«Лидер немесе администратор?» тесті



Дата14.06.2016
өлшемі301.12 Kb.
#134872
«Лидер немесе администратор?» тесті.

(Е. Жариков)


Төменде жазылған пікірлерді мұқият оқып, оларға ашық жауап беріңіз. Жауап беру барысында әб бір пікірмен өз келісіміңізді 11 балдық шкаламен белгілеңіз (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)

Пікірлермен толық келісетін жағдайда – 10 балл, жартылай келіссеңіз – 5 балл, мүлдем келіспейтін болсаңыз – 0 балл: қаншалықты келіскеніңізге байланысты балл беріп отырыңыз. Жауап беру барысында тек бұл балдарды емес басқа бал сандарында таңдауға тырысыңыз.

Барлық сұраққа жауап беріп болған соң, бағалар нәтижесін көріңіз.


  1. Мен, өз басшыларын еңбек ұжым мүшелері өздері таңдауын қолдаймын.

  2. Әр адам өз әлеуметтік-тұрмыстық мәселесі жөнінде өзі ойлауы керек, оның бастығы емес деп ойлаймын.

  3. Мен адамға сенемін.

  4. Керек болған жағдайда, мен адамдарды «шыр айналдырып, жүгірте» аламын.

  5. Маған сенетін адамдардың сырын сақтай алатынымды адамдар жақсы біледі.

  6. Барлық адам қолында – билік болғанды қалайды, мен де солай.

  7. Әділдік болмаған жағдайда мен ұжым мүшелеріне әрдайым ара түсуге дайынман.

  8. Бірбеткей және қатал адамды басшы ету, адамның мүддесінде деп ойлаймын.

  9. Мен сөз бостандығын толық қолдаймын.

  10. Басқаруда нәтижеге жету үшін – кез-келген тәсілмен адамға пайдалы жұмыс істету, дегенмен толық қосыламын.

  11. Жаным қаламайтын адамдармен де, жұмыс істеп кете аламын.

  12. Бұйрықты, командаларды, ұйғарымдарды өз қарамағымдағыларға бірдей формада беремін.

  13. Жұмыс пайдасына қарай өз пікіріме қарсы пікірлерді қолдануға бейіммін.

  14. Басшы табысқа жету үшін қол астындағылары одан қорқу керек, деген менің терең қалыптасқан түсінігім.

  15. Мен өз ұжымымның ортақ қажеттіліктерін білетін сияқтымын.

  16. Адамдар сынамайтынын білсем, маған оларды басқару оңай.

  17. Мен жұмыс істейтін ұжым мүшелерінің ортақ мәселелері мен қиындықтары тез шешімін тапқанын қалаймын.

  18. Кез келген адамға мадақтауға қарағанда жазалау үлкен стимул екендігіне сенімдімін.

  19. Ұжымның ортақ мәселесін шешу үшін менде практика жүзінде қабілет пен дайындық бар екеніне сенімдімін.

  20. Қажет болған жағдайда, менен сескеніп, менің пікіріммен келісетіндей ете аламын.

Алынған жауаптарды мына схема бойынша өңдеңіз:





  1. Тақ сандағы пікірлердегі баллдарды жинақтау (1,3,5 және т.б.)

  2. Жүп сандағыпікірлердің баллын бөлек жинақтап есептеңіз (2,4,6 және т.б.)

Бірінші нәтиже сіздің – лидер – демократтық, екінші – басқарушы администратор – директивті типтеріңізді ашады. Мысалға: «Лидер» I-ші шкала бойынша 90 балл жинадыңыз, «Администратор» – 40 балл. Бұл сіз өзіңіздің ісіңізде 90% басшылықтың ұжымдық формасына және 40% административті – директивті құру формасына сүйенетініңізді білдіреді. Егер сіз II-ші шкала бойынша да төмен балл алсаңыз сізді «лидер» немесе «администратор» деп айтуға болмайды. Бұл жағдайда басқару ісінде сіздің белсенділігіңіз өте төмен.



Риск Тейкерлер үшін тест.

(С. Ф. Макаров бойынша)


Қойылған сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

  1. Мен біреуге жұмыс істегеннен көрі өзім іс ашуға тәуекел ететін едім.

  2. Іс сапары көп жұмысқа еш уақытта бармаймын.

  3. Мен егерде ойнайтын болғанда, еш уақытта аз ұтыс тікпейтін едім.

  4. Маған идеяның көмегімен өз өмірімді жақсартқан ұнайды.

  5. Басқа жұмысым бір екеніне сенімді болмай мына жұмысымды тастамаймын.

  6. Өзімнің ой өрісімді кеңейту үшін мен қауып қатерге бармаймын.

  7. Жұмыстың сәтсіз аяқталатынын біліп, оның пайдасы көп болатынын білсем де, оған қаражат жұмсамаймын.

  8. Өмірде көп нәрсені байқап көргім келеді.

  9. Өзімді еліктіретін оқиғалардың қажеттілігін сезінбеймін

  10. Менде көп күш қуат жоқ.

  11. Мен ешкиындықсыз көптеген пайдалы идеяларды құра аламын.

  12. Менде қазіргі уақытта жоқ соммаға (ақшаға) ешуақытта айтыспаймын.

  13. Маған жаңа идеялармен концепцияларды ұсыну ұнайды, егер оған бастығымның әсері түсініксіз болса.

  14. Мен тек анық және нақты келіссіз сөздерге қатысуға дайынмын.

  15. Сенімсіз орта табысты жұмыстан, сенімді жоғары табысты жұмыс мені қызықтырады.

  16. Мінезім бойынша мен онша тәуелсіз емеспін.

Егерде сіз мына сұрақтарға “ия” деп жауап берсеңіз 1 баллдан беріңіз. 1,3,4,10,11,13,15 және мыналарға “жоқ” болса- 2,5,6,7,8,9,12,14,16.

Егер жинаған балл саныңыз 13 немесе одан жоғары – сіз кәсіпкер қаупіне және де тәуекел-дей кейбір нақты белгілеріне иесіз.

Басшыларға арналған әлеуметтік – психологиялық практикум.

(практикалық жағдайды шешу)


  1. Жағдай.

Жұмысшыңыз басқа жауапты жұмыс орындап жатқанда, сіздің тікелей бастығыңыз сізге айтпай, оған жедел орындалатын жұмыс береді. Сіз және бастығыңыз өз жұмыстарыңызды шұғыл деп ойлайсыздар. Сізге қолайлы нұсқаны таңдаңыз.



    1. Бастықтың жұмысын тоқтатпай-ақ, жұмысшыға істеп жатқан жұмысын тоқтатуды ұсынамын.

Б. Бастықтың менің алдымдағы беделіне байланысты.

В. Жұмысшыға бастықтың тапсырмасымен келіспейтіндігімді білдіріп, менімен келісілмеген жағдайда мен тапсырмаларды бұзып отыратын боламын.

Г. Істің пайдасына қарай жұмысшыға бірінші жұмысты орындауын ұсынамын.


  1. Жағдай.

Сіз бірден 1-ші, 2-ші бастықтарыңыздан 2 бірдей жедел орындалуы тиіс тапсырма алдыңыз. Жұмысты тез бастау керек, оның орындалу мерзімінсөйлесуге уақыт жоқ.

Өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.


  1. Кімді сыйсаймын соның тапсырмасын бірінші орындаймын.

Б. Өзімнің ойымша қайсысы маңызды соны бірінші орындаймын.

  1. Бірінші жоғарыдағы бастықтың тапсырмасын орындаймын.

Г. Өзімнің тікелей бастығымның тапсырмасын орындаймын.


  1. Жағдай.

Сіздің 2 жұмысшыңыздың арасында дау-дамай, олардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Әрбірі жеке-жеке сізге келіп осы мәселе бойынша оған көмектесіп, соның позициясын ұстануды өтінеді.

Өзіңіздің осы жағдайдағы әрекетіңізді таңдаңыз.


  1. Олардың өзара қарым-қатынасындағы дау-дамайды шешу өздерінің жеке ісі, мен жұмыста дау-дамайдың орын алмауын қадағалауым керек.

Б. Қоғамдық ұйым мүшелерінен осы мәселені шешуді сұрану керек.

  1. Алдымен дау-дамайдың мативтерін анықтап, содан соң екеуіне де, татуласудың жолын қарастыру керек.

Г. Дау-дамайға түскен адамдар үшін ұжымда кім беделді болып келетінін анықтап, сол арқылы әсер ету.


  1. Жағдай.

Өндірістік жұмыстың аяқталу тығыл таяң кезінде еңбек дисциплинасы бұзылып, соның нәтижесінде брак өнім шығарылады. Бригадирге кінәлі адам белгісіз, бірақ та оны тауып жазалау керек.

Сіз бригадирдің орнында болғанда не істер едіңіз? Өзіңізге жақын шешімді таңдаңыз.


  1. Өндірістік жұмыс аяқталған соң бұл мәселенің анық-қанығын зерттеймін.

Б. Күдікті дегендер мен жеке-жеке көзбе-көз сөйлесіп, кінәліні атауын ұсынамын.

  1. Өзім сенетін жұмысшыларға айтып, соларға кінәліні табуын өтінемін.

Г. Кезекшіліктен соң жиналыс өткізіп, кінәліні тауып, оны жазалауын жариялы түрде талап етемін.

  1. Жағдай.

Сізге өз орынбасарыңызды таңдау мүмкіндігі берілді. Бірнеше кандидатура бар. Әрқайсысы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар мынадай:



  1. Біріншісі: Ұжымда тілектестік қарым-қатынас, жұмыста сенімді және достық атмосфераны орнатуға тырысады, дау-дамайлық жағдайдан қашқақтайды.

Б. Екіншісі: Тапсырылған жұмысқа жоғары жауапкершілік сезімімен ерекшеленеді.

  1. Үшіншісі: Жұмысшыларға талап қоюшы, өзінің қызметтік міндеттерін орындауда ұқыпты, тек ереже бойынша жұмыс істегенді қалайды.

Г.Жұмыста өзінің қызығушылығымен, бірбеткейлігімен ерекшеленеді, өзінің мақсатына жетуді ойлайды, әрдайым істі аяғына дейін апаруға тырысады, қол астындағылармен қарым-қатынас кезінде қиындықтарға көңіл бөлмейді.


  1. Жағдай.

Сізге өз орынбасарыңызды таңдау ұсынылды. Кандидаттар жоғарыдағы басшылықпен мынадай қарым-қатынасымен ерекшеленеді.



  1. Бірінші: Бастықтың пікірімен немесе бұйрығымен тез келіседі, артық сөзсіз айтылған уақытта тапсырмаларын орындауға ұмтылады.

Б. Екіншісі: Егерде оған бастық беделді болса, оның кез келген пікірімен және де тапсырмаларымен тез келісіп, оларды орындауға тырысады.

  1. Үшіншісі: Кәсіпқой тәжірибелі және білімді, жақсы маман, білікті ұйымдастырушы, кейде сыйымсыз болады.

Г. Төртіншісі: Тәжірибелі сауатты маман, ылғида жұмыста дербестікке және тәуелсіздікке ұмтылады, оған кедергі келтіргенді ұнатпайды.


  1. Жағдай.

Жұмысшыларыңызбен жұмыстан тыс кезінде, демалыстарда қарым-қатынас кезінде сіз не жөнінде әңгімелесесіз?



  1. Сізге жақын кәсіптік және іскерлік жөнінде әңгіме жүргізу.

Б. Талас тудыратын сұрақтар бойынша пікірлерді дәлелдеп, өз көзқарасыңды ұстанып, басқаларды сендіруге тырысу.

  1. Өзіңнің пікіріңді міндеттемей, ортақ пікірді ұстанып, өз белсенділігімен ерекшеленбей, тек басқаларды тыңдау.

Г. Іспен жұмыс туралы айтпай, басқаларға ықыласпен көңіл бөліп, әңгіме барысында сарапшы болу.


  1. Жағдай.

Жұмысшы екінші рет сіздің тапсырмаңызды орындамады, бірақ бұл жөнінде сөз беріп, енді қайталанбайтындағын айтқан болатын.

Сіз не істейсіз?


  1. Жұмыстың аяқталуын күтіп, жеке, қатал сөйлесіп, соңғы рет ескертемін.

Б. Жұмыстың аяғын күтпей, уақтылы орындалмауы туралы сөйлесіп, тапсырманың орындалуын талап етіп, ақшалай жазалау.

  1. Бұзушыны қалай жазалау керектігі жөнінде беделді, тәжірибелі маманмен ақылдасу. Егер ондай жұмысшы болмаса бұл жұмысшының мәселесін жиналысқа салу.

Г. Жұмыстың аяқталуын күтпей, жұмысшыны жазалау мәселесін шешу. Келесіде оның жұмысының бақылауымен талабын төмендету.

  1. Жағдай.

Жұмысшы сіздің кеңестеріңізбен бұйрықтарыңызды елемей барлығын өз бетінше істейді, ескертулерге көңіл бөлмей, оны жөндемейді.

Сіз бұл жұмысшы мен бұдан былай қалай істейсіз?


  1. Оның табандылық мативын анықтап, кәдімгі әкімшілік жазаларды қолданамын.

Б. Оны ашық әңгімеге шақырып, онымен тіл табысуға тырысып, онымен әңгімелесемін.

  1. Ұжым белсенділері оның... дұрыс емес әрекетіне көңіл бөліп, қоғамдық әсер ететін шараларды қолдануын өтінемін.

Г. Өзім осы жұмысшымен қатынас барысында қателік жібермеймін ба? Осыны анықтаған соң не істейтінімді шешемін.


  1. Жағдай.

Топ аралық конфликтта жүрген ұжымға сырттан жаңа бастық келеді. Сіздің ойыңызша ұжымдағы психологиялық климатты түзету үшін оған қалай әрекет ету керек?



  1. Алдымен іскерлік қатынас орнатып, жұмыста жаңалықтар енгізіп, қарсыласына өз үлгісінің және басқалардың үлгісімен әсер етеді.

Б. Алдымен жұмысшылардың сенімін қалыптастырып, дискуссия кезінде оларды сендіріп, әсер етеді.

  1. Қызметкерлердің беделділерінің ішіндегі белсендісін таңдап, ұжымдағы жағдайды жақсартуды оған тапсырып, қоғамдық ұйыммен әкімшілікке беделді жұмысшының қолдауына сүйену керек.

Г. Ұжымның даму перспективасын және шығарылатын өнімнің сапасымен танысып, ұжым алдында жаңа перспективалық тапсырмаларды қойып, жақсы жетістіктермен, ұжымның дәстүрлеріне сүйеніп, жаңаны ескіге қарсы қоймауы керек.


  1. Жағдай.

Өндірістік жоспарды аяқтаудың тығыл таяң шағында қызметкерлеріңіздің біреуі сырқаттанып қалды. Әрбір жұмысшы өз жұмысын орындауда. Сырқат жұмысшының да жұмысы уақытылы орындалуы тиіс. Бұл жағдайда қалай істейсіз?



  1. Қызметкерлердің қайсысының жұмысы аздау, сол адамға «сіз мына жұмысты аласыз, ал сіз жұмысты аяқтауына көмектесесіз».

Б. «Мына жағдайдан қалай шығуға болатынын бәріміз бірге ойланайық» деп ұжымға ұсыныс айтамын.

  1. Ұжымның белсенді мүшелеріне өз ұсынысын айтуын өтініп, ұжым мүшелерімен оны талдап, шешім қабылдаймын.

Г. Тәжірибелі және сенімді жұмысшыға ұжымға көмектесіп, жоқ адамның жұмысын атқарып, ұжымға көмектесуін өтінемін.


  1. Жағдай.

Сіз әріатесіңізбен дүрдара қарым-қатынастасыз. Сізге оның себептері белгісіз, жұмыс мақсаттарын да, қарым-қатынастасын да түзету қажет.

Сіз ең бірінші қандай әрекет істер едіңіз?


  1. Әріптесімді ашық әңгімеге шақырып, дүрдара қарым-қатынастастың себебін анықтаймын.

Б. Ең бірінші өзімнің оған деген әрекетімді анықтауға тырысамын.

  1. Әріптесіме былай айтамын: «Біздің дүрдара қарым-қатынастас жұмысқа кері әсер етуде. Бұдан былай қалай жұмыс істейтінімізді шешіп алайық».

Г. Біздің осындай қарым-қатынастасымыз жөнінде хабары бар басқа әріптестерге, бізге делдал болып, қарым-қатынастасымызды жақсартуын сұранамын.


  1. Жағдай.

Сіз көптеген жылдар бойы жұмысшы болып істген ұжымға бастық болдыңыз. Өз кабинетіңізде ылғи кешігіп келетін жұмысшыны сағат 8:15-ке шақырдыңыз, өзіңіз кенеттен 15 минутқа кешігіп қалдыңыз. Жұмысшы айтылған уақытта келіп, сізді күтіп отыр.

Сіз әңгімеңізді қалай бастайсыз?


  1. Өзімнің кешігіп келгеніме қарамастан, бірден оның кешігулерінің себебін сұраймын.

Б. Жұмысшыдан кешірім сұрап, әңгімемді бастаймын.

  1. Сәлемдесіп, өзімнің кешігуімнің себебін түсіндіріп, «сіз қалай ойлайсыз, сіз сияқты кешігетін бастықтан не күтуге болады?» деп сұрақ қоямын.

Г. Істің пайдасына қарай әңгімені басқа уақытқа ауыстырамын.


  1. Жағдай.

Сіз бригадир болып екінші жыл жұмыс істейсіз. Жас жұмысшы өзінің үйленетініне байланысты оны 4 күнге жұмыстан босатуыңызды сұранады.

– Неге төрт күнге? – деп сіз сұрадыңыз.

– Иванов үйленгенде сіз оны төрт күнге жіберген едіңіз – деп, сабырлы жауап қайтарып, өтініш жазады. Сіз өтінішке 3 күн деп қол қоясыз.

Бірақ ол жұмысқа 4 күннен соң шығады.

Сіз қалай істейсіз?



  1. Дисциплинаның бұзылғандығы жөнінде жоғарыдағы бастыққа айтамын, не істейтінін өзі шешсін.

Б. Жұмысшыға төртінші күнді өтеуін ұсынамын, «Ивановта өтеген» деп айтамын.

  1. Ерекше жағдай болғандықтан (адамдар күнде үйленбейді ғой) жариялық ескертумен шектелемін.

Г. Оның жұмысқа шықпағанын өз жауапкершілігіме аламын. «Былай істеу керек» деп айтамын да, құттықтап, бақыт тілеймін.


  1. Жағдай.

Сіз өндірістік ұжымның бастығысыз. Түнгі кезекшілік кезінде бір жұмысшы мас күйінде қымбат жабдықты бұзып қояды. Басқа біреу оны жөндеймін деп, жарақаттанып қалды. Кінәлі сіздің үйіңізге телефон шалып, үреймен не істеуге болатынын ұрайды.

Сіз қалай жауап бересіз?


  1. «Менің столымда инструкция бар, соны оқып, талап бойынша істеңіздер».

Б. «Болғанды вахтерге айтыңыз, жаралы кезекші медбикеге барсын, жабдықтың бұзылуына байланысты акт түзіңіздер. Ертең қалғанын шешеміз».

  1. «Менсіз ештеңе істемеңдер. Қазір мен барамын».

Г. «Жаралының жағдайы қалай? Қажет болса, жедел дәрігер шақырыңыздар».


  1. Жағдай.

Бірде сіз, бірнеше бастықтардың жұмысшылармен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде пікір таласынаң куәгері болдыңыз. Бір көзқарас сізге қатты ұнады. Қайсысы?



  1. Бірінші: «Жұмысшы жақсы жұмыс істеу үшін, оған индивидуалды жақындық тауып, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескерген жөн».

Б. Екінші: «Адамның басты қасиеті – ол оның іскерлік қасиеттері, тыңғылықтылық. Әркім өзіне берілген істі істеуі керек».

  1. Үшінші: «Басшылықта нәтижеге жететін жағдай, егер жұмысшылар өз бастығына сенетін болса, деп ойлаймын».

Г. Төртінші: «Бұл дұрыс, бірақ жұмыста нақты бұйрық, жақсы айлық, еңбегіне лайық сый ақылар жақсы түрткілер болып табылады».


  1. Жағдай.

Сіз – цехтың бастығысыз. Жаңа штат кестесі бойынша сізге тез арада бірнеше бригада құру қажет. Сіз қалай істейсіз?



  1. Бұл істі өз қолыма аламын, цех жұмысшыларының тізімімен және жеке істерімен танысып, өз жоспарымды ұжым жиналысына ұсынамын.

Б. Бұл жұмысты кадрлар бөліміне тапсырамын. Бұл олардың жұмысы ғой.

  1. Конфликт тумасын деген оймен, қызыққан адамдарға өз ойын айтуын ұсынамын, жаңа бригадаларды іріктеп жинақтау үшін коммисия құрамын.

Г. Біріншіден бригадалар басқаратын адамдарды анықтап, сол адамдарға бригада құрамы бойынша өз ұсыныстарын айтуын ұсынамын.


  1. Жағдай.

Сіздің ұжымда санда бар, сапада жоқ бір жұмысшы бар. Оны осы жағдай қанағаттандырады, сізге – ұнамайды.

Бұндай жағдайда не істейсіз?


  1. Бұл адаммен бетпе-бет сөйлесемін. Оған өз қалауы бойынша жұмыстан шығуын ұсынамын.

Б. Жоғарыдағы бастыққа оны жұмыстан шығаруы жөнінде баяндама жазамын.

В. Ұжымға осы жағдай жөнінде өз ұсыныстарын дайындап, бұл адаммен не істеуге болатыны жөнінде айтуларын сұрймын.

Г. Бұл адамға ыңғайлы жұмыс тауып, оның жұмысына бақылауды күшейтемін.


  1. Жағдай.

Сыйақы таратқан кезде, кейбір бригада мүшелері өздеріне сыйақының берілмегенін әділетсіз деп санап, цех бастығына шағым жазады. Сіз оның орнында болғанда бұл шағымдарға қалай әсер етер едіңіз?



А. Сіз шағымшыларға былай жауап бересіз: «Сыйақының көлемін сіздің бригада шешеді, менің оған қатысым жоқ».

Б. «Сіздердің шағымдарыңызды ескеріп, бригадирлеріңізбен бұл сұрақ бойынша сөйлесемін».

В. «Уайымдамаңыз, сіз өз ақшаңызды аласыз. Өзіңіздің шағымдарыңызды менің атыма жазбаша мазмұндаңыз».

Г. Анық-қанығын анықтайтындығымды айтып бригадирмен, мастермен және де бригада белсенділерінің мүшелерімен сөйлесіп, шағымдардың расталған жағдайында, бригадирға келесі айда сыйақыны қайта бөлу керектігін айтамын.


  1. Жағдай.

Сіз жақында қазіргі заманға сай, үлкен өнеркәсіптік кәсіпорынға цехтың бастығы болып, жұмысқа келдіңіз – сізді көбісі танымайды. Түскі үзіліске әлі 2 сағат бар. Коридормен жүргенде 3 жұмысшы сізге көңіл бөлмей сөйлесіп отырғанын көресіз. 20 минуттан соң келсеңіз сол картина.

Сіз қалай істейсіз?


  1. Тоқтап, өзімнің жаңа бастық екенімді білдіріп, олардың әңгімесі ұзаққа созылғандығын айтып, жұмысқа кірісулерін бұйырамын.

Б. Олардың тікелей бастығының кім екенін сұрап, оны өз кабинетіме шақырамын.

В. Алдымен, әңгіме не жөнінде болып жатқанын сұраймын. Өзімді таныстырып, олардың әкімшілікке шағымдары жоқ па деп сұраймын. Содан соң цехқа өз жұмыстарына баруын сұраймын.

Г. Алдымен танысамын, олардың бригадаларында жұмыспен қаншалықты қамтылған, біркелкі жұмыс істеуіне не кедергі келтіретіндігін сұраймын – осы жұмысшыларды белгілеп аламын.

Жағдайдың шешімі.
Ұсынлған нақты жағдайдың тестін Ленинградтық өнеркәсіптік психолог А. А. Ершов өңдеп, қабылдаған. Оның пікірінше тұлғааралық мінездердің және әрекеттердің эффективтілігінің байланысы әлеуметтік-психологиялық фактормен жанамаланады.

Жағдайда берілген шешімдердің біреуін таңдау – A, Б, В, Г. зерттеуші жағдайды қалай түсінеді, өзінің басшылық тәжірбиесіне қалай бейімделді, жауап беру кезінде басшылықтың қандай түрткісі болады. тест басшылықтың 4 типін анықтайды.



Д – іске қызығушылық ориентациясы.

П – ұжымдағы қарым-қатынас және психологиялық климаториентациясы.

С – өз-өзіне ориентациясы.

О – ресми субординацияға ориентация.

Жауап санын есептеп, зерттелушінің тұлғалық қасиеттері туралы түсінік қалыптаса бастайды.

Шешім нұсқаларының толықтырылуы да мүмкін, тестті басшылықпен талқылаған жағдайда.

Жағдайлардың жауаптары.


Жағдайлардың номері.

Ориентацияның типі.

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20




Д

С

П

О

Г

Б



А

А

Б



В

А

А



Б

Г

А



В

Г

Б



А

Б

Г



В

Г

Г



Б

А



Г

В

А



Б

Г

В



В

Б

Б



Г

Б

В



Г

А

В



Г

Б

В



В

Г



В

Б

Г



Г

Б

Б



Г

А

Г



Б

В

Г



В

В

А



А

В

А



А

В



Б

Г

В



А

В

Г



А

В

В



А

А

А



Б

Г

Б



Б

А

Б





«Менің жұмыс уақытым» анкетасы.
Жұмыс уақытыңызды қалай өткізетініңізді талдадыңыз.


    1. Әрбір орындаған жұмысыңызға төмендегі категориялар бойынша баға беріңіз.

А. Жұмыс қажет болды ма? ия жоқ

«Жоқ» деген жауапты «Б» деп және «В» графаларына ендіру.

Б. Жұмсалған ауық ақталды ма? ия жоқ

В. Жұмыс нақты мақсатпен орындалды ма? ия жоқ

Г. Жұмыстың орындалуы үшін

уақыт интервалы белгіленді ме? ия жоқ


Уақытты босқа оздырғандығын талдау.
49 пункттан тұратын анкетаның көмегімен қазірге дейінгі жұмыс уақытыңызды талдап, қай салада уақытыңызды бос жіберетініңізді анықтаңыз.
Мақсат қоюда уақытты босқа оздыру.

ия жоқ


    1. Менің қызмет әрекетімде болатын тапсырмалардың жүйелі көрінісіне иемін бе?

    2. Менің жұмысым мен кәсіпорын арасындағы байланыс туралы қаншалықты түсінік бар?

    3. Маған көптеген әртүрлі жұмыстар орындауға тура келеді ме?

    4. Мен көптеген әртүрлі жұмыстармен айналысамын ба?

    5. Өз жұмысшыларыммен нақты мақсат қою арқылы басқарамын ба?

    6. Жаңа идеяларды дамыту, өз білімімді кеңейту, тәжірбиемді жаңарту сияқты жұмыстарды үнемі орындап отырамын ба?


Жоспарлау кезінде уақытты бос оздыру.
ия жоқ



    1. Алдындағы жұмыстарды орындау үшін, уақытты дұрыс бөле аламын ба?

    2. Мен жұмысты орындау барысындағы кездесетін қиындықтарға дайынмын ба?

    3. Қиыншылықтар мен кедергілерге, ойламаған жағдайларға қосымша уақыт бөлемін бе?

    4. Өз жұмысымнан бөлінбек үшін, кедергілерге қарсы шара қолданамын ба?

    5. Іс сапарлар мен іскер кездесулерді көп қабылдаймын ба?

    6. Уақыт күнделігіне белсенділікпен тапсырмалардың мерзімін жазып отырамын ба?


Шешім қабылдау кезінде уақытты бос оздыру.
ия жоқ

    1. Жұмысты бастамас бұрын оны бағалаймын ба? (оған уақыт жұмсауға болады ма?)

    2. Істің маңыздылығына байланысты приоритет орнатамын ба?

    3. Жеке істің маңыздылығына байланысты қажетті уақытты бөлемін бе?

    4. Маңызды емес жиналыстарға келушілерге телефонмен әңгімелесуге көп уақыт жұмсаймын ба?

    5. Болмашы ұсақ-түйек істерге көп көңіл бөлемін бе?

    6. Ескішіл істерге көп уақыт бөлемін бе?

    7. Өзіме маңызды деген заттарды білсемде, жұмысты атқару барысында егжей-тегжейге көп көңіл бөлемін бе?

    8. Жұмыстарды орындау кезіндегі үзілістерде ұзақ жеке әңгімелерді жүргіземін бе?


Жұмысты нашар басқарғандықтан уақытты бос оздыру.

ия жоқ



    1. Бір мәселе бойынша көп жұмыс істеп, оның қайтарымы аз болатын кездер болады ма?

    2. Тапсырмаға сай жұмысты қайта тапсыратын әріптестер мен көмекшілер менде бар ма?

    3. Барлығын өзім істеуге бейіммін бе?

    4. Менің жұмыс столым үнемі қағаздармен толы ма?

    5. Менің жеңілдететін қазіргі заманның құралдарын (диктофон, телефонның авто алуы, формуляр, сұрау қағаздары және т.б.) қолданамын ба?

    6. Менің жұмыс сферамдағы жүйелі оңайлату сұрақтары мені қызықтырады ма?

    7. Нақты жұмыс жағдайында қиындықтар маған жиі кездеседі ме?


Жұмыс уақытын ең басында оздыру.
ия жоқ

    1. Мен кешке ертеңгі жұмыс күнімді жоспарлаймын ба?

    2. Жұмысқа кіріспес бұрын әріптестермен немесе хатшымен әңгімелесемін бе?

    3. Бірінші жеке бастың істерімен айналысамын ба?

    4. Күннің басталуын газет оқумен бастаймын ба?

    5. Әрбір жұмыс күннің басталуында жұмысқа кірісу үшін нақты уақыт керек пе?

    6. Әр жұмысты ойланбастан, асығыс түрде бастаймын ба?

    7. Менің еңбек белсенділігім жөнінде ойланамын ба?

    8. Мен үнемі маңызды жұмыстарды кейінге қалдырамын ба?

    9. Жұмыс күннің ортасында немесе аяғында қиын проблемалармен немесе тапсырмалармен айналысамын ба?

    10. Басталған істі аяғына дейін істемеймін бе?


Жұмыс күнін құруда уақытты бос оздыру.
ия жоқ

    1. Өзімнің еңбек ритмім мен өндірістік графигімді білемін бе?

    2. Мен азанда немесе кешке – өндіргіш екенімді білемін бе?

    3. Менің өндірістік ритмимі жұмыс күнімнің тәртібі сай келеді ме?

    4. Менің өндірістік қабілетімді толығымен жұмсау үшін, маңызды жұмыстарға қолайлы уақытты белгілеймін бе?

    5. Өзімнің жоғарғы өндірістік уақытымда ескілік жұмыстармен, маңызды емес проблемалармен айналысамын ба?

    6. Оқитын материалды оның маңыздылығымен таңдаймын ба?

    7. Алғашында тақырыптарына ғана көз жүгіртіп, маған қажет болған жағдайда жақынырақ танысамын ба?

    8. Егер әрбір ұсыныстары пайдасыз болса жиналысты, әңгімені немесе телефон арқылы әңгімені доғарамын ба?

    9. Уақытты бос жібермес үшін алдын-ала оның (әңгімелесуші) және өзімнің мақсатымды анықтап аламын ба?

    10. Өзімнің корреспонденциямды нақты немесе кәдімгідей тексеремін бе?

    11. Төтенше жағдайларда қажет болуы мүмкін ескертпелерден қашып отырамын ба?

    12. Ескілік жұмыстарға формуляр қолданамын ба?

Сіздің нәтижеңіз қандай?


Төменде берілген 30 уақыт «жұтқыштары» немесе «қақпандарын» оқып, өзіңізге маңызды деген бесеуін белгілеңіз.


  1. Мақсат нақты қойылмаған.

  2. Істе приоритеттің болмауы.

  3. Бірден көп істеуге ұмтылу.

  4. Алдағы тапсырмалармен оларды шешу туралы толық түсініктің болмауы.

  5. Жұмыс күнді дұрыс жоспарламау.

  6. Жұмыс столының «бығуы» (заваленный), өзінің ұйымдаспағапдығы.

  7. Көп оқуы.

  8. Досье жүйесінің нашарлығы.

  9. Мативтің жетіспеушілігі.

  10. Телефон номерлерімен, адрестерін, ескерте жазуларды іздеу.

  11. Еңбектің бөлінуінің немесе кооперацияның жетіспеуі.

  12. Жұмыстан бөлетін телефон шалулар.

  13. Жоспарланбаған келушілер.

  14. «Жоқ» деп айта алмау.

  15. Толық емес, кешіктірілген ақпарат.

  16. Өз дисциплинасының болмауы.

  17. Істі аяғына дейін апара алмауы.

  18. Көңіл бөлу.

  19. Ұзаққа созылған жиналыстар.

  20. Әңгімелер мен таңдауларға толық дайын еместігі.

  21. Байланыстың болмауы.

  22. Жеке тақырыптарға әңгіме көп айту.

  23. Коммуникабельдылықтың артықтығы.

  24. Іс-қызметтік жазулардың көптігі.

  25. «Кейінге қалдыру» синдромы.

  26. Барлық фактілерді білу ықыласы.

  27. Ұзақ күтулер.

  28. Асығу, шыдамсыздық.

  29. Істі қайта тапсырудың өте аздығы.

  30. Істің қайта тапсырылғанына бақылаудың аздығы.

Осы бойынша ойланыңыз.

Өзіңіздің бес «уақыт жұтқышыңызды» жеңіп, өзіңіздің өндіргіштігіңіздің жоғарылауына мүмкіндік туғызасыз.

Тәжірибе көрсеткендей өзіңіздің жұмыс уақытыңыздың белгілі бөлігіне жоспар құрасыз, 60% құру тиімдірек.



«Ойлаудың стереотиптері» тесті.
Нұсқау. Төменде көрсетілген қате стереотиптерді қарап шығыңыз. Сіздің өміріңізде кездесетініне қарай 5 балдық шкаламен бағалаңыз. (1– кездеспейді, 5– өте жиі кездеседі). Өзіңізге жиі кездесетін стереотиптерді жазып алыңыз, оны бақылап жоюға көмегін тигізеді.

Қате стереотиптерден соң жаттығулар берілген, күнделікті өмірдегі жағдайларды біліп, оларды бекітуге көмектеседі.



    1. Қылымсу (флирт). Сіз олармен манипуляция жасайсыз.

    2. Поляризациялық ойлау. Заттар қара немесе ақ; жақсы немесе жаман болып көрінеді, орташасы болмайды.

    3. Жалпылау. Бір оқиғаға негізделген шешімді қорытуға талпынасыз. Егер жаман нәрсе болса, сіз сол қайталанады деп күтесіз.

    4. Адамдардың білгірі. Фактілерге сүйенбей, адамдардың неге осылай істейтінін «білесіз», тон пішесіз. Адамдар сізге қандай сезімде тұрғанын анықтай аласыз.

    5. Катастрофалық. Сіз жамандақты күтесіз. Проблемаларды ести салып, бірден: «мүмкін менде де солай шығар?» деп ойлайсыз.

    6. Персонализация. Басқалардың ойы, сөзі немесе істері – сізге деген реакция сияқты көрінеді. Сіз өзіңізді басқалармен салыстырып, кім жақсы көрінетінін анықтауға тырысасыз.

    7. Бақыланатын қателіктер. Егер сіз сырттан бақылауды сезсеңіз өзіңізді құрбан ретінде және әлсіз сезінесіз. Ішкі бақылаудың қателіктерін сіз кездейсоқ әрекетке немесе қорқынышқа жатқызасыз.

    8. Әділдік қателері. Басқалар сізбен келіспейді, сіз өзіңіздікін дұрыс, әділ екенін біліп ызаланасыз.

    9. Ұялту. Сіз өзіңіздің қайғыруларыңызға біреулерді немесе өзіңізді, әрбір проблема үшін ұялтасыз.

    10. Міндеттену. Сізде сіз және басқалары қалай әрекеттену жөнінде ережелер жиыны бар. Ережені бұзатындар сізді қорқытады, егер өзіңіз ережеден ауытқысаңыз өзіңізді кінәлі санайсыз.

    11. Эмоцияналдық ұғыну. Сіздің сезімдеріңіз қатесіз деп сенесіз. Егер сіз зеріксеңіз, сіздің серігіңіз ақымақ, жабырқаңқы деп ойлайсыз.

    12. Өзгерудің қателері. Сізге адамдарды өзгерту қажет. Басқалар сіздің талабыңызға сай өзгереді деп күтесіз, егер сіз оларға жеткілікті қысым және уақыт бөлсеңіз.

    13. Глобальды деңгей. Түймедейден түйедей нәрсе жасайсыз.

    14. Әділ болу. Сіздің пікіріңіз немесе әрекетіңіз әдепті екеніне сенімдісіз.

    15. Сыйдың қатесі.


Жаттығу.
Келесі жаттығу ойлаудың қате стереотиптерін анықтап, түсінуге көмектеседі. Төменде көрсетілген пікірлерді лайықты стереотиптерге жатқызыңыз.

  1. Сіздің маған қарсы немесе маған жақ позицияңыз?

  2. Егер сіз сексуальді ашық болсаңыз, ерлі-зайыптылықта сіз бақытты болар ма едіңіз?

  3. Мен депрессияны сезініп отырмын, менің өмірім осымен бітуі керек.

  4. Олар әркез күлімсірейді, бірақ ол мені жақтырмайтынын білемін.

  5. Мені сіз не ойлайтыныңыз қызықтырмайды, мен келесі жолы да тап осылай істеймін.

  6. Сіз еш уақытта адамдарға интимді сұрақтар қоймауыңыз қажет.

  7. Ол бұл жерге келген бірінші күннен бастап жеңіліс тауып отыр.

  8. Сіз жүйені жеңе алмайсыз.

  9. Мен жұмыс істедім, құрдым, енді міне, не алып отырмын.

  10. Сіздің істеріңіз әркез айдың аяғында көрінеді.

  11. Маған қарағанда ақылды адамдар аз.


Қате стереотиптермен қалай күресу қажет?


  1. Өзіңіздің эмоцияларыңызды айтыңыз.

  2. Жағдайды немесе болған істі сипаттап беріңіз.

  3. Өзіңіздің қате стереотиптеріңізді теңестіріңіз.

  4. Өзіңіздің қате стереотиптеріңізді жойыңыз.

Алғашқы екеуін өз еркіңізше орындауға болады. Үшіншісін 3 бағана бойынша орындаған ыңғайлы. А бағанасы – стереотиптердің аты, Б – фраза, қате стереотиптер, В – фраза қате стереотипі жоқ.



Қылымсу. Өзіңізге айтуға тырысыңыз: «Асыра сілтеудің қажеті жоқ», «Мен істей аламын».

Жалпылау. «Әрдайым», «әрқашан», «ештеңе», «ешқашан» деген сөздерді айтпауға тырысыңыз. 3 бағаналы техниканы қолданыңыз.

Поляризациялық ойлау. Ақ немес қара көрінісі жоқ. Бағаны процентпен белгілеңіз.

Адамдардың білгірі. Сенбеуге негіздемеңіз бар адамнан тікелей ақпарат алсаңыз, өзіңіздің шешіміңізді 3 бағаналы кестемен бағалаңыз.

Катастрофалық. Ситуацияны шанспен немесе проценттің мүмкіндігімен бағалаңыз. Жүзден бір шанс бар? Мыңнан бір шанс бар? Осылай бағалау ситуацияны реалдық түрде бағалауға көмектеседі.

Персонализация. Егер сіз адамнан сұрай алатын болсаңыз, өз шешіміңіздің дұрыстығын анықтау үшін анализдің 3 бағаналы техникасын қолданыңыз.


Шешімімнің пайдасына негізделу.

Шешіміме қарсы негізделу.

Шешімнің альтернативтілігі.


Жаттығудың кілті.


    1. Поляризациялық ойлау.

    2. Өзгертулердің қатесі.

    3. Эмоцияларды ұғыну.

    4. Адамдардың білгірі.

    5. Әділ болу.

    6. Міндетті болу.

    7. Глобальді деңгей.

    8. Бақыланған қателіктер.

    9. Сыйдың қателері.

    10. Ұялту.

    11. Персонализация.

Сіз өз бойыңыздағы стереотиптерді анықтап, оның қандай жағдайларда пайда болатынын анықтасаңыз ойдың үйлесімділігінің дамуына бір қадам жасап, және де өзгеруге дайындығыңызды дәлелдедіңіз. Бұл маңызды.

Мақсат – қалаулы нәтиженің бейнесі. Мақсат туралы түсінік ретінде қалыптасып, әрекетіңіз бен ісіңіздің нәтижесі оңды болады. Позитивті нәтижеге жету үшін өзін бағыттап, әрекет істеу арқылы табысқа тез жетесіз, санаңыз сәтсіздіктер бейнесімен бос емес кезіндегіге қарағанда. Сондықтан – позитивті нәтиже бейнесін сал. Ол үшін писсимистік ойлардан арылып, өзінде сенімділікті дамыту қажет. мұның жақсы жағыда бар: өзінің сәтсіздік жағдайында не істейтінін білетін жеңеді, өзінің сәтті жағдайында не істеймін деп ойлайтындарға қарағанда. «Сен саналы қателер санын жіберуің керек екеніне сенімді бол». Болашақтың тәжірибесі ретінде, сәтсіздікке деген прогматикалық қатынас, сізді күшті етеді. Нәтижені болжау арқылы, адам ресурстардың, қабілеттердің, әдістердің, күштің бұлағы жөнінде ойланады. Мұнда әрекет табыстылығының тағы бір құпиясы бар.

«Өзіңіздің кәсіптік қабілетіңізді бағалаңыз» тесті.
Ол үшін анкете сұрақтарына «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.


    1. Бастаған ісіңізді кедергілерге қарамастан аяғына дейін орындайсыз ба?

    2. Сіз қабылдаған шешіміңізде нық тұрасыз ба немесе сізді қайта көндіруге болады ма?

    3. Басқарушылық жауапкершілігін алғанда ұнтасыз ба?

    4. Әріптестеріңіздің сыйластығы мен сеніміне иесіз бе?

    5. Сіз саусыз ба?

    6. Ешқандай қайтарым алмай, таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыс істеуге дайынсыз ба?

    7. Адамдармен қарым-қатынас жасағанды және жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

    8. Басқалардың қабылдаған бағыттарының дұрыстығына адамдарды сендіріп, өз сеніміңізді жұқтыра аласыз ба?

    9. Сізге басқалардың ойлары мен идеалары түсінікті ме?

    10. Сіз жұмыс бастағыңыз келген салада жұмыс тәжірбиеңіз бар ма?

    11. Бухгалтерлік есепке кіріспе, кірістер жөнінде декларацияны құру, жұмыс ақыны төлеу калькуляциясы, салық салу ережелерін білесіз бе?

    12. Сіз ұсынғалы жатқан тауарға сіздің қалаңызда немесе облысыңызда сұраныс болады ма?

    13. Қаржы және маркетинг саласында базалық дайындығыңыз бар ма?

    14. Сол қаладағы немесе облыстағы сіздің профиліңіздегі кәсіпкерлердің жұмысы жақсы жүруде ме?

    15. Сіздің мысалыңызда жалға алатын ғимарат бар ма?

    16. Өзіңіздің кәсіпорыныңызды алғашқы жылы қолдау үшін жеткілікті қаржыңыз бар ма?

    17. Алғашқы капиталға иесіз бе? Сіздің құрған ісіңізге туыстарыңыз бен таныстарыңызды қаржылай көмекке шақыру мүмкіндігіңіз бар ма?

    18. Сізді қажетті материалдармен жабдықтаушы фирма мысалыңызда бар ма?

    19. Сізге қажетті білім мен тәжірбиеге ие маманды білесіз бе?

    20. Өз ісіңіздің болуы – бұл сіздің басты арманыңыз екеніне сенімдісіз бе?


Нәтижелері.
Әрбір жағымды жауап 1 баллмен бағаланады.

17-ден жоғары. Кәсіпкерлікте табысқа жету үшін барлық қажетті қасиеттерге иесіз.

13-17 балл. Сіздің кәсіпкер ретінде табысты болатыныңыз анық емес. Кәсіпкердің барлық жауапкершілігіне дайынсыз ба? Тағы да бір ойланыңызшы.

13-тен төмен. Кәсіпкер ретіндегі сіздің мүмкіншілігіңіз төмен.

Ренжімеңіз! Кәсіпкерлік жөнінде әдебиеттер оқып, өмірден кәсіпкерлікті үйреніңіз, өзіңізге қызықты деген істе тәжірбие жинаңыз. Сәттілік тек мақсатқа талпынған және қайсарларға беріледі.


«Өз бойыңыздағы менеджер потенциалын бағалаңыз» тесті.

Төменде келтірілген сөйлемдерді оқып, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.



    1. Табысқа жетудің бір бөлігі болып өндірістік тәжірбие табылады.

    2. Сіздің келесі сатыға көтерілуіңіздің негізі бастығыңызбен жүзеге асады. Сіз оны түсініп, оның күткеніндей етіп өзіңізді өзгертуіңіз керек.

    3. Карьерлік прогрестің функционалдық алға шарты – ойынға бірлесіп қатысу, ойнайтын команда және де ойынның ережелерін орындау болып табылады.

    4. Сіз күнделікті фрустрацияны жеңу үшін әдетті дамытуға мұқтажсыз.

    5. Өткен іс кедергі келтірмейтіндей етіп, өзіңізді ылғи да болашаққа дайындауыңыз қажет.

    6. Сізде жақсы іскерлік сезімнің және жақсылық істеймін деген қалаудың болуы қажет.

    7. Бастығыңыздың маңызды қызмет орындарын алуы, сізге тиімді болып, өз септігін тигізуі мүмкін.

    8. Өзіңізді әбден қажетті етіп жоғарыға ұмтыласыз.

    9. Менеджментте «жалғыз қасқыр» болу жат нәрсе, ол сіздің карьераңызды бұзуы мүмкін.

    10. Басқарушылық карьерада табысқа жету үшін бастапқы талап – басқарудағы дағдыларыңызбен білімдеріңізді кеңейту болып табылады.

    11. Лидерлік, әкімшілік және де техникалық дағдыларыңыздан түсініктеріңіз қалыптасады.

    12. Біліміңізді жалғастырып өзіңізді дамыту сіздің өмірлік жолыңыз болып табылады.

    13. Сіздің басқарушылық карьераңызды ұйымдар, сіз жұмыс істейтін адамдар және сіз бақылап отырасыздар.

    14. Сіз аямауды және өз жетістіктеріңіз үшін мақтануыңызды үйренуіңіз қажет.

    15. Сіз менеджер болғандықтан – жұмысты өзіңіз емес, біреудің көмегімен істеуіңіз керек.

    16. Сіз өз отбасыңызға жеткілікті уақыт бөлесіз. Егер сіз толық қанды отбасылық өмірді қаласаңыз, ең жаман жұмыспен қанағаттануыңыз қажет.

    17. Сіздің карьерлік жетістіктеріңіз және имиджіңіз үшін сыртқы келбетіңіздің, киіміңіздің, үлгіңіздің үлкен мәні бар.

    18. Басқарушылық карьералық табыстың маңызды критериі ұйымдастыру саясатын қолдау және ерікпен келісі. Ұйымның қызығушылықтары бірінші орында болуы керек.

    19. Сіз жариялық түрде конформист және ресми емес түрде индивидуалист болғанды қалайсыз.

    20. Сіз демеуші және жетекші болғанды қалайсыз.

Позитивті жауаптардың жалпы санын шығарып, оны беске көбейтіңіз. Алынған нәтижені сіздің басқарудағы потенциял деңгейімен менеджердің табысқа жету деңгейін проценттеп талдауға болады.



«Қағазбен жұмыс істеу стиліңіз» тесті.





Бүтіндей әділ

Бәлкім әділ

Тіпті олай емес

Мүлде олай емес

1 топ. Менде жұмыс көп кезде, жаңа қағаздарды шетке бөліп қоямын.
Басқа істерім көп болмаған кезде, қағаздардың көп бөлігін өзім өңдеймін.
Оқылмаған қағаздар мені ашуландырады, сондықтан корреспонденцияны өзім оқимын, өйткені оны ешкім өңдей алмайды.
2 топ. Жұмысшыға маңызды құжатты дайындауды бұйырған кезде, маған ішкі қарсылықты жеңуге тура келеді.
Маңызды емес құжаттардың көп бөлігін менің жұмысшыларым орындайды.
Қызметтегі реніштік жағдай шынайы болғанда ғана біреуден көмек сұраймын.
3 топ. Ескілік қағаздарға уақыттың көпшілігі жұмсалатыны мені ашуландырады, менің қолым тимейтін кезінде қағаздарды шетке сырып тастаймын.
Маған жіберілген әрбір қағаз үшін өзімді жауаптымын деп ойлаймын.
Қызметтік хат алысу біздің ұйымда менің жұмысым мен статусыма табысты әсер етеді деп ойлаймын.
4 топ. Мен кризистік жағдайға тап болғанда, құжатқа жазуға менде уақыт болмайды.
Маған келер реніштік жағдай қызметтік баяндаманы аяқтауға мәжбүр етеді.
Менде маңызды жұмыс болған жағдайда, мен ескі құжаттарды шетке сырып қоямын.












Жинаған баллыңызды есептеңіз: әрбір «бүтіндей әділ»-3 балл, «бәлкім әділ»-2 балл, «тіпті олай емес»-1 балл, «мүлде олай емес»-0 балл. Сұрақтардың төрт тобы бойынша баллдарын бөлек жинақтау қажет.

Егер сіз бірінші топ бойынша 7 және одан көп болса, онда сіз «супер орындаушысыз», жұмысшыларыңызды қағаздық жұмыспен жүктемей-ақ барлығын өзіңіз істеуге бейімсіз. Егер сіз 4-ші топ бойынша аз балл (5 және одан жоғары) жинасаңыз сізге «кешіктірушілік» қасиеті тән. Бұл сіздің атағыңызбен карьераңыз – қатер үстінде екенін білдіреді. Сіздің ылғи бос болмауыңыз жоғарыдағы басшылыққа ұнауы мүмкін, әріптестеріңізбен қол астыңыздағылардың сыйластығын және қызметте көтерілуіңізге кепілдік бермейді.

Егер сіз 2ші топ бойынша 7 немесе одан көп балл жинасаңыз онда сіз «талдаушысыз» Қазіргі басқару жөніндегі ғылымның маңызды ережелерінің бірі – міндетті бөлу. Егер дұрыс бөлетін болсаңыз ол сіздің жұмысыңызды жеңілдетеді.

Егер сіз 3ші топ бойынша 7 немесе одан көп балл жинасаңыз, сізге «антибюрократ» қаситі тән және сіз қағаздық жұмыстың маңыздылығын ескермеуге бейімсіз. Егер сіздің жұмысыңызда қағаздық жұмыс көп және оған көп көңіл бөлетін болса, мұндай әдет сізге қиындық туғызады. Сондықтан сізге қағаз деген қарым – қатынасты қайта қарау керек немесе қағаздық жұмысы аз жұмысқа ауысы керек.

Егер сіз 4ші топ бойынша 3 немесе одан төмен жинасаңыз сіз қағаздық жұмысқа селсоқ қарайсыз, сіздің қарауыңызды талап ететін басқада жұмыстар бар екенін ұмытасыз. Егер сіз осы топ бойынша 7 немесе одан көп балл жинасаңыз сізде «кешіктірушілік» көп, сондықтан сіз басшылардан сөгіс көп естисіз. Құжатқа диференциялдық жақындық және бөлуді кеңіне қолдану сізді құтқарады.

Егерде 4 топ бойынша жинаған баллыңыз бірдей немесе 3-5 арасында болса, қағазбен жұмысқа жақсы көңіл бөлесіз, «қағазбен жолы болмаушылық» қасиет сізде жоқ.

Бұл әрине жағымды, бірақ күнделікті түсетін қағаздармен жұмыс істеу қйын. Қағаз айналымды қысқарту мүмкін бе?









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет