Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері



Pdf көрінісі
бет26/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері 
арасындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кез-
де тұманды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де 
айыра алмайды. Және бала локализация, перцепция 
һәм апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, ба-
ланың қолы ауырады екен, бала құр жылайды, тыныш-
сызданады. Яғни балада ауру әсерленуі болады. Бірақ 
бұл әсерлену қай жерден болып тұр, оны білмейді. 
Ауырған жерінің аяқ екенін білмейді, яғни әсерлену-
ге локализация жасай алмайды. Және осы аурудың не 
себептен болғанын білмейді, яғни перцепция жасай 
алмайды. Балада апперцепция жоқ. Сондықтан шоқ-
қа қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы апарып 
басады. Бұл істерге бала бірте-бірте, әсіресе сипау һәм 
кѳру сезімдері арқылы үйренеді. Шоққа қолын кѳбірек 
басса, күю қолда болғанын, оны күйдірген шоқ екенін, 
шоқтың күйдіретіндігін біледі.
Әсерленуді бѳлу. Барлық әсерленулер екіге бѳлі-
неді: жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы 
сезім әсерленулері.
Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерле-
нулері денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене 
әсерленулерін былай бѳлуге болады: 1) ет әсерленулері 
(кесіп, соғып алғанда, ұйып қалғанда, шаршағанда, де-
малғанда болатын әсерленулер); 2) нерв әсерленулері 
(нервтің солуы һәм ауруы, саулық әм жадырау әсерле-
нулері); 3) тамақтану һәм қан жүру әсерленулері (ашы-
ғу, сусау, жүрек айну һәм жүрек ауырғанда болатын 
әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері (тұншыққанда, 
жѳтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын әсерлену-
лер); 5) жылылық, суықтық әсерленулері.
Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына 
болмаса, білу-ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ.


61
«Асыл мұра» сериясы
Бірақ бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл 
тұрмысына да әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке 
болып, тым бетімен ѳскен бала дене тұрмысы кішке-
не ғана бұзылса да, айталық, бір жеріне бір нәрсе тиіп 
кетсе де, кішкене жѳтелсе де, жылап, тынышсызданып, 
мазаны алады. Бұл дене әсерленулерінің жақсы тәрбие 
қылынбағандығынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет