Үлгілік оқу жоспары



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі496 Kb.
#205222
1   2   3


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымының таңдауы бойынша пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 160-қосымша




0903000 – Электрэнергетика (салалар бойынша) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклі және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)

Циклдің, пәннің индексі

Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттердің коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік орыс тілі

кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгіме, сұхбат құрастыру; іс жүргізу бойынша сөздікпен жұмыс істеу; құжаттау және шаблондау мен стандарттауды құжаттармен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды, құжаттарды шаблондаудан түсінік, әкімшілік-ұйымдық құжаттардың тізіміне кіретін құжаттарды құрудың ережелерін; офистік және құжаттамалық жұмыс негіздерін; техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы.



Білімдер:

-мемлекеттік тілді және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) оқып, аудару үшін қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру;

- мемлекеттік тілде іс жүргізу; құжаттау қызметінің құрылымын, лауазымдық құрылымды, техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы;

Іскерліктер:

- кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік іс-әрекетінде қазақ тілінен білімдерін пайдалану;

- әкімшілік-ұйымдық құжаттарды, мемлекеттік тілде қызметтік хат алысуды құрып, ресімдеу;

- келіп түскен сәттен іске ресімдеуге дейін құжаттармен жұмыс істеу;

- анықтама әдебиетпен жұмыс істеу;


БҚ 1,4,6

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі:

мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті лексика-грамматикалық материалды;

сөйлесудің әртүрлі түрлері мен тілдік нысандарды (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);

кәсіптік бағдарлы мәтіндерді аудару техникасы.



Білімдер:

-кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;



Іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);



БҚ 1,4,6

ЖГП 03

Қазақстан тарихы:

негізгі мектеп курсы бойынша білім алушылардың білім қорытындылары;

өзінің орнауында қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары;

көшпенділердің өркениеті; көшпелі мемлекеттің пайда болу жолдары;

көшпенділердің рухани мәдениеті;

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында ішкі саяси жағдайы;

ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар;

ХХғ басындағы саяси партиялар мен ағымдардың мәні;

ХХғ 20-30 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында этнодемографиялық жағдайлар;

коммунистік партия және комсомол; қазақ диаспорасының құрылуы;

Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлі;

50-80 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Қазақстан КСРО-ның кризисі және құлауы кезеңінде;

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық өзгерістері.


Білімдер:

-Қазақстан тарихы;

- қазақ халқының қалыптасуы; көшпенді өркениетің пайдалу болуы;

- Ұлы Жібек жолын және оның тарихи маңызы;

- Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы;

- ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі.

- ХХ ғ.ғ 20-80 жылдағы қозғалыстар мен көтерілістер;

- ХХ ғ 20-30 жылдары Қазақстан мәдениеті; қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы;

- Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;

- тамыз бүлігі және оның құлауы; ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі;



Іскерліктер:

- қысқаша археологиялық әңгіме құру;

- көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- көтерілістердің құлау себептерін талдау;

- ЖЭС мәнін ашу, коллективтендіру;

- картамен жұмыс істеу;

- қазақ диаспорасының пайда болу себептерін ашу;

- Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлін ашу.



БҚ 4,7

ЖГП 04

Дене тәрбиесі:

Маман дайындауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салаукатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.



Білімдер:

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері;

- дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері;

Іскерліктер:

- денсаулықты сақтап, нығайту үшін білімдерін қолдану.



БҚ 7

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану:

мәдениеттану және оның қоғамдық өмірдегі рөлі;

мәдениетті зерттеудегі бағыттардың алуан түрлілігі;

мәдениет және өркениет; мәдениеттің орнауы; мәдениеттің конфуциан-даосистік түрі; мәдениеттің индо-буддалық түрі;

ислам мәдениті әлемі;

мәдениеттің христиандық түрі;

батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына әсері;

африка мәденитінің ерекшелігі мен бірегейлігі; расизм проблемасы; көшпенді өркениеттің пайда болуы және бірегейлігі;

Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті;

17-19 ғасырдағы қазақтардың мәдени салттары;

қазіргі Қазақстанның мәдениеті;


Білімдер:

- негізгі ұғымдар;

- конфуцианство; даосизм ұғымдары; Қытай өнері; иероглификасы; пейзаж суреттері;

- индия мәдениетінің ерекшеліктері және оның негізгі жетістіктері.

- ислам; курайш ұғымдары; Мухаммед; Құран; Аллах; Мекке;

- христиан оқуларының негізгі принциптері және оның құндылық бағыттары;

- Франция мәдениеті; Ашель мәдениеті; проманьондар, галлалар, франктар, әдебиеті, философиясы;

- көшпенділердің өмір сүрулері мен құндылық жүйесі туралы;

- орта ғасыр кезеңінде қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерін қалыптастыру;

- түрік және араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері туралы;



іскерліктер:

- қытай мәдениетінің ерекшеліктерін ашу;

- мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалану;

-көшпенділердің материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін көрсету, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсету.



БҚ 4,7

ӘЭП 02

Философия негіздері:

философия және оның қоғамдағы рөлі; философияның тарихи типтері; материя және сана; диалектика және оның альтернативасы; қоғамның философиялық ұғымы; таным теориясы; қоғамдық сана және оның нысандарының алуан түрлілігі; адам болмысы философия проблемалары ретінде; адам қоғамдық қарым-қатынастар объектісі және субъектісі ретінде.




Білімдер:

- негізгі философиялық ұғымдар: философияның негізгі сұрағы, диалектика, диалектика заңдары, сана, таным, болмыс;

- болмыстың жалпы сұрақтары, танымның жалпы сұрақтары, қоғамның өмір сүруі мен дамуы, адамның маңызды және жалпы проблемалары;

Іскерліктер:

- негізгі философиялық білімге еркін сүйене білу, сол немесе басқа сындарды сынау және дәлелдеу, ақиқаттың әртүрлі құбылыстары арасындағы өзара байланыс, қоршаған шындыққа қарама-қайшылықты талдау.



БҚ 4,7

ӘЭП 03

Экономика негіздері:

Мақсаттарды, негізгі ұғымдарды, функцияларды, мәнін, қағидаларын; жеке меншік нысандары мен түрлері, жеке меншікті басқару; жоспарлардың түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжам жасау әдістерін;

бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; тауарды халықтық тұтыну нарығының күйін және қызмет көрсетуді талдау; нарықтық инфрақұрылым.


Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы ережелері;

- елімізде және шетелдерде экономикалық жағдайлар;

- макро және микро экономика негіздері, салық, ақша-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат негіздері;



Іскерліктер:

- өзінің кәсіптік қызметіндегі ыңғайына қажетті экономикалық ақпаратты тауып, пайдалану.

БҚ 7,8

ӘЭП 04

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

саясаттану пәні; саясаттану білімінің құрылымы; саяси ойдың тарихы; билік адамдар арасындағы еркін қарым-қатынас ретінде; үкіметті заңды деп танушылық және қағидалары; саяси жүйе үкімет механизмі ретінде; саяси тәртіп; мемлекет саяси институт ретінде; саяси партиялар және партиялық жүйелер; саяси элита; саяси көшбасшылық; саяси идеологиялар; дүние жүзілік саяси процесс; Қазақстан Республикасының ішкі саяси стратегиясы; әлеуметтану ғылым ретінде; негізгі әлеуметтік ұғымдар.



Білімдер:

- негізгі саяси ұғымдар: билік, билік ресурстары, биліктің заңдылығы, саяси жүйе, саяси тәртіп, мемлекет, мемлекеттік басқару нысандары, мемлекеттік орналасу нысандары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат;

- саяси ғылым пәні мен әдісін;

Іскерліктер:

- халықаралық саяси процестерді талдау, геосаяси жағдай, Қазақстанның қазіргі өмірде орны мен рөлі;

- саяси мәдениет дағдыларын меңгеру;

- күнделікті өмірде және кәсіптік іс-әрекетте саяси білімдерін қолдану.



БҚ 4,7

ӘЭП 05

Құқық негіздері:

Құқық, ұғым, жүйе қайнар көздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйе ядросы;

Адам құқығының жалпы қоғамдық декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңдық жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.


Білімдер:

-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары; оларды жүзеге асыру механизмдері;

- кәсіптік іс-әрекет саласында құқықтық және адамшылық-этикалық нормаларды білу;

Іскерліктер:

- маманның кәсіптік іс-әрекетін белгіленетін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана алу.



БҚ 4,6,7

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу:

Кіріспе, БТБА, МЖМБС, ұғымдары; сызбалардың графикалық

ресімделуі; сызба сызықтары; сызба форматтары; сызбаларда жазулар жазу; масштабтар; өлшемдер салу; графикалық редактордың көмегімен және қолмен тетіктердің контурларын жасау тәсілдері; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар.


Білімдер:

- МЖМБС 2.303-68* бойынша сызықтар, МЖМБС 2.301-

68* бойынша форматтар,

- МЖМБС 2.304-81 бойынша;

сызба шрифттері;

- МЖМБС 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЖМБС 2.307-68* бойынша өлшемдерді салу ережелері, жанасу түрлері;



Іскерліктер:

- стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу;

- сызбаларда стандартты шрифтпен жазу;

- сызба масштабын анықтауды, берілген масштабта тетіктерді сыза алу;

- сызбада қарапайым нысандағы тетіктердің өлшемін жасау;

- әртүрлі жанасулар мен лекалды қисықтарды орындау.



БҚ 4,7

ЖКП 02

Техникалық механика негіздері:

статика; статика аксиомалары, күш жүйелері, материалдар кедергісі; деформацияланған күйдің түрлері: созылу (сығылу), ығысу, айналдыру, тура иілу, күрделі деформация; беріктікке есептеу; механизмдер мен машиналардың тетіктері; механизмдер мен машиналардың кинематикалық сұлбаларын оқу және құру; әртүрлі беріліс буындарының негізгі өлшемін геометриялық есептеу.



Білімдер:

- статиканың негізгі ұғымдары, күштердің жазықтық жүйесі; күш моменттері, кинематика және динамика элементтері; машина тетіктерінің негіздері;



Іскерліктер:

- механикалық жүйелердің беріктігін есептеу;

- механизмнің қажетті түрін таңдау, механизмдер мен құралымдардың құрама бірліктерінің конструкциялық ерекшеліктерін таңдау.


БҚ 3,7

ЖКП 03

Электротехника негіздері:

Электр өрісі. Тұрақты ток электр тізбегі. Электрмагнетизм. Электрлік өлшемдер. Тұрақты токтың бір фазалы электр тізбектері. Үш фазалы электр тізбектері. Трансформаторлар. Айнымалы және тұрақты ток электр машиналары. Электр энергиясын беру, тарату. Электронды жартылай өткізгіш аппаратура.



Білімдер:

- электр сыйымдылықты есептеу әдістері; электр шамалардың өлшем бірліктері;

- Ом және Кирхгоф заңдары;

- магниттік өрістің сипаттамалары;

- электр өлшеу аспаптарының құрылғысы;

- тұрақты токтың бір фазалы электр тізбектерін есептеу әдістері;

- айнымалы токтың бір фазалы электр тізбектерін есептеу әдістері;

- трансформаторлардың белгіленуі, құрылғысы, жұмыс режимі, түрлері;

- үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың құрылғысы, негізгі сипаттамалары;

- тұрақты ток машиналарының құрылғысы;



Іскерліктер:

- өлшеу аспаптарын пайдалану, электр тізбектерін есептеу;

- электрлік және магниттік тізбектердің тогын, кернеуін, қуатын, кедергісін өлшеуді;

- тұрақты ток электр тізбегінің әртүрлі элементтерімен сұлба құру;

- векторлық диаграммаларды құру;

- үш фазалы электр тізбектерінің сұлбаларын құру; коэффициенттерді анықтау, жұмыс режимдерін ауыстыру;

- үш фазалы асинхронды қозғалтқышты қосу;

- тұрақты ток машинасын іске қосу;



дағдылар:

- электр сыйымдылықты есептеу;

- СИ жүйесіне электрлік және магниттік өріс шамаларының өлшем бірліктерін ауыстыру;

- электр өлшеу аспаптарының бөлу құнын анықтау;

- айнымалы токтың үш фазалы электр тізбектерін оқу;

- трансформаторлардың техникалық паспорттарымен жұмыс істеу;


БҚ1,2,3

КҚ3.3. 1



ЖКП 04

Метрология, стандарттау және өлшеу құралдары:

Метрология негіздері: негізгі ұғымдар мен анықтамаларды; өлшеу құралдарын және олардың негізгі сипаттамаларын; ГСП өлшеу түрлендіргіштері: алғашқы өлшеу түрлендіргіштері; электр өлшеу тізбектері, ГСП дабыл түрлендіргіштері; электр өлшеу аспаптары және электрлік өлшемдер; кеңейту термометрлері; кедергі термотүрлендіргіштері; термоэлектрлік түрлендіргіштер; пирометрлер; екінші реттік түрлендіргіш аспаптары; қысымды және қысым айырымын өлшеу аспаптары: сұйықтық аспаптары; серіппелі аспаптар; мембраналы аспаптар; сильфонды аспаптар; деформациялық шкаласыз аспаптар және қашықтықтан беріліс түрлері; заттың мөлшері мен шығынын өлшеу; қысымның айнымалы айырым әдісімен шығынды өлшеу; жылдамдық шығын өлшеуіштері және сауынтар; көлемді шығын өлшеуіштер; тахометриялық шығын өлшеуіштер; гидросатикалық және акустикалық деңгей өлшеуіштер; заттардың физика-химиялық қасиеттерін өлшеу аспаптары; тығыздық өлшеу аспаптары; тұтқырлық өлшеу аспаптары; сұйық ортаның электр өткізгіштігін өлшеу аспаптары; химиялық құрамын өлшеу аспаптары; деңгей өлшеу аспаптары: қалтқымалы және буекті деңгей өлшеуіштер; сыйымдылықты, кондуктометриялық және радиоактивті деңгей өлшеуіштер; ГСП ақпаратты бейнелеу құрылғылары: ұқсас көрсететін тіркеуші екінші реттік аспаптар; сандық көрсететін екінші реттік аспаптар; орталықтандырылған бақылау құралдары.



Білімдер:

- өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамалары;

- өлшеу құралдарының құрылымы;

- өнеркәсіптік аспаптардың және автоматтандыру құралдарының Мемлекеттік жүйесінің құрылымы, бірыңғайланған дабылдар;

- электр өлшеу аспаптар мен өлшеу тізбектерінің негізгі түрлері мен жұмыс принципі;

- электрлік өлшеу әдістемесін; өлшеу нәтежелерін талдау әдістемесі;

- электрлік емес шамаларды өлшеу үшін аспаптардың жұмыс принципі және негізгі түрлері;

- ГСП ұқсас және сандық аспаптардың негізгі түрлері мен жұмыс принципі;

- технологиялық процестердің әртүрлі параметрлерін өлшеу аспаптарының жинақылығы;

- орталықтандырылған бақылау жүйелерінің құрылымы;



Іскерліктер:

- өлшенетін шаманың ең дұрыс мәнін анықтау;

- әртүрлі физикалық шамаларды өлшеу үшін алғашқы өлшеу түрлендіргіштерін таңдау;

- жинақты таңдау: термотүрлендіргіш – екіншілік аспап;

- термотүрлендіргіштердің статикалық сипаттамаларын алу және талдау;

- температураны өлшеу аспаптарын жұмысқа қосу;

- аспаптардың статикалық сипаттамаларын алу және талдау;

- дифманометрлерді іске қосу;

- газ талдау және сұйықтық талдау аспаптарының сипаттамаларын алу және талдау;

- екіншілік аспаптарды баптау;



дағдылар:

- аспаптармен жұмыс істеу;

БҚ 3

КҚ 3.3.1


ЖКП 05

Гидравлика және гидрожетек:

сұйықтықтың физикалық қасиеттері; гидростатика және гидродинамика негіздері; гидравликалық кедергілер; сұйықтықтың ағуы, құбыр бойымен және арналарда қозғалуы; электр станциялардың сорғылық жабдығы; сорғылар; гидроаппаратура; көлемді гидроқозғалтқыштар; гидравликалық кедергілер; көлемді гидрожетек; көлемді гидрожетекті реттеу; іздік гидрожетектер; гидрожелілер; ыдыстар және жұмыстық сұйықтықтар;



Білімдер:

- сұйықтың негізгі физикалық қасиеттері және олардың температура мен қысымға тәуелділігі;

- гидростатиканың негізгі теңдеуі, үздіксіздік теңдеуі және Бернулли теңдеуі;

- сұйықтық қозғалысының екі режимі; гидравликалық кедергілердің жіктелуі; сұйықтың қозғалысы кезінде бойымен ағын шығын анықтау;

- сығылу, жылдамдық және шығын коэффициентін анықтау, әртүрлі саптамалардың сапалық сипаттамасы мен олардың қолданылу саласы;

- қарапайым құбырды есептеу кезіндегі негізгі міндеттер;



Іскерліктер:

- сұйықтың физикалық қасиеттерін анықтау үшін кестелермен және формулалармен жұмыс істеу;

- ыдыстың түбі мен қабырғасына қысым күшін есептеу;

- гидравликалық үйкеліс коэффициентін және жергілікті кедергілер коэффициентін анықтау;

- аққан кезде шығынды және өту уақытын анықтау бойынша есептер шығару.

дағдылар:

- тұтқырлық өлшеуіштің көмегімен сұйықтықтың тұтқырлығын анықтау бойынша;

- Бернулли теңдеуін қолданып есептер шығару;

- сұйықтық қозғалысы режимін анықтау және арын шығынын анықтауға есептер шығару;

- әртүрлі салма типтерінің шығын коэффицентін анықтау;



БҚ 1, 4

КҚ 3.3.1


ЖКП 06

Конструкциялық материалдар

металдардың құрылымы, қасиеттері және сынау тәсілдері; темірдің көміртекті қоспалары; қорытпалар күйінің диаграммасы; көміртекті болаттар және шойындар; болатты химия-термиялық өңдеу негіздері; қоспаланған болаттар және қорытпалар; түсті металл қорытпалары; металл емес конструкциялық материалдар; металдар мен қорытпаларды өңдеудің негізгі тәсілдері; рұқсаттар, қондырмалар және техникалық өлшеулер; металдарды өңдеу өндірісіндегі стандарттау және метрология; ГЭС гидромеханикалық жабдығының конструкциялық материалдары; электрдоғалы пісіру; газбен пісіру; термиялық кесу; электр станциялардың жабдығы мен құбырын монтаждау және жөндеу кезіндегі пісіру жұмыстары; автоматтық және жартылай автоматтық пісіру; негізгі гидромеханикалық жабдық көлемі, түрлері, бақылау мерзімі; ақауын табу әдістері және құралдары.



Білімдер:

- материалдардың негізгі сипаттамалары; кристалл тордың қасиеттері; кристалл тордың ақаулары;

- қорытпаның кристалдану температурасы, кесінді ережесі;

- салқындату кезінде қорытпалардағы аллотропиялық өлшеулер;

- белгіленуі және химиялық құрамы бойынша болаттар мен шойындардың жіктелуі;

- болаттар мен шойындарды таңбалау принципі, қолдану саласы;

- термиялық және химия-термиялық өңдеу мақсаттарын, белгіленуі, термиялық өңдеу түрлері және ХТӨ;

- коррозияның салдары, коррозиямен күресу әдістері;

- белгіленуі, құрамы бойынша қоспаланған болаттың жіктелуі, қоспаланған болатты таңбалау принципі, қолдану саласы;

- түсті металдарды таңбалау принципі, түсті металл қорытпаларының қолдану саласы;

- қысыммен өңдеу түрлері туралы: илемдеу, сүйрету, пресстеу, соғу, штамптау; қысыммен өңдеу жабдықтарының түрлерін; илемдеу бұйымдарының түржиыны туралы;

- қысыммен өңдеу түрлерінің ерекшеліктері, артықшылықтары және кемшіліктері;

- дәнекерлеу технологиясы, дәнекердің халық шаруашылығында қолданылуы;

- өзара ауыстыру рұқсаттары мен орнату туралы;

- стандарттаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері;

- материалдың қызмет ету мерзіміне қолайсыз факторлардың әсері;

- жылжығыштық табиғаты мен сатылары; релаксация; радиация;

радиациялық тұрақтылық туралы;

- гидромеханикалық жабдық материалдарына қойылатын талаптарды;

- әртүрлі құрылымды болаттардың, түсті металдардың, биметалдардың сипаттамалары;

- пісіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;

- пісіру аппаратына қойылатын талаптар;

- электрдоғалы пісірудің артықшылықтары;

Іскерліктер:

- материалдарды қасиеті мен белгіленуі бойынша жіктеу;

- диаграммамен жұмыс істеу, қорытпалардың күйі, қорытпа құрылымын анықтау, критикалық нүктелер;

- берілген қорытпа үшін ТӨ, ХТӨ түрлерін таңдау;

- коррозия түрлерін анықтау;

- болаттардың, түсті металдардың және олардың қорытпаларының маркаларын ашып оқу;

- материалды белгіленуі бойынша таңдау;

- өлшеу құралдарымен жұмыс істеу;

- өлшеудің мемлекеттік жүйесін пайдалану;

- әртүрлі жұмыс режимінде жылу техникалық жабдықтың тетіктері мен түйіндерінің болатын деформация түрлерін анықтау;



БҚ 1,7

КҚ 3.3.1



ЖКП 07

Компьютерлік технология негіздері:

Windows ОЖ; Microsoft Word мәтіндік редакторы; Ехсеl электронды кестесі; мәліметтер базасы; компьтерлік тораптар; Аuto Саd графикалық редакторы; курстық жобалауда ЭЕМ пайдалану; автоматтандырылған

жұмыс орындары.


Білімдер:

- жоғары деңгей тілдерінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері;

- компьютерді пайдаланушыға баптау;

- жүйедегі жұмыс;

- офистік бағдарламалармен жұмыс;

Іскерліктер:

- ОЖ орнықтыру;

- мәтінді формативтеу және түзету;

- кестелерді құру және түзету;

- ақпаратты алу және жіберу үшін локальды және басты торапты пайдалану;

- сызбаны құруды және түзетуді;



дағдылар:

- компьютерде жұмыс істеу.



БҚ 5,7


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Гидроэнергетикалық қондырғылар:

Су ресурстарын кешенді пайдалану; гидроэнергетикалық қондырғылардың типтерін және су энергетиканы пайдалану қондырғылары мен сұлбалары; кешенді гидротүйіндер мен гидроэлектр станциялардың су шаруашылығы; ағысты жылдық және көп жылдық реттеуді есептеу; ГЭС жұмыс режимдері; параметрлерді дәлелдеу; ГЭС белгіленген қуатын таңдау; гидравликалық турбиналар; сорғылар; ГЭС электрлік бөлігі; қосымша жабдық; ГЭС құрылыстарының құрамы және құрастырылуы; деривациялық арналар; тунельдер, арынды бассейндер, теңестіргіш резервуарлар; турбиналық құбырлар; бьефтерде және арналарда орнықпаған режимдер; гидравликалық соққы; ГЭС ғимараттарының негізгі түрлері және құрастырылуы; ГЭС ғимараттарын жобалау және есептеу; сорғы станцияларының типтері және құрастырылуы; сорғы станциясының ғимараттарын жобалау және есептеу;



Білімдер:

- гидроэнергетиканың негізгі міндеттері;

- гидроэнергетикалық объектілердің қоршаған ортаға әсері;

- табиғатты қорғау шаралары;

- гидроэнергетикалық қондырғылардың типтері;

- гидроэлектр станцияның арынын анықтау;

- су энергетикасын пайдалану сұлбасы;

- ағысты реттеу түрлері;

- ағысты реттеудің есептік сұлбалары;

- электр станциялардың құрамы және олардың жылдамдығы

- ГЭС жұмыс режимі;

- энергожүйелер резервтерінің түрлері;

- ГЭС гидроэкономикалық көрсеткіштері;

- ГЭС және ГАЭС қуатын таңдау;

- турбиналардың негізгі жүйелерін және олардың қолдану саласы;

- турбиналардың негізгі параметрлері;

- турбинаның ПӘК есептеу;

- турбиналардың конструкциясы;

- турбиналарды автоматтық реттеу;

- сорғы жабдығы;

- ГЭС электрлік бөлігінің құрамы;

- гидрогенераторлардың типтері мен параматрлері;

- ГЭС гидроагрегаттарын құрастыру;

- трансформаторлардың типтері мен параметрлері;

- ГЭС қосымша жабдығы;

- ГЭС орнықпаған режимдері;

- гидравликалық соққы, гидравликалық соққыны азайту шаралары;

- станция ғимараттарының негізгі типтерін;

- станция ғимараттарын жайластырылуы;

- сорғы станциясының типтері мен құрастырылуы;



Іскерліктер:

- ГЭС арынын анықтау;

- энергоэкономикалық көрсеткіштерді есептеу;

- ГЭС қуатын таңдау;

- сорғы агрегаттарының және гидравликалық турбиналардың жұмыстық сипаттамаларын пайдалану;

- спиральді камераны гидравликалық есептеу;

- шапшаң жүру коэффициентін анықтау;

- турбинаның шығыны, ПӘК, қуатын анықтау;

- ГЭС орныққан қуатын таңдау;



дағдылар:

- ГЭС негізгі және қосымша жабдығын есептеу және таңдау;



КҚ 3.3.1

КҚ 3.3.9


КҚ 3.3.12



АП 02

Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электржабдығы:

энергожүйелер және электр қондырғылары туралы жалпы мәліметтер; электр станцияларымен тарату тораптарының негізгі жабдықтары; синхронды генераторлар және компенсаторлар; күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар; электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталулар; қысқа тұйықталу процесінің жалпы сипаттамасы; қысқа тұйықталу токтарының электр динамикалық және термиялық әрекеттері; қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістері; электр жүйе бейтараптамалардың жұмыс режимдері; өткізгіштер мен электр аппараттары; қысқа тұйықталудың тарату шиналары; тарату құрылғыларының шиналары, токөткелдер, күштік кабелдер, оқшаулағыштар; 1000 В дейін кернеумен электр аппараттары; 1000 В жоғары кернеумен электр аппараттары; электр станциялары мен қосалқы станциялардың өлшеу жүйелері; электр станциялары мен қосалқы станциялардың электрлік жалғау сұлбалары; электр станцияларының электрлік жалғау сұлбаларының түрлері; бір және екі жүйесі бар шина сұлбалары; блоктардың, көпірлердің, көпбұрыштардың сұлбалары; бір жұмыс және айналу жүйесі бар шиналардың сұлбалары; екі және айналу жүйесі бар шиналардың сұлбалары; тізбекте 3/2 және 4/3 ажыратқыштары бар сұлбалар; электр станциялары мен қосалқы станциялардың электрлік жалғану басты сұлбалары; қосалқы станциялардың басты сұлбаларының құралуы; электр станциялардың басты сұлбаларының құралуы;

электр станциялардың өзіндік мұқтаждары; тарату құрылғыларының құралымдары;


Білімдер:

- электр қондырғыларда жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы туралы жалпы мәліметтер;

- жабдықтың ток өтетін бөліктеріне және қоршаған ортаға ҚТ токтарының термиялық және динамикалық әсері;

- сақтандырғыштардың, ажыратқыштардың, айырғыштардың, магниттік іске қосқыштардың белгіленуі, типтері және конструкциясы;

- өткізгіштер мен оқшаулағыштардың белгіленуі, типтері және құрылғысы, ГЭС электрлік жалғану сұлбалары, сол сұлбалардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- өзіндік мұқтаж механизмдері (бұдан әрі ӨМ) электрмен жабдықтау сұлбалары және оларға қойылатын талаптар;

- ӨМ механизмдері электр қозғалтқыштарының өздігінен қосылуы;

- ОРУ, ЗРУ, КРУ типтері;

- реленің негізгі типтері мен құрылғысы, электр қозғалтқыштардың асқын кернеуден релелік қорғау, дабыл түрлері;

Іскерліктер:

- әртүрлі типті электр станциялардың салыстырмалы сипаттамасын беру;

- электр тогынан жарақаттанғанға алғашқы көмек көрсету.


КҚ 3.3.1

АП 03

Гидротурбиналар:

су энергиясын пайдалану сұлбалары; гидравликалық турбиналар және олардың қондырғылары туралы ұғым; гидравликалық турбиналар теориясының негіздері; натуралы гидротурбиналардың негізгі параметрлерін анықтау және үлгілерін сынау; гидравликалық турбиналарға ұқсастық; гидравликалық турбиналардағы энергия шығыны; гидротурбиналардағы кавитация; гидротурбиналардың сипаттамасы, номенклатурасы және таңдау; гидравликалық турбиналарды гиромеханикалық есептеу және ағыс бөлігін таңдау; радиаль-осьті типті жұмыс доңғалақтарды есептеу; осьті типті жұмыс доңғалақтарды есептеу; диагональ бұратын қалақшалы гидротурбиналар; турбиналық камералар; спираль камералар мен статорды гидромеханикалық есептеу; бағыттаушы аппарат; сору құбырлары; айналудың екпін жылдамдығы және осьтік күш; шөмішті гидротурбиналар; бақылау-өлшеу аппаратурасы және эксперименталды шамаларды өлшеу әдістері; реактивті гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының типтері және негізгі параметрлері; гидротурбиналарды реттеу



Білімдер:

- су энергиясын пайдаланудың жалпы міндеттері;

- гидроэнергетикалық қондырғылардың принциптік сұлбалары;

- гидротурбиналардың жіктелуі;

- гидротурбиналардың конструктивті сұлбалары;

- гидротурбина теориясының негізгі теңдеуі (Эйлер теңдеуі);

- энергия және п.ә.к. шығындары;

- шапшаң жүру коэффициенті;

- жұмыс доңғалақтарының типтері және олардың басты әмбебап сипаттамалары;

- сору құбырларының белгіленуі мен жұмыс принципі;

- сору құбырларын қалпына келтіру коэффициенті;

- кавитацияның физикалық маңызы және оның зардаптары;

- кавитацияның пайда болу шарттары және турбинаның кавитациялық коэффициенті;

- сору биіктігін анықтау;

- кавитациямен күресу шаралары;

- реактивті турбинаның негізгі параметрлері және жүйесін таңдау;

- гидротурбина жылдамдығын реттеуіштердің жұмыс принципі менонструкциялық сұлбалары;

- гидротурбиналарды реттеудің негізгі міндеттері;

- автоматтық реттеудің принциптік сұлбалары;

- гидротурбиналардың гидромеханикалық және электромеханикалық реттеуіш құрылғылары және конструктивті сұлбалары;

- реттеу процесінде турбиналардың айналу жылдамдығының өзгеруі;

Іскерліктер:

- турбиналардың пайдалану сипаттамасын құру;

- турбиналардың негізгі параметрлерін есептеу;

- шөмішті турбиналардың параметрлерін таңдау;

- реттеу шарттарын есептеуді және реттеу жабдығын таңдау;

дағдылар:

- гидротурбиналарды есептеу және таңдау.



КҚ 3.3.1

КҚ 3.3.3


АП 04

ГЭС гидромеханикалық жабдығы:

механикалық жабдық және металл конструкциялардың құрамы; қақпақтардың жіктелуі; механикалық жабдықты және металл конструкцияларды жобалау; жазық қақпақтар; сегментті қақпақтар; секторлы қақпақтар; тереңдік қақпақтар, шлюзды қақпалар; қақпақтардың тығыздауыштары және төселетін бөліктер; қақпақтарды және қақпаларды бұлтаратын механизмдер; көпірлер және кран асты жолдары; гидроэлектр станциялардың болат құбырлары; сор ұстайтын торлар және оларды тазартып, көтеретін механизмдер; қысқы кезеңде қалыпты пайдалану үшін механикалық жабдық құрылғысы;



Білімдер:

- қақпақтардың жіктелуі;

- механикалық жабдық құрамы;

- ГЭС ғимаратында жабдықты орналастыру;

- бекітпеге әсер ету жүктемесі;

- жазық бекітпелердің типтері және олардың құрылғысы;

- сегментті қақпақтардың типтері және олардың құрылғысы;

- секторлы қақпақтардың типтері және құрылғысы;

- клапанды қақпалар туралы жалпы мәліметтер;

- турбиналық қақпақтардың жіктелуі;

- жоғары арынды турбиналық қақпақтарға қойылатын талаптар;

- шлюзды қақпалардың типтері мен конструкциясы;

- қақпақтарды маневрлеу механизмдерінің ерекшеліктері;

- тартым органдарының шарттары;

- көтерудің стационарлық механизмдерінің принциптік сұлбалары;

- гидроэлектр станция құбырларының жіктелуі;

- құбырлардың сұлбалары мен конструкциясы;

- сор ұстайтын торлардың белгіленуі мен конструкциясы;



Іскерліктер:

- сызбалар мен сұлбаларды оқу;

- жазық қақпалардың жұмыс жолдарын есептеу;

- қақпалардың негізгі өлшемдерін анықтау;

- секторлы қақпалардың негізгі өлшемдерін есептеу;

- қақпалардың есептік аралығын анықтау;

- қақпаға әсер ететін жүктемені анықтау;

дағдылар:

- ГЭС механикалық жабдығын гидравликалық есептеу;



КҚ 3.3.1

КҚ 3.3.2


КҚ3.3. 3

АП 05

Қалақты машиналар және гидродинамикалық берілістер:

Қалақты машиналардың әртүрлі түрлері, олардың белгіленуі; қалақты машиналардың негізгі параметрлері; жұмыс принципі бойынша қалақты машиналардың жіктелуі; гидротурбиналардың, сорғылардың және сорғы-турбиналардың негізгі қалақты конструктивті сұлбалары; қалақты гидромашиналардың ағыс бөлігінің элементтері (центрден тепкіш сорғының, реактивті гидротурбинаның, сорғы-турбинаның, гидромуфталардың және гидротрансформатордың), олардың белгіленуі; жұмыстық және теориялық арын, гидротурбинаның және сорғының гидравликалық ПӘК туралы ұғым; қалақты гидромашиналардың энергия шығыны түрлері, олардың жалпы ПӘК; қалақты гидромашиналардағы ұқсастықтардың негізгі шарттары; ұқсас гидромашиналардың негізгі параметрлері арасындағы байланыс; келтірілген шамалар, шапшаң жүру коэффициенті; шапшаң жүруі бойынша қалақты гидромашиналардың жіктелуі және олардың қолданылуы; кавитацияның физикалық мәні, оның салдары; сорғының және гидротурбинаның сору биіктігі; кавитациядан қорғау шаралары; қалақты гидромашиналардың жұмыс органдарын есептеудің негізгі әдістері; жұмыс доңғалағында сұйықтықтың абсолюттік және қатыстық қозғалысы; жылдамдық үшбұрышы; қалақты машиналардың Эйлер теңдеуі (сорғы және гидротурбина үшін), гидротурбинаның, сорғының және сорғы-турбинаның жұмыстық және әмбебап сипаттамалары; қалақты гидромашиналарды реттеу тәсілдері; қалақты гидромашиналардың моментті сипаттамалары; сорғының және жүйенің бірлескен жұмысы; гидродинамикалық берілістердің жіктелуі; жұмыс процесі негіздері, момент теңгерімі, арын теңгерімі; шығын түрлері; гидромуфталардың сыртқы, әмбебап және тартымдық сипаттамалары; келтірілген параметрлер және келтірілген сипаттама, оның қалақты жүйе типімен байланысы.



Білімдер:

- жұмыс принципі бойынша қалақты гидромашиналардың жіктелуі;

- қалақты гидромашиналардың негізгі параметрлері;

- гидротурбиналардың, сорғылардың және сорғы-турбиналардың негізгі конструктивті сұлбалары;

- қалақты гидромашиналардың энергия шығыны түрлері;

- шапшаң жүру коэффициенті;

- шапшаң жүру коэффициенті бойынша қалақты гидромашиналардың жіктелуі;

- гидромашиналарды кавитациядан қорғау шаралары;

- қалақты гидромашиналардың Эйлер теңдеуі;

- қалақты гидромашиналарды реттеу тәсілдері;

- гидродинамикалық берілістердің жіктелуі;

Іскерліктер:

- аспаптардың көрсеткіштері бойынша сорғы арынын анықтау;

- қалақшаның кіретін және шығатын жерінде сұйықтық жылдамдығының үшбұрышын құру;

- гидравликалық машиналардың жұмыстық сипаттамасын пайдалану;



дағдылар:

- каталогтармен және техникалық паспорттармен жұмыс істеу;

- сорғы қуатын анықтау; оған қозғалтқыш таңдау;

- сорғы арынын анықтау және сипаттамаларын құру;

- сорғыларды таңдау;



КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 2


КҚ3.3. 3

АП 06

Көлемді гидромашиналар:

Көлемді машиналардың жіктелуі, олардың қолдану саласы; көлемді гидромашиналардың жұмыс параметрлері және сипаттамалары; реттеу параметрлері; көлемді гидромашиналардың көлемдік және механикалық шығындары; поршенді сорғылар: жұмыс істеу тәсілі; индикаторлық диаграмма; поршенді сорғыларды беру; қуаты және ПӘК; сипаттамалары; берілісті реттеу; сорғы мен құбырдың бірлескен жұмысы; сорудың мүмкін болатын биіктігі; поршенді сорғылардың конструкциясы; сорғыларды сынау және жұмысындағы ақауларын анықтау;

Роторлы сорғылар: негізгі конструктивті типтері; берілістің біркелкі еместігі; сорғының қуаты мен ПӘК; беріліс сипаттамалары мен реттеу; конструкциясы және қолдану саласы; пластинкалы гидромашиналар; тегершікті және винтті гидромашиналар.


Білімдер:

- поршенді және роторлы гидромашиналардың құрылғысы мен жұмыс принципі;

- поршенді және роторлы гидромашиналардың параметрлері;

- поршенді сорғылардың берілісін реттеу әдістері;

- поршенді сорғының сору биіктігіне әсер етуші факторлар;

- поршенді гидромашиналардың конструкциясы;

- аксиальді-поршенді, тегершікті және винтті сорғылардың конструкциясы;

- сорғылардың ПӘК және қуатын анықтау;



іскерліктер:

- гидравликалық машиналардың жұмыстық сипаттамаларын пайдалану;



дағдылар:

- каталогтармен және техникалық паспорттармен жұмыс істеу;

- сорғының қуатын анықтау; сорғыға қозғалтқыш таңдау;


КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 2


КҚ3.3. 3


АП 07

ГЭС технологиялық процестерін автоматтандыру:

ГЭС-те процестерді басқаруды автоматтандыру негіздері; гидротурбинаны реттеудің негізгі міндеттері; автоматтық реттеудің принциптік сұлбалары; агрегаттардың параллель жұмысы; реттеу процесінде арындық құбырдағы қысымның өзгеруі; гидроагрегаттың жұмыс режимін басқару; айналу жиілігін және активті қуатты реттеу; май арындық қондырғыны басқару; гидроагрегаттың қосымша жабдығын басқару; техникалық сумен жабдықтауды басқару; генератордың өрт сөндіру ысырмасын басқару; гидроагрегатты гидромеханикалық бөлігінің ақауынан қорғау; электрлік және гидромеханикалық қорғаныс жұмысы кезінде, сондай-ақ жылу вибрациялық бақылау ішкі жүйесінен командалар бойынша және оператор командасы бойынша апаттық автоматтық тоқтату; автоматтық дәл синхрондау; су ағуы бойынша ГЭС автоматтық режимінің ерекшеліктері; су ағуы бойынша ГЭС жұмысын автоматтық реттеу.




Білімдер:

- гидротурбиналарды реттеудің негізгі міндеттері;

- автоматтық реттеудің принциптік сұлбалары;

- автоматтандыру жүйелерінің бақылау-өлшеу аспаптары;

- реттеуіштердің принциптік сұлбалары;

- гидрогенераторларды қорғау түрлері;

- су ағу бойынша ГЭС автоматтық жұмыс режимдерінің ерекшеліктері;

іскерліктер:

- автоматтық реттеудің принциптік сұлбаларын оқу;



дағдылар:

- автоматтандыру жүйесі аспаптарымен жұмыс істеу;




КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 2


КҚ3.3. 9

АП 08

Еңбекті қорғау:

Еңбекті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнама негіздері; бақытсыз жағдайларды талдау; қауіпсіздік техникасы бойынша қызметшілермен жұмысты ұйымдастыру; қызметшілердің құқықтары мен міндеттері; аймаққа, орынжайларға, жұмыс орындарына, жабдыққа, құралдарға, айлабұйымдарға, биіктікте жұмыс істеу кезінде, жер асты құрылыстарында, резервуарларда, жылу алмастыру аппаратарында, құбырларда, айналмалы механизмдерді пайдаланып, жөндеу кезінде, өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі негіздері; улану, күю және басқа жарақаттар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек; гидромеханикалық жабдықты пайдалану және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы;



Білімдер:

- жұмыс орнын, жұмыс аймағын анықтау;

- жабдықты куәландырудың тәртібі;

- құралды пайдалану ережелері;

- ауырлықты қолмен ауыстыру нормалары;

- механизмдер мен айлабұйымдарды куәландыру және сынау мерзімдері;

- жұмыс істеушілердің арасында хабарласу сигналы, қорғаныс құралдары;

- гидравликалық сынақ өткізу тәртібі;

- айналу механизмдерінің түрлері;

- электрмен жарақаттану түрлері; электр тогымен жарақаттанудан қорғану шаралары;

- өртке қауіпті орынжайлардың жіктелуі; өртке қарсы қорғаныс шаралары;

- өрт сөндіргіштердің құралымдары;

- күю, улану түрлері;

іскерліктер:

- электр тогымен жарақаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;



КҚ3.3. 6

КҚ3.3. 7


КҚ3.3. 8

КҚ3.3. 10




АП 09

Энергетика экономикасы:

нарықтық қатынас жүйесіндегі энергетика кәсіпорыны; менеджмент; басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері; маркетинг; энергетика кәсіпорынының өндірістік қорлары; энергетика кәсіпорынының капитал салымы мен капиталдық құрылысы; негізгі және көмекші өндіріс мекемесі; еңбекті ғылыми ұйымдастыру; энергетика кәсіпорынында техникалық нормалау негіздері; еңбек өндірісі; энергетика кәсіпорынында еңбек төлемін ұйымдастыру; нарықтық экономика жағдайларында Қазақстан Республикасының салық жүйесі; кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін банктік реттеу; энергетика кәсіпорнындарында жоспарлауды ұйымдастыру; энергетика кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау негіздерін.



Білімдер:

- өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындары мен олардың құрылымдарын басқару негіздері;

- кәсіпорын мүлігінің құрамы, қозғалысы және есебі;

- мекеме және еңбек төлемі саласында кәсіпорындарды басқарудың экономикалық механизмінің жұмысы;

- өнеркәсіп пен энергетика кәсіпорнында есеп беру түрлері;

- энергетика кәсіпорындарын өндірістік-шаруашылық талдау негіздерін;



іскерліктер:

- техника-экономикалық негіздемелерді және жұмыс жобаларының сметалық құжаттамасын құру үшін экономикалық есептерді орындау;



дағдылар:

- техника-экономикалық негіздемелерді және жұмыс жобаларының сметалық құжаттамасын құру үшін экономикалық есептеу.



КҚ3.3. 12

КҚ3.3. 13



АП 10

ГЭС негізгі гидрожабдығын пайдалану

Су энергетикасын пайдалану; ГЭС гидротехникалық құрылысы; механикалық жабдық; гидротурбиналар туралы жалпы мәліметтер; гидротурбиналардың конструкциясы; ГЭС электрлік бөлігі; гидрогенераторларды автоматтандыру және айналу жиілігін реттеуіштер туралы негізгі ұғымдар; ГЭС қосымша жабдығы; ГЭС пайдалануды ұйымдастыру; энергетикалық жабдықты пайдалану; кезеңдік техникалық қызмет көрсету; қосымша жабдықты пайдалану.



Білімдер:

- гидротехникалық қондырғылардың техникалық сұлбалары;

- гидротехникалық құрылыстардың және механикалық жабдықтың белгіленуі;

- қоршаған ортаны қорғау шаралары;

- гидротурбиналардың жұмыс принципі;

- гидротурбиналардың негізгі параметрлері және сипаттамалары;

- ГЭС негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері;

- гидротурбиналардың негізгі элементтері;

- гидротурбиналардың негізгі элементтерінің конструкциясы;

- гидротурбиналардың қосымша жабдығы;

- электрлік жалғаулардың сұлбалары;

- гидрогенератор түйіндерінің құрылғысы;

- реттеу жүйесінің негізгі сипаттамалары;

- гидроагрегаттарды автоматтандырудың негізгі міндеттері;

- агрегаттарды маймен жабдықтау сұлбасы;

- техникалық сумен жабдықтаудың белгіленуі;

- ГЭС ұйымдастырушылық құрылымы;

- гидроагрегат машинисінің міндеттері;

- ГЭС-те кезекшілікті ұйымдастырудың негізгі принциптері;

- агрегаттар мен ГЭС-тың жұмыс режимі;

- гидроагрегатты қосуға дайындау;

- турбиналық жабдықтың жұмысын бақылау;

- агрегатты тоқтату түрлері;

- апаттық жағдайларда қызметшінің әрекеті;

- қосымша жабдықты пайдалану шарттары;

іскерліктер:

- лауазымдық нұсқаулықтармен жұмыс;

- гидротурбиналарды реттеу сұлбасын оқу;

- жабдық түйіндерінің конструктивті сұлбаларын оқу;



дағдылар:

- техникалық құжаттамамен жұмыс;



КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 2


КҚ3.3. 4

АП 11

ГЭС негізгі гидрожабдығын жөндеу және монтаждау технологиясы және ұйымдастыру

Жөндеу түрлері, кезеңдігі және көлемі; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру; гидромеханикалық жабдықты жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі; агрегатты бөлшектеу; гидротурбина камерасын, жұмыс доңғалақтарын, мойынтіректерін жөндеу; агрегатты құрау; жөндеуден кейін гидроагрегат механизмдерін тексеру, сынау және баптау; құбырларды және құбыр арматурасын жөндеу; гидромеханикалық жабдықты жөндеу; жөндеу жұмыстарының техникалық құжаттамасы;

гидротурбиналардың салатын бөлшектерін монтаждау; гидротурбиналардың жұмыс механизмдерін монтаждау; гидротурбина тетіктерінің ернемек жалғаулары; тік гидроагрегаттарды орталықтандыру; диагональ турбиналарды құрастыру;


Білімдер:

- жөндеу түрлері;

- жабдықты жөндегенде дайындық жұмыстарының көлемі;

- жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар;

- гидрогенетаторларды жөндеу технологиясы;

- гидрожабдық түйіндерінің негізгі ақаулары;

- жөндеуден кейінгі механизмдердің баптау жұмыстары;

- гидромеханикалық жабдықты жөндеу технологиясы;

- жөндеу жұмыстарының техникалық құжаттамасы;

- турбина статорлары, гидротурбинаның жұмыс механизмдері, білік тығыздауыштарын монтаждаудың технологиялық бірізділігі;

- білікті центрлеу кезінде операциялардың бірізділігі;

іскерліктер:

- жөндеу жұмыстарына наряд толтыру;



дағдылар:

- техникалық құжаттамамен жұмыс.



КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 3


КҚ3.3. 5

КҚ3.3. 6


КҚ 00

Кәсіптік практика

КҚ 01


Оқу практикасы

материалдарды слесарлы-механикалық өңдеу; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; технологиялық өлшеу негіздері; жазықтық таңбалау; материалдарды кесу; металдарды шабу; дайындамаларды түзеу және ию; егеулеу, бұрғылау; бұранда қию; тойтарма; қыру; үгу; мойынтіректерді қалайылау және құю; электрмен пісіру; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; доғалы электрмен пісіру; аппаратура және айлабұйымдар; токарлық және фрезерлік станоктарда материалдарды өңдеу;



Іскерліктер:

- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану; слесарлық жұмыстарды жасау үшін құралдарды пайдалану;

- кесуді, шабуды, түзетуді, июді, тойтарманы, бұрғылауды орындау;

- металдарды және өзге конструкциялық материалдарды слесарлық өңдеудің негізгі тәсілдері;

- металл кесетін станоктарда жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қолдану;

Дағдылар:

- слесарлық құралмен жұмыс істеу;



КҚ 3.3.11

КҚ 3.3.16

КҚ 3.3.17


КҚ 02

Оқу-өндірістік практика:

гидромеханикалық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу; такелаждық жұмыстар; жөндеу-монтаждық жұмыстар; жаймаланатын қосылыстар; тетік ойықтарын пісіруге дайындау; құбырлардың фасонды бөліктерін дайындау; төсемдерді жасау; қақпақшаларды алу және орнату; жабатын, реттейтін, сақтандыру арматурасын; вентильдерді жөндеу; сальникті компенсаторларды жөндеу; механикалық

түйіндерді; ілінісу муфталарын; мойынтірек түйіндерін; болтты және бұрандамалы қосылыстарды; тойтарма қосылыстарды; ыдыстарды; кешендік жұмыстар: гидротурбиналарды жөндеу; құбырларды және құбыр арматурасын жөндеу; гидромеханикалық жабдықты жөндеу;


Іскерліктер:

- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану; слесарлық жұмыстарды жасау үшін құралдарды пайдалану;

- төсемдерді, бітеуіштерді (заглушкаларды) жасау;

- біліктілікке сәйкес гидромеханикалық жабдықты жөндеу;

- улану, күю, жылу соққысы болғанда және өзге жарақаттарда алғашқы көмек көрсету;

- көтеру-тиеу жұмыстарында қауіпсіздік шараларын пайдалану;



Дағдылар:

- слесарлық құралмен жұмыс істеу;

- практикада теориялық білімдерін пайдалану;

- бригадада жұмыс істеу;



КҚ 3.3.11

КҚ 3.3.16

КҚ 3.3.17


КҚ 03

Технологиялық практика:

білім алушы лауазымында гидромеханикалық жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен байланысты нақты жұмыс орындарындағы жұмыс; осы мамандық бойынша еңбектің озық әдістері мен жұмыс тәсілдерін, материалдарды, жылу және электр энергиясын, қосалқы бөлшектерді үнемді пайдалану әдістерін оқыту; еңбек өнімділігін арттыру жолдарын, жабдықтың тозуға төзімділігін арттыруды оқыту; гидромеханикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; материалдарды қорыту және оларды рәсімдеу;



Іскерліктер:

- учаскеде жұмыс орнын жоспарлау;

- жұмыстарды жасауға наряд рәсімдеу;

- жұмыс орнында нұсқаулық жүргізу;

- пайдалану және жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама рәсімдеу;

- білім алушы лауазымында жабдыққа қызмет көрсетуді және жөндеуді жасау;



дағдылар:

- жабдықты жөндеу бойынша техникалық құжаттамамен жұмыс істеу;

- лауазымдық нұсқаулықтармен жұмыс істеу;

- бригадада жұмыс істеу;



КҚ3.3. 1

КҚ3.3. 5


КҚ3.3. 4

КҚ3.3. 7


КҚ3.3. 8

КҚ3.3. 9



КҚ 04

Диплом алдындағы практикасы:

техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға жүктелетін жұмыстар шеңберінде жеке өндірістік буынды басқару дағдыларын дамыту; гидромеханикалық жабдықты және автоматтық бақылау, реттеу және басқару аппаратурасын жөндеу және қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның энергетикалық қызметінің тікелей жұмыс процесін оқыту; кәсіпорындардың, энергетикалық қызметтердің, жөндеу цехтарының, монтаждық ұйымдардың жалпы құрылымымен таныстыру; таңдап алынған мамандық бойынша ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын игеру; дипломдық жобалау үшін бастапқы материалдарды жинау.



Іскерліктер:

- өндірістік учаскенің жұмысын талдау;

- ГЭС құрылымдық бөлімшелердің жұмысын талдау;

- техникалық құжаттаманы оқып, дипломдық жобаның тақырыбын таңдап алу және дипломдық жобалау үшін бастапқы материалдарды алу;



дағдылар:

- техникалық құжаттамамен жұмыс істеу;

- жеке өндірістік буынды басқару

- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу;




КҚ3.3. 3

КҚ3.3. 4


КҚ3.3. 11

КҚ3.3. 12

КҚ3.3. 13

КҚ3.3. 14

КҚ3.3. 15


Ескерту: Базалық құзыреттер

Құзыреттілік коды

Базалық құзыреттер

БҚ 1

өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;

БҚ 2

кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету қабілеті болу керек, өзінің іс-әрекетін талдап, жобалауға, белгісіз жағдайларда өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу керек;

БҚ 3

орындалатын жұмысқа жауапкершілік танытуға, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды тиімді шешуге дайын болу;

БҚ 4

әртүрлі ұйымдастырушы-құқықтық нысандағы мекемелерде кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;

БҚ 5

өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдануға дайын болу;

БҚ 6

әріптестермен өзара жылы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу;

БҚ 7

үнемі кәсіптік жағынан өсуге, жаңа білім алуға дайын болу, творчестволық өзін-өзі жетілдіруге талпыну;

БҚ 8

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу

БҚ 9

Ақпаратты өз бетінше іздеу және табу негізіне тәжірибелік міндеттерді шешу;

Кәсіптік құзыреттер

ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)

1. Орта буын маманы

090301 3 – техник-энергетик


КҚ3.1.1 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығына техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды жүзеге асыру;

КҚ3.1.2 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығын пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;

КҚ3.1.3 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығының жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою;

КҚ3.1.4 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығын пайдалану ережелері туралы нұсқаулық өткізу;

КҚ3..5 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығын жөндеудің, жөндеуді ұйымдастырудың кестелері мен технологиялық карталарын құру;

КҚ3.1.6 Гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша ұйымдастырушылық және техникалық шараларды орындау;

КҚ 3.1.7 Электр тогынан зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету;

КҚ 3.1.8 Өндірістік жарақаттану себептерін талдау;

КҚ 3.1.9 Жұмыс кестесіне сәйкес гидравликалық электр станцияларының гидромеханикалық жабдығын пайдалану және жұмысын бақылауды ұйымдастыру;

КҚ 3.1.10 Қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуын бақылау;

КҚ 3.1.11 Жөндеу және монтаждық жұмыстардың сапасын бақылау;

КҚ 3.1.12 Өндірістік бөлімше қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

КҚ3.1.13 Өндірістік қызметтің тиімділігін бағалау;

КҚ3.1.14 Гидромеханикалық жабдығын техникалық пайдалану, монтаждау, жөндеу және баптау бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет