Сәбит Мұқанов Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов. Қайым Мұхамедханов … Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді. Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Рабиға Сыздықова Қорытындылай келдегенде Ахаң, еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі- артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ – демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |