Құлжабай Қания ИОК 222
1 тапсырма
Сынып жетекшінің, мектеп психологының, пән мұғалімінің жүргізуі тиіс құжаттары туралы ақпарат жинақтаңыз.
Сынып жетекшінің жүргізуі тиіс құжаттар:
Нормативтік құжаттар
Сынып жетекшінің сынып оқушыларымен жұмыс жоспары
Сыныптық әлеуметтік-педагогикалық паспорты
Каникул кезіндегі сынып оқушыларының бос уақытын ұйыдастыру жоспары
Қортынды және есеп беру құжаттары
Ата-аналармен жұмыс
Мектеп психологының жүргізуі тиіс құжаттары:
Мектеп үшін нақты, көкейкесті тақырып бойынша 2-3 жылға арналып жасалған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы. Мектеп психологының бір жылға арнап (төмендегі бағыттар бойынша) жасаған жұмыс жоспары:
мектеп ұжымының диагностикасы;
педагогикалық процесті диагностикалау және болжау;
оқушылармен, педагогтармен, ата-аналармен, басшылармен кеңес (консультация) жұмыстары;
мектеп ұжымында психопрофилактикалық жұмыстар;
қалалық, аудандық орталықтармен байланыс ұйымдастыру жұмыстары.
Психологиялық көмек кабинетінің жұмыс циклограммасы.
Психологтың апталық тор-жоспары.
Психодиагностикалық құжаттар.
Өткізілетін шаралардың (консультация, әлеуметтік-психологиялық тренинг, консилиум, т.б.) қысқаша жоспарлары мен бағдарламалары.
Апталық тор-жоспар
Апталық жұмыс кестесі
Кесте әр аптаның аяғында келесі аптаға жасалуы тиіс.
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Пән мұғалімінің жүргізуі тиіс құжаттары:
Оқу жылының басталуына дейін пән бойынша орта мерзімді жоспар немесе күнтізбелік тақырыптық жоспарды (қағаз немесе электронды форматта) жасайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, күн сайынғы сынып, факультативтік, үйде оқыту, мектепалды журналдарын жүргізеді. Үшіншіден, қысқа мерзімді жоспар және тоқсан қорытындысы бойынша жиынтық бағалау жүргізу қорытындыларына талдау жасайды. Сондай-ақ директордың орынбасарларына мәліметтерді тапсырады. Бұл да қағаз немесе электронды форматта
Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беріңіз
Психологиялық әдіс - бұл психолог-зерттеушілер ғылыми теорияларды құру және практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылатын сенімді ақпарат алатын әдістер мен құралдар.Жақсы әдіс талантты зерттеушініалмастырмайды, бірақ оған маңызды көмек болып табылады.
Психология әдістері даму мен өзгерістегі психикалық құбылыстарды зерттеуге бағытталған.
Психологиялық зерттеу әдістері тек адамның өзін ғана емес, оған әсер ететін жағдайларды да зерттейді.Мысалы, отбасындағы және мектептегі жағдайды ескерместен баланың жеке басының қасиеттерін түсіну мүмкін емес.
Психология әдістері өте әртүрлі. Оларды жіктей отырып, ең алдымен ғылыми зерттеулердің нақты әдістері мен практикада тікелей қолданылатын әдістер ерекшеленеді. Әдістер жалпы және жеке, көп немесе аз ғылыми болуы мүмкін. Ғылымды талап ететін психологияда тиісті ғылыми әдістер болуы керек.
Әдістеме дегеніміз:
белгілі бір мақсатқа,нәтижеге жету үшін әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді; белгілі бір күрделі жұмысты бірізділікті пайдаланып,біртіндеп орындайды; іс-әрекетті жүйелі бірлікте жүргізу; бейнелеген жұмысты қайтадан жалпы қарап,көркемдік;ұйлесілімділігін,бірлігін тексереді;бейнелеу ереже –зандылықтарын оқыту.
Байқау, әңгімелесу, эксперимент пен тест әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы салыстыру (1-кестені толтыру)
Достарыңызбен бөлісу: |