115
«Асыл мұра» сериясы
шы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала
пікірді суреттеудің ѳзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, кѳріністерді ұқсас сындары бойын-
ша тап- тапқа бѳліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды,
харіптерді бѳлу, ѳсімдікті, жануарды тап-тапқа бѳлу
сықылды. Бірақ баланы заттарды, кѳріністерді тап-тап-
қа бѳлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға кѳшуді естен
шығармауға керек.
3) Бала кѳріністердің, ойлардың араларындағы бай-
ламды һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін
тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже – заң
шығартқызып үйрету сықылды істермен болады.
Адам жанының ақыл яғни білу ісі туралы жалпы
бір-екі сѳз. Адамның ақыл-есіне жалпы кѳз салсақ, кѳ-
реміз: ақыл-есі бірте-бірте басқыштап ѳркендейді екен.
Былайша: біз сыртқы
сезім құралдары арқылы сырт-
тан түрлі әсер алып, бізде түрлі әсерлену болады. Яғни
әсерлену арқылы біз сыртқы заттардың сындарымен
танысамыз. Бұл – сыртқы дүниені
біле бастауымыз-
да бірінші адым. Заттың түрлі сынынан болған әсер-
ленулерді
бірге қосып, барлық сыны мен заттың ѳзін
суреттейміз. Яғни біздің жанымызда суреттеу болады.
Бұл – білудің екінші адымы. Онан соң сол заттан біз
айырылсақ та, біз оның суретін бұрынғы қалпында еске
түсіреміз. Сол есте сақталған суреттерден жаңа бір су-
рет жасаймыз, яғни қиял қыламыз. Онан соң суреттеу-
лердің сындарын оймен тексеріп, олардан ұғым жасай-
мыз. Ұғымдардан хұкім жасаймыз, хұкімдерден жаңа
бір ой шығарамыз. Бұдан кѳрінеді: ақыл ісі әсерлену-
ден
басталып, суреттеу, ес, қиялды ѳтіп,
ойға жетеді
екен. Ақылдың осылай басқыштап ѳркендеуін білген
тәрбиеші сѳз жоқ баланы
дұрыс тәрбие қылу жолын
білуге тиісті.