Р.Солоудың экономикалық өсу моделі
Өндіріс көлемі Y, капитал қоры К, еңбек мөлшері L және қолданылатын технологиямен анықталады:
Y = F(K, L).
Басында еңбек мөлшері тұрақты деп есептейміз. Тұрақты ауқым нәтижесі орын алды деген жорамалда бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға көшуге ыңғайлы болады:
y = Y / L - бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,
k = K / L - капиталмен жарақтандырылғандық.
Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция былайша жазылады:
y = f(k) , где f(k) = F(k, 1).
Капиталдың шектік өнімі MPk өндірістік функцияның f(k) туындысына тең, яғни оның графигіне жанасқан қисықтың көлбеуіне тең
Барлық өндірілген өнім y тұтыну c және инвестицияларға i бөлінеді. s=i/y қатынасы қорлану нормасы деп аталады. Оның мәні 0 мен 1 шегінде орналасқан. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар i=sf(k), ал тұтыну c=(1–s)·f(k), d – амортизация нормасы болсын, ол – тозу нәтижесінде жыл сайын шығарылатын капитал үлесі.
Өндірістік функциясының графигі
Сонда Солоу моделінің негізгі теңдеуі былайша жазылады:
k = sf(k) - d. k .
Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты бір жыл аралығында капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгерісін анықтайды.
Стационарлық тәртіп
Егер уақыт аралығында капиталмен жарақтандырылғандық k өзгермесе, онда экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты қалпыда) деп саналады. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым y, инвестициялар i, тұтыну c да өзгермейді. Онда негізгі теңдеуден стационарлық тәртіптің шарты шығарылады:
sf(k) = d. k .
Диаграммада капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі sf(k) және d. k функциялар графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады
Неғұрлым қорлану нормасы s көп болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k0, және де шығарылым f(k) мен инвестициялар sf(k) да үлкен болады. Бірақ, бұл жағдайда бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c қалай өзгеретіні белгісіз.
Қоғам адамдардың әл-ауқатын жоғарылатуға талпынады. Сондықтан бір жұмысшыға шаққандағы тұтынуды максималды ететін капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k* мына шарттан анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |