Ұлттық сана сезім – қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мәселесі



Дата17.07.2016
өлшемі62.22 Kb.
#205045
Ұлттық сана сезім – қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мәселесі
Кеңес өкіметінің күйреуінің нәтижесінде Орталық Евразиялық аймағында 20 ғасырда жаңаша өз реңдегі, яғни егемендікті алған 27 мемлекет пайда болды. Сол мемлекеттердің ішінде біздің Қазқстан мемлекетімізді де айтуға болады. Біздің мемелекетіміз егемендікке ие болғаннан бері біз көпетегн жетістіктерге жеттік. Олардың ішімізде тәуелсіз елдің негізгі заңы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, сонымен бірге көптеген заңдар, қағидалар мен жобалар қабылданып жасалуда. Соның ішінде білім беру жүйесінде де көптеген жаңалықтар енгізілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде әртүрлі қиыншылықтар туындады, олар бұрынғы құрылымдардың күйруімен және қоғамның жаңа сапаға өтуімен анықталады. Осындай қиыншылық жағдайында білім беру жобасын таңдау барысында қателесу мүмкіндігін де туғызады. Сол себепті осы кеңістіктегі жобаның кемшіліктері мен білім беру жүйесінің тенденцияларының дамуын ескеру қажет. Зерттеушілердің айтуларынша осы жобалардың көптігіне қарамастан, ізденіс бірнеше тенденцияларда жүріп жатыр [3]. Олардың үшеуі Қазақстанның білім беру жүйесі үшін қызықтырарлық мәселе болып табылады.

1. Совет мектебінің құрылымдық қасиеттерін сақтау. Бұл тенденция білім берудің көптеген мамандарына тән, көбінесе консерваторлық, репродуктивті педагогикалық ойлау бағытығындағы басқарушылармен ұсталынады. Әлемдік қауыдастық үшін Совет мектеп жобасы өте қызықты болып табылады, себебі бұл жоба әскери-өндірістік, энергетикалық комплестердің жоғары технологияларын, әлемдік косманавтиканың сәтіліктерін және т.б. қамтамасыз етті. Осындай жақсы жақтарын ескере отырып, Совет мектеп жобасының кемшіліктерінің бар екенін ұмытпауымыз керек.

2. Білім беру жүйесіндегі нарықтық типімен байланысты жоба. Осындай мектеп индустриялаған мемлекеттерге тән. Оның міндеті – индивидті социумның (оның құқықтық, құндылқ бағыттарына, өндірістік қажеттіліктеріне және т.б.) шарттарына бейімдету. «Ерікті» мектеп буржуазиялық, капиталистік шаруашылықтың негізінде құрылған (екі ғасырлық тәжрибесі бар). Ондай тәжрибе ТМД кеңістігінде жоқ, сондықтан да бұл жобаның түрі Кеңес өкіметінен кейінгі біздің мектептің жобасына сәйкес келмейді.

3. Жаңа типтегі мектептің қалыптасуы – мәдениеттік типтегі. Мәдениеттік типтегі білім берудің ерекшелігі ол тоталитарлық мемлекетпен және нарық жағдайымен емес, мәдениетпен реттеліп отырады. Оның рухани және материалдық байлықтарын игере отырып, индивид тұлғаға айналады. Осы жобаны жүзеге асыру барысында біздің мәдениетіміз білім беру кеңістігі ретінде қарастырылады, бұндағы ұлттық-рухани тәжрибе әлемдік мәдениеттің құрамдық бөлігі болады.

Осы тенденцияларға байланысты қорыта айтатын болсақ, бірінші тенденцияны жоққа шығаруға болмайды, себебі Совет мектепбінің дамуы біздің еліміздің тарихы. Екінші тенденция дәл қазіргі капиталистік шаруашылықтың коньюктуралық мақсатына сәйкес келеді және әлемдік кеңістігінің қарқынды глобализацияның шарты.

Қазақстан үшін білім берудің ең тиімді жобасы этникалық-мәдени білім беру болып табылады, бұндай білім беру арқылы этникалық-мәдени тұлға қалыптасады.

М. Дулатовтың айтуынша ұлттық білім берудің мақсаты: «...жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...» болса, міндеті: «...балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару» болып табылады [4,5].

Этникалық-мәдени білім беру біріншіден, өз ұлтының тарихын, өз ұлтының мәдениетін, өз ұлтының тілін оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Осындай білім берудің басты белгісі – онда халықтың ұлттық рухының болуы.

Ендеше қанға сіңген «ұлттық рух» - әр бір халықтың рухани әрекетінің, яғни миф, фольклор, тіл дәстүр салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. жемісі бола отырып, сол халықтың психологиясын, сана сезімін көрсетеді. Бұл әрине, адамдардың қоғамдық және жеке тәжрибесінен өмірдегі пайымдауыларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесіне негізделеді.

Сонымен, этникалық-мәдени білім беру балаларды оқыту мен тәрбиелеу халқымыздың тарихы, әдет-ғұрпы, халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптасқан ұлттық сана қалыптасу нәтижесінде көрінеді.

Қазақстан Республикасының этно мәдени білім беру концепциясы (1996) білім беруді – ұлттық сананың қалыптасуы құралы ретінде анықтап, дамытушы, тасымалдаушы, дифферанциациялайтын, интеграциялайтын функцияларды атқарады деп көрсетілген.

Ұлттық сана өте күрделі рухани қайтақұрылым. Ұлттық сана мәселесі Ю. В. Бромлей, В. И. Козлов, П. И. Кушнер, Л. М. Дробижева, А. К. Қалмырзаева, О .Б. Мұхамедбердиева, А. К. Уледова еңбектерінде қарастырылған.

Бүгінгі таңда ұлттық сана ұғымын түрліше қарастырады, дәстүрлі көзқарас бойынша ұлттық сана – этностың негізгі ерекшелігі болып табылады. Ю. В. Бромлей, В. И. Козлов пен П. И. Кушнердің айтуынша ұлттық сана бұл объективті функционалды шындықты бейнелейтін субъективті фактор, болса, ал әлемдік этнология бойынша ұлттық сана – бұл табиғи негіздерден тұратын және бұқаралық ақпараттар жүйесі, білім беру жүйесі арқылы қалыптасатын конструкт болып табылады.

Егер де ғалымдардың пікірлерін жалпылайтын болсақ, онда ұлттық сана – дегеніміз ұлттық идеялардың, көзқарастардың, сенімдердің жиынтығы болып табылады.

Ұлтық сана сезімінің құрылымын психологияның түрлі мектептері түрліше қарастырады. Мәселен, әлеуметтік психологтар ұлттық сананы өз тобына сай қасиеттер ретінде қарастырады, яғни автотаптаурындар жиынтығы мен өзін белгілі бір этностық топтың өкіліне жатқызу болып табылады. В. И. Козлов үшін ұлттық сана – бұл белгілі бір этносқа жату, яғни өзін этностық қауымдастыққа жатқызу болып табылады.

Ю. В. Бромлей ұлттық сана сезімінің тар және кең мағыналарын ұсынады, тар мағынада бұл термин этностық қауымдастыққа жатқызу ретінде интерпритацияланса, кең мағынада мәдениет, тіл, ұлттық тарих, этникалық қызығушылықтар және т.б. туралы адамдардың көзқарастар мен білімдердің жиынтығы болып есептеледі.

Ұлттық сана жүйесінің компоненттеріне келесілер жатады:

-танымдық (білім);

-рухани-эмоционалдық (наным-сенімдер);

-жүріс-тұрыстық.

Танымдық компонент аймағына тарих, мәдениет, тіл, әдет-ғұрып, ұлттық тәрбие, ұлттық нормалар, ұлттық таптаурындар, ұлттық қызығушылықтар, ұлттық идентификация және т.б. жатады.

Рухани-эмоционалдық компонент аймағына сезімдік қабылдаумен байланысты. Оған сезім, ерік, мотивтер, көзқарас, аффектілер және т.б. жатады.

Жүріс-тұрыстық компонент аймағына дағды-нышандар, бағыт-бағдар, т.б. жатады. Яғни ұлт өкілі ретінде өзінің тұлғалық функцияларын жүзеге асырудың психологиялық дайындылығы.

Ұлттық білім беру мәселесін көп көтерген және бұл бағытта өте үлкен еңбек жасаған профессор К.Қожахметованың ұсынылған жобасына тоқтала алмаймыз. Ол білім мазмұны ұлттық тәрбие мазмұнымен өзара кіріктіле жүргізілу керек деп есептейді [23,24].

Ғалымның айтуынша ұлттық тәрбие үш бағытта: ғылым негізін оқыту, арнайы пәндер және арнайы тәрбие арқылы жүргізілу тиіс. Оның мақсаты: жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды сақтай отырып тәпбиелеу; терең теориялық білім, білік, дағдыларды, олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін, талғамдарын, дүниетанымдарын кеңейтіп дамыта оқытып тәрбиелеу. Ал негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру;

Ұлттық сананың қалыптасуы – тек ішкі факторлармен ғана емес, сонымен бірге сырттан педагогикалық әсерді қажет ететін процес болып табылады.

Ұлттық сана тұлғада келесідей қалыптасады:

-тұлғаның ұлттық өз өзін анықтауы (тұлғалық құндылықтардың қалыптасуы);

-тұлғаның ұлттық әлеуметтік мәдени жетілуі;

-тұлғаның әр түрлі өмірлік салаларында ұлттық «Менінің» қалыптасуы.

Л. П. Чагай жоғары көрсетілген ұлттық сананың қалыптасу кезеңдерден өткенде ғана тұлғаның индивидуалдығы көрінеді. Ұлттық сананың көрністері активті және пассивті болу мүмкін. Ол бірнеше факторлармен анықталады. Ұлттық сананың активтілігін анықтайтын факторлар: жанұяның, достардың, көршілердің әсері, тұлғаның өзінің әлеуметтік бағыттылығы, оқу, Бұқаралық Ақпараттар Құралы, т.б. Ұлттық сананың пассивтілігін анықтайтын факторлар: ата-аналардың аралас неккелесуі, өз тілін, мәдениетін, тарихын нашар білу, ұлт аралас жанұяларда өсу, ұлттық нигилизм, және т.б.



Қолданылған әдебиеттер

  1. Г. М. Андреева. Социальная психология. М., 1994.

  2. Ю. В. Арутюнян, Л. М. Дробижева, А. А. Сусоколов. Этносоциология. М., 1999.

  3. Валицкая А.П. Современные стратегии образования: варианты выбора. //Педагогика. 1997. №2, с 3-8.

  4. Дұлатұлы М. Оян қазақ. М., 1991. 81 б.

  5. Дұлатұлы М. Оян қазақ: өлеңдер, аудармалар. А., 2002. 134

  6. С. К. Кентебеков, Ш. М. Мухтарова. Формирование национального самосознания студентов в воспитательной работе вуза. К., 2002.

  7. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: мтодологтя, теория, практика. А., 1998. 314 с.

  8. Қожахметова К. Ұлттық мектеп қандай болу керек? //Қазақстан мектебі. 2000. №7, 38-42 б.

  9. С. А. Узакпаева, Ш. М. Мухтарова. Формирование национального самосознания студентов прис изучениикурса «Этнопедагогика». А., 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет