Лекциялардың қысқаша конспектілер


(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу



бет11/23
Дата03.03.2023
өлшемі314.5 Kb.
#470323
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Лекциялардың қысқаша конспектілер (1)

(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу.
Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.
(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.
(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.
Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.
Ақшаға сұраныс
Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.
Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.
Шынында адамдар ақшаға емес, М/P ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес, сол ақшаға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы Мақша массасы, ал Р – бағалар деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы бұлайша жазылады:


(М/Р)D = L(r, Ү),

оның үстіне r пайыз мөлшерлемесіне тәуелділік кері, ал Ү табыстан – тікелей.


Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни


V = (P . Y) / M,

мұндағы М - ақша жиыны, P - бағалар деңгейі, Y - шығарылым.


Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді. Бұл теңдікті былайша жазып алуға болады


M .V = P . Y.
Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. Ескерту: ақша айналысының жылдамдығын анықтау – ақша жиыны ретінде нені түсінуге болатынына тәуелді – М1, М2, М3? Сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет