Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Сәлемдесу. «Кубик» әдісі арқылы сәлемдесу
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, бүгін оқу жылының алғашқы сабағы, біздің бүгінгі сабағымыз «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында болады. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз. Біз осы жерде өмір сүріп, білім алып, елімізді көркейтуге үлес қосып жүрміз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!
Еліміздің басты нышаны әнұранмен сабағымызды бастаймыз
Ассоциация әдісі «Отан» сөзінің мағынасын ашу.
-Қазақстанның Елбасы кім?
-Қазақстанның Елордасы қай қала?
-Мемлекеттік нышандарды ата.
-Қазақстанның жергілікті тұрғындары қай тілде сөйлейді?
-Қазақстанның ұлттық валютасы не?
-1994 жылы ғарышқа ұшқан кім?
-Ата заңымыз қашан қабылданды?
Балалар біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны кішкентай кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.Сөзіміздің рас екеніне көз жеткізу үшін бейнероликке назар аударайық.
Тапсырма'>Қазақстанның рәміздерін таныстыру
Қазақстанның Туы туралы мәлімет:
Тапсырма: ҚР-ның туы туралы не білесіңдер? Авторы кім?
Қазақстан Әнұраны:
Мұғалім: Әнұран – еліміздің рухани күші. Ол бізді біріктіріп, бірлікке шақырады.
|