Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт)



бет8/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#131196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Шыны панеліне қойылатын талаптар
Сынақты жүргізу үшін бағыттағыш элементтерді қоса жинақталған дайын

шыны есіктерінің панельдері беріледі. Шыны қабырға панельдері қажетті мөлшері мен бекітулері болуы тиіс. Панельдер кәсекке немесе соған сай келетін құрылғыға бекітілуі тиіс, өйткені сынақ кезінде бекіткен жердердегі деформациялардың (қатты бекемдеу) болуына жол бергізбеу керек.


3. Сынақ әдістемесі
5. Сынақ 230С ± 20С температурасында өткізілуі керек. Тікелей сынақ

алдында панельдер осы температураларда 4 сағаттан кем болмайтын уақытта ұсталынуы қажет.

6. Қатты маятниктің соққысындағы сынақ , осы тәртіптің 1-тармағында

көрсетілген құрылғының көмегімен, жоғары құлдырау биіктігі 500 мм (3 сурет) болған кезде жүргізілуі керек.

7. Қатты емес маятниктің соққысындағы сынақ, осы тәртіптің 2 тармағында көрсетілген құрылғының көмегімен, жоғары құлдырау биіктігі 700 мм (3 сурет) жүргізілуі қажет.

8. Маятник қажетті биіктікке көтерілуі тиіс содан кейін жіберілуі керек.

Ол панельдің жалпақ ортасынан соғу және осы панель үшін белгіленген еден деңгейінен 1,0 ± 0;05 м болуы керек.

9. Құлдырау биіктігі базистік нүктелер (3 сурет) арасындағы тік қашықтығы бойынша анықталады.

10. Қатты және қатты емес соққыларға жүргзілетін сынақ бір реттен, сол

бір панельде өткізіледі.



4. Нәтижелерінің бағасы
Осы Талаптар орындалды деп саналады, егер осы сынақтардан кейін:

1) панельдердің толық қиратылуы болмаса;

2) панельдерде жарықшақ болмаса;

3) панельдерде саңлау болмаса;

4) панель өзінің бағыттауышынан шықпады;

5) панельдердің бағыттағыштары қалдықты деформациясы болмаса;

6) шынылардың сыртында диаметрі белгіленген жерінен басқа 2 мм

аспайтын жарықшақтар мен сынған жері болмаса.



5. Сынақ туралы есеп
Сынақ туралы есепте мынадай ақпараттар қамтылуы керек:

1) сынақты орындаған лабораторияның атауы мен мекен-жайы;

2) сынақ жүргізген мерзім;

3) панельдің мөлшері мен құрылымы туралы ақпар;

4) панельдің бекітілуі туралы ақпар;

5) осы сынақта қолданылған құлдырау биіктігі;

6) жүргізілген сынақтардың саны;

7) сынаққа жауапты адамның қолы.


6. Ерекше жағдайлар
Маятниктің соғылуына сынақты өткізбеуге болады, егер 1 және 2–кестеде көрсетілген мөлшердегі панельдер қолданылса.
1 - кесте
Кабина қабырғалары үшін пайдаланатын жалпақ шыны панельдер


Шынының түрлері

Қоршалған шеңбердің диаметрі

1 м артық емес

2 м артық емес

Ең аз қалыңдығы (мм)

Ең аз қалыңдығы (мм)

Көпқабатты төздірілген

8

(4 + 4 + 0,76)



10

5 + 5 + 0,76



Көпқабатты

10

(5 + 5 + 0,76)



12

(6 + 6 + 0, 76)


2 - кесте


Көлденең-ысырылмалы есіктер үшін пайдаланатын жалпақ шыны панельдері


Шынының түрлері

Ең аз қалыңдығы (мм

Жалпақтығы (мм)

Жарықтағы есіктің еркін биіктігі (м)

Шыны панельдерін бекіту

Көпқабатты төздірілген

16

(8 + 8 + 0,76)


360 – 720


2,1 артық ,



үстінен және астынан 2 бекіту

Көпқабатты

16

(8 + 8 + 0,76)


300 – 720


2,1 артық емес



үстінен астынан және қырынан бір бекіту 3 бекіту




10

(6+ 4 + 0, 76)



300 - 870

2,1 артық емес

барлық жағынан




(5 + 5 + 0, 76)









Үш немесе төрт жақтан бекіту үшін кестеде көрсетілген мөлшер жағдайында, бекіту профильдері бір - бірімен қатаң бекітіледі.




1-сурет. Қатты соққы үшінгі маятник
1 – соғатын сақина;

2 – жоғарыдан құлдырау үшінгі базистік нүкте;

3 – жіберетін аспаптың бекінісі.

2 сурет. Қатқылдау емес соққының маятнигі
1 – ойықты бұранды өзегі;

2 – тегістіктегі ең көп диаметрдің жоғарыдан құлдырауын өлшеу үшінгі

базистік нүкте;

3 – тері қапшық;

4 – болат диск;

5 – жіберетін тетіктің бекінісі.



3-сурет. Сынақ стендісіндегі биіктіктен құлдырау
1 – кәсек;

2 – сыналатын шыны панельі;

3 – маятник;

4 – сыналатын шыны панельіне жататын еденнің деңгейі;

Н – құлдырау биіктігі.

Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

4-қосымша



Қауіпсіз тетіктерге сынақ жүргізу тәртібі

1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Сынаққа келесі қауіпсіз құрылғылар жатады: шахта есігінің құлпы,

ұстағыштар, шапшаңдықты шектегіштер, буферлер, қауіпсіз электрлі тізбегінің төлем баспалары.

2. Қауіпсіз құрылғыларды сынауды осы қызмет түріне өткізуге

лицензиясы бар, арнаулы ұйымдардың сынақ зертханаларының мамандары өткізеді.

3. Қауіпсіз құрылғыны сынауды осы тәртіп көздеген көлемде өткізеді.

4. Қауіпсіз құрылғыны сынауды тиісті тәртіппен келісілген бағдарлама

бойынша өткізеді.

5. Қауіпсіз құрылғыны сынақтан өткізу үшін өтініш беруші (дайындаушы

немесе оның өкілетті өкілі) сынақ өткізетін зертханаға тапсырыс, осы қосымша көздеген техникалық құжаттардың жиынтығын береді, нақты қауіпсіз құрылғы үшін және қауіпсіз құрылғы үлгісін ұсынады.

6. Қауіпсіз құрылғыны сынау сынақ зертханаларының

аттестацияланған сынақ стендісінде өткізіледі. Стенділік сынақтарды дайындаушының аттестацияланған сынақ стендісінде өткізуге болады.

7. Сынақ зертханасы ұсынылған техникалық құжаттарды тексереді

және берілген қауіпсіз құрылғы үлгісін сынауды өткізеді.

8. Тексерудің және сынақтың нәтижесі бойынша осы қағиданың 2 тарауына тиісті «Қауіпсіз құрылғыны сынау хаттамасы» ресімделінеді.

9. «Қауіпсіз құрылғыны сынау хаттамасы» Өтініш берушіге беріледі.

Хаттама көшірмесі «Хаттама» мерзімі өткенше сынақ зертханасында сақталады.

10. Аттестацияланған қауіпсіз құрылғының құрылымына өзгеріс енгізу

қажет болған жағдайда Өтініш беруші сынақ зертханасы тиісті өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Сынақ зертханасы өзгерістерді тексереді және қауіпсіз құрылғыларды аттестациялау жөнінде шешім қабылдайды немесе оны сынау қажеттігін растайды.

11. Қауіпсіз құрылғыларды сынау нәтиже бермегенде сынақ зертханасы Өтініш берушіге қауіпсіз құрылғыларды табылған сәйкессіздіктер белгіленген талаптарға сай еместігін жеткізеді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін ынақ зертханасына қайта сынақ өткізу үшін жүгінуі мүмкін.
2-тарау. Қауіпсіз құрылғыны сынау

хаттамасының мазмұны
12. Хаттамада келесі ақпараттар көрсетіледі:

1) сынақ зертханасына берілген Хаттаманың номері;

2) сынақ зертханасы туралы мәліметтер (атауы, заңды мекен-жайы,

Сынақ зертханасы тіркелген аттестаттың номері, телефон - факс, сынақ стендінің тұрған жері);

3) дайындаушы туралы мәліметтер (атауы, заңды мекен-жайы, телефон -

факс);


4) дайындаушының өкілетті өкілі жөнінде мәліметтер (атауы, заңды мекен-жайы, телефон - факс);

5) тапсырыс берген дата;

6) сынақ хаттамасы берілген дата;

7) қауіпсіз құрылғы туралы мәліметтер (аты, құрылғы түрі,

сәйкестедірілген номер), сондай-ақ, осы қағиданың 3 – 7-тарауында көрсетілген қауіпсіз нақты құрылғының техникалық сипаттамасы;

8) сынақ өткізуге тиісті нормативті құжаттың атаулары;

9) қауіпсіз құрылғыны сынау нәтижесін көрсететін сынақ

лабораториясының құжаттары туралы мәліметтер (есептер, актілер және сол сияқтылары) олардың номерлері және сынақ өткізу даталарымен бірге;

10) қауіпсіз құрылғыны аттестациялаудың іс - мерзімі;

11) сынақ зертханашысы жетекшісінің қолы;

12) сынақ зертханасының мөрі (штамп).

3-тарау. Шахта есігінің құлпы
13. Сынақ заты.

Шахта есігінің құлпы осы тараудың талаптарына сәйкес тексеру үшін

сынақтан өтуі тиіс. Шахта есігін жабуға қатысатын әр элемент және жабуды бақылайтын, құлыптың құрамына кіреді.

Егер құлып қосымша талаптарға жауап беретін болса, (суөткізбейтіндігі,

шаңжібермейтіндігі немесе жарылу қауіпсіздігі), қосымша тексеру және (немесе) осы талаптарға сәйкессіздігін растау үшін сынақ өткізілуі тиіс.

14. Құжаттарға қоятын талаптар.

Құлыпты сынақтан өткізетін тапсырысқа құлыпты жинақтаған сызба қоса

беріліп, көрсетілуі керек:

1) дұрыс пайдалану жағдайындағы құлыптың жұмысы;

2) жабатын элементтің іліну мөлшері, соның ішінде қауіпсіз электрлі

құрылғының іске қосылғанында;

3) жабылудың механикалық бақылау құрылғысының жұмысы, егер осындай құрылғы болса;

4) құлыпты апатты жағдайда ашатын құрылғының жұмысы;

5) токтың түрі (тұрақты немесе ауыспалы ), нақты кернеуі және қауіпсіз электрлі құрылғының нақты тогы. Сызбада құлыптың жұмысына қатысты тетіктер көрсетілуі тиіс.

15. Сынау үшін құлыптың үлгісіне қойылатын талаптар.

Сынақты жүргізу үшін дайындалған сериялы құлыптың бір данасы

ұсынылуы керек. Егер сынау үшін құлыптың тәжірибелі үлгісі берілсе, онда сынақ сериялы үлгісінде қайтадан жүргізілуі тиіс.

Егер құлыпты сынау лифт шахтасының есігімен бірге өткізу мүмкін

болса, онда сынақ үшін толық жинақталған есікте жұмыс жағдайында қойылған құлып ұсынылуы керек. Есіктің мөлшерін, сериялы үлгімен салыстырғанда кішірейтуге болады, егер бұл сынақ нәтижесіне әсер етпесе.

Тікелей немесе жанаспа байланысты қамтамасыз ететін құрылғы (арқан,

қайыс, шынжыр және сол сияқтылар) көлденеңді-ысырмалы панельдері немесе тік-ысырмалы есіктердің арасындағылар құлып элементтері болып саналады.

16. Сынаққа қойылатын талап.

1) Қызметтік сынақ.

Сынақтың мақсаты – механикалық және электрлі құлып элементтерінің

осы бөлім талаптарына, сондай-ақ, тапсырыста көрсетілген құлып мәліметтеріне сәйкестігін тексеру. Атап айтқанда, қауіпсіз электрлі құрылғының іске қосылуына дейін жабылатын элементтің ену көлемі тексерілуі керек.

2) Сынақ мақсаты – механикалық және электрлі элементтердің беріктігі

мен ұзақ мерзімділігін растау.

Жұмыс жағдайына қойылған құлыпты басқару оған қалыпты жағдайында

ықпал ететін элементпен жүзеге асуы тиіс. Егер құлып біренеше жұмыс жағдайына қойылатын болса немесе оған әртүрлі элементтер әсер ететін болса, онда ұзақмерзімділігін сынау құлып элементтеріне күш түсіретін жағдайда жүргізілуі керек.

Сынақ өтудің алдында дайындаушы құжаттарында көрсетілген

талаптарға сәйкес құлып майлануы қажет.

Жабатын элементтің толық жұмыс циклы және орын ауыстыруы,

механикалық және электрлі санауышпен тіркелуі керек.

3) Құлыптың жабылатын элементі 1000000 ± 1 % толық циклды жасауы

тиіс, цикл – жабатын элементтің толық алға бір жүрісінен және толық бір артқы жүрісінен.тұрады.

Жабатын элементтің бір минуттағы циклы 60 ± 10 % жиілікпен түрткісіз байсалды қозғалуы қамтамасыз етілуі керек.

Егер жабатын элементтің күйін бақылау үшін құлып механикалық

құрылғымен жабдықталса, онда бұл құрылғы ұзақтығы 100000 ± 1 % циклдағы ұзақмерзімді сынаққа жатуы тиіс.

Механикалық құрылғының бір минуттағы циклы 60 + 10 % жиілікпен

түрткісіз байсалды қозғалуы қамтамасыз етілуі керек.

4) Айқара ашылатын есіктің құлпы бірте - бірте 300 с 0 ден 3000 Н ге

дейінгі статистикалық жүктемеде сыналуы қажет.

Айқара ашылатын есіктің құлпы бірте-бірте 300 с 0 ден 1000 н ға дейінгі

статистикалық жүктемеде сыналуы керек.

Жүктеме есік ашылу бағытына қарай жалғануы тиіс.

5) Динамикалық сынақ.

Құлып, жабық күйінде болғанда, есік ашылу бағытына қарай бағытталған

қатты затпен ұрумен сыналуы керек. Соққының қуаты 0,5 м биіктіктен құлдырайтын салмағы 4 кг дененің қуатына тең болуы тиіс.

6) Механикалық сынақтың нәтижесін бағалау.

Сынақ нәтижелі деп саналады, егер ұзақмерзімді статикалық және

динамикалық сынақтың нәтижесінде, оның қауіпсіздігіне әсер ететін тозығы, деформациясы немесе сынығы табылмаса.

17. Құлыптың электрлі элементтерін сынау:

1) құлыптың электр контактыларының ұзақ мерзімділігін сынау.

Ұзақ мерзімділігіне механикалық сынақ өткізгенде нақты кернеу кезінде

құлыптың электрлі контактысы тізбекті түйістіруі тиіс және ток мөлшерінің екі есе нақты маңызынан асатын болса;

2) электр тізбегін үзу мүмкіндігін сынау.

18. Шахта есігінің құлпын сынау нәтижесі:

1) сынақтың нәтижесі құжатпен рәсімделуі тиіс. Құжаттың бір данасы

Өтініш берушіге беріледі;

2) хаттамада осы Қосымшаның 2-тарауында көрсетілген ақпараттар,

сондай-ақ, нақты кернеудің мөлшері (тұрақты және (немесе) ауыспалы) және қауіпсіз электрлі құрылғылардағы контактылардағы ток туралы ақпараттар болуы керек.

4-тарау. Ұстағыштар

1-параграф. Сынақ өткізу және бірге жіберілген құжаттарға

қойылатын талаптар
19. Сынақ өткізу тапсырысында болуы керек:

1) ең төменгі және ең жоғарғы ұсталынатын салмағы;

2) лифтінің нақты шапшаңдығы, шапшаңдықты шектегіштің іске

қосылғандағы ең төменгі және ең жоғарғы шапшаңдығы;

3) реттелетін ұстағыштар үшін – реттегіш әдістері (байсалды, сатылы).

Ұстағыштарға сынақ өткізу тапсырмасына мынадай құжаттар қоса

берілуі керек:

1) құрылымы жазылған тетіктердің сызбасы және ұстағыштарды жинау

сызбасы, жұмыстары, пайдаланылатын материалдар, құрылым тетіктерінің мөлшері мен сандары;

2) бағыттағыштарға қолданылатын материалдар түрлері туралы ақпарлар,

үстіңгі жағының күйі (созылмалы, фрезермен өңдеу және сол сияқты);

3) байсалды тежейтін ұстағыштар үшін серіппелі элементтердің жүктеме

графигі;

4) әртүрлі салмақтарды ұстауға есептелінген байсалды тежегіш

ұстағыштар үшін, белгіленген параметрдің қызметі сияқты тежегіш күшінің өзгерісін көрсететін формулалар мен графиктер.

2-параграф. Тез істейтін ұстағыштар
20. Сынау үшін үлгісіне қойылатын талаптар.

Сынақты жүргізу үшін жинақталған сыналар мен қысқыштары бар екі

жиынтық ұстағыштар және олармен бірге қызмет атқаратын ұстағыштардың әртүрлі типті ұстағыштардан екі-екіден кесінді ұсынылуы керек. Егер әртүрлі бағыттағыштардың қалыңдығы бірдей және ұстағыштарға қондыру қажетті кеңдігі және сырты сондай сапамен болса, онда сынақты қайта өткізудің қажеті жоқ. Бағыттағыштар кесінділерінің ұзындығын сынақ өткізетін зертхана анықтайды.

Бағыттағыштарды орнату мен олар үшін қажетті бекіту пайдаланатын

жабдықтарға байланыстығын сынақ зертханасы анықтайды.

21. Сынаққа қойылатын талаптар.

1) Сынау әдістемесі.

Сынақ өткізгенде шапшаңдықты кенет өзгертпей, қозғалу мүмкіндігі бар

баспақты немесе сол сияқты құрылғыны пайдаланған жөн.

Мұндайда өлшенетіні:

өткен қашықтық, күштің қызметі секілді;

ұстағыштар тетіктерінің деформациясы, күштің қызметі секілді немесе

өткен қашықтықтың күшіндей.

2) Сынақ қызметі.

Ұстағыштар бағыттағыштарға орнатылуы тиіс. Олардың деформациясын

өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұстағыштардың тетіктеріне қада белгісі қойылуы қажет.

Өткен қашықтық күш қызметі ретінде тіркелуі тиіс.

Сынақтан кейінгі қажеттер:

ұстағыштар сыналарының немесе ұстағыш тетіктерінің қаттылығын

Өтініш беруші көрсеткен бастапқы мөлшермен салыстыру;

құрылымында сынықтың, деформацияның және басқа өзгерістердің

жоқтығына көз жеткізу (мысалы, жарықтар, деформация немесе ұстағыш элементтердің тозуы, бағыттағыштардың сыртында ақаудың болуы);

қажет болған жағдайда деформацияның немесе сынықтың болуын растау

үшін ұстағыштардың шығырын, ұстағыш элементтерді және бағыттағыштарды суретке түсіру.

3) Сынақты байқауды ресімдеу.

Сынақтың нәтижесі бойынша кестелер жасалынуы тиіс:

өткен қашықтық, күш қызметі секілді;

ұстағыштардың деформациясы, күш қызметі немесе өткен қашықтық

секілді.

4) Ұстағыштар жұтқан қуат, «Қашықтық күші» кесте алаңын

интеграциялау жолымен анықталады. Интеграциялау кезінде келесі алаңдар есепке алынады:

жалпы алаң – қалдық деформациясы болмаса;

егер қалдық деформациясы болса;

алаң, серіппенің шегіне жеткен кездегі мәнімен шектелген;

алаң, маңызына дейін ең көп күшке сәйкестендірілген.

5) Ұстағыш жететін күшті анықтау:

егер сынақ нәтижесінде қалдық деформациясы болмаса, онда қауіпсіз

коэфиценті кезіндегі 2 тең келетін ұсталатын рұқсат етілген салмақ мына формула бойынша анықталады:

(1)


(P+Q)1 =

K

gn x h

Мұнда (P + Q)1 = ұстауға болатын салмақ (кг);

Р – бос кабинаның және оған бекітілген элементтердің, бөлшектер

салмағы:


асылған кабельдің, теңестіретін арқандар / тізбек, және сол сияқтылар (кг).

Q – нақты жүк көтеруі (кг);

К – интеграциялау жолымен анықталған, бір ұстағыш жұтқан-қуат (Дж);

gn – бос құлдыраудың (9,81 м / с 2) жылдамдық мөлшері;

Һ – формула бойынша анықталатын бос құлдыраудың (м) биіктігі

(2)



h =

v12

+ 0,1 + 0,03

2h

Мұнда V1 – шапшаңдық шектегішінің іске қосылғандағы ең жоғарғы

жылдамдығы (м / с);

0,10 м – шапшаңдық шектегіші іске қосылған уақыттағы қашықтыққа

сәйкес;

0,03 м – ұстағыш элементтер мен бағыттағыш арасындағы саңлауды жою



уақыты кезіндегі жылжуына сәйкес.

егер сынақ нәтижесі кезінде қалдық деформациясы болса, онда ұстағыш

салмағының мөлшері формула бойынша анықталады:

қауіпсіз коэффициенті 2 – ге тең болған кезде;

(3)


(P+Q)1 =

K1

gn x h

Мұнда К1 – интеграциялау жолымен анықталған ұстағыштар жұтқан қуат

(Дж);


Қауіпсіз коэфиценті 3,5 ке тең болғанда;

(4)



(P+Q)1 =

2 x K2

3,5 x gn x h

Мұнда К – интеграциялау жолымен анықталған ұстағыштар жұтқан қуат

(Дж).

Аталған екі маңыздың бірін Өтініш беруші өз таңдағанын қабылдайды.



3-параграф. Байыппен тежейтін ұстағыштар
22. Сынау үшін үлгіге қоятын талаптар.

Сынақты жүргізу үшін мәткеде орнатылған, Сынайтын зертхана

көрсеткен мөлшері бар бір жиынтық ұстағыштар, сондай-ақ, сынақты өткізу үшін қажетті толық мөлшердегі тежегіш элементтері және екі кесінді ұстағыштар өзара қимылда болатын бағыттағыштардың әртүрлері ұсынылуы керек. Бағыттағыштардың кесінді ұзындықтарын сынақ өткізетін зертхана анықтайды.

Бағыттағыштарды орнатуды және оларға қажетті бекітуді тәжірибеде

пайдаланылатын жабдықтарға сәйкес сынақ зертханасы анықтайды.

23. Сынаққа қойылатын талаптар.

1) Сынақ әдістемелері.

Ұстағыш элементтерінің бос құлдырауы кезінде сынақ өткізілуі тиіс. Мұндайда тікелей және жанама мөлшердегі өлшеулер өткізілуі қажет:

құлдыраудың жалпы биіктігі;

бағыттаушылардағы тежегіш жолының ұзындығы;

шапшаңдықты шектегіш немесе оны алмастыратын құрылғыдағы

арқанның тайғанау мөлшері;

жұмсақ элементтердің жылжу қосындысы;

Өлшемдері а) және б) уақыт өлшемінде тіркелуі қажет.

Анықталуы тиіс:

тежеу күшінің орташа маңызы;

тежеу күшінің ең көп сәттілік маңызы;

тежеу күшінің ең аз сәттілік маңызы.

24. Сынақ қызметі:

1) реттелмейтін ұстағыштар, нақты салмақты ұстау үшін көзделгендер.

Ұстағыштарды еркін құлдырау салмағын (P+Q) тең ұстау жөнінде төрт

сынақ өткізілуі тиіс. Әрбір сынақтан кейін үйкеліскен элементтердің қажетті температурасының қалпына келуі үшін үзіліс болуы тиіс.

Сынақ кезінде үйкеліс элементтерінің ұқсас жиынтықтарын пайдалануға

болады. Мұндайда үйкеліс элементтерінің бір жиынтығы төзуі керек:

4м / с аспайтын нақты шапшаңдық үшін, үш сынақ;

4м / с аспайтын нақты шапшаңдық үшін екі сынақ.

Еркін құлдыраудың биіктігін есептегенде шапшаңдықты шектегіштің ең

жоғары жылдамдықта іске қосылуын есте ұстаған дұрыс, ондайда ұстағыштардың деректерін пайдалану мүмкіндігі туады;

2) реттегіш ұстағыштар, әртүрлі салмақтарды ұстау үшін көзделгендер.

Тежеу күшін реттеудің әдістерін санамағанның өзінде (байсалды немесе

сатылы), ұстағыш салмақтардың ең көп және ең аз мөлшерлері үшін екі реттен өтінген сынақ жүргізілуі тиіс.

Өтініш жасаушы ұсынған формулалар мен графиктер тексерілуі керек,

белгіленген параметр қызметіндегі тежегіш күшінің өзгергенін көрсететін.

25. Тежегіш күшін анықтау;

1) реттелмейтін ұстағыштар, нақты салмақты ұстау үшін көзделгендер.

Ұқсас бағыттағыштарды пайдаланған кездегі ұстағыштар тудыратын

тежегіш күшін анықтау сынағын өткізу барысында белгіленген орта тежегіштің орта мөлшері ретінде анықталады.

Әр сынақ бағыттағыштардың жаңа учаскелерінде өткізілуі тиіс. Бір сынақ

нәтижесінде алынған тежегіш күшінің орта мөлшері 25 % аспайтын барлық сынақтарды өңдеу нәтижесінде алынған тежеу күшінен ерекшеленуі керек;

2) реттелетін ұстағыштар, әртүрлі салмақтарды ұстау үшін көзделгендер.

Сатылы немесе байыппен реттелетін ұстағыштар тудыратын тежеу күші,

Өтініш беруші көрсеткен ең аз және ең көп ұсталатын салмақтармен анықталуы тиіс.

26. Сынақтан кейінгі қажеттілік:

1) ұстағыштардың ұстайтын элементтерінің қатаңдығын Өтініш беруші

көрсеткен, бастапқы мөлшермен салыстыру;

2) құрылымда сынақ болмаса, деформацияның немесе сынықтардың

болуын тексеру, (мысалы, жарықтар, деформация немесе ұстағыш элементтердің тозуы, бағыттағыштардың сыртындағы ақаулардың болуы) тексеру;

3) қажет болғанда, деформация мен бұзылуды растау үшін жинақталған

ұстағыштарды, ұстағыш элементтерді және бағыттағыштарды суретке түсіру.

27. Рұқсат етілген ұстағыш салмақтарын анықтау.

1) Реттелмейтін ұстағыштар, нақты салмақты ұстау үшін көзделгендер.

Рұқсат етілген ұстағыш салмақ келесі формула бойынша есептелінеді:

Р – бос кабинаның және онымен қосылған элементтердің, аспалы кабель, теңестірмелі арқан / шынжырдың және тағы басқа (кг);

(5)


(P+Q)1 =

Ft

16

Q – нақты жүктеме (кг);

F1 – тежегіш күш (Н).

2) Реттегіш ұстағыштар, әртүрлі салмақтарды ұстау үшін көзделгендер.

Сатылы реттелген ұстағыштар үшін рұқсат етілген ұстағыш салмақ осы

тәртіптің 1 тармақшасына сәйкес ең көп және ең аз өтінген салмақтар үшін есептелінуі тиіс.

Егер сынақтың нәтижесі бойынша рұқсат етілген ұстағыш өтініш беруші

белгілегеннен 20 % аса ерекшелінетін болса, онда өтініш берушімен келісім бойынша ұстағыштарды басқаша реттеумен қайтадан сынақ өткізуге болады.

28. Ұстағыштардың сынақ нәтижесі үш данамен хаттама ретінде

рәсімделеді: екі данасы Өтініш берушіге және біреуі – сынақ зертханасына.

Хаттамада осы тәртіптің 2 тарауында көрсетілген ақпараттар болады,

сондай-ақ:

1) ұстағыш салмақтардың шектеулі мәні;

2) шапшаңдық шектегіші іске қосылғандағы ең жоғарғы жылдамдық;

3) бағыттағыштардың түрлері;

4) бағыттағыштар басының қалыңдығы;

5) бағыттағыштар басының кеңдігі;

6) бағыттағыштар сыртының күйі (байыппен тежейтін ұстағыштар үшін)

– созылмалы, фрезерлі өңделген және сол сияқтылар;

7) бағыттағыштарды майлау түрлері (байыппен тежейтін ұстағыштар

үшін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет