Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Кейнс мультипликаторының қалыптасуы жағдайын айтыңыз.
2. Жабық экономикадағы макроэкономикалық саясатының негізгі элементерін атап шығыныздар?
3. Жиынтық сұраныс қисығынын жылжуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Негізгі әдебиет: (230-252 б. /4/)
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИНАМИКА ЖӘНЕ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
7 тақырып. Инфляция және жұмыссыздық
Лекция мақсаты: Инфляция және жұмыссыздықтын түрлерің, экономикаға беретің ықпалдарың көрсету.
Негізгі терминдер: ақша нарығы, инфляция, жұмыссыздық, Оукен заңы, Филлипс кисығы, инфляцияға қарсы саясат.
Лекция негіздері
Экономикалық циклдер, макроэкономикалық динамика
Инфляция: себептері, факторлары, түрлері. Инфляция және ұсыныс шоктары.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі.
Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы, өзгертілген Филипс қисығы
Инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Толық жұмыстылық немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:
,
мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R – экономикалық белсенді халық;
q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі
в) еңбек одақтарының әрекеттері.
Оукен заңы. Ол нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:
,
мұнда: Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі,
Y –ұлттық өндірістің нақты көлемі,
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,
y – Оукен коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |