Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ЖАН КӨРІНІСТЕРІ МЕН 
ДЕНЕ КӨРІНІСТЕРІ 
АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАМ
Ж
ан кѳріністері мен дене кѳріністері арасында 
қанша айырма болғанымен, араларында тіпті 
жақындық жоқ емес, қайта бірлік, байлам бар. Дене 
жанға, жан денеге байлаулы, біреуінің біреуінсіз күні 
қараң.
Ѳзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі 
де сау, жақсы болады. Яғни ақылымыз түзу, сезіміміз 
дұрыс, қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру 
болса, яки жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, 
жанымыз да шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан 
ісіне жаман әсер қылады. Нашар ауа басты айналды-
рып, қанды дұрыс жүргізбей, денеге әсер қылады да, 
жанға барып қол салады. Яғни жанның ісі шабандай-
ды, бұзылады. Ой күңгірт тартады, сезім топастанады. 
Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған кезде ыстық 
қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді. Де-
нең жадырап кеткен соң, жаның жадырап кетеді. Бұл 
мысалдармен біз жанның денеге байлаулы екенін кѳр-
сеттік. Ал еңді дене де жанға байлаулы, жан кѳріністері 
денеге қатты әсер береді. Адамның кѳзқарасы, дауысы, 
аяқ басуынан жанның қандай күйде екені кѳрініп-ақ тұ-


«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
рады. Қайғы һәм ойлау денені жабықтырады, қуаныш 
адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді. Ақынның «бет-
ке шықпай қала ма жүрек ізі» дегені жанның жайын 
білетіндігі ғой. Қорыққанда дене дірілдеп, қан қашып 
кетеді. Аса қатты қорыққаннан, яки аса күшті қайғы-
дан бірнеше сағатта шаштары аппақ болып қалғандар 
да болған. Міне, жан кѳрінісінің денеге әсер беруі қан-
дай дәрежеге жетеді.


47
«Асыл мұра» сериясы
ЖАН КӨРІНІСТЕРІН 
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ 
Ә
р нәрсені үйренудің белгілі түзу жолдары бар. 
Жан кѳріністерін үйренудің жеке жолдары бар.
Ѳзін бақылау жолы
Жан кѳріністерін үйренудің жолы, бірінші – ѳзін 
бақылау. Адам ѳз жанының кѳріністерін ѳзі бақылама-
са, жан кѳріністерімен таныс бола алмайды. Мысалы, 
ашу, қуаныш сықылды жанымыздың кѳріністерін ба-
қыласақ қана біз олардың қандай мінезде екенін һәм 
араларында қандай айырма бар екенін біле аламыз. Бі-
рақ бір жан кѳрінісін сол кѳрініс болып тұрғанда бақы-
лау оңай емес. Себебі ѳзін бақылау деген сѳз адамның 
яғни жанның бір уақытта екі іс істеуі, әрі бақылаушы, 
әрі бақыланатын зат болуы деген болып шығады. Бұл 
істе мүмкіндік аз. Бұған мысал алайық. Менде ашу де-
ген жан кѳрінісі болып тұр, яғни мен ашуланып тұр-
мын. Егерде мен осы ашуланып тұрғанымда осы ашу 
кѳрінісін бақылай бастасам, яғни ашудың тууына не 
себеп болды, ашу деген қандай нәрсе екен деп ойлай 
бастасам, сол ашу бұрынғы күйінде тұра ма? Әрине, 
тұрмайды. Мұндай ойға кірісумен ашудың күші кеми 
бастайды. Осы мен неге ашуланам деп ойлай бастасаң, 
ашуың біте қалады. Міне, ѳзін бақылаудың оңай емес 
екендігі осыдан кѳрінеді.


48
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Әйткенмен де, жан кѳрінісі артық күшті болма-
са, ѳзін бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып 
отырған адам сол ашуының себебін тексеріп отыруға 
мүмкін.
Бірақ ѳзін бақылау деген сѳздің шын мағынасы – 
ѳткенді еске түсіру деген сѳз. Мысалы, ашу деген жан 
кѳрінісін бақылау үшін біз бұрын ѳткен бір ашуымыз-
ды, яғни бұрынғы бір ашуымыздың не себептен туға-
нын, қалай күшейгенін, қандай мінезді болғанын һәм 
қалай басылғанын еске түсірсек, сол уақытта біз ашу 
деген жан кѳрінісін ѳзін бақылаған жолмен бақыла-
ған боламыз. Ѳзін бақылау деген сѳз – бұл мағынада 
бұрын болып озған жан кѳріністерін еске түсіріп тек-
серу деген сѳз болып шығады. Адамға ѳзін-ѳзі тексеру, 
ѳзіне-ѳзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Ѳзін- ѳзі 
тексеріп, қаталарын кѳруге адамның менмендігі бѳгет 
болады. Әйткенмен де, бұл адамның ѳзін-ѳзі тексеруі – 
оның жан тұрмысының ѳркендеуіне, түзу жолға түсуі-
не бірінші шарт. Ѳз қатасын кѳре білген адам келешек-
те сол қатаны істемеуге ұмтылады Адамның ѳзін-ѳзі 
яғни ѳз қатасын ѳзі кѳре білуі оның жанының идеалға, 
қасиетті қияға ұмтылатын мінезі барлығын кѳрсетеді.
Міне, осы себептен зор жазушылардың ѳздері жаз-
ған әсерлеріне кѳңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. 
Жазаласа, ѳртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба 
киім киіп, аш- жалаңаш жүретін бұзақылық, күнә де-
ген нәрсені білмейтін дуаналардың ѳз кеуделерін ѳзі 
жұдырықтап:
Кешіре гѳр, құдайым, 
Кѳп қой менің күнәйім, –
деп зарлаулары ѳздерін тым тексеріп, кішкене қатала-
рын тым зор кѳріп жіберулерінен, жандары ұмтыла-
тын қияның тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның 


«Асыл мұра» сериясы
бәрі дуана болмағанмен, ѳзін тексермесе, адам ілгері 
баса алмайды. Ѳзінен ешбір кемшілік кѳрмей, қата 
таппай, ѳзіне-ѳзі риза болып, мәз болып жүретін адам 
зор адам емес, шѳбір адам болады. Жаны жабайы, ау-
даны тар болады.
Бақылау
Жан кѳріністерін үйренудің екінші жолы – бақы-
лау, яғни бір адамның ѳзінен басқа адамдардың жан 
кѳріністерін бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып ѳт-
кеміз, жан кѳріністерін сыртқы сезімдермен бақылауға 
болмайды деп. Сондықтан басқа адамның жан кѳрініс-
терін бақылау дегенде оның жан кѳріністерінің сыртқы 
белгілерін бақылау, тексеру керек деп ұғу керек. Мыса-
лы, біреудің пішініне, қозғалуына, сѳзіне, жүріс-тұры-
сына қарап, бақылап, солар бойынша жан кѳріністерін 
тексереміз.
Біз егер ѳзін бақылау жолымен басқа адамдардың 
жан кѳріністерін бақыламасақ, біздің жан кѳріністері 
туралы біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы 
кѳп адам бір адамның пішінінен, жүріс-тұрысынан, 
бір-екі ісінен, біраз сѳзінен ол адамның қандай мінезді 
екенін біліп ала қояды. Мүмкін болғанша тәрбиешінің 
шыншыл «физиономист» болуы керек.


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет