Ревматизм - өзін және өзгелерді үнемі сынаудан пайда болатын ауру. Онымен
ауыратын адамдар көбінесе оларды үнемі сынайтын адамдарды өзіне тартады. Бұл
басқаларды үнемі сынау керек дейтін олардың өз танымдарынан туындап жатады.
Олардағы қарғыс – бұл қандай жағдайда да сүйген адамының үнемі «мінсізі» болу
тілегі. Олардың жүгі адам төзгісіз ауыр.
Демікпе. Демікпесі бар адамға оның демалуға құқы жоқ сияқты болып көрінеді.
Демікпесі бар балалар – бұл ұяты қатты дамыған балалар. Олар барлығы үшін кінәні
өзіне қабылдайды. Кейде оларға егер барлық жанұясы бірге көшпесе де, тұрғылықты
жерді өзгерту де жақсы көмектеседі. Әдетте демікпесі бар балалар аурудан айығады.
Бұған мектеп, өмірлік жаңа жағдайлар, неке ықпал етеді. Бірақта, кейін өмірде дерт
қозған кезде, біреу түймені басып қалғандай болған жағдайлар жиі қайталанды.
|