Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы - Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру
- Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі — тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады.
- Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады.
- Тарих ғылымы — ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы — оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзек ті мəселе — сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу.
- Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құра латын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт — Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт — Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұ жырымдамасы» дайындалып арнаулы басылымдар мен ғылыми жи нақ тар да жарияланды. Мəселен, 1999 жылы жарық көрген «Национальные истории в советском и постсоветских государствах» атты еңбекті атауға болады. Бұл маңызды құжатта тəуелсіздік жағда йында еліміз дегі тарихи сананың қалыптасу жағдайы, тарих ғылымының алда тұрған мəселелері тарихи білім мен, ағарту ісінің келешегі айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |