Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет91/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
2 5429156790371615512

Кешіру – бостандыққа жол 

Мен: “Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, жоқ бақытты болғанды жөн көресіз 

бе” деп көп сұраймын. Біздің әрбіріміздің кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені жайлы өз 

пікіріміз бар. Ол біздің өмірді қабылдай білу түсінігімізге байланысты. Және де біз өз 

сезімімізді ақтап аларлық жол табамыз. Біз басқаларды сол бізге жасаған “жамандығы” 

үшін  жазалағымыз  келеді  де,  есімізден  кетпей  қояды,  сөйтіп  ол  сіз  үшін  жазаның  бір 

түріне  айналады.  Сізді  өткен  шақта  біреу  ренжітті  деп,  өзіңді-өзің  жазалау  – 

ақымақтық. 

Өткеннен  құтылып  тұру  керек,  ол  үшін  оны  кешіру  шарт.  Кешіру  дегеніміз  – 

қоштасу.  Ыза  және  реніш  сезімімен,  ауырсынумен  қоштасу.  Жағдаймен  тұтастай 

қоштасу.  Олай  қоштаспайды  екенсіз,  ол  сіздің  ішіңізде  бұғып  жатып  сізді  іріте 

бастайды. 

Кешірмеу сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды, ал сізді мүжиді.  

Былай деңіз: “МЕН ӨТКЕНІМНЕН ҚҰТЫЛҒЫМ КЕЛЕДІ. МЕН МАҒАН ЗИЯН 

ЖАСАҒАНДАРМЕН  ҚАТАР  ЗИЯН  ЖАСАМАҒАНДАРДЫ  ДА,  ЖӘНЕ  БІРЕУДІ 

РЕНЖІТІП  АЛҒАН  БОЛСАМ  ӨЗІМДІ  ДЕ  КЕШІРЕМІН”.    Сізге  бір  кезде  қиындық 

туғызған біреуді ұмыта алмай жүрсеңіз оған махаббатыңызды жолдап бата беріңіз де, 

өзіңізден босатыңыз және ол туралы ойлауды тоқтатыңыз. 

Сіз өзіңізді алданып қалғандай немесе тоналғандай сезінбеңіз, сізде болуы тиіс 

нәрседен сіз ешуақытта ажырап кетпейсіз. Егер ол сіздікі болса, басқа бір жолмен болса 

да  қайтып  оралады.  Егер  бір  нәрсені  қайтарып  ала  алмасаңыз,  онда  солай  болуы  тиіс 

болғаны. Оны болған оқиға ретінде қабылдаңыз да, өміріңізді жалғастыра беріңіз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет