ҚЎлпыбаев с



бет288/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Жалпы сыртқы борыш – алынған (игерілген) жəне өтелмеген мемлекет­тік жəне мемлекеттік емес сыртқы қарыз­дардың, сондай-ақ ел резиденттерінің өз бейрезиденттерімен келісімшарттары бойын­ша борышқорлық міндеттемелерінің белгілі бір күнге сомасы.
Жалпы табыс – кəсіпорынның, фир­маның өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нəтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтердің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау əдісімен, шығындар ағыны жəне кірістер ағыны əдістерімен есептелуі мүмкін.
Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар – шығарылуын уəкəлетті орган тіркеген бағалы қағаздар.
Жеке түлғаның жеке мүлкі – жеке түлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кəсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі.
Жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заң нама­лық актілеріне сəйкес Қазақстан Респуб­ликасының аумағында, мұнайлық операцияларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қүқығын иеленуші жеке немесе заңи тұлғалар;
Жергілікті атқарушы органның борышы – жергілікті атқарушы органның белгілі күнге алынған жəне өтелмеген қарыздарының сомасы.
Жергілікті атқарушы орган боры­шының лимиті – Қазақстан Респуб­лика­сының Үкіметі облыстардың, респуб­ликалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгіленген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған жəне өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет