124
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт
һәм тәрбие жолдары. Баланың ішкі сезімдерін тәр-
бие қылғаңда тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек.
Дұрыс, пайдалы, жоғары нәрседен ләззат алуға, тѳмен,
пайдасыз нәрседен жиренуге һәм осы ұмтылу мен жи-
ренуді терең, берік қылуға тырысу керек. Бұл мақсатқа
жеткізетін жолдар:
1) Дұрыс ішкі сезімдердің кѳп болуына, нашарлар-
дың болмауына жәрдем кѳрсету керек.
Яғни баланы
ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақ-
тау керек. Мысалы, балалардың
біреуіне базарлық-
ты, ойыншықты кѳп беріп, біреуіне аз беріп,
арада
күншілдік туғызбау керек. Жануарды, малдың тѳлін,
мысықты
әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу керек,
бала қатал болып шығады.
2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мы-
сал. Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе
ата-анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде,
сѳйлегенде ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана
қатал болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала
да жұмсақ.
Қымс етсе ашуланып, ақырып-бақырып
қоя беретін ата-ананың баласы да сондай. Сондықтан
баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: