Лекцияның оқыту нәтижелері


Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой



бет2/10
Дата26.04.2024
өлшемі50.85 Kb.
#499939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11 лекция

Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой:
Платон б.д.д. 427-347 жж. өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына зор әсер еткен ғұлама-ойшыл.
Платонның ойынша, мемлекетті жақсы бақаратын адамдардың табиғи қабілеті болуы керек. Олар белгілі бір мерзім ішінде мемлекетті басқару өнерде үйрететін дайындықтан өтулері қажет.
Платонның айтуынша, идеалды мемлекеттің құрылымының ең негізгі принципі-әділеттілік. Бұл принцип барлық жағынан-экономикалық саяси және әлеуметтік мазмұнмен толықтырылуы қажет. Мұндай мемлекеттің өзін-өзі қорғай алатын қорғанысы және ұйымдастырушы күші болу керек. Сол арқылы ол өзін қоршаған жаулардан қорғана алады. Сонымен қатар мемлекет өз азаматтарын қажетті деген материалдық игіліктермен қамтамасыз ете алатын дәрежеде болғаны дұрыс. Бұл мемлекет елді рухани және шығармашылық даму негізінде басқаруға тиіс.
Аристотель б.з.д. 384-322 жж. өзінің «Саясат» деген шығармасында қоғам туралы мемлекетті басқарудың түрлері туралы ой толғады. Ол мемлекет туралы өз тұжырымдарын орасаң көп мәліметтерді сұрыптап (гректің 158 қала мемлекеттері-полистерінен жиналған) талдап өзінің әйгілі қортындыларын түйіндеген.
Аристотельдің пікірінше, адамдар «Қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе, жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек.
Схоластикалық пікір-талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін тапты.
Августин Аврелий ілімі бойынша адам дүниеге келу келмей тұрып оның іс- әрекеттері, қылықтары құдайдың еркімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке немесе азаматтарға бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік берген. Адамзат тарихы осы заңдылыққа бағынады. Августин адамзат тарихы бір- біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы күнделікті өмірдің қызығын күтпейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августиннің құдай құлшылығы дегені оның жердегі өкілі - Рим шіркеуі. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан оған жердегі адамдардың бәріде бағынуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет