Қанат Шырай
102-АтИ
Ұлт-зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
1917 жылғы Ақпан төңкерісі жеңісінен кейін елдегі революциялық үдерістің қарқынды дамуы барысында Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либералдық-демократиялық қазақ зиялыларының өкілдері А.Ұлттық партия құру жөніндегі жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Олар қазақ халқын таптарға және жікке бөлген жоқ, буржуазиялық-демократиялық бостандықтың атын қолдануға тырысты. Уақытша үкімет те, кадет партиясы да қазақтардың автономиялық мемлекет болуына қарсы болды. Бұл Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде Кадет партиясынан кететіні туралы ашық жариялауына әкелді. Бұл жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенциясының өкілдері жағдай мен саяси күштердің тез өзгеруін ескере отырып, жалпықазақ съезін тезірек өткізу туралы шешім қабылдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда Қазақстанның барлық облыстары өкілдерінің қатысуымен бірінші жалпықазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды: басқару, жер, дін, саяси партия құру, әйелдер мәселесі, білім, сот, полиция, земство, Бүкілресейлік мұсылмандар съезі, Құрылтай жиналысын шақыру және оны қазақ облыстарында, Жетісу облысында сайлауға дайындық. . қазақтардың Киевтегі Бүкілресейлік Федералдық Кеңесінің және Петроградтағы білім беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуы, автономия. М.Құлмұхаммедтің айтуынша: Съезде екі позиция басым болды. Бірі – А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың дербес автономия құру және Ә.Бөкейханов пен Ж. Ақбаев ұлттық-аймақтық автономия құруға. Жасырын дауыс беру нәтижесінде Ә.Бөкейхановтар жеңіске жетті. Ә.Бөкейханов Алаш ұлттық демократиялық партиясының мойындалған көшбасшысы және төрағасы болды. Алаш партиясының жетекшілері мен мүшелері қазақ халқын отарлық езгіден азат ету бағдарламасы төңірегіне жиналды. М.Тынышбаев пен М.Шоқай Түркістан автономиясының басшылығымен большевиктерге қарсы болды. М.Тынышбаев 1917 жылы қарашаның аяғында Қоқанда өткен 4-ші төтенше өлкелік мұсылмандар съезінде құрылған Қоқан автономиясы деген атпен белгілі Түркістан автономиясының премьер-министрі болып тағайындалды, ал Түркістан автономиясының сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. 1918 жылдың ақпан айының басында Қызыл Армия автономияның шағын күшін тастап кетті. Қазан төңкерісі басталғаннан кейін қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысының мүшелері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы туралы өз көзқарастарын кеңінен насихаттады, ал қарашада Петроградта қарулы күштер жеңгеннен кейін (1917 ж. 26 қазан). 21, 1917 жылы қазақ газетінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. Алаш қайраткерлері дайындаған Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама 10 бөлімнен тұрады. Қазан төңкерісі жеңгеннен кейін Алаш зиялылары 2-ші жалпықазақ съезін тездетуге шешім қабылдады.
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
Еліміз егемен болып, атымыз шартарапқа танылып жатқан кезімізде еліміздің өткенін жаңғырту - әр азаматтың қасиетті борышы. Қазақ тарихында XX ғасырдың бас кезі – түрлі оқиғаларға, саяси өзгерістерге толы кезең.
Еліміз егемен болып, атымыз шартарапқа танылып жатқан кезімізде еліміздің өткенін жаңғырту - әр азаматтың қасиетті борышы. Қазақ тарихында XX ғасырдың бас кезі – түрлі оқиғаларға, саяси өзгерістерге толы кезең.
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді.
М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
Сөйтіп, бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның түрлі деңгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса қоймады. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 5 қазандағы санында Ж.Досмұхамедовтың хаты жарияланады. Ол Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, «Шура-Исламда» , Бас жер комитетінде және басқа көптеген орындарда жалғыз өзі жүргендігін білдіріп, қазақ партиясының бағдарламасын жазуға уақыты мүлде қалмайтындығын айтып шағым жасайды.
Сөйтіп, бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның түрлі деңгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса қоймады. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 5 қазандағы санында Ж.Досмұхамедовтың хаты жарияланады. Ол Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, «Шура-Исламда» , Бас жер комитетінде және басқа көптеген орындарда жалғыз өзі жүргендігін білдіріп, қазақ партиясының бағдарламасын жазуға уақыты мүлде қалмайтындығын айтып шағым жасайды.
«Қазақ» газеті өзінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы санында «Алаш» партиясының Орынборда Торғай облыстық комитетінің ашылғандығын мәлімдейді. Комитетке мүшелікке Орынбор қаласында «тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы 14 ағза» сайланады. Комитеттің төрағасы болып Ә.Бөкейханов, төраға серігіне А.Байтұрсынов, хатшысына М.Дулатов, қазынашысына Ж.Жәнібеков сайланады.
Алаш зиялылары «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық» деді және өмірлерінің соңдарына дейін осы сөздерінен таймады. Алаш Орда партиясы мен үкіметі таратылып, қайраткерлері қуғынға ұшырағаннан кейін олар күрестің басқа түрін таңдап алды. Ол халықты ағартушылық жолмен көзін ашып, күрес жолын бастап еді.
Алаш зиялылары «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық» деді және өмірлерінің соңдарына дейін осы сөздерінен таймады. Алаш Орда партиясы мен үкіметі таратылып, қайраткерлері қуғынға ұшырағаннан кейін олар күрестің басқа түрін таңдап алды. Ол халықты ағартушылық жолмен көзін ашып, күрес жолын бастап еді.
Сол уақытта Ташкентке М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, М.Есболов, Қ.Қожықов сынды көптеген Алашорда қайраткерлері жиналды. Мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақ зиялылары, ғылым мен мәдениеттің ірі тұлғалары Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, М.Әуезов, Ә.Диваев, Т.Жүргеновтей азаматтар Түркістан Республикасының басшылығында, ғылыми мекемелерде, халық ағарту мен жоғары оқу орындарында еңбек етті. Осы кезеңде Қырғыз (қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының астанасы болған Орынбор қаласында А.Байтұрсынов бастаған алаштықтар білім беру мен мәдениет салаларында қызмет жасады. Барлығы дерлік газет-журналдар шығарып, оқулықтар жазды. Ұлы мұрат жолындағы күрес түрі мен сипатын өзгертіп, жалғаса берді. Бірақ әбден орныққан Кеңес үкіметі оларға уақыт та, мүмкіндік те қалдырмады.
• 1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә. Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды. «Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп, Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді астыртын жүргізуіміз керек», - дейді. Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді. Ал оларды осы қызметтерге тартқан Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сынды Қазақстандағы Кеңес үкіметінің басшылығындағы ұлт қайраткерлері, жаңа толқын саясаткерлері болатын.
Қазақ зиялыларының сол кезеңде Қызыл империя орталығының саясаты кесірінен ұлттық мемлекет құру жолында Алаш Орда үкіметі мен партиясын құрғандар және большевиктік партия мен социализм идеясына сенген қайраткерлер арасында саяси көзқарастарына қарай екі жікке бөлінген еді. Бір анығы олардың жеке бас араздығы болған жоқ. Болса ол ұлттың болашағы жолында, қазақ мемлекеттілігі мен ел қамы жолында әртүрлі көзқараста болған шығар. Таңдап алған жолдары әртүрлі болса да, мақсаттары бір еді. Сондықтан қалай да бірігу керек екенін уақыт өте келе бәрі де түсінді. Әсіресе 1928 жылы басталған байлар мен орта таптың мал-дүниесін конфискациялау мен шаруаларды ұжымдастыру атты науқаны 1931-1933 жылдардағы халықты жалмаған аштыққа ұласқанда қазақты ұлт ретінде жоятын саясат екеніне көздері жеткен қайраткерлер елді аман алып қалу әрекетіне көшті. Осындай жағдайлар олардың түпкілікті бірігуіне алып келді.
Бұл әрекеттерін олар жасырын жүргізді ме, ашық жүргізді ме, анығы олар бұғып қалған жоқ, тізе қоса қимылдап елді біржола қырылудан сақтап қалды. Аштық жайлаған жылдары Ахмет Байтұрсынов «Ақ болсын, қызыл болсын бәрбір, мен тек қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мамлекетті жақтаймын»,- деп атқа қонды. Ел басына төнген зұламаттан құтылу жолында біріккен ұлт қайраткерлерінің әрекетін Кеңес империясының диктаторлары конрревалюциялық ұйым деп бағалады. Оны олар 1937-1938 жылдардағы қанды репрессия жүргізгенде ұлт қайраткерлерінің көзін жою кезінде басты айып ретінде тағып, шебер пайдаланды.
Қорыта келгенде, Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш- Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы . Ұлт зиялыларының қажырлы еңбегі кеңестік мемлекеттік мекеменің негізін қалады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.
Тақырыбы: Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері Дайындаған: Аханова Д
Тақырыбы: Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
Дайындаған: Аханова Д.
Тексерген: Ғанибаева Ғ.
Жоспары
• Ұлт зиялыларының қалыптасуы
• Ұлттық мемлекет құрудағы зиялылардың мақсаты
• Ұлт зиялыларының ұстанған бағыты
• Зиялы ұауымның іс-әрекеттерінің аяқталуы
Зиялы қауым деп кімдерді айтамыз?
Кеңес дәуірі тұсындағы зиялылар дегенде ақын-жазушыларды елестетеміз. Тоталитарлық жүйеде ойыңды, пікіріңді ашық жеткізу болмады. Сол кезде ақын-жазушылар өзінің әдеби амал-тәсілдерімен қоғамдық шындықты көркем тілмен астарлап жеткізді. Зиялы топтың өзі интеллектуалды, мәдени, саяси, элиталық болып бірнеше түрге бөлінеді. Қайсысы ұлт үшін, халық үшін қызмет етіп жүрсе, халық оны өзі көреді. Қашанда күрескерлерді қолдайды.
XIX ғ-ң ІІ-жартысы – XX ғ-ң басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде орын алған құбылыстар қазақ қоғамының санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын анықтады. Дәуірдің жаңалықтарын, еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдері, адамдардын шағын тобы меңгерді.
Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың да, өлкедегі азаттық күресінің дамуында ХІХ – ХХ ғасырлар шебінде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды.
Қазақ халқының ұлт ретінде ұю процесі Ресей империясының отаршылдық ұстанымдағы күштермен арпалысты идеологиялық күрес жағдайында жүрді. Ал отарлау ісінде батыстық мемлекеттердің түрлі құйтырқы әдіс-айласын әбден меңгеріп алған Ресей билігі қазақ қоғамын түрлі идеологиялық құралдар арқылы илеу ісін XIX ғасырда-ақ бастап кеткен болатын. Мұндай илеуге алдымен ұлттың билеуші тобы, әсіресе, орысша білім алған алғашқы оқығандары түсті. Яғни олар зиялы топ өкілдері болды.
• Қазақ халқының ұлт ретінде ұю процесі Ресей империясының отаршылдық ұстанымдағы күштермен арпалысты идеологиялық күрес жағдайында жүрді. Ал отарлау ісінде батыстық мемлекеттердің түрлі құйтырқы әдіс-айласын әбден меңгеріп алған Ресей билігі қазақ қоғамын түрлі идеологиялық құралдар арқылы илеу ісін XIX ғасырда-ақ бастап кеткен болатын. Мұндай илеуге алдымен ұлттың билеуші тобы, әсіресе, орысша білім алған алғашқы оқығандары түсті. Яғни олар зиялы топ өкілдері болды.
ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған. 1921 жылы РКП (б) Х-ші съезінде ұлт мəселесі туралы проблема көтерілді. Осы съезде қосымша баяндама жасаған Ə. Ермеков қазақ даласының жалпы əлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына тоқталды. Ол былай деді: «Каспий теңізі теріскей жағасындағы ұзындығы 70-80 шақырымға, Нарын құмына дейін созылған, шаруашылыққа тиімді шығанақ-бұғазды орыс помещиктеріне, алпауыт- тарына əперілген, басқаша айтқанда, П.А. Столыпиннің Мемлекеттік думада «қазақ жерін игеру» деуінен кейін «Миллионный фонд» деп аталған өңірді жəне Ертістің қазақ жерінде ағатын өне бойының екі жағын, он шақырымнан қатарлыстыра кесіп алып, сібірлік казак-орыстарға тартып əперген жерлерді болашақ Қазақ республикасына қосу керек» деп айтады. Бүгінгі Қазақстанның тəуелсіздігін алу жолындағы күрес тарихында Ə.Ермековтей тұлғалардың еңбектері өте зор.
Ұлт зиялысы үшін мемлекеттік тәуелсіздікті жақтаушы әрі оны нығайта түсу жолында тұрған күштерді қолдау негізгі міндет болып қала береді. Ағартушылық – зиялылықтың басты өлшемі. Өсіп-өну жолында тұрған ұлттың алтын ғасыры, яғни қарышты даму жолына түсер сәті болады. Қазақ елі ондай сәтті XX ғасырдың алғашқы ширегінде басынан кешірді. Сондай-ақ ешқандай да сырттан араласусыз, барлық қалыптасу және даму сатыларынан ешқандай да тежеусіз емін-еркін жүріп өтті. Сондай-ақ еуропалық ағартушылықтың өкілдері репрессия құрбаны болған жоқ.. Англиядағы ағартушылықтың ұраны: «Көктен күту жетер, жұмырбасты пенде өзіне ғана сенер!» деген девиз болса, Германиядағы философ Кант «адамдарға отырған жаялығынан өз еркімен шығатын уақыт жетті!», соған байланысты оның девизі «тәуелсіз ойлаудан жасқанба!» болды.
Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылығы басқа елдердегідей барлық даму сатысынан еркін жүріп өтіп, ұлттық мінез бен болмыстың жаңа сапаға өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылды. Билік тарапынан тура осындай шектеу және құғын-сүргінге қазақ ұлтшылдығы да ұшырады. Большевиктік идеология қорғаныстық мазмұнындағы қазақ ұлтшылдығын, агрессивті прогреске қарсы ұстанымдағы көзқарас есебінде көрсетті. Халықтар достығы және интернационализмді негізгі ұраны ретінде көтерген билік, шын мәнінде өмірде пәрменді орыстандыру саясатын жүргізді. Бар болғаны 20-30 жылдың ішінде ғана бірнеше мәрте сұрапыл аштықты (1921-22, 1931-33) екі бірдей зиялылар және саясаткерлер буынын жұтқан саяси репрессияны, азамат соғысы мен фашизмге қарсы соғыстарды, қуатты орыстандыру процесін басынан өткізген қазақ қоғамы терең рухани күйзелістерден соң өрдер мінезді, азатшыл халықтан жасық та жалтақ, жетекшіл халыққа айналды. Ең негізгісі ХХ ғасыр басында барлық Азия елдерінде көрініс тапқан ұлтшылдық идеясы қазақ қоғамында өзінің табиғи сөресі – ұлттық мемлекеттік құрумен аяқталған жоқ. Қазақ азаттық қозғалысын теориялық тұрғыдан негіздеп, саяси күрес сахнасына алып щыққан мемлекетшіл тұлғалар түгелдей «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе жапон, неміс агенттері ретінде саяси 24 репрессия құрбаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: |