Лексикология билетт


Сөздің түпкі және туынды мағыналары және оған мысалдар



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
лексикология билетт

18.Сөздің түпкі және туынды мағыналары және оған мысалдар 
кел ір 
Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. 
Мұндай мағыналар қатарына сөздің түпкі мағынасы, туынды 
мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар 
жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары 
қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес 
сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағыналардың пайда болу 
себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді: күн, таң, жаңбыр, 
өзен, бар, кел. Сөздің түпкі мағынасын айқындау үшін, 
этимологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сөздің ішкі формасын 
табу керек. Мәселен, ақ жауып арулау фразеологиялық 
тіркесіндегі арулау сөзіне назар аударайық. Бұл сөз алтай, сары 
ұйғыр, хакас, татар т.б. түркі тілдерінде тұлғалық жақтан арула//
арығла түрінде кездесіп «тазалау, жуыну, жуу» мағынасында 
қолданылады. В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречии І-


ІҮ» еңбегінде ару (арыг, арік, ерік, ары) тұлғасы «таза, жақсы, 
кіршіксіз», «әулие» мағынасында кездеседі. Олай болса, арулау 
сөзінің түбірі ару//арығ түрінде дыбысталып, түпкі мағынасы 
таза, жақсы деген мәнді иеленген екен. Ш.Сарыбаев: «осындағы 
арығ сөзінің қазақ тілінде ару болуы ғ дыбысының түсіп 
қалуымен байланысты (салыстыр: сары - сарығ, кіші -кішік, тірі 
-тірік», - дейді [3, 43]. Ал қазіргі қазақ тілінде ару қыз 
қолданысында әдемі, сұлу, ару ана тіркесінде ардақты, аяулы, 
құрметті деген мағынада жұмсалады. Олай болса, сөздің ішкі 
формасы бір-бірінен алшақ кетпейді, сөз семантикасындағы 
қандай да бір семалық бөліктің тарылып, екіншісінің кеңеюі 
арқылы бұл сөз әдемі, сұлу, ардақты мағыналарда жұмсалатын 
болған.
Туынды мағына – басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда 
болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып 
табылады. Сол себепті туынды мағына сөзжасам процесімен 
тікелей байланысты. Туынды мағына өзін тудырған сөздің 
алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді. 
Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы, 
булық деген сөздер туындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет