114
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм
оны ѳркендетудің тиістілігі. Ойлау адам ѳмірінде
аса қымбат орын алады.
Ойлау болмаса, адам басқа
жануар сықылды заттарды, кѳріністерді
құр жадына,
есіне ғана алып, жат бір кѳрініс ұшыраса, оны шеше
алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана бо-
лар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай ѳз-
геретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр болар еді.
Адам
ойлау арқасында ғана заттардың, кѳріністердің
араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған
себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын
ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы,
ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам.
Ойлау осындай қымбат кѳрініс болса, әрине, оны ѳр-
кендету керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап
үйренуіне кѳп күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың
ойын жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасау-
ға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар
ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: