Локомотив туралы жалпы мәлімет



Дата24.11.2022
өлшемі4.67 Mb.
#465730
Локомотив туралы жалпы мәлімет

Локомотив туралы жалпы мәлімет

Орындаған: Тажимуратов. А

Тексерген: Бақыт Ғ.


Локомотивтердің негізгі түрлеріне: электровоздар, тепловоздар, газтурбовоздар, мотовоздар және паровоздар жатады.
.
Тепловоздың негізгі бөліктеріне: козғалтқыш, беріліс, шанақ, экипаж және қосымша жабдықтар жатады.
Тепловоз да дизель қозғалтқыш болып табылады. Тепловоздың қос доңғалағын айналдыру үшін дизельдің білігінен арнайы беріліс болу керек,
Беріліс тепловоздың орнынан қозғалуы мен дизельдің толық қуатын жылдамдықтың барлық сатысында іске асыруды камтамасыз етеді. Беріліс электрлік, механикалык немесе гидравликалық түрде болуы мүмкін.
Көмекші жабдықтарға отын, майлау және салқындату жүйелері т.с.с. жағады.
Экипаж арбаша қорабынан, букеты қос доңғалақ пен рессордан тұрады. Көп тепловоздын корабы сегіз жанама тіректері арқылы үш біліктен екі арбашаға орналаскан. Басты қораптың орта жеріне дизель-генератор қондырғысы қойылған. Тепловоздардың негізгі параметрлері ЖЕЕ-де берілген
Дизель құрылғысының негіздері: тепловоздарда төрт тактылы, сондай-ақ екі тактылы компрессорсыз іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады.
Төрт тактылы қоозгалтқыштың жұмыс негізі 14.3-суретте сипатталған.
Поршень 2 төмен жүргенде ауа (1-такт) қақпақшасы J ашық цилиндрге
кіреді. Қақпақшалардың 5 және 6 жабық мезгілінде поршень кейін жүргенде (2-такт) ауаны сығады. Ол қатты қыза бастайды Осы тактының сонында цилиндрге дизель майы бүркіледі де, ол өздігінен тұтанады. Цилиндрде қысым және температура жоғарылайды; жанған май қысымы поршеньді төмен итеріп жүргізеді, соның негізінде пайдалы жұмыс жасайды (3-такт). Поршеньнін келесі жүрісінде,(4-такт) жұмсалған газды цилиндрден шығарады.
Тепловоздың электрлі берілісі және қосымша электр жабдығы: Электрлі беріліс — кең тараған тәсіл. Тепловоздын электрлі берілісінің негізгі жұмыс сызбасының нәтижесі мынада: дизельдің иінді білігі жетек генераторының якорін айналдырады; ал жетек электр қозғалтқышына берілетін электр тогын генератор жасайды. Жетек редукторларының якорді тікелей айналдыруы қос доңғалаққа беріледі.
Дизельді пойыздар, автомотрисалар, мотовоздар мен газотурбовоздар: Дизельді пойыз деп — бір немесе екі моторлы вагоннан және дизельді күш құрылғыларынан құрастырылған тұрақты құрамды айтады. Дизельді моторлы вагонның қорабының астына орналастырылады, ол вагондагы жолаушы орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Автомотриса дегеніміз — іштен жанатын қозғалтқышы бар дизель немесе карбюратор типті өзі жүретін вагон. Ол жолаушыларды немесе пошталарды тасымалдауға арналған. Берілісі — механикалық, электрлік және гидравликалық түрде болады.
Мотовоз дегеніміэ — қуаты аздау локомотив. Ол теміржол станцияларында және өндіріс орындарындағы кірме жолдарда маневр жасауға арналған.
Газотурбовоз деп — қозғалтқышы газ трубинасынан тұратын локомотивті айтады.
Электрлі жылжымалы құрамЭлектрлі жылжымалы құрамға электровоздар мен моторлы вагондар жатады. Пайдаланылатын токтын түріне карай электровоздар тұрақты токты(1—сурет), айнымалы токты (2-сурет) және қос қоректі болып бөлінеді;
Қазіргі электровоздың немесе моторлы вагонның механикалық бөлігіне шана және арбашалар жатады. Темі ржолдағы электровозы электровоздар мен электр пойыздарынын сипаттамалары жетек күшін есептеу ережелерінде (ЖЕЕ) берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет