М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Сыртқы жадыны қолдана отырып, жадыны үлестіру әдістері



бет22/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Сыртқы жадыны қолдана отырып, жадыны үлестіру әдістері
Жадыны беттік үлестіру (paging) – барлық ОЖ-да қолданы- латын жадыны басқару стратегиясы.
Беттік үлестіру (paging) – логикалық жады беттерге, яғни
бір өлшемдегі көршілес аймақтарға бөлінетін жадыны басқару стратегиясы, әдетте:
  • олардың өлшемдері екінің дәрежесі арқылы көрсетіледі

  • (мысалы, 512 cөз);
  • физикалық жады сәйкесінше сондай өлшемдегі фреймдер- ге бөлінеді;
  • логикалық жадыны бөлу бетке дейінгі дәлдікпен орында-

  • лады;
  • беттік үлестіру барысында ОЖ барлық бос фреймдер ту- ралы ақпараттарды сақтап отырады;
  • жады бетке дейінгі дәлдікпен бөлінетіндіктен, ішкі фраг-

  • ментациялану орын алады;
  • процеске бөлінетін физикалық жады үзілісті болады;
  • логикалық және физикалық адрестер арасындағы байла- ныс беттер кестесі арқылы іске асырылады, яғни ол про- цеске оның логикалық адрестерін физикалыққа трансля- циялау үшін бөлінетін жүйелік құрылым болады.

  • Жадыны беттік ұйымдастырудың мақсаты – процестер үшін физикалық жадыны көршілес емес үлестіруді қамтамасыз ету, сонымен қатар логикалық жады кеңістігін үлкейту.
    Беттік үлестіру барысында логикалық адрес жүйеде ерекше
    түрде өңделеді, мысалы (p, d): оның үлкен разрядтары беттің нөмірін, ал кіші разрядтары бет ішіндегі ығысуын көрсетеді.
    Беттің нөмірі (p) беттер кестесіндегі индекс, ал оған сәйкес
    элементте физикалық жадыдағы беттің басталатын базалық ад- ресі сақталады. Бет ішіндегі ығысу (d) оның базалық элементіне қосылады. Соның нәтижесінде жадыны басқару құрылғысына берілетін физикалық адрес құрылады.
    44

22-cурет. Беттік үлестіру барысында адрестерді трансляциялау сұлбасы
Келесі суретте беттік ұйымдастырудың мысалы келтірілген, ол үзіліссіз логикалық адрестермен салыстырғанда негізгі жады- дағы бетке сәйкес келетін фреймдер көршілес орналаспайтыны көрсетілген.
Беттер кестесі – физикалық жадының үзіліссіз аймағы.
Жүйеде беттер кестесінің базалық регистрі бар және беттер кесте- сінің ұзындығынан, сонымен қатар кестеге сілтемеден тұрады.
Сонымен, беттік ұйымдастыру барысында жадыға қол жеткі-
зу бір емес екі рет қатынауды талап етеді, олардың біреуі беттік кестеге, екіншісі тікелей мәліметтерге немесе командаларға ба- ғытталады. Осы айтылғандар жадыны басқарудың басқа қара- пайым әдістерімен салыстырғанда беттік ұйымдастырудың кем- шілігін және тиімсіздігін көрсетеді.
Мұндай мәселе беттің ассоциативтік жадысы (cache) түсіні- гін (адрестерді трансляциялау буфері (translation lookaside buffer – TLB) деп те аталады) келтіру арқылы шешіледі. Ассо- циативтік жады келесі түрдегі жұптардың ассоциативтік тізімі болып табылады: (бет нөмірі, фрейм нөмірі). Оның жылдамды- ғы негізгі жадымен және регистрлермен салыстырғанда жоғары.
45
24-сурет. Ассоциативтік жадыны пайдалана отырып, адрестерді трансляциялау сұлбасы
46
TLB пайдалана отырып, адрестерді трансляциялаудың өзгертіл- ген сұлбасы келесі суретте келтірілген.
23-сурет. Беттік үлестіру мысалы
47
Сыртқы жадыны қолдана отырып, үлестірудің келесі екі әді- сін (сегменттік, сегменттік-беттік) оқырмандардың үлесіне қал- дырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет