М. К. Бүлақбаева педагог мамандьіғьіна кіріспе


оқытушы - техникум, училище, жоғары оку орындарында. Педагог



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата07.03.2024
өлшемі0.85 Mb.
#494609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
d0bfd0b5d0b4d0b0d0b3d0bed0b3d0b8d0bad0b0-d0bcd0b0d0bcd0b0d0bdd0b4d18bd0b3d18bd0bdd0b0-d0bad196d180d196d181d0bfd0b5-3

оқытушы - техникум, училище, жоғары оку орындарында. Педагог - осы 
түсініктерге жақын, «туыс» үғым. 
Ойланып көрңізідер, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, 
осы іс-әрекет арқылы қанша адам өтеді? 
Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, әже мен ата, бала бағушы, 
репетиторлар, үй мүғалімдері); балабақшада оқытады, тәрбиелейді 
(тәрбиешілер, үйірме жетекшілері т.б.); мектепте оқытады, тәрбиелейді 
(мүғалімдер, сынып жетекшілері, үзартылған топ педагогтары, қосымша 
білім беретін педагогтар т.б). Сондықтан есіп келе жатқан адам балалық 
шағынан бастап, көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттің 
нысаны болып табьшады. Бірақ, сол адам ер жетеді: техникум, училище, 
жоғары оқу орындарына, курсқа т.б. оқуға түседі. Мүнда да ол 
педагогикалық іс-әрекетке кездеседі, арнайы дайыңдығы бар 
оқытушылар, педагогтар сабак береді, тәрбиеленеді. 
Мамандық алып шыққан соң да, өмірде ез білімін тереңдетіп, 
мамандығын көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептерге 
байланысты мамандығын да өзгертуге тура келеді. Осыған орай, ол әр 
түрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңа 
және қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни, 
бірде бір адам педагогикалық іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайды 
екен. 
Енді іс-әрекеттің шығуына, пайда болуына келейік. Бүл іс-әрекет 
кашан пайда болды? Осы сүраққа жауап беруге бола ма? Жауапты 
педагогика, педагогикальщ сөздерінің тарихына үңіле отырып беруге 
болады. Осы сөздердің этимологиясын қарастыру керек. Этимология -
происхождение слова. 
Бүл сөздердің тарихы (б.э.д. ҮІ-ІҮ ғ.ғ.) Антикалық Грецияға кетіп 
қалады. Осы кезде алгашқы мектептер ашылып, сауаттылық, білімділік 
азаматгардың ерікті қабілет-қасиеті болып есептеле басталды. Мұнда 
мектепке барар алдыңда ерікті азаматтардың балалары отбасылық тәрбие 
алған. Құлдар жетектеп апарған. Осьвдан баланы жетектейтін -
педагогика пайда болған. 
Ғалымдар былай деп есептейді: тәрбие мен оқыту адамдардың 
әлеуметгік-мәдени іс-әрекеттерінің маңызды түріне жатады. 
Шындығында да: жаңа туган бала - ең көмекті қажетсінетін жан. Ол ұзақ 
уақыт ересектердің қүтімімен болады. Бұның өзі - педагогикалық іс-
әрекет. Кейіннен арнайы дайындығы бар адамдар оқытқан. 
1928 ж. АҚШ зерттеушісі М.Мид «Взросление на Самоа» деген 
кітабын шығарған. Бұл кітапта ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі жөнінде 
айтылады. Қыз бала 6-7 жастан бастап, кіші інілеріне көмекші болудан 
бастайды. Бұл уақытқа дейін қарапайым дағдьшар қалыптасады. Ол 



пальма ағашының жапырақтарынан қатты сопақша доп жасауға үйренеді, 
кішкене аяқтарымен кокос пальмасына шығып, жемісін пышақпен қиып 
алады. Жаңбырда қалай «қалқан» жасау керек екендігін, т.б. үйренеді. ¥л 
балалар аң аулайды, ересектер ісіне араласады, т.б. 
М.Мид XX ғ-ң өркениетгіпедагогикасымен самоандық педагогиканы 
байланыстыра отырьт, самаондық педагогиканың кәсіби емес, 
мамандандырылмаған педагогика деп есептейді. 
Олай болса, ертеден-ақ үл бала мен қыз балаларды оқытып 
тәрбиелеген. Бірак, біз мүнда осының бәрін үйрететін маманды, адамды 
кермейміз. Ұжым болып тәрбиелейді. «Самаондық бала жүмыста болсын, 
ойында болсын, әрбір өзінің қадамын тайпаның өмірімен 
байланыстырадьі» деп жазады. Олай болса, сол кездің өзінде 
мамандандырылған оқыту мен тәрбиені қажетсінген. Өзінің ісін жақсы 
білетін, қыр-сырын түсіндіре алатын адамдар пайда бола бастады. Өзінің 
білгенін келесі адамдарға үйрете бастаған. Міне, сондықтан да 
оқытушылық - оқушылық, оқытушы және оқушы феномені пайда болады. 
Мүғалімнің тәжірибесі, білімі, даналығы оқушыға беріліп отырылған. 
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер 
мен бшіктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен 
байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған 
орай, мүғалім-шебермен (учитель-мастер) қатар практикалық әрекет пен 
рухани тәжірибенің қүпияларымен таныстыратын мүғалім тұлғасы пайда 
болды, педагогикалық іс-әрекет пайда болды. Педагогикалық іс-әрекетпен 
шүғылданатын адам қоғамдағы ерекше орны бар тұлғаға айналды. 
Ұжымдық оқыту, төрбиелеу жоғала бастады. 
Жазудың пайда болуы мен дамуы мұғалімнен ерекше білім мен 
дайындықты қажет ете бастады. 
Кәсіп, мамандық - арнайы дайындықты қажетсінетін еңбек іс-әрекеті. 
Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып 
бөлінеді. 
Мамандық деп жеке тұлғаньщ шұғылданатын негізгі еңбек түрі мен 
қызметін айтады. Педагогикалық мамандық жер бетіндегі алғашқы 
мамандықтардың бірі. 
Таным тарихында іс-әрекет үғымы екі түрлі мәнде, біріншіден, 
дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік 
ғылымдарға негіз болған постулат мәнінде қолданылып келеді. XX 
ғасырда әлеуметгік өмір формалары мен мәдени қүндылықтардың пайда 
болуынъщ негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын үстанымы бірқатар 
әлеуметгік ғылымдардың қальпггасып дамуына негіз болды. Күнделікті 
өмірде „іс-әрекет" сөзі - еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал 
ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырьшады, онымен 
ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих, 



мәдениеттану, педагогика және т.с.с. шұғылданады. Іс-әрекет 
проблемасы, көбінесе, гуманитарлық пәндерде (психологияда, 
философияда, әлеуметтануда) зерттелген, онда іс-әрекеттің түрлерін 
анықтауға бірдей негіз болмаған: бір жіктеуде - ол оқу, еңбек, ойын; 
екіншісінде - таным, еңбек, қарым-қатынас; ал әлеуметтанушылардың 
еңбектерінде - еңбек, саяси, керкеменер, ғылыми іс-әрекет және т.б. 
Іс-әрекетке әр түрлі анықтамалар беріледі. Іс-әрекеттің 
философиялық анықтамасында ол: «...айналадағы дүниеге адамның 
ерекше адамгершілік түрдегі қарым-қатынасы» деп көрсегіледі. Қазақ 
совет энциклопедиясында: «Іс-әрекет - айналадағы дүниеге, қоршаған 
ортаға белсенді ықпал етіп, оны белгілі мақсатқа сай өзгертудің тек 
адамға гана тән формасы. Іс-әрекетгің мазмүны мен нәтижесі, бүкіл 
адамзат коғамының тарихи қалыптасуы мен дамуы арқасында жүзеге 
асып отырған табиғаттағы өзгерістер мен өркениет, материалдық 
игіліктер дүниесі, адамзаттың бүкіл мәдениеті мен рухани қазынасы» 
делінген. Педагогикалық энциклопедияда: «Іс-әрекет адамдардың 
қоғамдық-тарихи болмысының ерекше түрі, олардың табиғи және 
әлеуметтік шындықты бағытты түрде өзгертуі» - деп, аныктама берілген. 
Кез-келген іс-әрекеттің сыртқы және ішкі мағынасы болады, 
сондықтан іс-әрекетті психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндеті, 
оның әдіснамалық жүйесін ашу, яғни адамды өз іс-әрекетінің әр түрлі 
деңгейі, санасы мен қабілетіне қаншалықты әсер ететіндігін көрсету. 
Қандай да болмасын, іс-әрекеттің мақсаты, қүрал-жабдығы, нәтижесі 
және оның орындалу процесі болады. Сондықтан да оған тән ерекше 
қасиет ол әр уақытта саналы түрде жүзеге асырьшады. Іс-әрекет -
қоғамдық прогрестің нақтылы қозғаушы күші және қоғамның өмір 
сүруінің негізгі, қажетті жағдайы. 
Әрбір жүмыста өз ісін жетік меңгерген шебері болады. Бүл іс-
әрекетгің көсіби түрі, яғни кәсіби іс-әрекет. Кәсіби іс-әрекеттің алуан 
түрлері бар. Кәсіби іс-әрекет осы кәсіпке байланысты функцияларды 
орындау үшін қажетті білім, білік, дағды жүйесін меңгеруді талап етеді. 
Іс-әрекеттің жоғары нәтижелеріне жету үшін және жоғары кәсіби 
деңгейге қол жеткізу үшін теориялық және практикалық білім алу 
арқылы, өз бетімен білімін көтеру және терендету арқылы адам бүл білім 
мен білікгі меңгереді. 
Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі педагогикалық іс-әрекет, оньщ мазмүны 
оқьпу, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. «Кәсіби іс-әрекет» ұғымының 
ауқымы «педагогикалық іс-әрекет» ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені, 
мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы проблеманы зерттеген мамандардың 
пійрінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік, 
қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден тұрады. 


Педагогикалық теорияда кәсіби педагогикалык іс-әрекетті сипаттауға 
екі көзқарас тұрғысынан қарайды: профессиографиялық және 
эргологиялық. 
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мынадай белгілері бар: 
- іс-әрекетпен қажетті арнайы білім мен білікті меңгерген арнайы 
адам шұғылданады; 
- іс-әрекетті жүзеге асырудың анықталған түрлері бар: сынып, сабақ; 
- іс-әрекет белгілі бір мақсатты кездейді: балаға белгілі бір білім 
жүйесін беру, белгілі білім мен білікті қалыптастыру; білімдегі 
кемшіліктерді жою; тәрбиелеу; баланың кабілетін, ьгатасын, ойын, 
зейінін және т.с.с дамыту; 
- іс-әрекет мақсаты көбінесе оқытудың, тәрбиелеудің мазмүнын 
анықтайды; 
- бала бұл іс-әрекетгің ерекше, салауатты сипатын түсінуде ұстазбен 
ерекше қарым-қатьшаста болады; 
- іс-әрекеттің нәтижелерін, әсіресе, окьггу жөнінде, тексеріп көруге 
болады; оның корытындысы - мұғалім оқытқан баланың білімі мен білік 
деңгейі; 
- нағыз мұғалім өзінің іс-әрекетін балаға білім беруде уақытын 
шектемейді. 
Енді педагогикалық іс-әрекет ұғымын қарастырайық. «Педагогикалық 
іс-әрекет, - Л.А.Беляеваның пікірінше, - «педагогикалық шындық 
болмысының тәсілі. Педагогикалық іс-әрекеттен тыс тәрбие туралы да, 
педагогикалық шындықтың басқа қүбылыстары туралы да айтуға 
болады». 
Педагогикалық іс-әрекеттің пәні (нысаны) - өзіндік белсенділігі басқа 
адам, сондықтан іс-әрекет субъектілердің өзара әсері жағдайында жүзеге 
асады. Егер іс-әрекетке екі немесе одан да көп субъект: мұғалім және 
оқушы, оқьггушы және студент, мұғалім және сынып, оқушы жөне топ, 
мұғалім және педагогикалық ұжым және т.с.с, яғни педагогикалық іс-
әрекет көпсубъектілі немесе субъекті аралық сипатга болады. Субъект -
іс-әрекетті жасайтын адам, объект - іс-әрекеттің бағытталуы. 
Педагогтің іс-әрекет объектісі - оқушының (студентгің) іс-әрекеті. 
Педагогикалық іс-әрекетті бейнелеуге, қүрастыруға, бағдарлауға және 
басқаруға болады. Бүл тәсілдердің әрқайсысы мұғалімнің белгілі бір іс-
қимылының негізі болады. 
Педагргикалық іс-әрекет аясында мүғалім оқушымен қарым-қатынас 
процесінде ғылым әлемін байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше 
мұғалім білім мазмүнын бере отырып, үжымдық субъектілердің іс-
әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдьфу процесін 
ұйымдастырады, сөйтіп жеке түлғаның қалыптасуы мен дамуын 
қамтамасыз етеді. 


Сонымен, педагогикалық іс-әрекет - педагогтің білім мазмұны мен 
оқушылардың іс-әрекетін үйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның 
жеке түлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның қүрылымында мынадай 
функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар: 
1) педагогикалық езара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен 
бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатысым құралдары; 
2) оқушы мен мүғалім, окыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмүны, 
процесі және үйымдастыру түрлері; 
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, 
мазмүны мен қүралдары, нәтижелері. 
Педагогикалық іс-әрекет қүрылымындағы нысаны - мүғалім мен 
оқушы. Мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу. Мазмүны - оқыту, тәрбиелеу, 
білім беру, дамыту. Мұндағы білім ақыл-ой тәрбиесін (интеллектуалдық 
тәрбие), сезім тәрбиесін (адамгершілік тәрбие), қылық тәрбиесін (ерікті, 
дағдыны) қалыптастыруды көздейді. Бұл үшеуі - бір-бірімен сабақтас, 
біртүтас. Іс-әрекет нәтижесі білім мен білік деңгейін көрсетеді. Мұғалім 
өзінің кәсіби педагогикалық іс-әрекетінде белгілі бір шарттарды 
орындауы тиіс. Ең алдымен мұғалімнің педагогикалық қабілетінің орны 
үлкен, өйткені педагогикалық іс-әрекеттің үлкен шығармашылық әлеуеті 
бар, сондықтан оны жүзеге асыруда арнайы қабілет керек; қабілет 
көпшілік жағдайда іс-әрекеттің нәтижелі болуын анықтайды. 
Іс-әрекет құрылымы 
Өндірістік іс-әрекет 
Педагогикалық іс-әрекет 
Субъект 
Инженер, техник 
Педагог 
Объект 
Материалдар, 
технологиялар 
Жеке тұлғаның дамуы 
Шаралар 
Механизмнің құрылымы Мүғалімнің оқыту мен 
тәрбиелеу әдісі мен іс-
шаралары 
Нәтижесі 
Бағалы материалдар 
Жеке тұлғаның білімділігі, 
біліктілігі, тәрбиелілігі, 
рухани дамуы 
Педагог қабілетінің бірыңғай біліктілігі жоқ: Б.М.Теплов қабілеттің 
үш белгісін көрсетсе, Н.Д.Левитов - 5, Ф.НХоноболин - 12-ден 29-ға 
дейін, ал В.А.Крутецкий педагогикалық қабілет мазмүнына әртүрлі 
көзқарастарды жинақтай келе, оның он түрін көрсетеді: дидактикалық, 
академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастыру, авторитарлық, 
қатысымдық, педагогикалық көрегендік, әр түрлі іс-әрекеттерге зейінін 
бөле білу, жеке тұлғалық қасиет. 



Педагогикалық қабілеттің даму деңгейіне қарай Н.В.Кузьмина 
педагогтердің мьшадай біліктілігін ұсынады: данышпан, дарынды, әр 
түрлі дәрежедегі қабілет: өте қабілетгі (педагогикалық міндеттерді 
шешуді қамтамасыз етудің жүйесін ез бетімен жасаған) және аз қабілетті 
(оқушылармен қарым-қатынас жүйесінде сезімтал емес). 
Педагогикалық қабілеттің жоғары деңгейіне арнайы қабілет (пән 
бойынша, мысалы, математикалық кабілет) жатады, ол да педагогикалық 
мақсатқа жетуге ықпал етеді. 
Кәсіби мүғалімнің академиялық білім беру, тәрбиелеу, дамыту 
кабілеті болуы тиіс. Академиялық қабілет және білім, білімділік нәтижесі 
- педагогикалық іс-әрекеттің міндетті компоненті және шарты. 
Педагогикалық қабілеттің бұл екі түрінсіз педагогикалық іс-әрекетті 
жүзеге асыру мүмкін емес. 
Көптеген ғалымдар педагогикалық іс-әрекетке тағы да бірнеше 
қабілеттерді енгізеді, әр автордың көзқарасы әр түрлі. Кейбір 
зерттеушілер шьиармашылық қабілет, кейбіреулері авторитарлық, 
конструктивтік қабілетті көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, қабілет жемісті 
педагогикалық іс-әрекет үшін қажет. Ол - табысқа жетудің алғы шарты. 
Мүғалімдік кәсіпті таңдаған адамның терең, кең кәсіби білімі болуы тиіс. 
Осы білім негізінде қажетті кәсіби білік дамиды. 
Мүғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі 
субъектісі болып табылады. Мүғалім оқушыларды оқьггу сапасына, 
олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. 
Мүғалімнің жүмысы, оның жеке түлғасының негізгі сапаларының кәсіби 
іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады. 
А.Н.Щербаков мүғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мүғалімінің іс-
әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмүны 
жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағытгылықты, 
тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалыктьщ заңдарын, оқьггу мен 
тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі 
еңбек» - дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртүтас қүрылым 
міндеттерін атқарады да, мүғалімнің тұлғасын сипаттайды. 
«Мұғалім» мен «педагог» туралы түсінік педагогикалық қызмет 
атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мүғалім деп 
негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама 
айтылады. Педагогтың әлеуметгік статусының 2 түрі бар: а) мамандар, 
яғни арнайы даярлығы барлар; 2) басқа мамандыктардағы, бірақ тәрбиеші, 
оқытушы қызметін атқарып жүргендер. Бұларды педагогикалық 
қызметкерлер деп айтуға бола ма? Неге болмайды, егер де, оның 
тәжірибесі мен білімі жеткілікті болса. 
ю 


Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жүмыс 
істейтін мақсатты, арнайы үйымдасқан педагогикалық бірлестігінен 
туындайды. 
Мамандық кызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін 
арттыру болып табылады. 
Мұғалім тұлғасының дамуына мұмкіндігін педагогикалық қызметтің 
гуманистігі деп атайды. Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар: 
- мамандық іс-әрекетінің мазмұны. мен түлғаның өзін-өзі көрсетуі; 
- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні; 
- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің 
қоғамдык бағасының анықталуы; 
- еңбектің тәртібі мен жағдайы. 
«Әрдайым оқытып, тәрбиелейтін мамандар ма? Дүниеге келген 
күннен бастап тәрбиелейтін кім?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. 
Философ М.С.Каган адамзаттың екі кереметін ойлап тапқан: отбасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет