М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет17/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

11-сурет. Абсолютті приоритетке және кванттауға негізделген жүйелердегі процесс жағдайларының графы
33
цесс таңдалады. Ал белсенді процесті ауыстыру уақытын анық- тау мәселесі әртүрлі шешіледі. Салыстырмалы приоритеттері бар жүйелерде белсенді процесс өзі күту уақытына ауысып, про- цессорды босатпайынша орындала береді (тек қателік орын ал- ғанша не өзі аяқталғанша) (10-а сурет). Абсолютті приоритеті бар жүйелерде, егер орындалуға дайын процестердің кезегінде приоритеті ағымдағы процестің приоритетінен жоғары процесс пайда болса, белсенді процестің орындалуы үзіледі. Бұл жағ- дайда үзілген процесс дайын күйге ауысады (10-ә сурет). Көп ағынды ОЖ-да ағын приоритеті берілген ағын орындалатын жердегі процестің приоритетімен тікелей байланысты. Сонымен қатар жоспарлаудың аралас алгоритмдері де бар (приоритеттер- ді және кванттық шаманы қолдану). Көптеген операциялық жүйелерде жоспарлау алгоритмдері кванттауды және приори- теттерді пайдалану арқылы құрылған.
Аралас алгоритмдерде Windows NT және Unix System V Release 4 жүйелерін жоспарлау негізделген. Бірінші және екінші жүйеде де абсолют приоритеттерді және кванттауды пайдалану- ға негізделген ығыстыратын көп есептіліктің тәртібі жүзеге асы- рылған. Бұл жүйелерді аралас алгоритмдерді қарастыруға арнал- ған мысал ретінде пайдаланамыз. Процестер (ағындар) күйлері- нің жалпы графы бұл жағдайда 11-суретте көрсетілгендей түрге ие болады. Аталмыш ОЖ-лар үшін· приоритеттер диапазоны бірнеше кластарға бөлінеді.
12-сурет. Бөлінетін мәліметтерге қол жеткізу барысындағы жарыс жағдайының туындауы
34
Уақыттық диапазондардың жартысы ауыспалы, қалғаны тір- келген приоритеттері бар процестерге (ағындар) бөлінеді. Про- цестерді (ағындарды) динамикалық приоритеттермен жоспарлау кезінде толықтай өзінің кванттық уақытын тауысқан процестің (ағынның) приоритеті төмендейді; керісінше, егер квант толы- ғымен таусылмаса, приоритеті жоғарылайды.
1.7. Процестерді синхрондау
Процестерді синхрондау кезіндегі қажеттілік тек муль- типрограммалық ОЖ-да пайда болады және есептеу жүйесінің аппараттық және ақпараттық ресурстарын сәйкес пайдаланумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет