Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Силлогизмнің дұрыс болу шарттары



Pdf көрінісі
бет53/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Силлогизмнің дұрыс болу шарттары:
1) Екі қазбаның біреуі бекінетін болу керек. Әйтпесе 
екі бекерлейтін қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: 
«Адам – мал емес, маймыл – адам емес. Ендеше?».


110
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
2) Екі қазбаның біреуі екіншісіне қарағанда жалпы 
болсын. Әйтпесе екі дербес қазбадан нәтиже шықпай-
ды. Мысал: «Кейбір адам ѳнерлі, кейбір адам қысық 
кѳз. Ендеше?».
3) Орта термин екі қазбадан да болсын, болғанда бір 
мағынадағы бір ғана сѳз болсын, әйтпесе нәтиже шық-
пайды. Мысал: «Наурыз – ұлт мейрамы. Менің атым 
Наурыз. Ендеше?».
Силлогизмнің керектігі. Силлогизмнің жан тұр-
мысы үшін пайдасы сол: негізгі бір заң бойынша то-
лып жатқан кѳріністерді шешеміз. Дүниеде сансыз 
заттарды, толып жатқан кѳріністерді адам ѳзі сынап, 
ѳзі бақылап бітіре алмайды. Мысалы, жер жүзіндегі 
бар адамның, болған һәм болашақ адамның бәрінің 
ѳлетіндігін адам ѳзі сынап бітіруге мүмкін емес. Біз бір 
адамның ѳлуі туралы хұкім шығармақ болсақ, пәннің 
һәм кәрі тәжірибенің «адам ѳледі» деген хұкімін ала-
мыз да, «пәлен адам ѳледі» деп хұкім шығарамыз. Бала 
«ѳтірік айту нашар» деген негізгі заңды білсе, ѳзі де 
ѳтірік айтпайтын болады.
Индукция. Ойдың дербес кѳріністерден жалпы 
кѳріністерге кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалқы ой-
дан жалпы ой шығару индукция деп аталады. Мысалы, 
біз тарихтан бақылауымызша: «Жер жүзіндегі әрбір 
тап елдің ұлтшылдық арқасында ғана ѳнерленгенін 
біліп, біз жалпы адамзат ұлтшылдық арқасыңда ғана 
ѳнерленеді» деген жалпы заң шығарамыз.
Индукция түрлері. Индукцияның екі түрі бар; то-
лық һәм кем индукция. Егер біз шығарылатын жалпы 
негізгі заңға кіретін кѳріністердің бәрін ѳзіміз сынап, 
бақылап барып жалпы заң шығарсақ, біз толық индук-
ция арқылы шығарған боламыз. Мысалы, біз бір жыл-
дағы он екі айдың әрбір айының күнін санап, ешбір 


111
«Асыл мұра» сериясы
айда отыз бір күннен артық күн болмайды деуіміз сы-
қылды. Бұл толық индукция адамның білімін арттыр-
майды.
Егерде біз бірнеше заттарды яки кѳріністерді бақы-
лап, сол бақыланған заттар, кѳріністерге ұқсас, тұқым-
дас барлық заттар, кѳріністер туралы бір ой шығарсақ, 
онда біз кем индукция арқылы шығарған боламыз. 
Мысалы, біз жер жүзіндегі барлық ағаштың суда қал-
қығанын бақылаймыз. Жоқ, ѳмірімізде бірнеше ағаш-
тың қалқығанын бақылағанымыз бар. Бірақ біз аз ғана 
ағаштың қалқығанын бақыласақ та, жер жүзіндегі бар-
лық ағаш суда қалқиды деген жалпы заң шығарамыз.
Кем индукцияның дұрыс болуының шарты – ба-
қыланған кѳріністер арасындағы байлам берік болуға 
тиісті. Байлам берік болмаса, мысалы, бір кѳріністің 
жанында екінші кѳрініс уақытша тұрған болса, нәтиже 
шықпайды. Мысалы, қазақ кѳбінесе тымақ киеді. Соған 
қарап қазақ біткен тымақ киеді, тымақ кимеген адам 
қазақ емес деп нәтиже шығару, әрине, дұрыс емес. 
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сықылды 
ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет