Логика ғылым ретінде



бет13/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

Индукция

Дедукциядан басқа, ой тұжырымдарының неғұрлым жалпы типі — индукция. Онда терең өзіндік бейне бар, әрі ол дедукциямен тығыз өзарақатынаста болады.


Индукцияны үйренудің мәні, оның тәжірибемен, өмірмен үздіксіз байланыстылығына қатысты эмпирикалық, тәжірибелік білімнің маңызды құралы қызметін атқарады. Міне, оны тәжірибеге негізделген жаратылыстану ғылымдарына, құқықтықты қоса, нақты әлеуметтік зерттеулерде неліктен кең пайдаланатыны түсінікті болды.

Индукция табиғаты, рөлі мен құрылымы


Индукция тегі мен мәні. Индукция адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті үдерісіндегі жалпылау қажеттілігінен, яғни, қоршаған ортадағы құбылыстар мен нәрселердің азды-көпті жалпы белгілері, нәрселер мен құбылыстардың өзара қатынастары мен байланыстары туралы білім алу барысында туындайды. Жалқыдан, нақтыдан, кездейсоқтан алшақтатылған мұндай жалпы білімдер ойлау құралы ретінде, неғұрлым табиғатқа табысты әсер ету, қоғамдық өмірді ұйымдастыру және оны басқару үшін қажет.


Индукция ой тұжырымының айрықша типі ретінде туу және өмірге келуінің объективті негізін, ең алдымен шындықтың өзіндегі жалпы мен жекенің диалектикасы құрайды. Жеке жалқыдан тыс, ал жалпы жекеден тыс болмайды. Жеке басқа текті жекемен жалпы арқылы байланысты болады. Жалпы, өз кезегінде тек жекеде жеке арқылы ғана көрінеді. Бұл жағдай жекені — нақты жалқы нәрсені тану негізінде жалпыны тануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, индукция объективті байланыстар бейнесі және нәрселер мен құбылыстар арасындағы қатынастар, бәрінен бұрын себеп-салдарлы түрде болуы мүмкін. Жеке нәрселер мен құбылыстарды қатар қою мен салыстыру, олардағы ортақ байланыстар мен қатынастарды ашуға, бірін — себеп, басқасын — салдар ретінде немесе керісінше анықтауға қол жеткізеді.
Ой тұжырымы типі ретінде индукция дедукциядан айтарлықтай ерекшеленеді және оның анағұрлым терең табиғаты осыдан көрінеді. Егер дедуктивті ой тұжырымдарында, ой анағұрлым жалпы білімнен аздаған жалпыға жылжыса, онда индуктивтіде — керісінше, аздаған жалпыдан неғұрлым жалпыға қарай өрбиді. Дедукцияда жалпы білім «дайын» болған күйінде ұсынылады. Индукцияда оның құрылуының «тетігі» ашылады. Сондықтан, егер дедукцияда жалпы білім ой тұжырымының бастапқы нүктесі қызметін атқарса, онда ол индукцияда нәтиже ретінде шығады.
Индукцияның танымдық мәні және құрылымы. Индукцияның неғұрлым танымдық мәні — ол эксперимент, эмпирикалық бақылау және т.б. нәтижесінде мәнді деректерді азды-көпті жалпылау түрінде жаңа білім береді. Мұнда жалпылау аумағы мейлінше кең: күнделікті тәжірибелік іс-әрекетте жасалатын қарапайым, таза эмпирикалық жалпылаудан ғылыми және философиялық сипаттағы терең және жалпы жалпылауға дейін қамтылады.
Шынында, егер дедуктивті ой тұжырымында алғышарт ақиқат болса, әрі дұрыс құрылса, әрқашан тұжырым нанымды, ал индуктивті ой тұжырымында ол нанымды да, сондай-ақ, ықтимал да (шындыққа ұқсас) болуы мүмкін. Сонымен қатар мұнда ықтималдық дәрежесі алуан түрлі — ықтималдығы шамалыдан, сонша жақын және дөрекі жалпылаудан немесе азды-көпті дәлдікке, анықтыққа, тіпті нанымдылыққа дейін болуы мүмкін.
Индуктивті ой тұжырымдарының құрылымы қандай?
Дедукциядағыдай мұнда да бастапқы пайымдаулар алғышарттар деп аталады. Айырмашылығы, дедукцияда олар жалпы (немесе жеке) пайымдаулар болса, ал мұнда жалқы пайымдаулар тән, өйткені оларда жеке нәрселер (жеке топтар туралы да болуы мүмкін) туралы білім берілген.
Мұнда да бастапқыдан логикалық жолмен алынған пайымдау қорытынды (немесе тұжырым) деп аталады. Дегенмен мәнді ерекшелігі сол, өз сипаты бойынша ол жалпы (дегенмен жеке де, қандай да бір кластағы нәрсенің бөлігі де болуы мүмкін), онда дедукцияда ол жеке және жалқы болуы мүмкін еді.
Индуктивті ой тұжырымында тұжырымның логикалық негіз қызметін, жеке мен жалпының, себеп пен салдардың арасындағы объективті байланысқа және жеке нәрселерден класқа немесе аздаған жалпы бір кластан, неғұрлым жалпы басқаға білімді тасымалдауға мүмкіндік беретін алғышарттар мен қорытынды арасындағы логикалық байланыс атқарады.
Индукция мен дедукцияның бірлігі. Ой тұжырымдары жүйесінде индукция ерекше боп тұрмайды. Ол дедукция мен ажырамас байланыста болады. Бұл байланысты әдетте мынадай жағдаймен білдіреді: «Индукциясыз дедукция және керісінше дедукциясыз индукция жоқ». Шынында да, индуктивтік жолмен алынған жалпы білім болмаса, осы білімдерге негізделген дедуктивтік ой тұжырымдары болуы мүмкін емес еді. Өз кезегінде, дедуктивті ой тұжырымдары жаңа жалпы білім алу үшін жеке және жалқы туралы білім бере тұра, жеке нәрселерді немесе олардың топтарын әрі қарай индуктивті зерттеуге негіз салады. Сонымен бірге индукция үдерісінің өзін, логикалық форма ретінде оның «тегін» дедуктивтік білімсіз түсіндірудің өзі мүмкін болмас еді.
Индукция мен дедукцияның тығыз байланысы болмай, адамзат білімінің алға басуы мүмкін емес деп нық айтуға болады.
Міне, неліктен ой тұжырымдарының осындай түрлері бірінің рөлін асыра бағалауға тырысып, ал басқасын төмендетудің біржақты және негізсіз болып шыққаны түсінікті болды. Фрэнсис Бэкон силлогизмдерді «кәрі қыздармен» теңестіргенде, өте қатты қателесті. Алайда, дедуктивті танымның рөлін асыра бағалағандардікі де дұрыс емес еді.
Сондықтан бұл жерде де: «Бұрын пайда болған индукция ма, әлде дедукция ма?» деген сұрақты қоюға болмайды.
Ой тұжырымының негізгі типі ретінде, адамзаттың таным үдерісі дамуында олар бір мезгілде қалыптасты. Бұл бірмезгілдіктің негізі — жекенің жалпыдан бұрын немесе керісінше және байланыстар мен қатынастардың нәрселерден бұрын пайда болмауында немесе керісінше болмауында жатыр.
Дедукциядағыдай индукцияның да түрі алуан түрлі. Олардың ішінде неғұрлым негізгісі, толық және толық емес түрлері бар. Өйткені кез келген индукция жалпылауды көрсетеді, онда олардың айырмашылығы: осы жалпылау үшін сол немесе басқа кластың (немесе оның бөлігінің) элементтері толығымен немесе ішінара зерттелген бе деген ең басты нәрсеге қатысты болуында.
Толық индукция

Егер, біріншіден, нәрсе класының барлық элементтері зерттелген, екіншіден, олардың әрқайсысына бірдей жалпы қасиет (қатынас) жататыны (не жатпайтыны) анықталған болса, онда толық индукция шығады.


Қарапайым жағдайда ол былай болады. Мысалы, біз ауа райына күнделікті бақылау жүргіземіз және апта сияқты уақыт үзігіндегі жаңбырлы күндерді белгілейміз. Осылайша біз қай күндердің жаңбырлы болғанын тұрақтандыра аламыз. Бұлай істеу бізге апта бойы жаңбыр болғаны туралы жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Осы мысалдан индуктивті ой тұжырымының дедуктивтіден ерекше форманы қабылдағанына көз жеткізуге және оны былай көрсетуге болады:
«Дүйсенбі — жаңбырлы күн».
«Сейсенбі — жаңбырлы күн».
.....................................................
«n күн — жаңбырлы күн».
«Дүйсенбі, сейсенбі. ... n күн аптаның барлық күнін қамтиды».
«Бүкіл апта жаңбырлы болды».
Неғұрлым күрделі индукцияға мысал: «Барлық Күн жүйесінің планеталары элиптикалық орбита бойынша қозғалады». Мұндай жалпы тұжырымға, әр планетаға жеке тікелей астрономиялық бақылау жасау жолымен келуге болады.
Екі жағдайда да ой тұжырымдарының құрылымы бірдей екенін анықтау қиын емес. Толық индукция формасындағы тұжырымның танымдық мәні қандай? Алғаш қарағанда, алғышарттармен салыстырғанда ол ешқандай жаңа білім бермейтіндей немесе оның мәні елеусіз сияқты. Өкінішке орай, мұндай жаңсақ пікірлер ғылымдар тарихында да айтылған. Шындығында, толық индукция жаңа білім береді. Егер алғышартында нәрсенің қандай да бір класының тек жекелеген элементтері туралы білім болса, онда тұжырымда осы класс тұтасымен сөз болады.
Сондықтан, ол жаңа көзқарас ретінде танылады және бағаланады: онда қандай да бір мәннің бар екені, ендеше соған сәйкес заңдылық та айқындалады. Бұл да табиғи нәрсе: «жалпы», «мән», «заңдылық» ұғымдары — бір ретті. Сонда, «Күн жүйесінің барлық планеталары элиптикалық орбита бойынша қозғалады» деу планеталардың орналасу мәнін және себептерін, бүкіл Күн жүйесінің даму заңдылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Толық индукцияның ең үлкен артықшылығы сол, дедукция сияқты ол да нанымды қорытынды береді. Дегенмен, төмендегідей белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ғана:
біріншіден, барлық алғышарттар мазмұны бойынша ақиқат болуы тиіс;
екіншіден, бұл жағдайда зерттелуші кластың барлық элементтері қамтылған және әрқайсысы сол не басқа қасиеттерге ие (немесе ие емес) болса, алғышарт пен қорытынды арасында логикалық салдар қатынасы болуы тиіс.
Егер осы шарттардың, ең болмағанда бірі сақталмаса, толық индукция жалған болып шығуы мүмкін.
Толық индукция математикада дәлелдеудің маңызды бір әдісі болып табылады. Сондықтан оның мұндай түрі математикалық индукция деп аталады. Арифметикалық және геометриялық, прогрессияның шығарылуы, натурал сандар қасиеттерінің дәлелденуі және т.б. осыған жатады.
Толық индукция арқылы неғұрлым жалпы сипаттағы маңызды ғылыми білімдер алынуы мүмкін: «Күн жүйесінің барлық планеталары өз өсінің төңірегінде айналады», «Барлық планеталар басқа сәулелермен шағылыса жарқырайды», «Барлық планетада жыл мезгілдерінің ауысуы болады». Егер қандай да бір класс (немесе тек түрінің) элементтерінің бәрі бірдей осындай жалпы қасиетке ие емес болса, онда жалпылау жеке пайымдау формасына енеді: «Кейбір металдар судан жеңіл», «Кейбір металдар — сұйық денелер».
Жалпылау терістеуші пайымдау формасын да қабылдауы мүмкін: «Планеталардың тек кейбірінде тіршілік жоқ», «Планеталардың кейбірінің серігі жоқ» және т.б. Бұл анықтаушы жеке пайымдауға тән. Мұнда «тек кейбірі» кванторлық сөзі «кейбір» дегенді білдіреді, бірақ «кейбірі, мүмкін бәрі» деген мағынаны қамтымайды.
Алғаш қарағанда, толық индукцияның қолданылу аясы мейлінше шектеулі боп, мәселен, ол класс элементтерінің саны санаулы жерде ғана пайдаланылатындай көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, толық индукция тіпті зерттейтін жағдайдың саны соншама көп болса да, ғылымда кең қолданылады. Мысалы, мынадай елдегі адамдар есебінің динамикасы туралы жалпылау, олардың құрамындағы әйелдер мен ерлердің қатынасы, жасына қарай топтап есепке алудың ерекшеліктері туралы және т.б. халық санағы нәтижесінде алынған.
Толық индукция заң тәжірибесінде де қолданылады. Заңгерлер белгілі бір тәуелділіктер, қайшылықтарды айқындап, оған сәйкес практикалық іс-шараларды ұйымдастыру үшін қылмыс статистикасын жиі пайдаланады. Толық индукцияны жеке қылмысты ашу үшін де қолдануға болады. Қандай да бір істі тергеуде, егер қылмысқа қатысушылардың барлығы туралы қажет материал жеткілікті жиналып бітсе, сонымен аяқтауға болады. Керісінше жағдайда, қандай да бір іс жеке сот ісін жүргізуге бөлінуі мүмкін.
Бірақ та тұтасымен, әрине, толық индукцияның қолданылу элементтерінің саны саналатын белгілері бар кластармен, яғни жабық кластармен шектелген.
Толымсыз индукция

Атауынан көрініп тұрғандай, осы класс нәрселерінің тек бір бөлігін зерттеу негізіндегі нәрселердің барлық тұтас кластары туралы ой тұжырымы толымсыз индукция деп аталады.


Толық индукцияның кемшін тұстары толымсыз индукция арқылы жетіледі. Ол зерттейтін класс элементтерінің саны белгісіз, шектелмеген немесе шексіз (ашық кластарда) болған жерде қолданылады. Біз мүдделі кластың барлық элементтерін қарастыра алмаймыз. Одан бөлек біздің қарастыруымыз объектіні жойып жіберетін жерде (мысалы, «Барлық тірі нәрселер сусыз өмір сүре алмайды») пайдаланылады.
Қорытындының толымсыз индукция формасында болу мүмкіндігі шартталған. Егер қандай да бір қасиет кластың көп немесе елеусіз бөлігіне жатса, онда ол оның мәнділігіне карай сәйкесінше барлық класқа тұтасымен жатуы да мүмкін.
Толық индукциямен салыстырғанда, толымсыз индукцияның танымдық мәні белгілі мағынада анағұрлым маңызды әрі зор. Олардың барлық класы тұтасымен жаңа тұрғыдан қарастырылатынына қарамастан, толық иңцукцияның қорытындысы зерттелген нәрседен, басқа да нәрсеге таратылмайтыны сіздердің естеріңізде болар. Толымсыз индукция қорытындысында білімді кластың зерттелген бөлігінен, оның барлық басқа бөлігіне логикалық тасымалдау жүзеге асады.
Толымсыз индукцияның бұл артықшылығы, астарында оның кемшілігі жасырынуында: ондағы тұжырым — тіпті барлық алғышарттары ақиқат болғанның өзінде де — аздаған дәрежеде нанымдылыққа жақындай алатындай, тек ықтимал ғана білім бере алады. Ондағы жалпылау, тек ол қарапайым пайымдау формасына енген жағдайда ғана, нақты нанымды білім бере алады. Бірақ «кейбірі» кванторлық сөзі толық индукциямен салыстырғанда — мұнда басқа мағынада қолданылады: «кейбірі, мүмкін барлығы да» деген. Яғни, мұнда жалпылаулар анықталмаған жеке пайымдау сипатында болады екен.
Қорытындыны негіздеу амалына қарай, толымсыз индукция төмендегідей үш түрге бөлінеді:
1. Кең тараған индукция (немесе қарапайым санау арқылы индукция).
Оның толық аталуы: «қайшы жағдай кездеспеген кезде, қарапайым санау арқылы индукция» («inductio per enumerationen simplisem, ubi non reperitur instantia contradictoria»). Мұндай индукцияға адамның күнделікті өмірінен сансыз көп мысалдар келтіруге болады: қызарып күннің батуы — желді күнге, қарлығаш төмен ұшса — жаңбырға және т.б. деп жориды. Бұған ұқсас нанымдар жанама бақылаулар негізінде жасалып, халық даналығына айналғандары да аз емес. Міне, олар неліктен «халық болжамдары» делініп, ал индукңияның өзі — «кең тараған» әрі «халықтық» атанғаны түсінікті болды. Мұндай тұжырымдар сипаты ықтимал болады. Қорытынды жалған болып шығуы үшін, қайшылық жағдайға келтіру де жеткілікті. Оған мысалдар көп. «Барлық қулар ақ болады» деген тұжырымды бекерлеген Австралияның қара қулары. Біздер болуы мүмкін деп те ойламайтын қара қайыңдар. Сондай-ақ, тіпті тамаққа иесі келгеннен кейін ғана келуді үйренген «Б. Рассел тауығы». «Қайшылық жағдай» соңғы мысалда қайғылы аяқталды — иесі бұл жолы пышақпен келді!
Кең тараған индукцияның басты кемшілігі сол, индуктивтік жалпылаудың қалыптасу рәсімі қарсы мысалдың жоқтығына ешқандай кепілдік бермейді. Тек қана мысалдағы индуктивтік жалпылауға негізгі көңіл бөледі.
Осыған орай «асығыс жалпылау» аталатын логикалық қателік туындайды.
2. Деректерді талдау және таңдауга негізделген индукция.
Кең тараған индукцияда бақылау объектілері ешбір жүйесіз, кездейсоқ таңдалады. Деректерді талдау және таңдауға негізделген индукция жалпылауда кездейсоқтық болдырмауға тырысады. Өйткені мұнда жоспарлы таңдалған, уақытты, алыну амалы, тіршілік ету және басқа жағдайлары бойынша әртүрлі неғұрлым типтес нәрселер зерттеледі. Оған сіздер ғылымның әр саласынан, күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтіре аласыздар: әлеуметтік зерттеулер, тауарлардың сапасын тексеру, ауа алабының ластануын, судың түрлі жұқпамен улануын анықтау және т.б. Индукцияның бұл түрі қорытындысының ықтималдық дәрежесі кең тараған инцукциядағыдан жоғары және мұнда белгілі бір шарттарды орындап, оның деңгейін көтеруге мүмкіндік бар:

  1. Осы кластағы зерттелген объектілер саны мейлінше көп болуы тиіс.

Мысалы, сұралушы топ пікірінің жалпы санының белгілі бір бір пайызы репрезентативтік деп аталады. Әрбір зерттелген жағдайда, бұл пайыз кластың таңдап алынған элементтерінің өзіндік жеке саны болады.
2. Кластың зерттелетін элементтері жоспарлы түрде таңдап алынады және неғұрлым әртүрлі болуы керек.
3. Объектілер классификацияланатын, зерттелетін белгі оның барлық элементтері үшін типтік болуы тиіс.
4. Зерттелетін белгі нәрсенің мәнімен тығыз байланысты, яғни қарастырып отырған кластың нәрселері үшін мәнді болуы керек.
3. Ғылыми индукция немесе себептілік байланыстарды анықтау әдістері.
Кең тараған индукция — біздің күнделікті өмірімізде өте жиі қолданылатын индуктивтік жалпылау әдісі. Бірақ онда біз қандай да бір жалпы пікірді құруға ғана емес, сонымен қатар біз мүдделі «Ешкім періште емес» немесе «Барлық қулар ақ» дегендей құбылыстардың, сол немесе тіпті басқа да себептерін ашуға тырысамыз.
«Адамдар бір-бірін жек көреді, өйткені олардың жаратылыстары өзімшіл» деген пайымдауларда біздің келісу, келіспеуімізден тыс, адамдардың бір-бірін жек көру құбылысы қарастырылады. Және осы құбылыстың себебі ретінде — адамның туа бітетін өзімшілдік қасиеті ұсынылады. Алайда себептілік байланыстарды анықтаудың өзіндік аймағы — ғылым болып табылады. Ғылым табиғи, әлеуметтік және психикалық әлемді қарастырады. Әрі осы құбылыстарды түсіндіруге және ондағы басқа құбылыстарды болжауға негіз болатын себептерді іздейді. Дегенмен әдеттегі өмірден ғылымда анықталатын себептілік байланыстың айырмашылығы — ол жалпы ортақ және тексерілетін сипатқа ие болады. Тексеру әдісі не эксперимент, не бақылау немесе осы ғылымда бақылау мен эксперимент болуы мүмкін емес, не осы сәтте олардың екеуін де жүргізуге болмайтын жағдайлар үшін неғұрлым жанама тәсілдер табылады.
Ғылым — объективті тексеруге қол жеткізетін, себептілік байланысты анықтаудың жүйелі әдістерін жасайтын адам қызметінің аясы.
Міне, сол себептен себептілік байланыстарды анықтау әдістері ғылыми индукция деп аталады. Осыны біле тұра, біз жоғарыда келтірілген бір-бірін жек көретін адамдар туралы себептілік байланыстарды ғылым аясына жатпайды деп айта аламыз. Біріншіден, оның қандай жүйелілік әдіс бойынша алынғаны түсініксіз, ал екіншіден ол объективті тексеруге келмейді.
Себептілік байланыс деген не? Себептілік бұл — әрбір құбылыс уақыты бойынша, өзінің алдындағы құбылыстан туындайды және кейбір құбылыстар уақыты бойынша, олардан кейінгіні тудыратын құбылыстар әлемінің қасиеті.
Себептілік байланысты құрайтын үш құраласты көрсетуге болады:
1) себеп болуға ұмтылатын құбылыс;
2) біз әрекет сипатын таңатын құбылыс
3) себеп пен әрекеттің өзара байланысы өтетін жағдай.
Себеп дегеніміз — уақыты бойынша кейін келетін басқа құбылысты тудыратын құбылыс.
Себептілік байланысқа төмендегідей сипаттама тән:
а) себеп ылғи да уақыт бойынша өзінің байланысы алдында болады;
ә) себеп байланысы әрекет тудырады, оның пайда болуына қатысты;
б) себептер мен салдардың байланысы қажет болып табылады;
в) құбылыстар әлемінде себептер мен әрекет байланысы жалпылық қасиетке ие;
г) себеп қарқынының өзгеруінен әрекеттің қарқындылығы өзгереді.
Ал енді себеп пен әрекет байланысының осы белгілерін анығырақ қарастырайық.
а) Кейін келу, осы құбылыс себептерін уақыты бойынша, одан кейін келетін жағдайлар арасынан іздеу қажеттігін көрсетеді. Кейін келумен себеп пен салдардың уақыт бойынша аралас келу сипаттамасы тығыз байланысты. Яғни, себеп пен салдардың қатар келуі уақыт үзігі болады.
ә) Туындау, себеп пен әрекеттің арасындағы байланысты бекітуге уақыт бойынша кейін келудің болуы жеткіліксіз екендігін айтады. Бұл сипаттама себепті сылтаудан ажыратуға мүмкіндік береді.
Сылтау — бұл осы құбылыстың кейін пайда болуына жасалған жағдай, бірақ ол құбылысты тудыра алмайды.
Мысалы, бірінші дүние жүзілік соғысты тоқтатудың сылтауы Эрцгерцог Фердинандтың Сараевта өлтірілуі болды. Ал, тарих пәні мұғалімінің мектепте түсіндіргені естеріңізде болса, себеп одан тереңірек — ұлттық-мемлекеттік мүддеде жатқан еді.
б) Себеп пен әрекет байланысының қажеттілігі, себептілік байланыстың дәлелдеу әдісі жоқтығын білдіреді: егер F әрекеті келсе, күткен себеп О байқалмаса, бұл О F-тің себебі емес екенін көрсетеді.
в) Себептілік байланыстың жалпылық сипаты, біздің кез келген әрекеттің себептерін таба алатындығымызды көрсетеді. Бұл бізге әрекет үшін себепті, себеп үшін әрекетті іздестіруімізге сенімділік тудырады. Сонымен қатар, себептілік байланыстың жалпылық сипаты, себеп пен әрекеттің өзара байланысы, көптеген құбылыстар арасындағы байланыс болатынын да көрсетеді. Сондықтан себептілік байланыстың бар екендігін жекелеген құбылыстар негізінде анықтауға болмайды. Белгілі бір құбылыстар жиынын, іздеп отырған себептілік байланыс жүйелі көрініс беретін нақты бір шектің ішінде қарастыру қажет.
г) Қарқындылықтың өзгеруі себеп пен әрекеттің бой көрсету дәрежесіне қарай және себеп пен әрекеттің белгілі бір уақытта, бір мезгілде болған кезде байқалатынын сипаттайды. Мысалы, әлсіз желге қарағанда, күшті жел басқа да тең жағдайларда алапат күйреуді тудырады. Парламент сайлауында қандай да бір партия үшін берілген неғұрлым көп дауыс, осы партияға парламенттен көп орын алуға құқық береді және т.с.с.
Сонымен қатар, бір сипаттама тек себебі мен салдарын көріп тұрған екі құбылыстың ғана байланысы туралы айту үшін жеткілікті. Ал осы құбылыстардың бірі екіншісінің себебі деп нақты айтуға жеткіліксіз екенін есепке алу керек.
Атақты ағылшын философы Фрэнсис Бэкон ойлап тапқан себептілік байланыстарды ашу әдісі, осы себептілік байланыс қасиеттеріне негізделген. Ал оны кейін ағылшын философ-логигі, экономисі Джон Стюарт Милль жетілдіріп, жүйелеген. Ғылымда себептілік байланыстардың ашылуына орай бұл әдістерді сондай-ақ ғылыми индукция әдістері деп те атайды. Мұндай әдістердің барлығы бесеу:
1. Бір ғана ұқсастық әдісі.
2. Айырмашылық әдісі.
3. Ұқсастық пен айырмашылықтың қосақтасқан әдісі.
4. Жүре өзгерістер әдісі.
5. Қалдықтар әдісі.

Бір ғана ұқсастық әдісі


Бір ғана ұқсастық әдісі себептілік байланыстың алдында келу, қажеттілік және жалпылық сияқты қасиеттеріне негізделеді. Оның мәні әртүрлі деректерді салыстырып, олардың сол не басқа қатынастағы ұқсастықтарын табу болады. Мысалы, біз кемпірқосақтың пайда болу себебін түсіндіргіміз келеді. Ал ол үшін, оның пайда болуына қатысты бірқатар құбылыстарды: жаңбыр жауғанда, таңғы шықта, сарқырамадағы су тасқынында, әйнек призма арқылы күн сәулесінің шағылысуында және т.б. кемпірқосақтың пайда болған сәттерін бақылаймыз. Нәтижесінде айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрінің бір нәрседе — белгілі формадағы мөлдір дене арқылы күн сәулесінің өтуіне, таралуына ұқсастығын байқаймыз. Міне, осы нәрсе кемпірқосақтың барлық жағдайда пайда болу себебі туралы тұжырым жасауға логикалық негіз болады.


Бір ғана ұқсастық әдісі төмендегідей құрылады:
Егер бақыланған құбылыстың екі немесе одан да артық жағдайлары тек бір жағдайда ғана ұқсас болса, онда осы бір жағдай сол құбылыстың себебі болуы ықтимал.
Ұқсастық әдісі негізіндегі индуктивтік зерттеу сұлбасы:
АВС жағдайында а құбылысы пайда болады.
АСД жағдайында а құбылысы пайда болады.
АЕІ жағдайында а құбылысы пайда болады.
А жағдайы а-ның себебі болуы ықтимал.
Шынайы ой тұжырымының құрылымы сұлбаға толығымен сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ бір ғана ұқсастық әдісін тану үшін сол бар сәйкестік жеткілікті болады.
Себептілік байланысты анықтау әдістері тек химия, физика т.с.с. ғылымдарға ғана емес, сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдарда да, медициналық диагностикада және тергеу тәжірибесінде де пайдаланылады.
Мысалы, поштада бағалы заттарды тасымалдау барысында, дорбаны бұзбай-ақ, талан-таражға салудың үш жағдайы кездесті. 3 тамызда, 10 тамызда және 14 тамызда. Тергеуші осы күндері поштаны жөнелтуге қатысқан адамдар тізімін анықтап, төмендегідей кесте құрастырды:



Мерзімі

Адамдар тізімі

Бақыланған
құбылыс

3.08

Абаев, Иванов, Базарбаев

талан-тараж

10.08

Петров, Базарбаев, Дүйсенов

талан-тараж

14.08

Сәкенов, Данилов, Базарбаев

талан-тараж

Осыдан кейін тергеуші талан-тараж жасаушы Базарбаев болуы ықтимал деп қорытындылады. Өйткені тек сол ғана, талан-тараж болған барлық кезде поштаны жөнелтумен айналысқан, ал қалған адамдар ауысып отырған.


Сақтану. Ұқсастық әдісі сенімділіктің болжамдары мен мағлұматтарын кең көлемде ұсынуға мүмкіндік береді. Бірақ оның да елеулі кемшіліктері бар. Біріншіден, индукцияның қарапайым санау арқылы қателіктері сияқты, мұнда да кейбір құбылыстардың пайда болу жағдайын зерттеуде ұқсастыққа артық көңіл бөлінеді. Екіншіден, ажыратушы ой тұжырымындағыдай, қателіктер мұнда да кездеседі. Біздің кестеміздегі жолдар талан-таражды тағы да 6 адамның жасауы мүмкін екенін көрсетеді.
Алайда біз барлық ажыратушы ой тұжырымында «баламалардың толық қамтылмауы» қателігінің мүмкін екенін білеміз. Сонымен бұл жағдайда да, осы күндердің бәрінде еден жуушы Қасымованың жұмыс істеуі және бөлмені тазалау кезінде, барлық жұмысшыларды сыртқа шығарып жіберіп, бағалы заттар тұрған бөлмеде біраз уақыт жалғыз өзінің қалуы мүмкін.
Олай болса, осы талан-тараж болған күндердің бәрінде Базарбаев жұмыс істеді деген тек жай ғана сәйкестік болып шығады.
Онда, ұқсастық әдісін қолдануда ажыратушы-кесімді ой тұжырымында «жағдайлар тізімінің толық еместігі» деп аталатын қателік кетуі ықтимал.
Барлық «А» құбылысы емес, тек оның бір бөлігі ғана «а» салдарын туғызған болып шығуы да мүмкін.
Мысалы, халықтық медицинада ұзақ уақыт бойы тотияйын тек дұғаланған болса ғана, безгек ауруына ем болады деген түсінік болды. Ал бертін келе, тотияйынның дұғасыз-ақ, безгек ауруына ем болатыны анықталды.

Бір ғана айырмашылық әдісі


Ұқсастыққа елеулі көңіл қоятын бірінші әдістің салыстырмалы сенімсіздігі берілген оқиға туғызбайтын, сол жағдайлар арасындағы айырмашылыққа ден беретін әдісті өмірге әкелді. Бұл әдіс анағұрлым сенімді болып шықты.


Егер берілген құбылыс пайда болатын және осы құбылыс пайда болмайтын жағдайлар, біреуінен басқасының бәрінде ұқсас болса, онда осы бір жағдай зерттеп отырған құбылыстың себебі (немесе себебінің бөлігі) болып табылады.
Бұл әдістің сұлбасы мынадай түрде беріледі:
АВСД жағдайында а құбылысы пайда болады.
ВСД жағдайында а құбылысы пайда болмайды.
А жағдайы а құбылысының себебі (немесе себебінің бөлігі) болуы ықтимал.
Мысалы, оттегі бар ауада шырақ жанады. Ал оттегі жоқ ауада шырақ сөнеді. Ендеше оттегінің бар болуы жанудың себебі екен.
Бір ғана айырмашылық әдісінің танымдық мәні, ұқсастық әдісіне қарағанда анағұрлым жоғары, өйткені мұнда бақылау емес, арнайы жағдай туғызуға мүмкіндік беретін эксперимент негізгі орын алады. Көптеген жағдайларды бақылау, себеп деректері жиынын есепке алу және т.б. өз жайына қалады.
Дегенмен бұл жағдайда да тұжырымның ықтималдылығы сақталады; «а»-ның себебі «А» емес болуы өз-өзінен, ал басқамен, мысалы «В» мен және т.б. бірге болуы да ықтимал.
Сақтану. Ғылыми индукция әдістері ішіндегі сенімділерінің бірі — бір ғана айырмашылық әдісі. Бірақ оны да, жаратылыстану ғылымдарындағы эксперименттік зерттеулер үшін Бэкон мен Милль ойлап тапқан.
Гуманитарлық ғылымдар мен заң тәжірибесінде ашылған заңдылықтар анықтылығының аздығынан берілген әдістің қосымша шектеуліктері пайда болады.
Сонымен, бұрынғы мысалдағы поштадағы бағалы заттарды талан-тараж етуге байланысты жағдайда, Базарбаевқа күдік туғызып, өздері жауапкершіліктен құтылып кету үшін, алдын ала әдейі ұйымдастырылған басқа адамдар әрекеті де орын алуы мүмкін ғой. Сірә, ақыл-ой иелерімен істес болатын басқа да жағдайлар болуы ықтимал. Әрине, гуманитарлық ғылымдармен, біздермен, яғни адамдармен (ойлана алатындармен) істес болған жағдайларда, бұл әдістің құндылығы төмендейді. Алайда осы әдіс болжамдар мен жорамалдарды ұсыну мен негіздеуде пайдалы құрал болып табылады.

Ұқсастық пен айырмашылықтың қосақтасқан әдісі


Осы әрбір әдістің жеке-жеке дәлелділігін күшейтетін ұқсастық пен айырмашылықтың қосақтасқан әдісі тұжырымның сенімділігін арттыру үшін қолданылады.


Егер жағдайдың екі және көптеген сандары құбылыс пайда болғанда тек біреуінде ғана ұқсас, сонымен қатар жағдайлардың екі немесе одан да артық сандары осы құбылыс пайда болмағанда, тек біреуінде ғана айырмашылыққа ие болса, онда бұл жағдай берілген құбылыстың себебі болады.
АВС жағдайында а құбылысы пайда болады.
АСД жағдайында а құбылысы пайда болады.
АЕІ жағдайында а құбылысы пайда болады.
ВСД жағдайында а құбылысы пайда болмайды.
ДЕІ жағдайында а құбылысы пайда болмайды.
А жағдайы а-ның себебі болуы ықтимал.
Егер поштадағы талан-тараж мысалына қайта оралсақ, бәлкім, тергеуші былай тұжырымдар еді. Алдыңғы 6 қызметкер ауысып жұмыс істеген, араларында Базарбаев болмаған күндері талан-тараж болмады. Сондықтан тергеуші талан-тараж жасаушы Базарбаев болуы ықтимал деген неғұрлым негізделген қорытынды жасайды.

Жүре өзгерістер әдісі


Бұл әдіс салдар қарқыны себеп қарқынына тәуелді деген себептіліктің (г) қасиетіне негізделеді.


Егер қандай да бір құбылыс, белгілі бір жағдайлармен алдындағы құбылыс өзгергенде, үнемі ол да өзгеріп отырса, онда бұл құбылыстар бір-бірімен себептілік байланыста болуы ықтимал.
А1 ВС жағдайында а1 құбылысы пайда болады.
А2 ВС жағдайында а2 құбылысы пайда болады.
А3 ВС жағдайында а3 құбылысы пайда болады.
А жағдайы а құбылысының себебі болуы ықтимал.
Мысалы, қылмыстық статистиканы талдау нәтижесінде, ішімдікті пайдалану мен қылмыс саны бір мезгілде өсетіні не кемитіні белгілі болды. Ендеше, ішімдікті пайдалану қылмыстың туу себептерінің бірі болады.
Жүре өзгеріс әдісі бойынша ғылымда денелер қозғалысы баяулауының себебі кедергі екені, ал дененің ұлғаюының себебі оларды қыздыру не балқыту т.б. болатыны анықталды. Себеп пен салдарды, тіпті эксперименттік жағдайда бөлу мүмкін емес болғанда, сонымен қатар себептілік байланыс басқа әдістермен анықталып, себеп пен салдар арасындағы сандық тәуелділікті анықтау талап етілген жағдайда, осы әдіс пайдаланылады.
Өлшеу құралдарының барлығының дерлік құрылысы, осы қарқындылық өзгеруіне негізделіп жасалған.
Түсініктеме. Жүре өзгерістер әдісін болжаған себеп пен әрекеттер санының өзгерісін дәл тіркеуге болатын жағдайларда пайдалануға болады. Ал мұны тек жаратылыс және техникалық ғылымдар ғана жасай алады. Сондықтан бұл әдіс гуманитарлық ғылымдарда статистикада ғана болмаса, басқа кездерде мейлінше аз қолданылады.

Қалдықтар әдісі


Ғылыми индукцияның белгілі әдістері ішіндегі әлсізі – қалдықтар әдісі. Дегенмен, ол бірқатар жағдайларда жиі қолданылады. Оны біз күрделі жағдайда, күрделі әрекеттерге тап болғанда, сонда-ақ, олардың компоненттері жағдай да, әрекетте де айқын ажыратылатын және біз жеке жағдадйдың, жеке әрекеттің жеке компоненттіне әсерін бөле алатын кезде қолданамыз.


Қалдықтар әдісінің жалпы айтылуы былай болады:
Егер зерттелетін құбылысқа қажет жағдайдың біреуінен басқасы, оның себебі емес екені белгілі болса, онда осы бір ғана жағдай берілген құбылыстың себебі болуы ықтимал.
Бұл әдістің сұлбасы төмендегідей:
АВС жағдайы АВС құбылысын тудырады
В жағдайы в құбылысын тудырады
С жағдайы с құбылысын тудырады
А жағдайы а құбылысының себебі болуы ықтимал.
Мысалы, қалдықтар әдісі көмегімен француз ғалымы Леверье Нептун планетасы бар екендігін болжады. Уран планетасын бақылау барысында, оның есептелген орбитадан ауытқығаны анықталды. Кейінірек, басқа белгілі планеталардың (В,С) тартылыс күшінде ауытқу (в,с) мөлшерінің себебі екенін анықталды. Ал, А ауытқуының мөлшері түсіндірілмей қалды. Леверье белгісіз А планетасы бар деген болжам жасап, оның кейбір сипаттарын суреттеп берді. Көп ұзамай, неміс астрономы Галлер Нептун планетасын ашты.
Сақтану. Қалдықтар әдісінің тиімділігі, күрделі себепті құрайтын жағдайы тәуелсіз деп есептей аламыз ба, жоқ па, сонымен тығыз байланысты. Егер олар бір-біріне байланысты болса, сонда қалдықтар әдісі бойынша қорытындының ықтималдығы өте көп төмендейді.

Себептілік байланыстарды тапқанда кездесетін қателіктер


Себептілік байланысты айқындау арқылы қателіктердің төрт тобы көрсетіледі:
Бірінші топ. Себептілік байланысты табудың барлық әдістерінде «осыдан кейін, яғни осының себебінен» немесе латынша post hoc, ergo protper hoc деп аталатын ортақ бір қателік бар.
Осыдан кейін, яғни осының себебінен болған қателіктің мәні – құбылыстар арасындағы себептілік байланысы ретінде, осы құбылыстардың арасында болатын уақыт бойынша, кейін келу қатынасының қабылдауында жатыр.
Мысалы, қарны ашқан адам наубайханаға кірді. Ол алдымен үлкен ақ нанды жеп тауысты, бірақ тоймады, одан соң кішкентай тәтті нан жеп, тойып қалды да: «Е, мен осы кішкентай тәтті нан жеуден бастауым керек еді ә, сонда қаншама ақшамды үнемдер едім!» - деп лепірді. Бұл оқиғаның кейіпкері кішкентай тәтті нанды жегеннен кейін тойды да, бірақ өзінің тоюының себебі, осы кішкентай тәтті нан деп қабылдады.
Екінші топ. «Асығыс жалпылау» деп аталатын қателік. Индукцияның барлық түрінде кездесуі мүмкін. Ол адам тек бір немесе кейде кездейсоқ деректер негізінде жалпы жағдайда бекіткенде туындайды.
Мысалы, «Мемлекет және құқық тарихы» пәнінен емтиханда алғашқы үш студенттің өте жақсы баға алғанына қарап, сіздің оқытушыңыз барлық топ өте жақсы бағалар алады деген тұжырым жасаса, онда бұл асығыс жалпылау болып табылады.
«Асыққан – сайтанның ісі» деп халық даналығы бекер айтпаған. Бірақ бұл тәжірибелік істерде ғана. Ал егер пікір білдіруде асықсаң – күрделі логикалық қателік жіберуің мүмкін. Мұндай қателіктерге ұрынбау үшін, талдау мен жалпылауда неғұрлым көбірек жағдайларды, мүмкіндігінше әртүрлісін алу және болжамдайтын салдардың қаншалықты типтік екендігін көру керек және т.б.
«Асығыс жалпылау» әсіресе қылмыстық істерді, еңбек және мүлік дауларын зерттегенде өте қауіпті.
Үшінші топ. Бұл қателік класы, ғылыми индукцияның алғышарттарының жалғандығымен байланысты. Біз мүдделі құбылыс пайда болатын жағдай, неғұрлым күрделі болуы мүмкін. Ол қателіктің екі типіне қатысты болады.

  1. Біз мүдделі құбылыс пайда болатын жағдайлар арасында, оның пайда болуын құрайтын жағдайларда барлық жағдайдың қамтылмай қалуы мүмкін.

Қалып қалған жағдайлардың арасында берілген құбылыстың нағыз себебі кетуі ықтимал. «Жағдайлар тізімінің толық еместігі» деп аталатын қателік туралы біз бұдан бұрынырақ айтқанбыз.

  1. Құбылыстың біз көрсеткен себептері, қарастырып отырған жағдайдың күрделі құрылымын есепке алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, біз мүдделі құбылыстың нағыз себебі болатын барлық жағдайлар емес, тек оның бөлігі ғана қамтылуы мүмкін.

Төртінші топ. Мұндай қателік индукцияның барлық тұжырымына тән. Индуктивтік қорытындының нанымдылығы мен ықтималдылықтың ауыстырылуынан тұрады.
Зерттелген жағдайлардың басым көпшілігі және құбылыстарға біркелкілікті таңуға біздің табиғи бейімділігіміз, көбінесе ой тұжырымын құрастырушы адамды, оның нанымдылығына сенімділікке итереді.
Алайда, әрқашан, индукция бойынша бірде-бір қорытынды нанымды нәтиже бермейтінін есте ұстау қажет. Қорытындының ықтималдығы қаншама жоғары болғанымен, әр кезде де қарсы мысал болуы әбден мүмкін. Нағыз ғалымның маңызды сапасы, егер ол жалпылап алып, оған қайшы мысалдар іздестірсе, әрі іздестіру сәтсіз болған жағдайда ғана, сонымен бірге оның ақиқаттығының ықтималдық сипатын түсіне тұрып, осы жалпылауды ақиқат деп қабылдауым тиіс деп есептуінде болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет