Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары (ЛҚХПТ)
Требования промышленной безопасности к
устройству и эксплуатации лифтов
(ТУБЭЛ)
Астана – 2010
ӘОЖ 621.86/.87
ББК 39.9
П 60
Шығаруға жауапты:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚХПТ)
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК. Астана, 2010. – 246 б.
ISBN 978-601-278-019-2
Осы Талабы Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы негізінде заңнамалық актілер, мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке ала отырып өңделді.
Талап электр лифтілерінің жұмысын жобалау, орнату, пайдалану, техникалық диагностика жасау және диспетчерлік бақылау жасаумен айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың қолданылуына арналған.
УДК 621.86/.87
ББК 39.9
П 68
Ответственные за выпуск:
Республиканское государственное предприятие «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Требования промышленной безопасности к устройству и эксплуатации лифтов (ТУБЭЛ)
РГП «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности». Астана, 2010. – 246 с.
ISBN 978-601-278-019-2
Настоящие Требования разработаны на основании Закона Республики Казахстан «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах», с учетом требований законодательных актов, государственных стандартов и иных нормативно-технических документов.
Требования предназначены для использования руководящими работниками и специалистами, занимающимися проектированием, установкой, эксплуатацией, техническим диагностированием и диспетчерским контролем за работой электрических лифтов.
Л 2705140500
00(05) – 09
РГП «ННИЦ», 2010
ISBN 978-601-278-019-2
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы «25» шілдедегі
№ 132 бұйрығымен
бекітілген
Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары (ЛҚХПТ)
1-тарау. Жалпы тәртібі
1. Бұл Талап өнеркәсіптік қауіпсіздікті анықтайтын техникалық нормаларға талап қояды:
1) үйкеліспен жетектелетін, барабанмен немесе жұлдызбен қоса жетектелетін электрмен қозғалатын лифтердің құрылғысы мен қондырғысына;
2) пайдалануға бергенде және пайдаланғанда, лифтілерді диагностикадан өткізерде және лифтілердің жұмыс істеуі кезінде диспетчерлік бақылауға алуға.
Осы Талап тау - кен және көмір өнеркәсібінде, кемелер мен басқа да қалқып жүретін қондырғыларда, теңіздегі барлау мен бұрғылау үшінгі платформаларда, ұшақтар мен басқа да ұшу аппараттарында орнатылатын лифтілерге тарамайды.
2. Бұл Талабының қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі талаптары:
1) пайдаланушыларға;
2) қызмет жасаушыларға;
3) өте қауіпті өндіріс объектілерінде бақылау жүргізуші тұлғаларға;
4) шахта лифтінен, машина және блоктан жасалынған бөлмелерден (олар болса) тыс жердегі адамдарға және лифтілерді өз мақсатында пайдаланған обьектілерді қорғау.
3. Лифтінің құрал - жабдығының құрылымы егер оның көлемі мен салмағы немесе жабдықтың қорамы оны қолмен атқаруға мүмкіндік бермесе, оны жүк көтергіш құралдарын қолданумен жылжытуды қамтамасыз етеді.
4. Әрбір жеткізілген лифтінің (лифтіні пайдаланатын жерде жинақтау үшін көзделген лифт жабдығының жиынтығы) төмендегідей құжаттар пакеті болады:
1) лифтінің паспорты және осы Талабына тиісті 1-қосымшаға сәйкес оған қоса құжаттар:
жинақтау сызбасы;
принципті электрлік схемасы- схеманың элементтер тізбегі және ажырататын электрлік схемасы (электражыратқыш);
лифтіге берілген сертификаттың көшірмесі, өртке қарсы есіктер және лифтінің басқа да элементтері;
лифті пайдалануға болатын рұқсаттың көшірмесі.
Жоғалған паспорттың көшірмесін осы Талаптын 1-қосымшасына сәйкес лифт бойынша мамандандырылған ұйым жасайды;
2) пайдалануға байланысты басшылыққа алатындар:
лифтінің қысқаша сипаттауы;
лифтіні қауіпсіз пайдаланудың жағдайы мен талабы, соның ішінде:
техникалық қызмет, жөндеу, лифтіні техникалық диагностикадан өткізу тәртіптері;
кабинадан адамдарды қауіпсіз көшіру әдістемесі;
тез тозатын тетіктердің тізімі;
3) лифтінің пайдалану мерзімі көрсетілген нұсқау:
құрастыру жөніндегі нұсқау;
жарақтар құралдарының бөлшектер мекемелері (одан әрі - ЖҚБ) мекемелері, шартқа отыру кезінде лифтіге заказ берушінің белгілеуі бойынша дайындаушының немесе жеткізушінің ұсынысымен қосалқы бөлшектер, құралдар, жарақтар мен материалдар жеткізілген жиынтықтың ішіне енеді.
Лифтіні жеткізгенде жиынтық ішіне іске қосу-реттеу жұмыстары үшін қосалқы бөлшектер жиынтығы енеді;
лифтімен бірге құжаттардың тізбесі.
Лифтіні жеткізуші толымдау мен құжаттардың түгендігін бақылайды.
Бірнеше лифтілердің бір моделін жеткізгенде құжаттар жиынтығының саны жеткізуші мен лифтіге заказ берушілері арасындағы шарт бойынша белгіленеді, бірақ, ол 5 лифтіге бір жиынтықтан кем болмауы керек, мұндайда әр лифті паспортпен қамтамасыз етіледі.
Басқа елдерден жеткізілетін лифтілер қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттармен толымдалады.
5. Жабдықтарды орналастыру кезінде жинақтауды жүргізетін және лифтілерді жөндейтін ұйымның сызба жинақтауына өзгеріс енгізуге болады, құрастыру, лифтілерге техникалық қызмет және жөндеуді жүзеге асыруға болады, тек бұның жүкшығырдың 180 0 бұруын өзгертуге қатысы жоқ.
Енгізілген өзгерістер маманның қолы қойылып, өзгеріс енгізген ұйымның мөрімен расталады.
6. Жиынтықтан немесе лифтілік жабдықтарды дайындаушылардың ақауларын тапқан кезде, осы жабдықтарды әкелушілерге талап қойылады.
7. Лифтінің құрылымы ол сынған кезде немесе лифті энергиямен қамтамасыз етілмеген жағдайда оның кабинасынан адамдарды шығаруға мүмкіндік береді.
Эвакуацияны жүзеге асыруды адамдарды қауіпсіз шығару әдістемелігімен үйренген персонал қамтамасыз етеді.
8. Лифтінің құрылымы кабинаны ұстағыштардан төмендегі әдістермен алып қалуға мүмкіндік береді:
1) жетекке әсер ететін қолмен, құрылғының көмегімен;
2) электржетектің көмегімен;
3) стационарлық немесе алып жүретін жүк көтергіш құралының көмегімен.
9. Пайдалану жұмысының режимі кезінде кабинаның автоматты түрде тоқтауы + 35 мм мөлшерінде болады.
10. Кабинаның жүріс шапшаңдығы көрсетілген шапшаңдықтан ауытқуы 15 % артық болмайды.
Терминдер және олардың анықтамасы
11. Башмак – лифт тораптары жағдайын, бағыттағыштарға қарай қамтамасыз ететін құрылғы.
12. Ауытқушы блок (бұру, бағыттаушы) – қажетті бағытта арқанды бұратын құрылғы.
13. Блок бөлмесі – блоктарды орнату үшінгі жеке бөлме.
14. Буфер – ең шеткі жұмыс жағдайына көшкенде жылжып келе жатқан кабинаны (теңсалмақты) амортизациялайтын және тоқтаттатын құрылғы.
15. Пайдалануға беру - өзінің мәніне байланысты лифтінің дайындығын тіркейтін және белгіленген тәртіппен құжатты рәсімдейтін оқиға.
16. Кіріспе құрылғысы –лифтінің кіре берісінде электрмен қамтамасыз ететін желінің кернеуіндегі қуатты беретін және түсіретін негізгі роль атқаратын электротехникалық құрылғы.
17. Басқару түрлері – лифтіні өз мағынасында пайдалану кезіндегі басқаруда команда беру тәсілдерінің жиынтығы.
18. Іштен басқару – басқару түрі, ондайда лифтіні жіберуді басқару командасы тек кабинадан беріледі.
19. Жұмсақ тарту элементі – элемент кабина ілінген (теңсалмақ) және тарту күшін беруге арналған (арқан, шынжыр, қайыс).
20. Топтық басқару – екі және одан көп лифтілерді бірлесе басқарудың басқару жүйесі.
21. Басқару командасы – лифтіні пайдаланатын жолаушының немесе қызмет көрсететін персоналдың, немесе басқару жүйесінің өзі құрастыратын басқару жүйесіне берген командасы.
22. Жүкшығыр – лифт кабинасының қозғалысын қамтамасыз ететін, тарту күшін құрастыруға арналған электрқозғағышы бар электромеханикалық құрылғы.
23. Барабанды жүкшығыр – тартқыш элементтерді барабанға қатты бекітудің және барабанмен үйкелістің арқасында пайда болатын тартқыш күш – жүкшығыр.
24. Шкивті немесе үйкелісті барабанды жүкшығыр – шкивпен тартқыш элементтердің немесе барабанмен үйкелістің есебінен пайда болатын тартқыш күш жүкшығыр.
25. Жұлдызшалы жүкшығыр – жұлдызшаның тартқыш шынжырмен ілінуінің есебінен пайда болатын тартқыш күш – жүкшығыр.
26. Лифт – кабинадағы адамдарды және (немесе) жүктерді көтеру және түсіруге арналған, қатты тікжол бойынша қозғалатын, қисаю тік бұрышы 15 0 аспайтын, мерзім сайын іске қосылатын стационарлық жүк көтергіш машина.
27. Лифтінің жабдықтары – лифтінің құрамына кіретін жеке тараптар, механизмдер мен құрылғылар.
28. Ұстағыштар – жұмыс шапшаңдығын асырғанда немесе тартқыш элементтердің үзілгенінде кабинаны тоқтату және ұстап тұру үшін көзделген қауіпсіз құрылғы.
29. Байыппен тежеу ұстағыштары – жұмсақ элементтерді құрастыратын (серіппе және сол сияқтылар) тежегіш органға ықпал ететін (сына, колодка және сол сияқтылар) күш мөлшерін анықтайтын деформация – ұстағыштар.
30. Кенет тежейтін ұстағыштар – жұмсақ элементтері болмайтын ұстағыштар.
31. Машина бөлмесі: лифтердің жабдықтарын орналастыратын жеке бөлме.
32. Көпқабатты шыны – полимерлі пленка арқылы екі және одан көп шыныларды бекіткен пакет.
33. Құрастыру сызбасы – сызбаның негізінде лифтінің жабдықтары орнатылады және құрастырылады.
34. Сырттан басқару – бұл басқару түріне лифтіні жіберу деген басқару команда тек қабаттар алаңшаларынан беріледі.
35. Нақтылы жүккөтергішті – ең ауыр жүкті тасуға арналған лифт.
36. Нақты шапшаңдық – лифт жабдықтары есептелінген кабина жүрісінің шапшаңдығы.
37. Жеке басқару – бір лифтінің жұмысын басқару жүйесі.
38. Кабина еденінің пайдалы алаңы - кабина қабырғасы мен есіктерінің ішкі қабаттарымен шектелген (айқара ашылатын есіктің жармасы жауып жататын және поручендер алаңшасын алып тастағандағы) кабина еденінің алаңы.
39. Приямок – төменгі қабат алаңшасының шеткі деңгейінен төмен жатқан лифт шахтасының бөлігі.
40. Жұмыс шапшаңдығы – номиналды шапшаңдық шамасынан 15 % ерекшеленетін лифт кабинасы қозғалысының нақты жылдамдығы.
41. Кабинаның жұмыс кезіндегі жарығы – кабинаға қалыпты жарық беретін электрлі стационарлық жарық беру.
42. Басқару режимі – басқару жүйесі қамтамасыз ететін лифт жұмысының қызмет мүмкіндігінің жиынтығы.
43. Басқару жүйесі – лифт жұмысын қамтамасыз ететін басқару құрылғысының жиынтығы.
44. Аралас басқару – бұл басқару жүйесіне лифтіні жіберуді басқаратын команда кабинадан да, қабаттар алаңшаларынан да беріледі.
45. Жинақтау басқармасы – аралас басқару, мұндайда бір команда тіркелгеннен кейін, келесі команда да және басқасы да тіркелуі мүмкін, осы жағдайда басқару командасын орындау белгіленген бағдарламаға тиісті жүзеге асады.
46. Лифт бойынша арнаулы ұйым – тиісті қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдар мен білікті мамандары бар ұйым.
47. Техникалық қызмет көрсету – лифтінің қалыпты жұмысы мен қызмет мүмкіндігін қолдау жөніндегі орындалатын операциялардың (жұмыс) жиынтығы.
48. Кабинаның дәл тоқтауы (дәл тоқтау) – кабинаның автоматты тоқтауынан кейінгі кабина едені деңгейі және қабат алаңшалары деңгейі арасындағы тік қашықтық.
49. Қауіпсіз құрылғы – лифтіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құрылғы.
50. Қауіпсіз тізбегі – қауіпсіз электрлі құрылғыны ұстайтын электрлі тізбек.
51. Электроқозғағыштың бас тогының тізбегі – электр қуатын электроқозғағышқа беруді көздеген элементтері бар – электр тізбегі.
52. Күш тізбегі –электр энергиясының бөлігін өндіру немесе беру оның қызметі болып табылады, оны тарататын, басқа да маңызды параметрге энергия тарататын, оны өзгертетін элементтері бар электр тізбегі.
53. Басқару тізбегі – электрожабдықтарды іске келтіретін және (немесе) жеке электр құрылғыларын, немесе олардың параметрін өзгертетін жеке электр құрылғылы, элементтері бар электрлі тізбек.
54. Шахта – онда кабина, теңсалмақ, қозғалатын және (немесе) кабинаның құрылғысын теңестіретін кеңістік.
55. Қауіпсіз электрлі құрылғы – лифтіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін электрлі құрылғы.
56. Экспертті ұйым – өнеркәсіп қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге аттестаты бар ұйым.
2-тарау. Құрылыс бөлігіне қойылатын жалпы талаптар
57. Лифтінің жабдықтарын орналастыру үшін оның құрылыс бөлігі пайдаланған және сынақтан өткізген кезде пайда болатын ауыртпалықтарға, сондай-ақ, барлық тартқыш элементтердің үзілген кезіндегі ауыртпалықтарға есептелуі тиіс және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес болады.
58. Лифтіні орнату үшін құрылыс бөлігі өрт қауіпсіздік талаптарына сай болады.
59. Лифті жабдықтарын орналастыру үшін жылу беру қондырғылары мен бөлмелерді желдеткішпен жабдықтау оны пайдалану барысында дайындаушылар қоятын талаптарға сәйкес ғимараттарды (құрылыстарды) жобалаған кезде қойылады.
3-тарау. Шахта
60. Лифтінің шахтасы адамдар немесе жабдықтар болатын жалғасып жататын алаңшалар мен сатылардан, қабырғалар мен едендерден немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан бөлек болады.
61. Кабина, лифтінің теңсалмағы мен кабинаны тең ұстайтын құрылғы бір шахтада болады.
62. Толық қоршалған шахта.
Лифт шахтасының қоршауында мынадай саңылаулар мен ойықтар болуына рұқсат етіледі:
1) әр қабаттың алаңшаларында лифт шахтасының есік ойығы;
2) қызмет көрсету үшін есіктер ойығы және апатты есіктер, сондай-ақ, байқау люгінің саңылауы;
3) өрт бола қалған жағдайда газ бен түтінді сыртқа шығаратын тесік;
4) желдеткіш саңылаулары;
5) лифтінің жұмыс істеуіне қажетті және лифт шахтасы мен машина немесе блоктау бөлмелер арасында орналасқан саңылау.
63. Бірен - саран жері қоршалған шахта және толықтай емес (торлы және соған ұқсас) шахта қоршаулары.
Тұтастай қоршаудың биіктігі (1-сурет) адамдардың қолдары жететін жерінде мынадай болады:
1) әр қабаттағы алаңшаларда лифт шахтасы есігі жағынан 3,5 м кем болмайды;
2) егер лифтінің қозғалатын бөлігіне дейінгі қашықтық 0,5 м артық болмаса, онда басқа жағындағы арақашықтық 2,5 м кем болмайды.
1-сурет. Лифтінің қозғалатын элементтеріне дейінгі арақашықтық
А – лифтінің қозғалатын элементтерінің арақашықтығы;
Б – қоршау мен қабатаралық жабының шеті арасындағы; баспалдақ пен
алаңшалар қашықтығы;
Н1 – қабат жақтағы алаңшалар қоршауының биіктігі;
Н2 – басқа жақтардағы қоршаудың биіктігі.
Егер лифтінің қозғалмалы бөлшектеріне дейінгі қашықтық 0,5 м –денасатын болса, онда 2 м қашықтықтағы биіктікті 1,1 м кем болмайтын 2,5 м мөлшерді бірте - бірте кемітуге болады (2 сурет).
Қоршау және қабатаралық жабынның, баспалдақтар мен алаңшалар арасының қашықтығы 0,15 артпайды.
2-сурет. Шахта қоршауы биіктігінің қозғалмалы лифт элементтеріне дейінгі қашықтығына байланыстылығы
А – қозғалмалы лифт элементтеріне дейінгі қашықтық; Н – қоршау биіктігі.
1-параграф. Шахтаның қоршауы
64. Шахта лифтінің тұтастай қоршауы аумағы 5 см 2 дөңгелек немесе шаршы алаңшарға тең бөлінген және оның қай бір жеріне тік бұрышты қойылған серпілмелі деформациясы 15 мм аспайтын, осындайда қалдық деформациясына рұқсат етілмейтін 300 Н тең ауыртпалыққа төзеді.
65. Адамдар жүруге қолайлы жерлердегі шахталарды қоршау үшін қолданылатын жалпақ немесе қалыптаулы шыны панелдер көп қабатты шынылардан дайындалуы керек және оның биіктігі осы Талабының 18-тармағына сәйкес болады.
66. Лифтіні бағыттаушының әрқайсысының астындағы приямка едені, аспалы бағыттаушыны қоспаған жағдайда, ұстап қалғыштар іске қосылғанда пайда болатын күштің қосындысы бағыттағыштардың массасын құрайтын жүктемеге есептелінеді.
67. Кабина буферінің тіреуі астындағы приямка едені формула бойынша анықталатын статикалық жүктемеге есептелінеді.
4gn х (К+Q) (Н) (1)
Мұнда К – кабина мен кабинаға ілінетін құрылым элементтерін құрайтын массасы (арқан мен шынжырды теңестіретін және басқалары сияқты аспалы кабельдің бөлігі) кг;
Q – нақтылы жүк көтергіш (масса) кг;
gn – еркін құлама жылдамдығының мөлшері (9,81 м / с 2 )
68. Буфер теңсалмағы тіреуінің астындағы приямка немесе жылжып тұратын теңгермелі жүк формула бойынша анықталатын статикалық жүктемеге есептелінеді:
теңсалмақ үшін – 4 gn х (К + каппа Q) (Н) (2)
кабинаны теңгермелі құрылғы үшін – 4 gn х каппа К (Н) (3)
Мұнда К – кабинаға ілінетін (арқан мен шынжырды теңестіретін және басқалары сияқты аспалы кабельдің бөлігі) кг; кабина мен құрылым элементтерінің массасы;
Q - нақтылы жүк көтергіш (масса) кг;
gn – еркін құлама жылдамдығының мөлшері (9,81 м / с 2 );
каппа – нақтылы жүк көтергішті теңсалмақпен теңгеру коэффиценті немесе кабина массасын кабинаны теңгеретін құрылғымен теңгеретін коэффицент.
69. Лифт приямоктың астында адамдарға қолайлы бос жер (бөлмелер) болған жағдайда, приямиктің тірегі 5000 н/м2 кем болмайтын жүктемеге шыдайтыны есепке алынады, ал кабинаның теңсалмақ немесе теңестіру құрылғысы ұстағышпен жабдықталады.
70. Ілінетін бағыттағыштар бекітілетін жерлері ұстапқалғыштар іске қосылғанда пайда болатын күштің қосындысы бағыттағыштардың массасын құрайтын жүктемеге есептелінеді.
71. Шектес қабаттағы алаңшаларындағы шахта лифтілерінің есіктер босағаларының қашықтығы 11 м артық болған және жолаушылардың лифтінің бір кабинасынан көршілес лифтінің кабинасына өте алмаған жағдайда шахта есіктер ойығы босағаларының биіктігі бойынша қашықтығы 11 м артық болмайтын апат есіктері орнатылады.
Лифт шахтасына жанасатын алаңшалар болмаған жағдайда апатты есіктерді орнатпауға болады (апатты есіктерді орнатуға қажетті аумақта) адамдарды эвакуациялауға болатын.
72. Желдеткіш саңылаулар диаметрі 21 мм шарик өтпейтін тесігі бар оған жанастырып, торға тік қойғандағы жүктеме 10 Н тормен жабылады. Тордың механикалық беріктігі осы Талабының 19-тармағындағы талаптарға сай болады.
73. Лифт шахтасының ішкі тысы қабаттар алаңшаларындағы қайбір шахта есігінің босағасынан төмен болуы мынадай талаптарға сай болады:
1) шахта лифтінің есіктерімен тікелей қосылған, тік қойылған сырты тұтастай жылтыр биіктігі есік ашылғандағы аумақтың жартысынан кем болмайтын плюс 0,05 м, ал ені кіретін кабина есігінің жарықтағы ойығынан кем болмайтын екі жақ бойынша 0,025 м;
2) 5 мм асатын шығыңқы болмасын. 2 мм асатын шығыңқылар көлденеңінен 750 кем болмайтын қиякесік бұрышы болады;
3) келесі есіктің ойығы үстіндегі далдашпен жалғасуы керек немесе көлденең тегістік бұрышы 600 кем болмайтын қатаң жылтыр қиякестігі төмен созылады. Осы қиякестік проекциясының көлденең тегістігінің ұзындығы 20 мм кем болмайды.
74. Теңсалмақ немесе кабинаның теңестіру құрылғысы қозғалысының аумағы қызмет көрсететін персонал үшін қолайлы жақтан приямка едені деңгейінің үстінен биіктігі 2,5 м кем болмайтын қоршау болады. Приямка едені деңгейі мен қоршаудың төменгі жағының ара қашықтығы 0,3 м аспайды.
Қоршаудың ені (стационарлық немесе алынатын) теңсалмақ енінен плюс 0,1 м әр жағынан кем болмайды.
Қоршауда тесіктер болған жағдайда осы Талабының 3-қосымшасына сәйкес қоршау мен жылжымалы бөлшектердің арақашықтығына байланысты механизмдердің жылжымалы бөліктерінің қоршауындағы тесіктердің өлшеміне деген талаптар орындалады.
Мынадай жағдайда қоршауды орнатпауға болады:
1) буфердің толық қысым жағдайында болған теңсалмақтың төменгі нүктесі мен приямка едені деңгейінің арасы 2,5 м артық болғанда;
2) теңсалмаққа бекітілген орнын толтыратын - арқан мен шынжырдың аумақтан өткен кезінде.
75. Шахтада бірнеше лифтілер болуы мүмкін. Бұл жағдайда әр лифтінің жылжымалы бөліктерінің арасында қоршаулар орнатылады.
Қоршау приямканың еденінен немесе кабинаның қозғалғандағы, теңсалмақтың немесе кабинаның теңгермелі құрылғысының төменгі нүктесінен басталуы керек және төменгі қабаттың алаңшалары еденінің деңгейі үстінен 2,5 м төмен болмайды.
Бір лифті төбесінің шетінен кабинаның, теңсалмақтың жылжымалы бөліктері немесе іргелес лифті кабинасының теңгермелі құрылғысының арақашықтығы 0,5 м кем болса, шахтаның тұтастай биіктігі бойынша қоршау орнатылады.
Шахтаның тұтастай биіктігі бойынша орнатылған қоршаудың ені жылжымалы бөлшектердің енінен немесе қоршалынатын кейбір элементтерден кем болмайды, әр жағынан плюс 0,1 м.
Қоршауларда тесіктер болған жағдайда 3-қосымшасының талаптары орындалады.
2-параграф. Шахта лифтісінің биіктігі
76. Арқанды тартатын шкиві бар жүкшығырмен немесе үйкеліс барабынмен жабдықталған шахта лифтінің биіктігі теңсалмақта, буфердің толық қысым жағдайындағы бір мезгілде қамтамасыз етіледі:
1) бағыттаушы бойынша кабинаның төмендегі формула бойынша қашықтыққа жылжуы:
(0,1 + 0,035 v2 ) х (м); (4)
0,035 V 2 мөлшері нақты жылдамдықтан 15 % асқандағы кабина тежеуіш ұзындығының жартысына сай келеді:
2) кабина төбесіндегі қызмет жасайтындар үшін алаңшалардағы және шахта жабынның төменгі жағында кабина проекциясында орналасқан деңгей арасындағы саңылау (арқалық пен жабынның астында орналасқан құрылым элементтерін қоса есептегенде), 1,0 + 0,035 v 2 (м);
3) шахта жабынының төменгі бөлігі мен бағыттаушы башмактардың немесе аунақшалардың, бекітілген арқандардың, далдашалардың немесе жайылмалы тік ашылатын есіктердің бөлшектерінің арасындағы саңылау 0,1 + 0035 v 2 (м) кем емес;
4) өзінің бір жағында жатқан мөлшері 0,5 x 0,6 x 0,8 м кем болмайтын параллепипедті орналастыру үшін кабинаның үстінде бос кеңістік болады. Лифтілердің тікелей аспалы жабдығы, тартқыш арқаны мен олардың бекітілуі параллелепипедтің тікелей үстінің біреуінде орналасқан арқандардың қашықтығы 0,15 м аспаса, онда осындай кеңістікте бола алады.
77. Арқанды тартатын шкиві немесе үйкеліс барабаны бар жүкшығырмен жабдықталған лифт кабинасының буфері толықтай қысымда болған кезде теңсалмақтың бағыттаушысы бойынша 0,1 + 0,035 v 2 (м) қашықтыққа жылжуына мүмкіндік болады.
Ырғып кетуге қарсы құрылғымен жабдықталған (тежейтін немесе тиекпен жабдықталған) шығырмен тартылатын теңгермелі арқанмен қамтамасыз етілген лифтілер үшін саңлауды есептеу кезіндегі 0,035 v2 мөлшерді (қолданылатын запасовкаға байланысты) шығырдың қозғалуы мүмкін деген мөлшерге ауыстыруға болады, кабина биіктігінің көтерілуі плюс 1/500, бірақ арқандардың серпімділігін ескере отырып, 0,2 м кем болмайды.
78. Барабан немесе жұлдызшамен жабдықталған шығыры бар лифті бағыттаушысының биіктігі, кабинаның жоғары қабаттың деңгейінен қашықтығы 0,5 м кем болмайтын жоғары буферге дейін жылжуына мүмкіндік береді.
79. Барабаны бар жүкшығырмен немесе жұлдызшамен жабдықталған лифт кабинасының болуы жоғары қабаттың деңгейінен, жоғары буферлердің толықтай қысымдағы жағдайында қамтамасыз етіледі:
1) кабина төбесіндегі қызмет жасайтындар үшін алаңшалардағы және шахта жабынның төменгі жағында кабина проекциясында орналасқан деңгей арасындағы саңылау (арқалық пен жабынның астында орналасқан құрылым элементтерін қоса есептегенде), 1 м кем болмайды;
2) шахта жабынының төменгі бөлігі мен бағыттаушы башмактардың немесе аунақшалардың, бекітілген арқандардың, далдашалардың немесе жайылмалы тік ашылатын есіктер бөлшектерінің арасындағы саңылау 0,1 м кем болмайды;
3) өзінің бір жағында жатқан мөлшері 0,5 x 0,6 x 0,8 м кем болмайтын параллепипедті орналастыру үшін кабинаның үстінде бос кеңістік болады. Лифтілердің тікелей аспалы жабдығы, тартқыш арқаны мен олардың бекітілуі параллелепипедтің тікелей үстінің біреуінде орналасқан арқандардың қашықтығы 0,15 м аспаса, онда осындай кеңістікте бола алады.
80. Барабаны немесе жұлдызшасы бар шығырмен жабдықталған лифт кабинасы жоғары буферлердің толықтай қысымдағы жағдайында кабинаның теңестірмелі құрылғысы бағыттаушысының биіктігі оның одан әрі 0,3 м кем болмайтын қашықтыққа жылжуына мүмкіндік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |