атаған жөн. Адамдар қоғамда этномәдениеттікғ ақпараттар басқа кез-келген ақпараттар сияқты, әр түрлі формада беріледі: материалық және рухани мәдениет шығармалары арқылы, ым-ишараттар тәсілі мен және т.бМәдениет - өзінің дамуында көп қабатты сипатқа ие. Мәдениеттің ең тұрақты коппонентері оның негізгі қаңқасы, тірегі іспетті, негізгі этникалық жүгін көтереді. Мәдениеттің мұндай копоненттерін белгілеу үшін «дәстүрлер» (лат. – «передача, передание») термині кеңінен пайдаланылады. Бүкіл тарихи үрдісте мәдени дәстүрлерге өте маңызды роль беріледі. Мәдениеттік дәстүрлерде адам қызметінің бағдарламалары белгіленіп отырады. Оларда әр түрлі тарихи ортақтықтардың шоғырланған, жинақталған тарихи тәжірибесі көрсетілген.Дәстүрлердің мирасқорлық сипаты, тұрақтылығы олшардың қоғамдық дамуында тек кері тартпалы консервативті бастау деп қарауға негіз бермейді.Біріншіден, әдетте , ескіліктің қалдықтар деп аталатын теріс дәстүрлер мен қатар, жағымды және біршама бейтарап дәстүрлер өмір сүреді.Екіншіден, ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлерді, мәдени элементтерін тарату кезінде олар өздері жаңа жағдайларға бейімделеді және сондықтан өзгеріссіз қала алмайды. Үшіншіден, қоғамда әрқашан бұрынғы ұрпақтардан қалған дәстүрлерден басқа, жаңалардың пайда болуы жүріп жатады. «Дәстүр» ұғымы «әдет-ғұрып» ұғымымен өте тығыыз байланысты. Кейде тіпті оларды бірдей деп те санайды. Алайда, біріншісінің ауқымы екіншісінен кеңірек: әдет-ғұрыптарды дәстүрлер деп санауға болады, ал барлық дәстүрлер бірдей әдет-ғұрып емес.әдет-ғұрып – этникалық ортада белгіленген. Әдетте, ол тұрмыс жүйесінде немесе отбасы-тұрмыстық қатынастарды қолданылатын тәртіп ережелері. Ырым – салт жоралары компоненттерінің бірі болып саналады. Бұл – көпшілік қарым-қатынасының тарихи қалыптасқан немесе арнайы белгіленген стереотипті формалары. әдетте, ол бір үлгіге салынған (стандартталған) іс-қимылдың қайталануын білдіреді.
Ырым-жоралар мынадай функцияларды атқарады.
Ішкі этникалық байланыстарды реттеу:
этнос мүшелерінің әрекетін олардың әлеуметтік институттар жүіне енгізу арқылы бірлестіру;
жеке адамның таптық нормалары және құндылықтарды меңгеріп алуы;
топтық ниеттестікті, тілектестікті орнату;
адмдардың күнделікті қарым-қатынастарында пайда болатын эмоционалды (қызу қандылық) зорлануды жою, көңіл күйді қалпына келтіру;
өмірлік жағдайлардың әлеуметтік маңызын бекіту (туу, жымыстық жетілу, некеге тұру, үйлену, өлім).
Этностың мәдени тәжірибесін жинау және тапсыру этнос мәдениетінің дәл сол қабатын көбінесе дәстүрлерге әдет-ғұрыптарға және ескінің қалдықтарына бай. «дәстүрлі тұрмыстық» мәдениет – «өндіріс сыртындағы» деп ат ап кеткен және оның кәсіптік (көпшіл, жекеленген) түрінен айырып қараған. Жалпы, мәдениеттің жұмыс істеу диалектикасы мынадай: бір мезгілде адамдармен қарым-қатынас жасау құралы да адамдардың арасын құралы бола алады. Мәдениеттің дәл осы қасиеті оның этникалық функцияларының негізінде жатыр.

Қажетті әдебиеттер:


1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г.
7 тарау 179-208 беттер
2. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
2 тарау §3 43-46 беттер
.

№7. Лекция тақырыбы: Этника аралық коммуникация (байланыс)


1. Этникалық өзара байланыстар және олардың нәтижелері.


2. Этномәдени өзара әрекеттердің теориясы.
3. Әлемдегі қазіргі этникалық процестер.
Этникааралық қарым - қатынастар көбінесе қатысушылардың бір - бірін түсіну және келісімдерге жету қабілеттілігіне байланысты. Этнология ғылымында этностардың қарым -қатынасы этникааралық байланыстар деп аталады, оған екі немесе одан да көп этникалық топтардың материалдық және рухани байлықтарымен алмасуы жатады. Осыдан келе, этникааралық кең мағынада халықтардың әртүрлі қоғамдық өмір сферасында ғылым, саясат, өнер және тағы басқалардың бір - бірімен тығыз байланыста болса, тар мағынада әртүрлі этникалық құрамдағы халықтардың қатынасы, олар әртүрлі қоғамдық өмір саласында еңбек, отбасы тұрмыстық тағы да өзге жағдайларда орын алады.
Этнологияда этникалық үрдістердің екі негізгі бағыты бар. Олар - этнотрансформациялық және этноэволюциялық. Этнотрансформациялық бағыттағы үрдіс этникалық танымның нәтижесінде жүріп, жаңа жағдайға өтуі.Этноэволюциялық үрдісте, этникалық таным түсінігіне апармайтын этностардың белгілі бір өзгерістерінің жеке сипаттамасы жатады. Этнос өзіндік ерекшелігіне жат өзгерістерге түсіп, түп негізін жоғалтады.Этникалық байланыстар үрдісін зерттей келе Л. И. Гумилев этногенез концепциясынның негізін қалады. Оның пікірінше этногенез үрдісі этникалық өрістердің пайда болуымен байланысты (физикалық табиғат пен тербелістің біртұтас жиілігімен сипатталады). Пассионарлар бір - біріне тартылу себебі олардың жеке пассионарлық өрістері бірдей жиілікпен тербеледі. Сонымен қоса, пассионарлар өздерінің идеяларын бір қалыпты деп адамдарды «өзгерістерге» ұшыратады, өздерінің тербеліс ағымын адамдарға береді. Міне, осылайша, эностардың пайда болуы, ал этникалық құрамдағы адамдар жалпы қызығушылық танытады, жалпы тәрбие, тәртіп стереотипін қалыптастырады. Әр этностың этникалық өрісі басқа этноспен кездесу барысында да әсер етеді. Егер олардың этникалық өрісінің тербелісі бірдей немесе сезімтал келсе, онда этностар бір- біріне мейірімді болады, олар Гумилевтің айтуы бойынша марапаттауды сезінеді. Егер сәйкес келмесе, онда қарым қатынас өте қиын жағдайда болады немесе адамдар «бөтендікті» сезінеді. Гумилев осы әдіспен мына бір жайтты түсіндіреді: Орыс жаяу әскері Чукоткаға дейін еш қарсылықсыз жетіп, Алеут көлі арқылы Америкаға жетеді (Алеут одан кейін эскимостармен келісу арқылы), бірақ үндістерді кездестіргенде өте қатты қарсылыққа тап болып, олармен қарым - қатынас орната алмайды. Тура осы жағдай англосакстармен де болған. Бірақ, егер, орыс әскерлері өздеріне ыңғайлы жерлерге кейін шегінсе, англосакстар өте көп көлемде үндістерді аяусыз қырған.
Этнолог ғалымдар этникааралық байланыстар үрдісі бірнеше факторлар тобын анықтаған деген пікірге келуде. Олар: тарихи, әлеуметтік, мәдени, психологиялық, жағдайлық (ситуативті), саяси жағдайлар.Тарихи жағдайда ең маңызды құбылыс үш топқа бөлінеді: а) тарихи жағдай барысы нәтижесінде халықтардың қарым - қатынасы нығайса; б) барихи оқиға этникааралық байланыстар символикалық маңызға ие болады; в) халықтардың әлеуметтік тарихи даму ерекшеліктері байланыстарға негізделген.
Этностар өзара қарым - қатынасқа әртүрлі тарихи оқиғалар нәтижесінде түседі. Этнос аралық соқтығысу пайда болады., онда көбінесе мынадай: жаулаушылық, күшпен қосып алу, отарлаушылық тарихи жағдайлары. Сонымен қоса, отарлаушылық формалары да (жаулаушылық немесе өз еркімен қосылу) есепке алынады. Этникалық жадыда жоғарыда аталған оқиғалардың барлығы да сақталынады. Олар символдық немесе батырлық түрінде анықталады. Және де, әр этнос бір оқиғаны әр түрлі талдайды немесе бағалайды. Әлеуметтік факторлар арасында ең жандысы: әлеуметтік және этникалық стратификациялық қарым- қатынасы; әлеуметтік құрылымдық өзгерісінің әсері; әлеуметтік мобильділікте этникалық факторлар. Этникааралық қарым - қатынаста байланыстылығы этностардың бірдей (статусты) дәрежені иемденген жағдайлары өте қолайлы. Бірақ мұндай қарым - қатынастар типі өте сирек кездеседі, көбіне дискриминатты нұсқасы кең тараған. Мұндай жағдай аралас этностардың әлеуметтік жағдайларын өзгерту қажет. Бірақ бір теңдікті (статусты) дәрежедегі қатынастарға қарай жылжу этникааралық қатынастардың соқтығысуына әкеледі. Арадағы түсініспеушіліктің негізі көзі болып бағынышты этностардың өздерінің дәрежесін нығайтуда міндеттерін тез өсіру жағдайлары табылады.
Мәдени факторлар екі топқа бөлінеді: 1. ағарту және ақпараттық; 2. этникалық мәдениеттің дәстүрлі нормалары.Білім мен ағарту этникааралық шекараны бұзу, этникааралық қақтығыстарға жол бермеу қабілеттілігін көптеген зерттеушілер анықтағандай өте жоғары білімді этникалық қауым көбінесе қарым қатынасқа бейімді, әсіресе іс жүргізу саласында Этникааралық қатынастарда дәстүрлі нормаға қатысты дәстүр көбінесе адамдардың тұрмыстық жағдайын анықтау деп қабылданады, бірақ шындығында олар тек қана осы деңгейде ғана байқалады. Эндогамды некелер барлық халықтарда бір ұлтты некенің салдарынан ғана емес, сонымен қатар, осындай некенің қалыптасуында айқындалады. Бірақ дәстүрлі нормалар кәсіби және жұмыстық қатынастар нормалары мен іскер кәсіпкерлерді таңдауда ерекшеленеді.Жағдайлық (ситуациялық) факторлардың өмір сүруі эконоимкалық, саяси, әлеуметтік сфералық жағдайлардың ағымдары қоршаған ортаға әсер етеді, этникааралық біртұтастылықты және этномәдени қатынастарды әлсіретеді немесе күшейтеді.Саяси факторлары мемлекеттің құрылымдық формалары мен принциптерін, саяси құрамдылық сипатын, ұлттық мемлекеттік саясаттың типін құрайды. Әсіресе мемлекеттік саясаттың маңызы зор (этникалық «кішіліктің» қатынасына байланысты жүргізіледі). Мұнда екі бағытты ерекшелеуге болады: интеграциялық саясат және мәдени плюрализм саясаты. Соңғысы мәдениет, тіл, білім салаларына ғана қатысты емес. Кең мағынасында бұл этникалық топтардың билік өкілдіктері институтындағы саясаты.
Аталған барлық факторларды есептей келе, онда қатысқан этностардың бір біріне сыпайылығы нәтижесі көбінесе әртүрлі болып келетіндігі байқалған. Қарым қатынас этностардың тек бір қарапайым сандық өзгерістерімен де шектелуі де мүмкін, бірақ өте терең құрылымдық жеөзгерістерге де апаруы мүмкін. Қарым қатынастың төрт нұсқасы бар:
Қосылу – этнос басқа бір мәдениетпен ұшырасып, олардың кейбір жетістіктерін меңгереді (мысалы Үнділік Америка Еуропаға бірқатар мәдени өсімдіктер мен дағдыларды берген).
Қиындатылған – этностардың мәдениетінің сапалы өзгерістері дамыған мәдениетті өзгерістерге әсері (мысалы, Қытай мәдениеті Жапон мәдениетінің әсері, нәтижесінде Жапон мәдениеті қосалқы деп атауға болады).
Азайтылған - өзіндік дағдыларының жоғалуы нәтижесінде дамыған мәдениетпен қақтығысы (керамикалық ыдыстарды дайындау дағдыларының дайын өнім импортының айырбасталуына байланысты жоғалуы).
Кедейлену (эрозия) – мәдениеттің деструкциясы (айн мәдениетінің жапон мәдениетінің әсерінен ХІХ ғасырдың соңында бірте бірте жоғалуы).
Этнологияда этникааралық интеграцияның біртұтастылығы барысында жаңа этномәдени қауымдардың пайда болу нәтижесінде екі немесе бірнеше этникалық топтардың әсерлері әртүрлі мәдениеттердің өзіндік негізі этникалық мәдениетті сақтауға бағытталған.Этноинтеграциялық процестер әлеуметтік организмнің ішімен өтуі немесе біренше әлеуметтік организмнің арасындағы этностардың аралығында пайда болған байланыстар ішкі мемлекеттік және мемлекетаралық деп екіге бөлуге болады. Бұл процестерге қатысушыларға байланысты олар: а) консолидациялық – этникааралық қатынастар тең құқылы қатынастар негізінде құрылады; б) симбиозды – этникааралық әсерлер бір біріне тәуелді этникалық топтардың ассимиляциясы арқылы жүргізіледі; в) сегрегационды – этностардың бір біріне қарым қатынасы тең құқылы емес қатынастар негізінде құрылады.Этникалық байланыста этностардың дәрежесі және оның басқа этностармен қарым қатынастың типтері бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде ең маңыздысы болып этностардың саны, көші қон саясаты, өз тілі және мәдениетін дамыту және өндіріске қажетті керекті ресурстардың болуы табылады. Этнологияда бұл факторлардың әсерлесуі барлық этникалық қауымды этникалық кішілігіне, түпкі халық және тәуесіз (титульный) халықтар болып бөліну қабылданған. Бұл типология баламалы түрде жақында пайда болған.
Титулды (тәуелсіз) халықтар деп өз мемлекетінің білімі мен өздерінің атын иемденген этностарды айтамыз. Бұл халықтарды кейде түпкі (түбірлі) халықтар деп атайды. Халықаралық практикада түпкі халықтарға аборигендерді жатқызамаз. Ресейде өздерінің дәстүрлі шаруашылық шығармашылық түрлерімен айналысатын халықтарды да түпкі халықтар деп айтамыз (якут, бурят).Қазіргі таңда этникааралық қарым қатынаста басты субъект болып ұлттық (этникалық) азшылдыққа бөлек этникалық қауым басқа ұлттық мемлекеттің территориясында өмір сүруде және өздерінің этникалық тұрмысы мен дәстүрлі мәдени ерекшеліктер, өздерінің ерекшеліктерін сезінуші және өздерін жеке этникалық топ ретінде санаушылар жатады. Этникалық азшылдыққа біріншіден, мемлекеттегі этникалық ұлттардың аз халықтар тобы; екінішден, тәуелді жағдайда болу; үшіншіден, этномәдени тұрақтылыққа ие және оны сақтап қалушылар тобы жатады. Этникалық азшылық ретінде басқа мемлектте титулды ұлттардың жартысының өмір сүруде (этникалық диаспора); өздерінің этникалық құндылықтарын сақтаған топтар бірақ көптеген елдерде шашыранды орналасқан және өздерінің мемлекеті жоқ (сыған, күрд); ішкі отарлаушылықтың халықтары, түпкі халықтар (эвенкілер, чукча, якуттар); жаппай иммиграция нәтижесінде тұрақты қоныстанған этникалық топтар (поволжья немістері).
Аталған үш топтың бір бірімен қарым қатынасы әртүрлі сипаттарға ие және саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи мақсаттар мен қызығушылықтарымен анықталады. Бұл қатынастардың типтері мен сипаттамаларының негізгі крийтерилері этникалық топтардың өзіндік таңдау құқығын жүргізуде жатыр (халықтардың өз тағдырын өздері шешу құқығы). өз таңдау, тәртіп бойынша, барлық халықтар мен үкіметтерге танылады, бірақ қазіргі таңда бұл құқықты жүргізудің нақты механизмі мен крийтерилері жоқ. Сондықтан тәжірибеде этникааралық қарым қатынастардың мынадай формалары мүмкін болып табылады: геноцид, апартеид, сегрегация, дискриминация.
Геноцид – билік жүргізген этникалық қаумдармен байланысқа түскен бір ұлтты, нәсілді, діни топтарды тұтас немесе жартылай жоюды айтады. Геноцид жаппай репрессия түрінде жүруі мүмкін және этникалқы аз топтарды мүлде жойып жіберуі, бір этникаһлық топтардың балаларын күшпен келесі этникалық топтарға беру формаларында да жүруі мүмкін. Апартеид – этникааралық қатынастар көзқарасы бойынша бір нәсілдік топтардың келесі топтарға белгілі бір мақсатпен этникалық билік жүргізу формаларында жүргізіледі. Апартеидтің негізгі белгілері: қуғындалған нәсілдік топтардың мүшелерімен өмір сүру және жеке бас бостандығынан айыру құқығы; аталған нәсілдік тпоқа әдейі қолдан ұйымдастырылған өмір сүруге мүмкін емес жағдайлар; барлық мүшелерін негізі құқығынан және адам бостандығынан айыру және даму мүмкіндігін барынша шектеу; барлық тұрғын халықтарды нәсілдік белгілері бойынша бөлу және гетто; әртүрлі нәсілдік топтар арасында аралас некеге тиым салу; адамдарды еңбекке күшпен қолдану.
Сегрегация - тәуелсіз өмір сүру және этникалық топтардың этномәдени изоляцияға талпынуын айтады. Этникалық байланыстың бұл түрі қандай да бір мемлекеттің тұрғындарының этникалық көптігі мен аздығына негізделіп этностардың өздігінен дамуына бағытталған саясат арқылы жүргізіледі.
Этнологиялық дискриминация деп бір адамның екінші бір адаммен нәсілдік белгілеріне қарай терісінің түсі, этникалық шығу тегі, адамдарыдң құқықтары мен бостандықтарына байланысты этникалық топтар арасындағы ерекшелік, шектеулілікті айтамыз. Этностардың мәдени деңгейлілігі жоғары болған сайын, оның басқа мәдениетпен таныстығы арта түседі. Берілген көрсеткіш бойынша (масштаб, мәдениеттің ену тереңдігі) этникалық байланыстар негізгі екі типке бөлінеді: ассимиляция және интеграция. Этникалық ассимиляцияны толық мағынасында этнотрансформациялық үрдістер категорияларына жатқызуға болады; себебі этникалық ассмиляция бір этносты толық немесе жартылай басқа этностың, әлсізді күштілердің басып алуы процесін айтуға болады. Негізінен бұл жаулаушылық жолымен жүргізіледі, аралас некенің салдарынан да болады. Осы процесс барысында бір этникалық қауымның бірте бірте билік жүргізуші этностың салт дәстүрлері, құндылығын, өмір салтын, тіліне бейімделеді. Ассимиляцияның қорытындысына адмдардың өз таным түсінігін, этникалық жекешеленудің өзгерістері, бастапқы этникалық қасиеттердің жойылуы жатады. Ассимилияция әр түрлі жолмен жүргізіледі: тікелей және тең құқылы тұлғалардың қоғамдағы орнын формалды түрде заңды, саяси, экономикалық және басқа қоғамдық институттарды нәсілдік, мәдени, тілдік және діндік ерекшеліктеріне қарамастан бірге қалыптастырады; қоғамда тең құқылы емес тұлғалардың қосылуы нәтижесінде бағынышты, доминантты топтардың санына қарағанда доминантты емес топтар өте көп, бірақ олар формалды түрде өз болып табылады (дифференциалды инкорпорация).
Этникалық ассимиляцияның екі түрін ажыратамыз: толық және жартылай. Біріншісі, басқа этникалық ортаға келген бір этникалық топ әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты өздерінің мәдениетінен бас тартып, басқа келген ортаның мәдениетін қабылдауға тырысады. Бұл процесс қарым қатынасты жақтың «өз еркімен» әсерлі жүруімен айқындалады. Жартылай ассимиляция тұлға немесе этникалық топ өз мәдениетін айырбастауда басқа этникалық мәдениетті тек жартылай ғана қабылдайды. Мысалы, жұмыста аталған этникалық топтың өкілдері сол елдің, ортаның нормалары мен талаптарына сай басқарса, өз отбасында өзіндік дәстүрлі этномәдени нормалары бойынша өмір сүреді. Мұндай әдіспен көбінесе эммигранттар ассимиляцияға түседі.
Сонымен қатар, этнологияда табиғи және зорлықпен ассимиляциялау түрлерін де ажыратады. Табиғи ассимиляция әртүрлі этникалық топтардың тікелей емес қарым қатынасы кезінде пайда болады және олардың әлеуметтік шаруашылық және мәдени өмір қажеттіліктерін үйренеді. Зорлықпен ассимиляциялау билік органдарының біртұтас жүйесіне негізделген, яғни ассимиляция процесін жылдамдату арқылы аз этникалық топтардың тілін, мәдениетін жою.
Қазіргі заманғы этникалық процестер этникааралық қарым қатынаста тең мүмкіндіктің орнауын мөлшерлейді және байланыстың теңқұқылы емес формаларын жоюды талап етеді. Осыған байланысты 1990 жылдары виктимология жаңа ғылымының аясында (криминология, әлеуметтік, қылмыстық жәбірленушінің әлеуметтік психологиясының зерттелуі, оқыс жағдайлар және т.б. әдіс тәсілдер жиынтығы) этникалық аздықты шын мәнінде дұрыс объективті түрде бағалайтын жаңа әдістер ойлап табылды. Осы процестің диагностикасы ретінде АҚШ және Канаданың байырғы тұрғындарын зерттеу барысында ғалымдар осы топтың қолайсыз жағдайлары туралы жоғарғы сатыда бағаланған бірнеше параметрлерді құрастырды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет