f’(k) = d, немесе, MPk = d.
Бұл шарт қорланудың Алтын ережесі деп аталады. Қорланудың оңтайлы деңгейінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну барынша көп болады да, уақыт аралығында өзгермейді.
Бұны былайша көрсетуге болады:
k* - капиталмен жарақтандырылғандықтың алтын деңгейі, мұнда тұтыну максималды;
k** болған кезде оңтайлы тұтыну мен капитал қорын табамыз;
ү = с + і;
с = ү - і.
Тұтыну – бұл өндірістен алынған инвестиция. Тұтыну көлемінің тұрақтылығын анықтау үшін ү және і олардың капитал қорлануының тұрақты деңгейінің көлеміне ауыстырамыз. Экономиканың қалыпты деңгейінде f(k)*– бір адамға шаққандағы өнім шығарылымы, сәйкесінше k* – капитал қорлануының күйі. Осы жағдайда капитал қорлануы өзгеріссіз болғандықтан, инвестиция шығынға (δk*) тең болады; ү-ң орнына f(k)*-ны, ал і-ң орнына δk*-ны қоя отырып, бір жұмысшыға шаққандағы қалыпты жағдайдағы тұтынуды былай көрсетуге болады:
max→c*= -δk*,
мұнда с* – тепе-теңдік жағдайындағы тұтыну.
Капитал қорлану ережесінің деңгейіне сәйкес келгенде өндірістік функция мен δk* сызық бірдей көлбеуге ие және тұтыну өзінің максималды деңгейіне жетеі. Осыны дәлелдеу үшін бастапқы капиталдың қорлануын k*-ға тең және капиталдың өсу мүмкіншілігін (k*+1)-ге тең деп алайық. Қосымша өнім шығару көлемі f(k*+1)–f(k*) құрайды, яғни капиталдың шектік өнімін көрсетеді (MPK):
k1: f(k) > δk ═> c↑→ k**,
k2: f(k) < δk ═> c↓→ k**.
c* ═ f(k*) − δk*,
МРК − δ ═ 0.
Шығарылымның нормасы – шығарылымның себебінен бір бірлікке шаққандағы капиталдың артуы болып табылады. Қосымша капитал бірлігінің таза әсері МРК-1 болады, яғни ол капиталдың шектік өнімін алу-шығару нормасына тең. Егер капитал қорының қосымша жағдайы алтын ережеден кем болса,. Онда капитал тұтынуды көбейтеді, өйткені капиталдың шектік өнімі шығару нормасынан көбірек болып табылады.
Ал егер де капитал қорының тұрақтылығы алтын ереже деңгейінен үлкенірек болса, онда капиталдың шектік өнімі тұтынуды азайтады, өйткені капиталдың шектік өнімі шығару нормасынан азырақ. Сондықтан алтын ереженің шарты келесіні қарастырады:
МРК ═ δ → алтын ереженің шарты, капиталдың шектік өнімі шығу нормасына тең.
Сонымен бірге халықтың өсу қарқыны мен ҒТП әсерін ескеру арқылы дәл осындай талдау жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |