Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?



бет1/2
Дата23.12.2023
өлшемі19.81 Kb.
#487718
  1   2

Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?


Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Зинков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені анық емес пе? (Lewis, 2002) тұжырымдамасы бойынша жаңа технологияның бірі:
Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,
•Сабақ жоспарын құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады. 
Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет