М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет40/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Станоктің паспорт бойынша деректерін тексеру. 
Паспорт деректерін сызбамен сәйкестігін тексереді: 
- станоктың негізгі өлшемдері мен сипаттамалары, оның электр 
қозғалтқыштарының, гидромоторлардың, гидро және пневможабдықтардың 
сипаттамалары; 
- шпиндельдің айналу жиілігінің шамалары және берілісі; 
- станоктың кинематикалық, гидравликалық, пневматикалық, электр 
схемаларын, майлау және салқындату жүйелерін. 
Нақты деректердің паспорттардан 5% - дан артық ауытқуына рұқсат 
етілген. 
Станоктарды өнімділікке сынақтан өткізу операциялық станоктар-
автоматтар, жартылай автоматтар, агрегаттық станоктар мен басқа да арнайы 
станоктарда жүргізіледі. Станоктың нақты өнімділігі паспортқа сәйкес болуы 
тиіс. 
Суперфиниш станоктары үшін беттің кедір-бұдырлық параметрін алу 
сынағын жетілдіру станоктарында орындайды. Өңдеу тазалау режимінде 
жүзеге асырылады. Алынған кедір-бұдырлық параметрін эталондық 
бөлшектің кедір-бұдырлығымен салыстырады. Беттің кедір - бұдырлығы 
параметрін бағалау үшін түрлі құралдарды қолданады-профилометрлер, 
профильографтар, интерферометрлер. 
Геометрикалық дәлдікті тексеру. 
Станокта жасалатын бөлшектердің пішіні мен өлшемдерінің дәлдігі 
көбінесе технологиялық жүйенің дәлдігіне байланысты. Станоктың дәлдігі 
стандарттар нормаларына сәйкес келуі тиіс. Станоктардың әрбір түрі үшін 
аспаптық тексерулердің белгілі бір саны белгіленген. Дәлдікті сынақтан 
өткізуде станоктың өзінің геометриялық дәлдігін өлшеу және өлшеу үшін 
пайдаланылатын әртүрлі құралдар (деңгейлер, индикаторлар, микрометрлер 
және т.б.), кіреді, онда жасалған бөлшектердің дәлдігін өлшеу мемлекеттік 
стандарт талаптарының дәлдігіне сәйкес болуы тиіс. 


77 
Станоктың геометриялық дәлдігін тексеруге станоктың жекелеген 
элементтерін дайындау дәлдігі, шпиндельдің айналу дәлдігі, отырғызу 
беттерінің геометриялық пішіні, бағыттаушы беттердің жазықтығы мен тік 
сызықтығынан ауытқуы; станиналар, тіреулер, бағаналар, үстелдер, 
суппорттар, шпиндельді бабкалардың жүріс бұрамаларының дәлдігін және 
т.б. бақылау кіреді. Ауытқулардың рұқсат етілген шамалары станоктың 
дәлдік класына байланысты. 
Станокта жасалған бөлшектердің дәлдігін тексеру станоктың жұмыс 
жағдайында дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді. Құралды сынақтан өткізу 
үшін үлгіні таңдап, кесу режимдерін тиісті стандарттар бойынша сыналатын 
станоктың түріне, мөлшеріне және конструкциясына сәйкес орындайды. 
Сынақтардан өткізу ережелері станоктың паспортында келтірілген. 
Станоктің қаттылығын сынақтан өткізу. 
Станоктың қаттылығы - бұл оның көтергіш элементтері жүктемелерінің 
әсеріне қарсы тұру қабілеті. Қаттылық шамасы анықталады: 
у = Р/у, Н/мм,
(3.8) 
мұндағы Р-әрекет етуші күш, у - осы күштен туындайтын деформация 
шамасы. Ол станоктың жұмыс істеу жарамдылығының маңызды 
критерийлерінің бірі болып табылады және оның белгіленген режимдегі 
жұмысының дәлдігін анықтайды. Станоктың қаттылығы жоғары болған 
сайын, онда жасалған бөлшектер соғұрлым дәлірек өңделеді. Станоктардың 
қаттылығы олардың материалына, серпімділік модуліне, қима ауданына 
немесе инерциясына, сонымен қатар мөлшері жанасатын беттердің кедір-
бұдырлығына, олардың геометриялық пішінінің дәлдігіне, майлауға және 
жүктеу сипатына, түйіспелі деформацияларына байланысты оның бөлшектері 
өз деформацияларымен анықталады. Станоктағы түйіспелі деформациялар 
үлесіне кескіш құралдың ұшында келтірілген 70-80% серпімді орын 
ауыстырулар себеп. 
Станоктың дәлдігін (қаттылығын) тексеріп қабылдау, қабылдау-
тапсыру мен мерзімді сынақтардан өткізу құрамына кіреді. Қабылдау-
тапсыру сынақтары кезінде дәлдікті сынақтан өткізу орташа және күрделі 
жөндеуден өткен әрбір дайындалған станок пен қалған станоктарда да өтілуі 
тиіс. Орташа және күрделі жөндеулерден кейінгі станоктың дәлдік 
нормалары станокты дайындау кезінде қолданылатын нормативтік-
техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сынақтан өтудің нақты 
шарттары (мерзімділігі, іріктеу және т.б.) техникалық шарттарда станокқа 
немесе оларды алмастыратын техникалық құжаттарда белгіленеді. 
Станоктың дәлдігін (қаттылығын) тексеруді оны жинақтағаннан кейін бос 
жүрісте және станокқа техникалық шарттарға сәйкес жұмыста сынақтан 
өткізілген соң жүргізілу керек. Станоктың жұмыс дәлдігіне әсер ететін 
жекелеген құрамдас бөліктер мен тораптардың дәлдігіне, олар жиналған 
станокта жүргізілуі мүмкін болмаған жағдайда дайындау немесе жинау 
процесінде сынақтан өткізуді жүргізуге рұқсат етіледі. 


78 
Станоктардың нақты түрлерінің техникалық шарттарында немесе 
оларды ауыстыратын техникалық құжаттарында бос жүрісте және 
жүктемемен сынақтан өткізуге дейін жинақтау процесінде орындалатын 
дәлдікке тексеруді көрсетуге рұқсат беріледі. Станоктың жеке сынақтан 
өткізілетін құрамдас бөліктері мен тораптарының дәлдік (қаттылық) 
көрсеткіштерін стандарттарда станоктардың нақты түрлерінің дәлдік 
(қаттылық) нормасына, станокқа техникалық шарттарға немесе оларды 
алмастыратын техникалық құжаттарға көрсету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет