- репродуктивтік, адам өз игерген білімді басқаға жеткізу;
II - білім мен икемділікті бейімдеу, пәнді білу ғана емес, оны
қабылдау мен үғыну ерекшеліктерін де білу;
ПІ - білімді локальды моделдеу, педагог білімді жеткізумен
шектелмейді, өтілген және кейін өтілетін қандай материалмен
байланыстырып, салыстыру қажет екенін, жаңа материалды өтуде қандай
қиьшдық кездесегінін және ол қиындықты жеңу үшін не істеу керек
екендігін ескере отырып, білім қүрамын түзе алады;
ІҮ - білімді жүйелі моделдеу, білімдердің барлық жүйесін сипаттау
мен есепке алу;
Ү - окушылар мінез-кұлқы жүйесін моделдеу, мүғалімнщ осы оқу
орньгаың түпкі мақсатын үғынуы.
Бүл жіктеу мүғалімнің қажетті білім жүйесін теруі мен оны оқушы
дамуының қүралы ретінде қолдану мөлшерін бейнелейді.
Сонымен қатар, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес
компоненттен тұратын функционалдық моделін үсынды:
1) гностикалық, педагогикалық жүйені қолдаудың заңдары мен
механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін
шешеді;
2) жобалаушылық, бұл - оқытылып отырған курс мақсаты мен ол
мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
13
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны,
сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау
жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) үйымдастырушылык бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру
міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс
субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас
орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Мүғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай,
жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нактырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті,
бағдарламаларды, оқулыктарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағы да
баска оқыту қүралдарын талдау, соның негізінде оқушьшардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау
және оларды қүрастырып, сабактың мазмүнын анықтау; өзінің жүмысын
жоспарлап оқушылардың оқу жүмысын да жоспарлауға үйрету;
оқушьшардың әр түрлі іс-әрекетгерін ұйымдастырып, оны орындауға
көмектесу; өзінің және оқушылардың іс-әрекетін бағалай білу, оларды
бағалауға және өзін-өзі бағалауға үйрету, т.с.с.
Әрине, іс-әрекеттің аталған түрлері мүғалімнің практикалық
жұмысында кездесетін барлық іс-әрекетгі қамтиды деп айтуға болмайды,
ейткені мамандық алу барысында адам негізгі білікті қальштастыруды
үйренеді, сонан соң өзінің білімін, кәсіби шеберлігін жалғастырады,
жетілдіреді.
Оқушьшардың іс-әрекетін басқару әр түрлі жолдармен жүзеге
асырылуы мүмкін: 1) жанама басқару - оқу материалы мен оқу құралы
арқылы; 2) тікелей басқару - белгілі оқу-таным іс-әрекеттерін
қалыптастыру және бақылау мен өзін-өзі бақылау арқылы. Оқушылардың
жүмысын бақылаудың түрлерін үйымдастыру (ауызша сүрау - жаппай
сүрау және жеке сүрау, жазбаша жүмыста - өздік жүмыс, бақылау
жүмыстары).
Мүғалім іс-әрекеттің бүл түрін күнделікті жүргізіп отырады. Сұракты
нақты қою, жауаптарға түсініктеме беру, пікірін білдіру, жауап жоспарын
жасау, жоспарға сәйкес жауаптарды талдау және т.с.с- осының бәрі
басқаның іс-әрекетіне дүрыс баға беру білігін қалыптастырады, өзін-өзі
бағалауды қалыптастыру шешу үлгісінің негізінде өз жүмысының
қателерін талдау жолымен жүзеге асырылады.
Сонымен, мұғалім тұлғасы іс-әрекетінің құрылымын бейнелей
отырьш, қасиеттер мен сипаттамалардың жай жиынтығы емес, кәсіби
және танымдық бағьптьшығы бар біртұтас құрылым болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:
14
- диагносіикалық қызметі оқушыларды зерттеп білуімен және
олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен
байланысты;
- бағдар беру - болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің
бағытын және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақгы мақсаттар мен
міндеттерді анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен
тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді,
оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай ілтерушілікті қалайды;
- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен
туындайды;
- үйымдастьірушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие
жұмысына жұмылдырумен байланысты;
- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог - ғылыми, дүниетанымдық
және адамгершілік-эстетикалық ақпаратгың аса маңызды көзі болатын
мүғалім қызмегі;
- үжымды ынталандыру қызметі - мүғалімнің жеке басының
адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білуімен,
оның қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-
қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл
қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз гуманизмді
қамтиды;
- талдама-бағалау қызметі - мүғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына
талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға
мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мүғалімге өзінің жүмысьшда жанды
байланыс орнатуға мүмкіндік береді;
- мүғалімнің зерттеушілк-шығармашылық қызметі: педагогикалық
теорияны қолдану мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы
қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры - белгілі
теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой
елегінен өткізіп дамыту болып табылады.
Құрылым - (латын сөзі, құрылыс, орналасу, тәртіп деген мағынаны
түсінДіреді) әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайында объектіге
оның негізгі қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін жиынтығы.
Мүгалімнің кәсіби қасиеттері:
- педагогикалық мамандықтың әлеуметтік ролі мен қоғамдық беделі
туралы түсінік;
- қызмет өрісі ретінде балаға ынта қою;
- педагогикалық байқағыштық пен қырағылық;
- педагогикалық әдеп;
- ұйымдастырушылық қабілеттер;
- кәсіби жұмыс істеу қабілеті;
- түрақты рухани мүдделер.
15
Мүғалімге қойылатын кәсіптік талаптар:
- пәнді және оны оқыту әдістемесін терең білу;
- мүғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары деңгейі, оның кең
дүниетанымы;
- балаларға деген сүйіспеншілік, әр баланың жеке басына қүрмет;
- педагогикалық әдеп;
- үйымдастырушылық қабілеттер.
Мүғалімнің жеке басына қойьшатын талаптар:
1. Коммуникабелдік - қарым-қатынас жасау қабілеті.
2. Әдептілік.
3. Балаларға деген сүйіспеншілік.
4. Байқампаздық.
5. Шығармашылык қабілеттер.
ПЕДАГОГЖА МАМАНДЫҒЬШЬЩ ҚұРЫЛЫМЫ
1. Білім беру мекемелерінің пайда болу тарихы.
2. Қазақстандағы алғашқы мектептердің ашылу тарихы.
3. «Мамандық» және «кәсіп» үғымдары.
4. Кәсіпті жіктеу.
5. Жеке тұлға сапаларының күрьглымы. Педагогтың кәсіби
компоненттілігі (құзіреттілігі).
Қазіргі қоғамда 10 мындаған еңбек түрлері бар. Оның әрқайсысын
адамның талаптар жүйесін қанағаттандыратын іс-әрекеттерін кәсіп деп
атауға болады.
Мүғалім - педагог кәсібі - қазіргі замандағы ең белгілі кәсіп.
Өмір сүруге, еңбек етуге, жаңа ұрпақты даярлау мақсатында, бір
үрпақтан екінші ұрпаққа қоғамдық тәжірибені беру қажетгігі оқу мен
тәрбие ісін өрбітуге әкелді.
Алғашқы мектептер құл иеленушілік қоғамда, Ежелгі Шығыс
елдерінде (Ассирия, Египет, Вавилонда) пайда болды. Мысалға, өзендерге
көпір салу, қалалар салу, плотина (су бөгеттерін) жасау т.б., арифметика,
геометрия, астрономия, медицина т.б. ғылымдардың дамуына әсерін
тигізді. Мектеп жағдайьшда ауызға алынуын б.э.д. 2500 жьш бұрын
Мысырда дворцовая школа деген болған. Онда соғысқа керек әскери
адамдар, сәулетшіЛер, дәрігерлер дайындаған.
Ежелгі Греция ақылы жеке меншік грамматистер мен кифаристер
дайындайтын мектептер болды, онда 7-ден 14 жасқа дейін үл балалар
оқыды. Оқыту бір уақытта 2 мектепті немесе бірінен соң бірінде
жүргізілді, алдымен - біреуінде, содан соң - екіншісінде. Ал, қыздар тек
16
отбасылык тәрбие алды. Грамматистер мен кифаристер мекгептерінің
мұғалімдерін дидактикалдар (грек сөзі - «дидаско» - оқытамын) деп
атады. Мектепке бара жатқан немесе келе жатқан баланы кұл апарып,
әкеліп отырғандықтан баланы жетектеуші немесе педагог деп атаған.
Үл бала 13-ке келгенде палестра мектебіне, яғни, күрес үйрену
мектебіне ауыстырылған. Онда 2-3 жыл гимнастикамен де шұғылданған.
Жетекшісін - педотриба деп атаған. Бұл мектепте күресу, суға жүзуді,
диск лақтыруды, секіруді, жүгіруді үйренген.
Спартада мемлекетгік тәрбие беру мекемелерінің жетекшілерін
педондар деп атаған. Педондардың міндеті - тәрбиеленушілердің
адамгершілік тәртібін, әскери-дене жаттығуларын қадағалау, тіл алмаса
жазалау.
Б-э.д. II ғасырдың 1-жартысында Римде грамматикалық мектептер
найда бола бастады. Бүл Рим қоғамдык өмірінде тәрбиенің ролінің
озгеруіне, ғылым, өнер, мәдениеттің өсуіне байланысты болды. Бұл кезде
Рим Жерорта теңізінің бірнеше мемлекеттерін басып алған болатын.
Грамматикалық мектептер тек бай отбасында жазу мен оқып үйренгені 1-
12 жасар үл балалар 3-4 жыл білім алған. Бүл мектепгердің мақсаты -
гуманитарлық білім алған саяси немесе сот ораторларын даярлау болды.
Осы мектептің мұғалімдерін грамматиктер немесе өдебиетшілер
(литераторлар) деп атаған. Бұлар терең білімді адамдар еді.
Б.э.д. I ғасырдың басы мен ортасында Рим республикасында сот пен
саяси шешендік сөздерінің өсуіне орай (ритор) шешеңдік мектептер пайда
бола бастады. Бұл мектептерде жалпыгуманитарлық терең білім және
тарихшылар, философтар еңбектерінен мағлүматтар берілді. Осыған орай,
білім алып жатқандардың саяси карьерасын жасауға мүмкіншіліктері
туды. Бұл мектептерде 13-14-тен 16-19 жасқа дейінгі жас өспірімдер мен
жеткіншектер білім алды.
Рим империясы билігін жүргізіп тұрған кезде білім беру де, бақылау
да болды. Император Веспасиан ритор-шешендерге жыл сайын
мемлекеттік сый-ақы, Юлий Цезарь мүғалімдердің барлығына римдік
азаматтық алуларына рүқсат берді. Көп үзамай барлық грамматиктер мен
шешендер мемлекет қызметкерлеріне айналды. Император Антоний Пий
мүғалімдерге жеңілдік жасады. Император Диоклетиан әрбір мектептердің
типіне орай міндетті минимумдар мен мүғалімдердің міндеттері мен сый-
ақы мөлшерін айқьгадады.
Ежелгі Орта ғасырда шіркеу үстемдігін жүргізді. Осы уақытта 3 түрлі
мектептер де болды - монастырская, соборная (кафедральная, епископская)
және приходская мектептері.
Монастырская мектептерде ата-анасы монах болсын деп берген үл
балалар ғана оқыды. Бұл мектептерде педагогикалық кәсіпке икемі бар
17
монахтар сабақ жүргізді. Монах-мүғалім балалар бір бөлмеде отырса да,
әрбір баламен жеке жүмыс жүргізді.
Үлкен қалаларда сауда мен қоленердің дамуына орай
қолөнершілердің сүрауымен - цехтық мектептер, саудагерлердің
сүрауымен - гильдейские мектептер пайда болды. Бүл мектептер ақылы
негізде оқытты.
ХҮІ ғасырда бағындырушы таптың балаларына арналған жабық
интернаттар - иезуитгер мектебі немесе коллегиумдар пайда болды.
Мектептердің мақсаты - католик шіркеуінің ықпалын күшейту.
Мүнда жаңа қүрылымда - күшейтілген дене жаттықтыру, оқытудың
көрнекілігі, сырттай «жүмсақ» тәртіп пайда болды, жалпы білім беруге
көңіл бөліне бастады. Тәрбиенің осындай маңызды міндеттерін орындау
үшін білімді, арнайы дайындығы бар мүғалімдер керек болды. Иезуиттер
бірінші болып, өз мектептеріне қажет мүғалімдерді даярлай бастады. Ең
жақсы оқыған студентгерді алып қалып отырған.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда мүғалім мамандығы жалпы сипатта болды.
Мектептер мен әртүрлі училищелерде мүғалімдер штаттық бірлікте
болды. Гувернерство кең етек алды (отбасында арнайы мүғалімдер мен
жетекшілердің көмегімен бастауыш білім алу). Англияда джентелмендерді
тәрбиелеу жүйесі жүргізілді (автор Джон Локк). Нағыз джентелмендер
отбасында тәрбиеленеді деген.
Алғашында ешқандай мүғалімдік даярлықтан өтпеген адамдар
мұғалім болды. Оларды кім үйретті?
Ресейде Петров реформасы кезінде сауатты жазу мен арифметикаға
оқушыньщ өзі үйретті
1979 ж. Мәскеу университетінде педагогикалық оқу орны ретінде
мүғалімдер семинариясы ашылды. Онда бастауыш мектептеріне,
мәскеулік және қазан гимназиялары мен пансиондарына мүғалімдер
даярланды. 1803 ж. Петерборда қалалық училищелерге мүғалімдер
даярлайтын мүғалімдер гимназиясы ашылды. 1804 ж. бұл педагогикалық
институтқа айналды. XIX ғасырла Ресейде орта сыныптарға сабақ
жүргізетін алғашқы мұғалімдер институты қүрылды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыпты
жүмыс істеуін камтамасыз еткен бірден-бір оқу орны болып саналатын
медреселердің даму тарихы Орта Азия мен Қазақстан жерінде исламның
таралуымен тьгғыз байланысты жүзеге асты. Деректерге сүйенсек, XIX
ғасырдьщ алғашқы жартысында 600-ге жуық медреселер жүмыс істеген
екен. Медреселер көп жағдайда мсшітгердің жаньшан ашыльш, мешітке
түскен кіріс есебінен қаржыландырыльш отырған. Медреселердегі оқу үш
сатыға - төменгі, орта және жоғары сатыларға бөлініп, оқу мерзімі 9-12
жылға созылған.
18
Медреселердегі оқу бағдарламаларында негізінен: араб тілінің
грамматикасы; араб риторикасы; араб тарихы; діни ережелер; құранның
мазмұны; ислам діні тарихы; пайғамбарлар тарихы; шығыс халықгарыныц
тарихы оқытылған.
XIX ғасырдың соңына карай шығыстың мұсылман елдерінде
рухани қайта жаңгыру медреселердегі білім мазмұнының жаңа бағытта
дамуына жол ашты. Бүл мұсылмандық оқу жүйесін жетілдіруді қолға
алған жәдиттік қозғалыс болатын. Жәдиттік бағыттағы
медреселердің оқу бағдарламаларьгада діни іліммен бірге
жаратылыстану, логика ғылымдары кенднен окьггылдьі. Мәселен: Түркі тілі
және әдебиеті; Жалпы тарих; Философия тарихы; Математика; География;
Физика және химия; Астрономия, Каллиграфия және сурет; Психология;
Орыс тілі; Бухгалтерия; Гигиена.
Көріп отырғанымыздай, жәдиттік медреселердің оку
бағдарламалары баланың жан-жақты дамуьша, қоршаған әлем туралы
ғылыми түсінік калыптастыруға, өзге тілдерді меңгеруге, есеп-
қисапты үйретуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, біз қарастырып
отырған кезеңдегі медреселердің білім мазмүны баланы сол қоғамның
сұранысына жауап бере алатын, яғни, табысты іс-әрекетке бейім тұлға
ретінде калыптастыруды кездеген. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,
табысты іс-әрекет дегеніміз - оң нәтижеге қол жеткізу.
Табысты іс-әрекет идеясы туралы алғашқы мәліметтерді ежелгі грек
философтары мен ежелгі шығыс ойшылдарьшың енбектерінен
кездестіруге болады. Мәселен, Платон: «Кім қандай бағытта тәрбие
алса, оның болашақтағы жолы соғаы байланысты айқындалады» - деп,
адамның өмірде табысқа қол жеткізуін тікелей тәрбие ісімен
байланыстырады. Демокрит оқу барысындагы жетістіктерге тек қана
еңбек аркьшы жетуге болады дейді.
Белгілі ойшыл Сократ мүғалімнің табысты іс-әрекетін
анықтайтын фактор оның мейірімділігі мен интеллектісіне байланысты
деп көрсетгі.
Шығыстың үлы ойшылы әл-Фараби адамның негізгі міндеті
қоғамға пайда әкелу деп есептеді.
Ал, Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы, педагог-гуманист Витторино де
Фельтре оқушылардың да, мұғалімдердің де табысты іс-әрекетін
үйымдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған «Қуаныш үйі» деп
аталатын оқу орнының негізін қалады. Аталған білім ордасының
ғимаратынан бастап ішкі безендірулері, оқушылардьң таптық тұрғыда тең
дәрежеде болуы т.б. факторлар оқу-тәрбие процесінің табысты
жүргізілуіне ықпал етті.
Қазақ жеріндегі түңғыш мектептердің ашыла бастауы
Қазақстанның Ресейге ез еркімен қосылу кезеңінен басталады.
19
Қазақтар арасында діни емес (дүниелік) білімді таратулардың алғашқы
бастамаларында осы тарихи оқиғамен байланысты болды. ХҮШ
ғасырда орыс дворяндарының ролінің артуына орай, патша екіметі
сол таптын мүддесін сай діннен тыс білім тарату бағытында біраз
шаралар жүргізді. 1931 жылы үйымдастырылған әскери кадет корпусы
жабық түрдегі сословиелік-дворяндық оқу орнының бастамасы болды
да, ол дворян жастарын әскери және азаматтық қызметтерге әзірлеуді
мақсат етті. Бұл үйымдастырылған кадет корпустары өз заманындағы
дворян мәдениетінің орталығы бола түра, Ресейдің ұлт аймақтарьшда,
соның ішінде Қазакстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізді.
XIX ғасырдың орта шеніне қарай, қазақтың феодал
шонжарларының арасында кадет корпусының беделі есіп, оларға
түсушілердің саны артты. Тек 1851 жылы Орынбордағы Неплюев кадет
корпусын 37 адам бітірді. Омск кадет корпусында оқығандар
арасынан прогресшіл қоғам және әскери қайтаркерлер, ғалымдар мен
ағаргушылар шықты. Белгілі Сібір зерттеушісі, ғалым-ағартушы,
кейінірек Сібірдегі жеке адам қолындағы түңғыш баспа органы "Амур"
газетінің редакторы В.И.Вагин, Уәлихановтың жақын досы Сібір,
Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеген орыстың атақты
саяхатшысы Г.Н.Потанин, Ш.Уәлихановтың жолдасы, ғалым-статист
және публицист Н.Ф.Аненскийде осы корпустан шықты. Осы
корпустар негізінде сол жерлерде қазақ мектептері ашыла бастады.
Өзі орыс оқу орындарынан білім алған, ішкі Орда ханы Жәңгір Бөкеев
1841 жылы Ордада түңғыш қазақ мектебін ашты, онда екі орыс және татар
сыныптары да болды. Оған 9 бен 22 жастың аралығындағы қазақтар
оқыған. Олардың біразы мектеп жанындағы пансионда, ал қалғандары
сыртан қатынап оқыған.
Кеңестік жүйенің бай, манап, хан сүлтандарға қатысты үстанылған
салқын саясаты олардың есімдерімен байланысты қандай да бір тарихи
оқиғаларды жарыққа шығаруға тиым салып келді. Сондықтан төл
тарихымыздың кейбір беттері оқырман қауым мен жас үрпақ үшін жабық
та, жұмбақ болып келгені белгілі. Еуропа өркениетін жақтаушы болып
Жәңгір оның элементтерін қазақтардьщ дәстүрлі ортасына енгізуге
үмтылды.
Жәңгір ханньвд кезінде еуропалық үлгідегі алғашқы мектептер пайда
болды, мүның өзі сол кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалықтар еді. Қазақ
кеңес тарихында мектептер тарихы, көбінесе, Қазан төңкерісінен кейінгі
кезеңдерді қамтып келеді. Бірақ Қазан теңкерісінен көп бұрын қазақ
даласында әртүрлі деңгейдегі білім ошақтарының жүмыс істегеніне
мұрағат деректері куә бола алады. Патша әкімшілігі қазақтарды
сауаттандыруға көпке дейін мән бермесе де, олар өз білімімен балаларды
оқыгып келген. Хан ауылында мектеп ертеде ашылған. 1830 жылы Жиделі
20
кұмында, Таловкада казақ меістебі болған. Бүлардың саны өсіп отырған.
Патша әкімшілігі мектептің ашылуына жол бермеген, сондықтан да
оларды ел айтпаған. Десек те, мүрағатгардағы 1865 жылғы мәлімет
бойынша Бөкейлікте 93 қазақ мектебі болған және оларда 3142 бала
оқығаны белгілі.
Ішкі Ордада 1850-52 жылдары 128 мешіт, онда 1 Ахун, 130 молла
болғаны, 1873 жылы 144 мешіт болғаны белгілі. Ішкі Ордада 1868 жылға
дейін, яғни әкімшілік реформасына дейін, жалғыз орыс-қазақ мектебінен
басқа хан ставкасында тек мүсылман мектептері мен медреселер болған.
Ішкі Орданың екінші аймағының бүрынғы мүғалімі Н.Левановтың
мәліметі бойынша 1872 жылы Ордада 154 мүсылман мектебі болып, онда
3821 шәкіртоқыды.
Ішю" Ордада Жәңгір ханның білім беру саясатындағы негізгі максат -
мешіттердің жанынан бастауыш мектеп ашу болатын. Мүсылман
мешіттерде оку қыста жүргізген. Барлық оқушылар оқуға ерікті түрде
келді. Мектептерде араб жазуы, түрік тілдері, дін және арифметика
курстары жүрді. Жалпы алғанда оқу-тәрбие жүмысы діни бағытта өрбіді.
Бірақ білім жағы төмен болды. Сондай білім ошақтарының бірі ретінде
1841 жылдың 6 желтоқсанында Бөкей ордасында Хан Жәңгір
ұйымдастыруымен ашьшған «тұңғыш» орыс-қазақ мектебін атауға
болады. Жәңгір мектебі сол кездегі тек Бөкей Ордасында ғана емес,
жалпы қазақ даласындағы жаңа бағыттағы бастауыш екі тілде білім
беретін мектеп болды.
Жәңгірдің өз Ордасында мектеп ашу жөніндегі ойы тым ерте
кезеңнен қалыптасқан болатын. Оны 1826 жылғы Қазан университетінің
ректоры Фукспен кездесуі кезінде болған әңгімеден байқауға болады. Сол
жылы қыркүйек айында Жәңгір тұңғыш рет Қазанға барып,
университетгің әртүрлі кабинеттерін аралап танысады. Жәнгір 1830
жылдың бас кезінде Орынбор шекара комиссиясының төрағасына,
Орынбор генерал губернаторы мен мемлекеттік мүлік министрлігінің
атына бірнеше мәрте хат жолдап, Ордасында орысша бастауыш білім
беретін мектеп ашуға рүқсат сұрай бастаған. Алғашында оның бүл
өтініштері шешім таппай аяқсыз келді. Тек 1939 жылы Орынбор
губернаторы тарапынан қолдау тауып, рүқсат алды. Бірақ мемлекет
тарапынан ешқандай қаражат бөлінбегендіктен, мектеп үйін салу
қаражатын Жәңгір өзі көтереді. Жәңгір ашқын бұл білім ордасының
алғашкы сабағы 1841 жылдың 6 желтоқсанында, яғни, император
Николайдың таққа отыру күні құрметіне арналып ашылған. Жәңгір хан
1841 жылы Бөкей Ордасьшда мұсылман мектептерінен бөлек жаңа тигггі
мектеп ашты. Ол ез балаларымен қатар басқа да қазақ жастарына жақсы
білім беруді қалады. Жәңгір хан ұйымдастырған 1841 жылы ашылған
алғашқы мектептің есігін ашқан Мүхаметсалық Бабажанов былай дейді:
21
«Жәңгір шәкірттер мен оқушыларды колдан, демеп отыру үшін акшасын
да, өзінің күш-жігерін де аямай, білімнің пайдасы туралы ордалықтардың
күлағына күюмен болып еді. Жәңгір Ордада мектеп ашумен қатар
ауқатты ордалықтардан өз үйінде оннан да артық балаларды оқытатын
мектеп ашуды талап етіп, оны өзі қадағалады. Сонымен қатар, ол
Орынборда қазақ балалары үшін Неплюев кадет корпусының Азиялық
бөліміне Ордадан он бала қабылдауға рүқсат алды. Хан ордалық
шәкірттердің оқу үлгерімімен тікелей айналысып, емтихандарға өзі
қатысып, оқу озаттарын мадақтап, ал үздік оқығандарын Қазан
университетіне, Стамбул, Петербург қалаларына әрі қарай оқып
мамандық алу үшін жолдамамен жіберіп отырды».
Жәңгір мектепке алғаш үстаздық етуде сол кезде Ордада қызмет
атқарып жүрген Санкт-Петербург медициналык академиясынын түлегі,
жоғары білімді ветеринар Константин Ольдековты тағайындады. Ханның
бүйрығы бойынша сабақ беріп, мектеп меңгерушілігін қоса атқарады. Бүл
білім ошағында басқа мектептерде бүрын-соңғы жүргізілмеген
арифметика, тарих, жағрафия, грамматика (көркем жазу), орыс тілді
сынды жаңа пәндер оқытылған екен. Тағы бір ерекшелігі мүнда білім екі
тілде: орыс, қазақ тілдерінде қатар жүргізілген. Оқушыларды қадағалау,
орыс орындарындағы талап, шарттармен сәйкес жүргізу мәселесіне
К.Ольдеков жауап береді. Жылына үш рет Жәңгір ханның алдына
оқушылардың тізімі, алған бағалары көрсетіліп, тексеруден өтіп тұрды.
Бірінші діни дәріс пен шығыс тілдерін оқыту алғашында молда Хакімге
жүктеліп, кейіннен Жәңгірдің шақыртуымен Аминов тағайьгадалды.
Ольдековтың есебінен белгілі болғандай, училищеде екі класс болған:
бірінші класта 13, екінші класта12, барлығы 25 оқушы болды. Олардың 7-
еуі мектепте түрды, ал 18 окушы ерікті келіп кетушілер. Ең үжен
шәкіртгің жасы 22-де, ал кішісі 9-да болды. 1842 жылы оқушы саны 30-ға
жетті.
Осыншама оқушы аталмыш пәндерді оқығанда неге сүйенді, қандай
оқулықтармен оқыды деген сүраққа келер болсақ, Бөкей Ордасының
мектептерінің оқулықтарыньщ авторы Н.Бобровников еді. Оньщ үсьшысы
- қазақ тілінде жоқ әріп-дыбыстармен таныстыру болды. Осы
дыбыстарды үйретуте 3-4 күн арнаған, содан кейін қосарлы жаттығулар
жүргізу арқылы орыс тілін жүйелі үйретуге болатыньга дәлелдейді.
Окушылар мынадай оқу қүралын пайдаланды: Востоковтьщ қысқаша
орыс грамматикасы, Буняковскийдің Арифметикасы, 2 бөлімнен тұратын
Шульгиннің Географиясы, Гоахавтың қысқаша Хрестоматиясы, 2-томдық
Устряловтың Орыс тарихы.
1848 жылы ордалық училище орыс балаларын қабылдай бастады
және сол жылдың 22 наурызынан бастап мектеп мемлекет қаржысына
сүйенетін болды. Ольдеков 10 жыл бойы оқытушы болды, 1852 оның
22
орнына Потанин келді. 1852 жылдың наурызында шәкірттер саны 23-ке
жетті, ең үлкенінің дасы - 17-де болса, кішісі 5 жаста болды.
1845 жылы Жәңгір хан қайтыс болып, сол жылы мектеп жабылады да,
келесі жылдан бастап ісін қайтадан жалғастырады. 1879 жылы Халық
ағарту министрлігінің 2 кластық училищесі болып қайта қүрылды. 1905
жылы 4 кластық қалалақы училищеге айналды. 1920 жылы 4 кластық
қалалық училище негізінде Бөкей халық ағарту институты ашылды. Ол
1923-28 жылдары педагогикалық техникумға, 1930-35 жылдары орталау
мектеп болып қайта құрылып, оған М.Горький есімі берілді. 1991 жылдан
Орда орта мектебі аталып, ашылғанына 150 жыл толу мерекесі тойланды.
1999 жылы 9 желтоқсаннан бастап мектеп Жәңгір хан есімімен атала
бастады.
«Жәңгір хан... аштырған мектеп болмаса, Жайық өңірінен Алаш
кесемдері, олардың алдын көрген калам, өнер иелері, ғалымдар қаулап
көтерілер ме?». Сол мектептің түлектерінің көбі еліміз тарихындағы
елеулі түлғаларға айналды. Мұхаммед-Салық Бабажановтан басталатын
бүл тізімде ғалымдар да, ақындар да, қоғам қайраткерлері мен батырлар
да, еңбек ерлері де баршылық. Ал, Елеусін Бүйрин, Сейтқали Мендешев,
Ахметфайыз Тәжетдинов, жуырда туғанына 100 жыл толған белгілі
өлкетанушы, Қазақ ССР-і мектептеріне еңбегі сіңген мүғалім Еүмар Зарип
сынды халық ағарту саласы қызметкерлерінің өзі бір төбе.
Сондай-ақ, Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп
1850 жылы ашылады, оны кейініректе Ыбырай Алтынсарин бітірді.
Орынбор және Омск мектептерінің бітіргендерінің ішінде өз халқына
қызмет етудің ауыр да болса, құрметгі жолын қалап алған халқымыздың
алдыңғы қатарлы ұлдары болды. Солардың бірі - қазақ халқыньщ атақты
ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин. «Орыс мектебі бізге
Алтынсаринді берді» деп жазды, ол туралы әйгілі ағартушы-педагогтың
шәкірттері.
Патша үкіметі тарапынан ашьшған жоғарыда аталған мектептер қазақ
даласьгаың үлттық-мәдени ерекшеліктеріне үйлесетін мектеп жүйесі бола
алмады. Қазақстанның мемлекет шеңберінде Ресеймен қосылуымен
байланысты, орыс халқының озық түрган ағарту ісіне тартылу қазақ
даласының кезек күттірмейтін мәдени мұқтажы болды.
Ыбырай Алтынсарин арман еткен, ұзақ күткен мектебі 1864 жылы 8-
қаңтарда ашылғаны белгілі. «Осы жылы қаңтардың 8-күні менің көптен
күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді,
бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға аш қасқырдай өте
қызу кірістім. Бұл балалар да менің ойымды қанағаттандырып, небары үш
айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды» деп,
қуана жазды үлы ағартушы. Алтынсарин өзінің инспекторлық қызметі
негізінде, жергілікті халықтың қолдауымен және орыс ағарту
23
кайраткерлерінің көмегімен мектеп ашу талаптары түрғысынан Торғай
облысының барлық бес уездік қалаларында бес екі сыныптык училище
ашты, кейін оны жанында 50 орындық интернаты бар мектепке
айналдырды. Ы.Алтынсарин Ресейдің үлт аймақтарында бірінші болып
Қазақ кыздарының мектебін ашып, оларға білім беру ісін жолға қойды.
1944 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының
ашыл>' қүрметінде сөйлеген сөзінде, сол кездегі Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Жүмабай Шаяхметов:
«Сіздердің институтты ашуда осыдан бір ғасыр бүрын ашқан
ЬІ.Алтынсариннің қыздар мектебінің үлгісіне сүйендік» - деп атап
көрсеткен.
XX ғасырдағы қазақ мектебінің тұңғыш ашылуы А.Ьайтұрсьшовтьщ
есімімен тығыз байланысты. Кеңес дәуіріндегі жалпы мектептер ашудың
үлгісі мен тәжірибесі Н.К.Крупскаяның 1915 жылы жазған «Халық ағарту
ісі және демократия» атты еңбегінде жан-жақты қарастырылды. Сондай-
ақ, Н.К.Крупская мүғалімдердің бүкіл Ресейлік I съезінде 1925 жылы
жасаған баяндамасында Кеңес мектептерінің, оның ішінде үлттық
мектептердің ашылу тәжірибесін көрсетіп берді. Сондай-ақ, Н.К.Крупская
1927 жылы мәдениет қызметкерлерінің Қызылорда қаласында еткен
кеңесінде, Қазақстандағы алғаш ашылған мектептердің жағдайын,
олардың бүдан әрі даму жолдарын айта келіп, ашылған қазақ
мектептерін электрлендіру және радиоландыру мүмкіндіктеріне талдау
жасады және қолдады. Осы кеңестің материалы 1928 жылы жеке
кітапша болып қазақ тілінде жарық көрді. 1922 жылдардан бастап,
Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында Республикада қазақ
мектептерін ашуда, әсіресе, ауылдық-қазақ мектептерін ашуда
С.Сейфулиннің, сол кезеңдері оқу министрі - Т.Жөргенов,
САспендияров, Х.Досмұхаметов, Шарапи Әлжанов, Спандияр Көбеевтің
еңбектерінің маңызы зор болды.
Егемендігімізді алып еңселі ел болып, дамыған елдермен иық
теңестіре өркендеп келеміз. Осындай өркениетті ел болуды аңсаған ата-
бабаларымыздың арманы орындалды. Ертеңгі күннің бүгінгіден де
нүрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамьш алға апаратын кұдіретті
күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орьш алуы оның үлттық білім жүйесінің
дещейіне, даму бағытына байланысты екені ақиқат. Қай заманда да
үлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізі, алғашқы шарты -
білім.
Мектеп - қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып-
жандаудың қайнар көзі. Қазақтың кемел ақыны М.Жұмабаев мектеп
жайлы кезінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік
24
һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде қүра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады». Мүхтар Әуезов: "¥лт пен үлтты, ел
мен елді теңестіретін бір-ак нәрсе - білім" деген екен. Бүл сөз жалғыз
М.Әуезовтың ғана үні емес, сонау XIX ғасырдың басында үлттың үстазы
болған Ахметтің, жалын мен жігері жанған Міржақып сияқты ел ертеңін
ойлаған ерлердің үлы мүраты еді.
1937-1940 жылдардағы мәліметтерге сүйенсек, қазақ тілінде білім
беретін мектептердің санының артканын байқау қиын емес. Бүл сол
кездегі Кеңес үкіметінің ұлт саясатына тікелей байланысты. Жалпыға
бірдей бастауыш білім беру іске асқанмен, жетіжылдық және орта білім
беретін мектептер өте аз болып қала берді.
¥лы Отан соғысыньш басталуы мектептердің дамуына кері әсерін
тигізді. Мүғалімдер мен оқушылардың бір бөлігінің әскерге және
өндіріске кетуіне байланысты 1941-1946 жылдар аралығында оқушылар
саны 30%-ға, мүғалімдер саны 14%-ға азайды.
1940-1941 жылдар аралығында қазақ мектептерінің саны 2-ге
қысқарғанда, орыс мектептерінің саны 53-ке артьш отырғаны саясаттағы
езгерістердің білім беру жүйесіне тікелей әсер ететіндігін бүдан кейінгі
жылдардағы статистикалык мәліметтер де дәлелдейді.
Оку-тәрбие жүмысын идеологияландырудың нәтижесінде, үлттық
мектептердің қысқаруы басталды. 1948-1949 оқу жылында қазақ балалары
республика бойынша оқушылардың 36%-ын, қазақ мектептері оқу
министрлігіндегі мектептердің 48% -ын қүрады. Ал 1955-1956 оқу
жылында жалпы білім беретін мектептердің 43%-ьш орыс тілінде жүмыс
істей бастады. Олар жалпы оқушылардың 66% -ын қамтыды.
КСРО ыдырағаннан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазакстан
өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сол жьшы Қазақстанның
жалпы білім берегін мектебінде 3 миллион 229 мың балалар мен
жасөспірімдер, оның ішінде 3 миллион 147 мың бала күндізгі мектептің
оқушысы болды. Олардың ішінде қазақ балалары 2992 қазақ мектебінде,
1848 бала аралас мектептерде оқыды.
1998 жылы республикада мектептердің саны барлығы 3 миллионнан
аса окушы білім алатын 7925 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке
жетті. 1999 жылы маусымда Қазакстан Республикасында «Білім
беру туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасында білім
берудегі негізгі принциптерде барлық азаматтардың тең қү^аьщтьілығы
Төмендегі бағытгар бойынша айқындалған: халықтың барлығы бірдей
білім алу мүмкіндігі; білім берудің зайырлылық сипаты; жеке түлғаның
білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамыту: білім беру
сатыларының жалғасын қамтамасыз ететін процесгің үздіксіздігі; оқыту
мен тәрбие берудің түтастығы; білім беру үйымдарыньщ академиялық
еркіндік өкілеттігін кеңейту, білім беруді басқарудағы демократиялық
25
сипат. білім берудің гуманистік және өркендеу сипаты; білім беру, ғылым
және өндіріс интеграциясы; оқушылардың кәсіби бағдарлануы; білім беру
жүйесін компьютерлендіру.
Қазір қазақ мектептерінде үлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбиені оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелеріне назар аударыла бастады. Оқыту,
білім берудің отандық және шетелдік озық технологияларын игеру
мүмкіндіктері қарастырылуда.
Сонымен қазақ мектебінің қалыптасу тарихы мынадай кезеңдерден
етті деген ойға келеміз:
1. Орта ғасырлардан XX ғасырдың басына дейінгі қадим оқуы қазақ
мектебі қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Ол ислам діні
мен араб жазуына негізделген.
2. Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты ХІХ-ХХ ғасырдың
басында өмір сүрген орыс-қазақ мектебі. Ол орыс жазуы мен орыс мектебі
негізінде қүрылған. Оның ең озық үлгісі Ы.Алтынсарин ашқан қазақ
мектептері болып табылады.
3. Қазақтың төте оқу мектебі. онда араб жазуы негізінде түзілген
үлттық әліпби қолданылды.
4. Кеңес дәуіріндегі қазақ мектебі. Ол педагогкалық талаптарға сай
қүрылған ұлттық мектеп болып табылады. Бүл кезеңде қазақ мектебі шын
мәнінде толық қалыптасу деңгейіне жетті.
5. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектебі. Бүл мектеп қазір
өзінің жаңаша қалыптасу кезеңінде түр.
Қазіргі кезде ғалымдардьщ да, мұғалімдердің арасьюда
«компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр)
деген ұғым көп кездеседі.
Құзіреттілік - қызмет атқарушының жеке м.мкіншілігі, оның
квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе
белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл
ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің
теориясы мен әдістеріңде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық
ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде
зерттелуде.
Қүзіреттілік - жеке түлғаның теориялық білімі мен практикалық
тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол
жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке түлғаньщ танымға, ойлауға
қатысьш және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға,
оның барысы мен нәтижелерін талдауға, үдайы түрде ұтымды түзетулер
енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов қүзіретгіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші
жақты танымдық және практикалык жаңалық енгізуді (инновация)
26
ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты - білім беру жүйелерінің әр
түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау
мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С.Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
Достарыңызбен бөлісу: |