М әдениет рәміздері және олардың МӘдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы • Орындаған: Ақылтай Әлішер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.09.2023
өлшемі1.76 Mb.
#478447
1   2   3
stud.kz-36374

Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер
(жеке тұлғалар,әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы
байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара
алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги"
және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық
коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар
аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет
өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда
түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір
әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге
үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі
үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге
тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара
ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт
өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация
мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті
болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық
коммуникация дағдыларын
халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық
корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне
түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер
диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар, саяси
көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет