Мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді енгізгенде бірнеше шарттарға сүйену керек:
MATLAB ортасына А айнымалысын енгізіп, оған 5 деген сандық мәнді меншіктеу үшін командалық терезеде А=5; деген өрнекті жазу керек. Егер өрнектен кейін «;» белгісін қоймаса, MATLAB енгізілген А = 5 өрнегін қайталайды. Егер өрнектен кейін «;» белгісін қойса, онда MATLAB енгізілген айнымалыны жұмыс аймағында қайталаусыз есте сақтайды.
Матрица немесе векторды енгізгенде элементтер бір-бірінен бос орын белгісі немесе үтір арқылы бөлінеді. Үтір нүкте әр жолдың аяқталғанын көрсету үшін қолданылады, ал жалпы тізім тік жақшамен жабылады:
А=[1 2 4 5; 12 15 20 25; 5 79 11; 22 2 20 50];
192
Жұмыс аймағына енгізілген айнымалылармен, векторлармен немесе матрицалармен әртүрлі арифметикалық операцияларды жүзеге асыруға немесе оларды кірістірілген функциялардың ар- гументтері ретінде қолдануға болады.
А матрицасының i-ші жолы мен j-ші бағанындағы элементін А(i, j) деп белгілейміз. Мысалы, А(4,2) – матрицаның төртінші жолы мен екінші бағанындағы элемент. Командалық терезедегі А= 1:10 өрнегі А векторының мәні А=1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-ға тең екендігін көрсетеді.
Өрнек
Көптеген программалау тілдері сияқты MATLAB негізгі құ- рамы айнымалылар, сандар, операторлар, функциялар болып та- былатын математикалық өрнектерді қолдануға мүмкіндік береді.
MATLAB-та айнымалының немесе оның өлшемінің типін анықтау қажет емес. MATLAB жаңа айнымалының атын кездес- тіргенде ол автоматты түрде айнымалыны құрады және сәйкес жадыда орын бөледі. Мысалы, ааа=20 жазбасы ааа атты 1x1 мат- рицасын құрады және оның жалғыз элементінде 20 мәнін сақ- тайды.
Айнымалылар аты әріптерден, сандардан және астын сызу символдарынан тұрады. MATLAB регистрлерге сезімтал болып келеді, яғни бас және кіші әріптерді айырады. Айнымалымен байланысты матрицаны көру үшін айнымалының атын енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
Операторлар
Өрнектерде жай арифметикалық операциялар және үлкендік ережесі қолдананылады:
+ қосу
- азайту
* көбейу
/ бөлу
‘ дәреже.
Функциялар
MATLAB abs, sqrt, exp, sin сияқты көптеген элементарлы функцияларды қамтамасыз етеді. Теріс санның түбірін немесе
193
логарифмін табу қате болып табылмайды, бұл жағдайда шешім ретінде сәйкес комплекс сан көрсетіледі. Барлық элементарлы математикалық функциялар тізімін шығару үшін командалық терезеде help elfun теріңіз.
Күрделірек математикалық және матрицалық функцияларды шығару үшін сәйкесінше help specfun help elmat теріңіз.
Нақты бір функция және оның қолданылуы туралы анықта-
маны алу үшін help функция_атын теріңіз.
Бірнеше арнайы функциялар жиі қолданылатын тұрақтылар мәнін анықтайды.
pi 3.14159265...
i есептелетін бірлік
j бұл да
Inf шексіздік NaN сан емес
Достарыңызбен бөлісу: |